105
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Сексуалды сипаттағы сөздер мен жәбірлеу
тұрғысынан алғанда, 4.5-кесте оқытушылар мен
мамандандырылған қызметкерлер құрамының
7,7%-ының балалардың басқа балаларға
қатысты сексуалды сипаттағы мінеп-сынау/
қалжың айтқандығын және 2,6%-ы басқа
балалалардың баланың сексуалды қызығушылық
туғызатын дене бөліктеріне қол тигізуін/ұстауын
байқағандығын көрсетеді. Ақырында, 4.6-ке-
сте өткен жылы оқытушылар мен мамандардың
21,8%-ның баланың киіміне немесе тұрғылықты
жеріне байланысты басқа балалар тарапынан на-
шар қарым-қатынасқа/келемежге ұшырауының
куәгерлері болғанын көрсетеді. Мұғалімдер
мен мамандандырылған қызмектерлер құрамы
баланың шектеулі мүмкіндігіне (12,4%), ұлты
не терісінің түсіне (10,0%), шетелдік тегіне
(3,5%) және дініне (діни сеніміне) байланысты
басқа балалардың нашар қарым-қатынасын/
келемежін байқаған.
Достарыңызбен бөлісу: