2. Қазақстан ресей қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары.Әбілқайыр хан тұсындағы Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылуының тарихи себептері орыс патшалығы тұсындағы ғалым саяхатшылардың қолжазба еңбектеріне түскен. Солардың бірі. Л.Мейер өзінің еңбегінде: «Қалдан Серен Түркістан ханын құртуды ойлап, ұтымды сәтін күтіп жүрген болатын. Қазақ хандығының Ресейден қолдау тапқандығын біліп, 1723 жылы Түркістан қаласын алды. Барлық орданы өзіне бағындырғысы келгенімен Орта жүз бен Кіші жүз солтүстік пен батысқа қарай үдере көшті». Бұл «Ақтабан шұбырынды» кезі еді. Л.Мейер өзінің еңбегінде қазақтардың қоныс ауып келгендегі әрекеті туралы баяндай келіп, орыс патшасының қазақ халқын түбі бағындырып, мойынсұндыру туралы отарлық саясат бағдарын байыппен баяндаған пікірі мынадай: «Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүз қазақтарының Елек, Еділ, Жайық бойына көшіп келіп башқұрт, қалмақтарды ығыстырғанымен, өзінен күші басым Орыс мемлекеті түбі өзіне қаратпай қоймас еді» деген пікірін қалдырды. Хан Әбілқайыр өлгенше қалмақ- жоңғарлармен күресіп, Ресей патшасымен одақтасу арқылы айласын асырып, халқын тәуелсіз ұстауға тырысты. Сол үшін бар жігер-күшін салды. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресей қарамағына иек артуының себебін П.И.Рычков:« Өте ақылды Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сол кездегі тығырықтан шығар жол Ресеймен бірге болу екенін білді », – деп көрсетті.
Әбілқайыр ханның қасындағы батырлары да саяси жағдайды түсініген. Ресейге қосылуда Әбілқайыр ханға тірек болып қолдау көрсеткен батырлар – Табын Бөгенбай Қарабатырұлы, Арғын Жәнібек, Тама Есет, ру басылары және басқа да би-батырлар қолдау көрсеткен болатын. Сол кезде, Ресейге қосылудағы Әбілқайыр хан шешіміне қарсы Батыр сұлтан бастаған топ қарсы болған. Сол кездегі қазақ ханы мен сұлтандардың бірлігі болмай, әрқайсысы әр жаққа тартып алауыз болып, билікке таласып, ауыз бірліктері болмады. Әрбір хан әрбір сұлтан өз беттерінше билік құрып жүрген кезде қазақ халқының осындай саяси-әлеуметтік жағдайында сыртқы жаулардан елді қорғау үшін, Әбілқайыр хан мен белгілі батырлар Ресейге қосылуда алдын-ала шарт қойды. Шарт бойынша: бірінші, қазақ елінің сырттқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуін. Екінші, елдегі ішкі қырқысулардан қорғауы. Үшінші, Еділ мен Жайық өзендері аралықтарынан қазақтарға мал жайылымына жер берулері қарастырылады. Әбілқайыр ханның Ресеймен бірге болу туралы ойын би-сұлтандар мен батырлар кеңесінің талқысына салған, яғни жасырын елші жіберіп «бодан» болу туралы жеке өзінің ұсыныс жасамағаны мәлім. Ресеймен бірге болу ұсынысы көпшіліктен қолдау таппай, өзін қолдаған аз топтың келісіміне сүйеніп, яғни сол кездегі батырлар Бөкенбай, Тама Есет, Жәнібек, т.б. қолдауымен ғана шешім қабылдап, Ресеймен бірге болу үшін елші жіберген. Бұл жерде Әбілқайырдың бақ құмарлығына тартып, хандық билігін нығайту емес, хан болғасын қара халықтың тағдырына жауапкершілік мемлекеттілікті сақтап қалуды сезіну басым. Өзін сол кездегі қолдаған азғантай топта Кіші жүздің орналасқан жеріндегі географиялық орналасуы да осыған итермелегенін түсіну қиын емес, яғни:
1. Жоңғарлар мен қара қалмақтар шапқыншылығының күшейе түсуі;
2. Башқұрттар тарапынан жасалған шапқыншылық пен шекаралық барымта қаупінің жиілеуі;
3. Жайық казактарының шекаралық барымтасы;
4. Түркмендер тарапынан шапқыншылық қаупі;
5. Іргелес отырған ірі мемлекет Ресеймен одақтасу арқылы өзіне тірек іздеу болатын.
Ресей патшасы өкіметі болса, елдесудің бодан қылудан басқа жолын қаламайтыны да белгілі еді. Осындай жағдайда Әбілқайыр хан Ресеймен одақтас болуды ұйғарады. Патша үкіметі башқұрт тархандарын Қалмақ тайшылары және Сібір ханзадаларымен, Қазақ хандарымен
болған шекаралық шабуылдарды тойтаруға пайдаланды.