Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018



Pdf көрінісі
бет92/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)

2.14
 
5.2 
СОҢҒЫ ЖӘНЕ АҒЫМДАҒЫ РЕФОРМАЛАР 
2. Бюджет кодексіне өзгерістерге қосымша "Мемлекеттік аудит және қаржылық 
бақылау туралы" жаңа заң (2015 жылғы қараша) және 2017 жылғы желтоқсанда жаңа 
Салық кодексі қабылданды. Үкіметтің барлық аумағында қаржылық бақылауды 
қадағалау ҚР ҚМ жанындағы Мемлекеттік ішкі аудит комитетіне жүктеледі, ол сондай-
ақ әрбір министрліктегі ішкі аудит бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді және қаржылық 
аудит бойынша үлкен жұмыс жүргізеді. Ішкі аудит әрбір министрлікте басшылық ету 
үшін қызмет ретінде қазіргі уақытта мемлекеттің барлық аумағында 2017 жылғы 
қаңтардан бастап әрекет етеді және әрбір министрліктің өз міндеттерін орындауын 
біртіндеп жақсартуы тиіс. Ішкі және сыртқы аудиттің жұмысын қадағалау мен 
үйлестіру Есеп комитетіне (ЕК) жүктеледі, ол Қазақстанның жоғары қаржы бақылау 
органы (ЖҚБО) бола отырып, орталық билік органдарының сыртқы аудиторы болып 
табылады және аудиторлар орталық және жергілікті билік органдарына дайындаған 
барлық аудиторлық қорытындылардың дерекқорын басқарады. ЕК сондай-ақ 


96 
мемлекеттік секторда жұмыс істейтін аудиторларды оқытуға және олардың біліктілігіне 
жауап береді. Жаңа заң қабылданғанға дейін 2009 жылы PEFA бағалауында белгіленген 
әр түрлі мекемелердің тиісті міндеттеріне қатысты белгісіздік болған, ал қазіргі 
уақытта ЭЫДҰ елдерінде түсінілетіндей ішкі аудит болған жоқ. 
3. Қазіргі уақытта салық салу және мемлекеттік қызметті басқару саласында басқа да 
ағымдағы реформалар жүргізілуде. 2018 жылдың басында енгізілген жаңа Салық 
кодексі салық заңнамасына сәйкес келетін тәуекелді салаларда салықтарды неғұрлым 
тиімді жинау бойынша күш-жігерді шоғырландырады. Сонымен қатар, 2020 жылы 
барлық резиденттер үшін жыл сайын өз табыстары мен активтері туралы декларация 
жасау үшін әмбебап талаптар енгізуге дайындалуда. ҚР ҚМ-нің оның стратегиялық 
жоспарында баяндалған мақсаты салықтардан түсетін кірістерді 2025 жылға қарай 
ЖІӨ-нің 25 пайызына дейін, бейресми экономика үшін төлем төлеуден жалтару 
мүмкіндіктерін шектеу және төлемдерді жинау жөніндегі операциялардың тиімділігін 
арттыру арқылы ұлғайту болып табылады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (МҚІСҚА) әрбір министрлікке бонустар 
бойынша жалпы соманы беру және әрбір мемлекеттік қызметшіге нәтижелеріне қарай 
төлеу арқылы нәтижелерге қол жеткізуде мемлекеттік қызметшілер мен министрліктер 
үшін ынталандыруды күшейтуге ұмтылады. 
4. Қазіргі уақытта 2018 жылға арналған РБ үшін есептеулер негізінде бюджеттің 
атқарылуы туралы есепті және 2019 жылға арналған үкіметтің қаржылық жағдайы 
туралы шоғырландырылған есепті дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл 
тұтастай алғанда мемлекеттік сектор үшін тиісті ХБМС (IPSAS) қаржылық есептерді 
біртіндеп қалыптастыруға жол салуы тиіс амбициялық жоба. Осы жұмыстың әрбір 
кезеңінде шоғырландыру әдістеріне және олармен байланысты артықшылықтарға, ең 
алдымен, ішкі инвестицияларды тартуда, мемлекеттің барлық активтері мен 
міндеттемелерінің толық есебін қамтамасыз етуде нақты түсініктеме беру маңызды 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет