Көрсеткіш/Парамет
р
2018 ж.
бағалауы
2018 ж. бағалаудың
негіздемесі
2009
жылмен
салыстырғанда
өзгеріс
және
басқа факторлар
PI-27-Қаржылық
деректердің
тұтастығы (M2)
B+
(i) - Банктік шотты
салыстыру
D
БҚШ үшін күн сайын
жүргізіледі, бірақ ақпарат
орталық үкіметтің
бақылауындағы
ұйымдардың басқа банктік
шоттары үшін деректерді
салыстыру рәсімдеріне
қатысты қол жетімсіз
2009 жылдан
бастап өзгеріссіз
(ii) - Транзиттік
шоттар
A
Жылдам клиринг (нөлдеу)
2009 жылдан
бастап өзгеріссіз
(iii) - Аванстық
шоттар
А
РБ шығыстарының аз ғана
пайызын қамтиды және тез
салыстырылады және
есептен шығарылады (нөлге
теңестіріледі). Ай сайынғы
жүргізілетін салыстыру
деректерді растайды.
2009 жылдан
бастап өзгеріссіз
(iv) - Қаржылық
деректердің
тұтастығын
қамтамасыз ету
A
Нақты аудиторлық ізі бар
тиімді процестер
Жаңа параметр
79
процесі
PI-28 ЖЫЛ ІШІНДЕ ҰСЫНЫЛАТЫН БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ
ЕСЕПТЕР
Бұл көрсеткіш бюджеттің атқарылуы туралы ақпараттың толықтығын, дәлдігін және
уақыттылығын бағалайды. Ол үш параметрден тұрады, олар үшін балдар M1 есептеу
әдісін пайдалана отырып, көрсеткіш бойынша жалпы бағалау үшін біріктірілген.
Барлық параметрлер соңғы аяқталған қаржы жылына (2017 жыл) қатысты бағаланады.
Қамту: орталық үкімет. Кезең: соңғы аяқталған қаржы жылы.
D-28.1 ЕСЕПТЕРДІ ҚАМТУ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРУ
Бұл параметр жылдың ішінде бюджеттің атқарылуы туралы мерзімді есептердегі
ақпараттың бастапқы бекітілген бюджетпен салыстырмалылығын бағалайды. Параметр
есептерді жариялау қажеттілігін қарастырмайды.
ҚР ҚМ -нің ай сайынғы негізде жариялайтын бюджеттің атқарылуы туралы ішкі
жылдық есептері кірістер мен шығыстардың бөлінуін әкімшілік, функционалдық және
бағдарламалық сыныпнамалар бойынша бастапқы бюджетпен салыстыруда көрсетеді.
(Экономикалық сыныптау жылдық есептерде келтірілген, бірақ бастапқы бюджет үшін
берілмеген.) ЖАО трансферттерін қоса алғанда, республикалық бюджет ұйымдарының
барлық шығыстары есептермен қамтылады. Нақты деректер ағымдағы жылға арналған
жоспарлы сандармен, сондай-ақ жылдық бюджеттік көрсеткіштермен салыстырылады,
бірақ нақты деректерді бастапқы бекітілген бюджеттік жоспарлармен емес, түзетілген
және нақтыланған жоспарлы сандармен салыстыруға басты назар аударылады. Осы
параметр бойынша бағалау - A.
D-28.2 ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТТІК ЕСЕПТІЛІКТІ ЖАСАУ МЕРЗІМДЕРІ
Бұл параметр жыл ішінде есептілікті ұсыну жеделдігін бағалайды. Қазынашылық
комитеті ұсынған ақпарат негізінде ҚР ҚМ Есептілік және мемлекеттік қаржы
статистикасы департаменті ай сайын бюджеттің атқарылуы туралы есептерді келесі
айдың онына дейін жариялайды. Рәсімдер Қаржы министрінің 2-12-2016 № 630
бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларының" талаптарына
сәйкес келеді. Есептер тиісті қызметкерлерге ұсынылады, ақша сомасын көрсетеді,
нақты ақша сомаларының бюджетте жоспарланғаннан айтарлықтай ауытқулары
бойынша талдау мен түсініктемелер береді. Бағалау-A.
D-28.3 ЖЫЛ ІШІНДЕГІ БЮДЖЕТ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ ДӘЛДІГІ
Бұл параметр есептік ақпараттың шынайылығы мен көлемін бағалайды. Жыл ішіндегі
бюджеттік есептіліктегі сенімді АТ жүйелерімен жасалған деректердің дәлдігіне және
тіркейтін міндеттемелерге, сондай-ақ төлемдерге қатысты ешқандай күмән жоқ.
Бағалау-A.
|