Байланысты: KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)
3. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ Бұл тарауда тиімділік көрсеткіштері А (ең жоғарғы) - дан D (ең төмен) - ге дейінгі шама
бойынша бағаланады. Көрсеткіштер бір параметрден артық болған жағдайда, көрсеткіш
бойынша жиынтық бағалауды есептеу үшін екі әдіс пайдаланылады. M1 әдісі (әлсіз
буын) егер қандай да бір параметрлер жоғары бағаланса, " + " қосу арқылы көрсеткіш
бойынша жиынтық бағалау үшін параметрлер бойынша ең төмен бағаны пайдалануды
көздейді. M2 әдісі (орташаландыру) PEFA анықтамалығындағы тиісті кестеге сәйкес
параметрлерді бағалауды орташалайды.