Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін оқыту


Кесте Қазақстанда ағылшын тілін оқытуды бастау уақыты туралы ұсыныстар Талқылау



бет2/3
Дата03.11.2022
өлшемі42,47 Kb.
#156356
1   2   3
Байланысты:
Педагогика

2 Кесте Қазақстанда ағылшын тілін оқытуды бастау уақыты туралы ұсыныстар


Талқылау

Бұл бөлімде ағылшын тілі қай сыныптардан бастап оқытылуы қажет деген мәселені анықтау бағытында жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі талқыланады. Зерттеу нәтижесі бойынша сауалнамаға қатысқан адамдардың 27% ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқыту дұрыс деген пікір білдірді. Сондай-ақ, олардың көпшілігі ағылшын тілі болшақ ұрпақ үшін өті қажет және оны ерте кезден бастап меңгерген дұрыс деп санайды. Олар жас кезде тіл үйрену, өзге тілді тез меңгеруге үлкен мүмкіндік береді деген пікір айтады. Дегенмен, бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуға қарсы пікір білдірушілер мектептер мемлекеттік тіл, яғни қазақ тіліне көп көңіл бөлуі қажет дап санайды. Кеңес Одағы кезінде Қазақстанға орыс тілі Мәскеу арқылы күштеп енгізілген болатын [2]. Сондай-ақ орыс тілін бірінші сыныптан бастап оқыту міндетті болды. Нәтижесінде орыс тілін кеңінен оқыту қазақ халқының ана тіліне кері әсерін тигізді. Бұл шет тілін оқыту ана тілге әсерін тигізетіндігін көрсетеді. Мәселен, Филмор АҚШ-та ағылшын тілінде оқитын көптенген ұлт өкілдерінің балалары өз ана тілінде сөйлей алмайды дейді [3]. Ал, Райт Ирландия Республикасында Ирланд тілі оқытылса да, мемлекетте ағылшын тілінің кең таралуына байланысты ирланд тілі жалғыз мемлекеттік тіл бола алмайды дейді [4]. ҚР тәуелсіздік алғанан кейін қазақ тілі мемлекеттік дәрежесін алды, дегенмен халықтың басым көпшілігі орыс тілінде сөйлейді. Сол себепті де, ағылшын тілін екінші шет тілі ретінде оқыту қазақ тіліне кері әсерін тигізуі мүмкін.


Ағылшын тілін бастауыш сыныптарда оқытуды қолдаушылар, ағылшын тілі алғашқы сыныптарда ойын әдістерін қолдану арқылы оқытылуы қажет деп санайды. Олар бұл әдіс түрі балалардың тілді оңай, әрі тез меңгеруіне оң ықпалын береді деп санайды. Сауалнама нәтижесі бойынша 27% адам бұл пікірді қолдайды, ал қатысушылардың 20% тіпті ағылшын тілін балабақшадан бастау қажет деп санайды. Дегенмен, тілді меңгеру қандайда бір еңбекті талап етеді. Мәселен, балалар шет тілінде жаңа сөздерді жаттауына тура келеді. Реформаға қарсы пікір білдірушілер екі шет тілін қатар меңгеру балалар үшін өте қиын болады деп санайды. Олардың ойынша, тым көп ауыртпалық балалардың құштарлығын жойып жіберуі мүмкін. Ол балалардың білім сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті де, зерттеу жұмысына қатысушылардың 53% ағылшын тілін екінші шет тілі ретінде бесінші сынаптан бастап оқытқан жөн деп санайды.
Ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқыту қажет деген пікірді қолдаушылар шетелден білімін жетілдіріп келген жас мұғалімдер көп және олар жаңа оқыту әдісімен шет тілін үйрете алады деп есептейді. Дегенмен, ағылшын тілін жетік меңгермен мұғалімдер ақшасы жоғары төленетін жұмыс тапқысы келеді, себебі қазіргі кезде мұғалімдірдің жалақысы тым төмен. Көптеген мұғалімдік мамандығын меңгерген студенттер оқу орнын бітіргеннен кейін мамандығын өзгерткісі келеді. Мәселен, Нұршатаеваның айтуынша ағылшын тілі мұғалімдігі мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер мұғалім болған күннің өзінде де, мектепті тастап кетеді, себебі «олар бұл жұмысты ешқашан істегісі келмеген» [5, 7]. Мектепті мұғалімдердің жиі тастап кетуінің тағы бір себебін, Мұхтарова жұмыстың ауырлығы, жұмыс жағдайының қолайсыздығы және төмен жалақы жас мұғалімдер үшін күйзеліс туындатып, мамандыққа деген қызуғушылығын жоғалтады деп түсіндіреді [6]. Бұл пікірлер сапалы білім бере алатын мұғалімдер жеткілікті деген ойдың дәйексіз екенін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет