Мақсаты: Қазақстандағы ерекше саяси жағдайды атап көрсету. Жұмысшылар мен интелигенцияның ролін ашып саралау, мұсілмандар қозғалысының мақсаттарын
Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХғғ. Тоғысындағы Қазақстан.
Мазмұны: 1. Империалистік соғыстың Ресейдің ұллтық аймақтарына тигізген әсері. Тікелей және жанама салықтарының өсуі және Қазақстандағы халық бұқарасы жа,дайының нашарлауы. Мал және ауыл шаруашылық өнімдерін реквизициялау сипаты. 2. Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі. 1916 ж. 25 маусымдағы “Орта Азия мен Қазақстандағы бұратаналарды реквизициялау” туралы жарлық. Ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Көтерілісшілер армиясын ұйымдастырудағы Амангелды Иманов, Кейкі Көкімбайұлы және т.б., Т.Бокин. Бекболат Әшекейұлы, Әбдіғафар Жанбосынұлы және басқалардың рөлі. Үкіметтің жазалау шаралары және жазалау әскерлерінің қимылдары. Көтерісшілердің әскери өнері. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы. Қазақтардың жаппай Қытайға (Құлжа өңірі, Қашқария, Ауғанстанға) кетуінің бірінші толқыны. 3. Кеңестердің құрылуы және Қазақстандағы Уақытша үкімет органдары. Жазалау экспедицияларын қайта шақырып алу жөніндегі Петроград жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесінің шешімі. Қазақстандағы Уақытша үкіменттің саясаты. Жер туралы мәселе. Ұлттық мәселе. Халық бұқарасының әлеуметтік белсенділігінің артуы.4. Бірінші жалпы қазақ съезі және оның құжаттарының мазмұны “Алаш” партиясының құрылуы және оның бағдарламалық қағидалары. 5. “Үш жүз” партиясы және оның саяси бағыты.