Қосымша элементтер
5. Күтілетін құрылымын
сипаттайтын тапшылықты
қаржыландыру.
Иә
Бұл ақпарат Парламентке беріледі.
6. Ең болмағанда ЖІӨ-нің,
инфляцияның, пайыздық
ставкалардың және айырбас
бағамының өсуін бағалауды қоса
алғанда, макроэкономикалық
болжамдар.
Жоқ
Экономикалық өсу мен инфляция туралы
ақпарат келтіріледі, бірақ айырбас бағамы тек
жанама түрде беріледі және пайыздық
ставкалардың болжамы жоқ.
23
7. МҚЖ стандартына немесе басқа
да салыстырмалы стандарттарға
сәйкес ұсынылған ағымдағы
қаржы жылының басындағы
бөліктерімен қоса, мемлекеттік
борыштың сомасы.
Иә
МҚЖ-ға сәйкес келетін мемлекеттік қарыз
бойынша деректер ай сайын жарияланады, ал
бюджеттік құжаттама қажетті ақпаратты
қамтиды.
8. Қаржылық активтер, оның
ішінде, ең болмағанда, ағымдағы
қаржы жылының басындағы
ақпаратпен қоса, МҚЖ немесе
басқа да салыстырмалы
стандартқа сәйкес ұсынылған.
Иә
Бағалау жүргізген командаға ҚР ҰҚ, Ұлттық
Банкке және "Бәйтерек", "Самұрық-Қазына"
және "ҚазАгро" үш негізгі мемлекеттік
холдинг компанияларына тиесілі қаржы
активтері туралы ақпарат бар екенін
хабарлады.
9. МЖӘ бойынша келісім -
шарттарға байланысты
туындайтын кепілдіктер мен
шартты міндеттемелер сияқты
шартты міндеттемелерді қоса
алғанда, фискалдық тәуекелдер
туралы қысқаша ақпарат.
Жоқ
Үкімет өзі иелік ететін компаниялардың қарыз
алуы нәтижесінде туындайтын қаржылық
тәуекелдер туралы шоғырландырылған
ақпаратты жарияламады. 2018-2020 жылдарға
арналған бюджет туралы заң РБ-МЖӘ
жобалары бойынша берешек сомасына 1726
млрд. теңге мөлшерінде лимит белгілеген,
бірақ берешектің нақты сомасы туралы
деректер жарияланбаған.
10. Кірістер саласындағы
саясаттың барлық негізгі
өзгерістерін және / немесе
шығыстар бағдарламаларындағы
елеулі өзгерістерді бағалауды
ескере отырып, жаңа саяси
бастамалар мен ірі жаңа
мемлекеттік инвестициялардың
бюджетке әсерін түсіндіру
Иә
Бюджеттік құжаттама негізгі саяси
бастамалардың бюджетке әсері туралы
түсіндірмелерді қамтиды, олар, әдетте,
Президент Жолдауында әрбір жылдың басында
көрсетіледі.
11. Орта мерзімді қаржылық
болжамдар бойынша құжаттама.
Иә
Бюджет процесінің бірінші кезеңінде
дайындалған әлеуметтік-экономикалық даму
болжамы бюджет Парламентке әр жылдың
қыркүйегінде ұсынылғанға дейін қайта
қаралады.
12. Салық шығыстарын сандық
бағалау
Ішінара
Кейбір ақпарат Парламентке салықтан
босатулар мен жеңілдіктердің сомалары туралы
беріледі, бірақ мұндай ақпарат жан-жақты
емес.
Дерек көзі: ҚР ҚМ
Төрт негізгі элементтің үші және бес қосымша элемент белгіленген талаптарды
қанағаттандыратындықтан, көрсеткіш В ретінде бағаланады.
|