Елімізде 1991 жылдан жаңа үлгідегі арнаулы орта оқу орындары:
лицейлер,
гимназиялар мен
кәсіптік-техникалық мектептер ашылды.
1995 жылы қабылданған Конституцияда: «Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті» деп жазылған.
1997 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандыруға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданып, мектептер компьютерлермен жабдықталды.
1999 жылы маусымда «Білім туралы» Заң қабылданып, жалпы білім беретін мектептер үш сатылық білім беруге көшті.
Олар:
бастауыш білім (1–4-сыныптар),
негізгі білім (5–9-сыныптар) және
орта білім (10–11-сыныптар).
Дарынды балаларға арналған «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы аясында республиканың облыс орталықтарында мектеп-интернаттар ашылды.
2004 жылдан бастап мектептерге Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілді.
2006 жылы мектептерге лингафондық мультимедиа, физика кабинеттерін жабдықтауға республикалық және жергілікті бюджеттен 6 миллиард теңге бөлінді.