97
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
балалармен салыстырғанда (тиісінше, 22,3% және
5,5%), мектеп директорлары мен оқытушылар
тарапынан болатын зорлық-зомбылыққа үш есе
жиі ұшырап (61,4%), бес есе жиі кемсітушілікке
ұшыраған (26,8%).
Түпкі
қорытындысында, өзіне-өзі зиян келтірумен
айналысқан және өзіне-өзі қол салуға бейімділігі
болған балалардың (26,8%) сондай-ақ өзіне-өзі
зиян келтірумен айналыспаған және өзіне-өзі қол
салуға бейімділігі болмаған балалармен (1.9%)
салыстырғанда, 14 рет жиі үйлерінен қашып кеткен.
Сұхбат жүргізілген 402 баланың арасында алты
бала өз мектептерінде
болған балалардың
өздеріне-өздері қол салуы туралы айтып берді. Осы
балалардың үшеуі, сондай-ақ осы өзіне-өзі қол салу
жағдайларының мектептегі зорлық-зомбылықпен
байланысты болғандығын хабарлады. Екі жағдайда
да өзіне-өзі қол салған бала қорқытып ақша тартып
алушылық құрбаны болған (мектептегі басқа бала-
лар өзін-өзі өлтірген
баладан қорқытып ақша тар-
тып алып отырған); осылайша, балалар өзіне-өзі
қол салудың қорқытып ақша тартып алумен байла-
нысты болғандығын айтып берді.
«Менің қорқытып ақша тартып алғанына бай-
ланысты асылып қалған досым болды. Бірнеше
күн бұрын мен жерлеуге қатыстым.» [377]
«Тағы бір жағдай екі жыл бұрын болды. Біреу 8
немесе 9 сыныптың оқушысынан ақша талап ет-
кен. Ол ақша таба алмай, өз-өзіне қол салған. Ол
асылып қалды.» [343]
Басқа жағдайда бір бала өзінің мектебіндегі қыздың
мектептегі басқа балалардың тараптарынан болған
қорлаудан (психологиялық зорлық-зомбылық) өз-
өзіне қол салғанын айтып берді, себебі ол өте кедей
және өзінің анасымен ғана тұратын.
«Мен оқыған басқа мектепте кедей отбасының
бір қызын сыныптастарым мазақтап
әжуалайтын. Оның анасы ғана бар еді және өте
кедей тұрды, сондықтан сыныптастарым осы
қызды қорлайтын. Олар көшеде оның алба-жұлба
анасын көргеннен кейін, олар оны одан сайын
қорлай бастады. Тіпті оның ең жақын құрбысы
балалар жағына шығып кетіп, ол қызбен доста-
спай қойды. Бұл бір жарым жыл бұрын болатын.
Мектепте бұл туралы барлығы білетін. Қыз
қорлыққа шыдай алмай, өз үйінде асылып қалды.
Балаларға ұрысып, осы қыздың анасының алдын-
да кешірім сұрауға мәжбүр етті». [109]
Сауалнама
толтырумен байланысты
мәселелер
Достарыңызбен бөлісу: