18
жылында 15 пайыздан аз болғандықтан, параметр үшін бағалау (i) C-ге тең. Бұл нәтиже
қолда бар бюджеттік ресурстарды нақты бөлу жоспарланған бөлуден айтарлықтай
ерекшеленетінін көрсетеді. Қазақстан СOFOG-дан, әсіресе ҚР Үкіметі төрт кіші топқа
бөлетін
экономикалық
мәселелер
тұрғысынан
айтарлықтай
ерекшеленетін
функционалдық сынып таманы пайдаланатынын атап өткен жөн.
Функцияларды талдау "жеңімпаздар" және "ұтылғандар" тұрғысынан ерекше
заңдылықтарды айқындамайды, дегенмен, бүгінгі күні "Өзгелер"
айқын емес санаты
2017 жылы ең үлкен ауытқуды көрсетеді, бұл банк жүйесін қайта капиталдандыру
құнын көрсетеді. 4-қосымшада көрсетілгендей, 2015-2017 жылдар кезеңінде көптеген
функцияларды орындауға арналған нақты шығыстар
жоспарланған бюджетке өте
жақын болған, бірақ салыстырмалы мәнде бұл функциялар бір функционалдық топта
ауытқу үлкен болуына байланысты аз рөл атқаруы мүмкін, бұл жиынтық мәнге елеулі
әсер ететінді. Бағалау-С.
2.3.2.2
D-2.2
ЭКОНОМИКАЛЫҚ
СЫНЫПТАМАҒА
СӘЙКЕС
НАҚТЫ
ШЫҒЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.3.2.3
2015-2017 жылдар аралығындағы кезеңде экономикалық сыныптама бойынша
шығыстардың ауытқуы тиісінше 12,0 пайызды, 12,5 пайызды және 35,7
пайызды құрады. Бұл нәтижелер С бағалауына сәйкес келеді, себебі ауытқу үш
жылда кемінде 15 пайызды құрайды. Талдау барысында анықталған ең
маңызды ерекшелік 2017 жылы басқа шығыстар санатына жатқызылған өте
үлкен сома болып табылады. Толық деректер 5-қосымшада келтірілген.
Бағалау-С.
2.3.2.4
D-2.3
КҮТПЕГЕН
ШЫҒЫСТАРҒА
ЖАТҚЫЗЫЛҒАН
НАҚТЫ
ШЫҒЫСТАР
Қазақстан күтпеген шығыстарды жабу үшін "Резервке"
бюджет қаражатын бөлгеніне
қарамастан, бұл қаражат сомасы өте аз және есепті кезеңде "Резервтен" қаражат іс
жүзінде алынбаған. Осылайша, параметр бағалауы А.