95
тәртіптің көптеген функциялар бойынша (функционалдық сыныптау бойынша) ақша
шығыстарын жоспарлау және тұтастай алғанда шынайы болып табылатынын көрсетеді.
Мемлекеттік инвестицияларды жоспарлауды жүйелеу
ресурстарды стратегиялық
бөлуді одан әрі жақсартуды куәландырады. АТ-жүйелерін қамтуды кеңейтуге баса
назар аудару қызметтер көрсетудің тиімділігін арттырады. Қазақстан PEFA-ның соңғы
бағалауынан бері МҚБ-ның көптеген аспектілерінде өз жұмысын жақсартты.
Ашықтыққа келетін болсақ, бюджеттік және салық ақпараттары
заң шығарушы билік
пен жұртшылыққа да неғұрлым көбірек беріледі, алайда бюджеттік құжаттама мен
сыртқы аудит өткізу туралы есептер сияқты кейбір
аспектілерде толық ашықтық
қажеттілігі әлі де бар. Бюджеттерді уақтылы Парламентке ұсынылады және бекітіледі,
орта мерзімді және нәтижелерге бағдарланған ақпаратты қамтиды. Жергілікті билік
органдарына қосымша транс ерттер нақты ережелермен реттеледі, ал ЖАО қаржылық
жағдайын бақылау жақсарды. Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық дамуға
кешенді көзқарас шеңберіндегі
шығыстарды көрсете отырып, секторлық стратегиялар
неғұрлым кең қолданысқа ие болды. Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік
қаражаттардың жоспарланғанға сәйкес бөлінетініне сенімі мол.
Ішкі аудит дамып
келеді және аудит ұсынымдарын одан әрі орындауды жақсартуды куәландыратын
жағдайлар бар. Тұтастай алғанда, барлық бар белгілер үміттендіреді,
себебі МҚБ
Қазақстанның дамуында маңызды ынталандырушы рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: