«Қазақстан және Ұлы Жібек жолы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау №2 (15 ұпай) 3 тоқсан



Дата02.03.2022
өлшемі21,83 Kb.
#134019
Байланысты:
3 токсан 6 сынып БЖБ №1,2





6 сынып

« Қазақстан және Ұлы Жібек жолы » бөлімі бойынша жиынтық бағалау №2 (15 ұпай)
3 тоқсан

Тыңдалым. Оқылым.
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Ұлы Жібек жолы – Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы. Ұлы Жібек жолының кей тармақтары сол кезде-ақ іске қосылған. Негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды Біздің заманымызға дейін I мыңжылдықтың ортасында «дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды
«Ұлы Жібек жолы» ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихттофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты – Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Ең негізгі сауда жолы Тянь-Шань тау , Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары арқылы Қытайға ұласкан, Жолдың ендігі бір бөлігі Яқсарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары қарай Қаратеңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатты.Осындай жолдардың бойында Исфиджаб, Усбаникент, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Жаңакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізген әсері мол. Қалалар мен далаларды, тау етектерін сақтар, үйсіндер, қаңлылар, кейіннен түргеш, қарлұқ, оғыз, кыпшақ, қимақ сияқты ежелгі түркі тайпалары мекендеген.
1-тапсырма Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында
1. «Дала жолы» арқылы қай елдің және қандай тауарлары жеткізіліп тұрды? 1ұпай
А) Византия жібегі мен Жапония кілемі;
В) Қытай кілемі мен Иран жібегі
С) Қытай қарулары мен Иран түскиізі
Д) Қытай жібегі мен Иран кілемі;
2. Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қандай ірі қалалары арқылы өтті? 1ұпай
А) Исфиджаб, Усбаникент, Отырар, Рим;
В) Түркістан, Тараз, Сауран, Стамбул;
С) Сығанақ, Сарайшық, Жаңакент, Түркістан;
Д) Сығанақ, Москва, Сарайшық, Жаңакент
2-тапсырма Берілген ақпараттардың ішінен мәтін мазмұнына сай келетін 2 дұрыс тұжырымды анықтаңыз. 2балл

Ақпараттар

Дұрыс

Бұрыс

  1. «Ұлы Жібек жолы» ежелгі атау емес, ол 1878 жылы пайда болған.







  1. Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен.







  1. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты – Жапониядан шығарылатын жібек мата себеп болды.







3-тапсырма Грамматикалық тест
1.Көп нүктенің орнына керекті етістікті жазыңыз. Мен кітапханаға жиі ......
А) барамын. В) барасың. С) барды. Д) барасыз.
2 .Асты сызылған сөз қай шақта тұрғанын анықта. Түнде жаңбыр жауады.
А) нақ осы шақ В) жедел өткен шақ С) ауыспалы осы шақ Д) келер шақ 3. Жедел өткен шақтың жұрнағын көрсет.
А) –сын, -сін; В) –са, -се ; С) –мақ, -мек, -пақ, -пек; Д) -ды,-ді,-ты,-ті;
4.Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті көрсет.
А) әкетіп жатыр  В) елестейді С) сөйледі Д) оқып отыр.
5. Нақ осы шақта тұрған етістікті анықта.
А) береді. В) шығады. С) келеді. Д) жазып отырсың.
ЖАЗЫЛЫМ
4 -тапсырма Берілген сұрақтардың толық жауабын жазыңдар. 6 ұпай

  1. Қалалар мен далаларды, тау етектерін қандай ежелгі түркі тайпалары қоныстанды?

  2. Ең негізгі сауда жолы қандай жерлеріне дейін ұласты?

  3. Ұлы Жібек жолының қандай жолдарында сауда қызып тұрды?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет