36
Бұл көрсеткіш неғұрлым маңызды жобаларға назар аудара отырып, Үкімет тарапынан
мемлекеттік инвестициялық жобаларды экономикалық бағалауды, іріктеуді,
шығыстарды және мониторингті бағалайды. Оның төрт параметрі бұрын 2009 жылғы
PEFA
сыншарттарына
енгізілген
параметрлерге
қарағанда
мемлекеттік
инвестицияларды басқарудың неғұрлым егжей-тегжейлі мәселелерін қарастырады.
Бағалау M2 әдісімен жинақталады. Қамту: орталық үкімет. Кезең:
соңғы аяқталған
қаржы жылы.
D-11.1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Барлық маңызды, оның ішінде МЖӘ шеңберінде қаржыландырылатын инвестициялық
жобалар Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129
бұйрығында баяндалған әдіснамаға сәйкес экономикалық бағалауға жатады. Бағалау
үшін ұсынылған құжаттама жалпы күрделі шығыстардың толық негіздемесін, сондай-
ақ жобаны іске асырудың ұсынылатын кестесін қамтуы тиіс. Бағалауды ҚР ҰЭМ МЖӘ
орталығы жүргізеді, ол жеке институт ретінде жұмыс істейді, бірақ нәтижелерді жүйелі
түрде жариялау жоқ. Бағалау-С.
D-11.2 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАҢДАУ
Инвестициялардың басымдылығы Әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік
болжамына сәйкес белгіленеді, ол келешекке бес жылды қамтиды және жыл сайын
жаңартылады. Жобаларды іріктеу үшін өлшемдерді қалыптастыратын стратегия мен
басымдықтар көбінесе ел Президентінің әр жылдың
басында жариялайтын жыл
сайынғы Жолдауларымен айқындалады: негізгі басымдықтар экономикалық
әртараптандыру, әлеуметтік даму (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт),
өңірлік даму, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, ауыл шаруашылығын
дамыту және цифрлық экономика болып табылады. ҚР ҚМ жалпы қаржыландырудың
бар-жоғын ескере отырып, бюджетке қандай жобалар енгізілуі тиіс екенін анықтайды.
Бағалау-A.
D-11.3 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУ
Бұл параметр бюджеттік құжаттамаға енгізілген инвестициялық
жобалар бойынша
ақпарат санына арналған. Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік құжаттама жыл сайын
әрбір жоба бойынша келесі бюджеттік жыл және одан кейінгі екі жыл ішінде күрделі
шығыстарға да, сондай-ақ кез келген ағымдағы шығыстарға да арналған шығыстарды
қамтиды. Бірақ барлық жоба бойынша күрделі және жалпы шығындардың жалпы
сомасы берілмейді, ол үшін PEFA оңтайлы бағасы талап етіледі. Әрбір жоба бойынша
жалпы күрделі шығындар көрсетілмегендіктен, бұл С бағалауы үшін ең аз сыншарт
болып табылады, бағалау - D.
D-11.4 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МОНИТОРИНГІ
Министрліктер тиісті жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады, ҚР ҚМ
қаржылық мониторингке, ал ҚР ҰЭМ тиімділікті бағалауға жауап береді.
Орындалу
тиімділігіне кейбір бағалауларды қамтитын мерзімді жиынтық есептер үнемі
дайындалады және Президентке ұсынылады, бірақ жарияланбайды. Есептер
жарияланбайтын болғандықтан бағалау-C.
Достарыңызбен бөлісу: