Мектепке дейінгі ұйымдар желісі мен балалар контингенті . - Республика бойынша барлығы 10 314 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде – 3749 бірл. жеке мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді.
- Мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған барлық бала саны 880,8 мың,
- оның ішінде жеке мектепке дейінгі ұйымда – 307,3 мың бала.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім, ғылым, балалардың құқықтарын қорғау және жастар саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап елімізде жаңартылған білім мазмұнына көшу жұмыстары қолға алынды. . - Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту.
- 12 жылдық білімнің сызбасы 0 сынып + 11 сынып қағидасына сәйкес құрылды. Жаңартылған білім беру бағдарламасы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізілді:
- 2016 жылы - 1 сыныптар;
- 2017 жылы - 1,2, 5,7 сыныптар;
- 2018 жылы - 1,2,3,6,7,8,10 сыныптар;
- 2019 жылы - барлық 1-11 сыныптар.
Қазақстандағы Болон процесі - 2010 жылғы наурыз айында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына қосылып, Жоғары білім берудің еуропалық аймағының 47- мүшесі және еуропалық білім беру кеңістігінің толық құқылы мүшесі ретінде танылды
- Болон процесіне қосылған соң Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды.
- 1. Қазақстандық жоғары оқу орындарының қазіргі таңда әлемнің 650 университеті қол қойған Университеттердің Ұлы Хартиясына қосылуы орын алды. Бұл отандық білім беруді еуропа стандарттарына жақындатуға мүмкіндік береді. Ұлы Хартияға 60-тан аса қазақстандық университеттер қол қойды.
- 2. Болон декларациясының принциптеріне негізделген, мамандарды дайындаудың үштік моделі жүзеге асырылды: бакалавр – магистр – PhD доктор.
Жоғары оқу орындарының оқу процесіне озық технологиялармен оқыту жүйелері енгізілді: барлық жоғары оқу орындарына оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді, 38-інде қос дипломды білім беру, 42-інде қашықтықтан оқыту жүзеге асырылады. - Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндаманың мәліметтері бойынша магистранттарды дайындау еліміздің 118 университетінде жүргізіледі, онда 32 527 адам білім алады, оның ішінде 16 220-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды. Бітіру кезінде магистранттардың 92%- ы қорғап шығады.
- Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестікте 16 жоғары оқу орнында PhD докторларын дайындау жүргізіледі. 2014 жылғы докторанттар саны 2063 адамды құрады.
"Педагог мәртебесі туралы - 2019 жылы 31 желтоқсанда "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданды.
- Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов
- 2020 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заңды іске асыру кезеңіне көшу басталғанын мәлімдеді.
- Жалпы заң 21 баптан тұрады және жарты миллионнан аса ұстаздың жұмысына қатысты.
- Педагог мәртебесін айқындайтын Заң негізі төрт бағытты қамтиды:
- Бірінші, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту;
- Екінші, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту;
- Үшінші, материалды емес стимул тетіктері;
- Төртінші, материалдық ыңталандыру.
Қашықтықтан оқыту жүйесі - Әлемде бүгінгі күні 1млрд 200 млн адам дистанциялық оқу жүйесіне көшті
- Елімізде:
- 2020 жылдың 16 марттан бастап Жоғарғы оқу орындары студенттері қашықтықтан оқуға кошті.
- 2020 жылдың 6 апрелінен бастап 7000 орта мектеп оқушылары қашықтықтан оқуға кошті.
Достарыңызбен бөлісу: |