Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018



Pdf көрінісі
бет39/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)

Көрсеткіш/Параметр 
2018 
жылғы 
бағалау 
2018 жылғы бағалау 
негіздемесі 
2009 жылмен 
салыстырғандағы 
өзгерістер және 
басқа факторлар 
PI-3 
Бюджеттің 
кіріс 
бөлігінің орындалуы (M2) 
С 
(i) Кіріс бөлігін орындаудың 
жиынтық көрсеткіштері 

Ауытқулар үш жылдың 
ішінде жоспардан 92-ден 
116 пайызға дейін болды. 
2005 жылғы 
әдіснаманы қолдану 
2009 жылғы 
бағалаумен бірдей А 
бағалауына алып 
келеді 
(ІІ) Кірістер құрылымындағы 
ауытқулар 
В 
Кірістер құрылымындағы 
ауытқулар үш жылдың екі 
Жаңа параметр 


21 
жылында 10% - дан кем 
болды. 
2.4
 
 
 
ІІ БӨЛІМ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ
4-9 тиімділік көрсеткіштері бюджетті және МҚБ басқа да аспектілерін ұсынудың 
ашықтығын, оның ішінде фискалдық есептерден тыс Үкімет қызметінің ауқымын, 
орталық үкімет трансферттерінің жергілікті мемлекеттік органдарға ашықтығы мен 
болжамдылығын және мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы ақпарат беруді 
қарастырады. 
2.4.1
PI-4: БЮДЖЕТТІҢ СЫНЫПТАУЫ 
Бұл көрсеткіш бір параметрге ие және мемлекеттік бюджеттің сәйкестік дәрежесін және 
шоттарды халықаралық стандарттарға сыныптауды бағалайды. А бағалауға қол жеткізу 
үшін талап әкімшілік, экономикалық және функционалдық сыныптаудың әрбір 
деңгейінде бюджетті жасау, орындау және есептіліктің МҚЖ / COFOG стандарттарын 
немесе олардың баламаларын пайдалануға негізделуі болып табылады. Қамту: орталық 
үкімет. Кезең: соңғы үш қаржы жылы. 
Көптеген жағдайда Қазақстан осы талаптарға жауап береді. Қазынашылықтың 
біріктірілген ақпараттық жүйесі (ҚБАЖ) барлық транзакциялардың экономикалық
әкімшілік, функционалдық және бағдарламалық/кіші сыныптамасын айқындайды, ал 
бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептілік барлық сыныпнамалар туралы ақпарат 
береді. Бірақ бюджет жобалары (2017 жыл-соңғы аяқталған қаржы жылы, сондай-ақ 
2018 жыл) тек әкімшілік және бағдарламалық/кіші сыныпнамалар бойынша ұсынылған 
және экономикалық сыныптама жоқ. Осыған байланысты бюджеттік мекемелер 
бағдарламалар мен кіші бағдарламалар шеңберінде шығыстардың сипатын анықтауда 
айтарлықтай еркіндікке ие. PEFA сыншарттары бойынша кем дегенде C немесе одан 
жоғары бағалау үшін экономикалық, сондай - ақ әкімшілік сыныпнамаларды ұсыну 
талап етіледі; осылайша, Қазақстан үшін бағалау-D. 
2009 жылы PEFA бағалауында Парламентке ұсынылған бюджет жобасында 
экономикалық сыныпнаманың болмауына назар аударылмаған және функциялық 
сыныптама cofog-ға мүлдем сәйкес келмеуіне байланысты B бағасы берілді. Іс жүзінде, 
2009 жылдан бері ешқандай өзгерістер болған жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет