2015 жылға Курчатов қаласы бюджеттің орындалуы туралы АҚпарат бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы



Дата20.06.2018
өлшемі86 Kb.
#43537



2015 жылға

Курчатов қаласы бюджеттің орындалуы туралы

АҚПАРАТ

Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы

2015 жылға қала бюджетіне меншікті кірістер 824532,5 мың теңге кірістер түсті немесе 106,5 %, өткен жылдың кезеңдерімен салыстырғанда 33707,2 мың теңгеге артық. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер мен субвенциялар 579537,9 мың теңгені құрады.

Толығымен 2015 жылдың бірінші жарты жылдығына тағайындалған жоспардан тыс 45590,0 мың теңге келіп түсті.

Толық қала бюджеті бойынша бекітілген жоспарлардың орындалуы барлық 28 кіріс көздері бойынша қол жеткізілді.



Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы.

2015 жылдың жарты жылына қала бюджетінің орындалуы республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер, субвенциялар, есебімен 1399775,1 мың теңге немесе 99,2 % құрады.



Жалпы түрдегі мемлекеттік қызметке 275754,9 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 349725,1 мың теңге немесе 99,9 %. Соның ішінде

сатып алынды: мәслихат аппараты үшін принтер, телефон аппараты, әкім аппараты үшін 2 моноблок, 2 компьютер жиынтығы, тұрмыстық -коммуналдық шаруашылық бөліміне 2 прцессор және 2 қоректендіру блогі;

- қала тұрғындарына және әлеуметтік тағайындалған нысандарды жылумен қамтамасыз ету бойынша іс шаралар жүргізуге қауырт шығындарға жергілікті атқарушы органдардың қоры есебінен қала бюджетінен 14000,0 мың теңге бөлінді;

- 1990 жылдың 26 шілдесіндегі Семей облыстық сотының тұрақты сессиясы азаматтық істері бойынша сот алқасының шешімі бойынша міндеттемені орындауға жергілікті атқарушы органдар есебінен қала бюджетінен 83,3 мың теңге бөлінді, И.Н. Даньконың пайдасына 83,2 мың теңге немесе 99,9%;

- 353,5 мың теңге сомада салық салу мақсатында мүлікті бағалау бойынша қызметтер төленді. Жылжымайтын мүлік Орталығымен келісімшарт жасалды,төлем атқарылған жұмыс актісі бойынша төлем жүргізілді.

- коммуналдық меншік (коммуналдық меншікке ғимарат сатып алуға) мүлкін сатып алуға 11000,0 мың теңге бөлінді, қаражат толық көлемде игерілді. Әкім аппараты қызметтік пайдалану үшін Құнанбай көшесі, 11 бойынша тұрғын үй пәтері сатып алынды;

- Курчатов қаласы әкімінің қорынан шұғыл шығындарға 2014-2015 жылдарға жылу беру маусымын аяқтау үшін көмірді сатып алуға және үюге 14 000,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорынан шұғыл шығындарға, 2014-2015 жылдарға жылу беру маусымына отын сатып алу үшін 129 000,0 мың теңге сомада трансферттер бөлінді, толық көлемде игерілді;

- облыс әкімінің қорынан шұғыл шығындарға қала тұрғындарын және әлеуметтік тағайындалған нысандарды жылумен қамтамасыз ету үшін іс шаралар өткізуге 26 7000,0 мың теңге сомада трансферттер түсті, толық көлемде игерілді, Курчатов қаласының жылу желілері мен қазандықтарына шұғыл ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Қорғанысқа «Жалпы әскери міндеттемелерді орындау аясындағы іс шаралар» бағдарламасы бойынша 3530,9 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 3550,0 мың теңге немесе 99,5 %. 161 адамға мед. комиссия жүргізілді, соның ішінде: шақырылғандар -83 адам, жаңадан қосылғандар - 65 адам, Әскери жоғарғы оқу орынына үміткерлер -5 адам, әскери техникалық мектеп -8 адам.

Қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық - атқару қызметтеріне – 521,0 мың теңге бөлінді, 100% игерлді, 30 дана жол белгілерін ауыстыру және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Білімге 492210,9 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 496400,2 мың теңге немесе 99,2 %. оның ішінде мектеп-гимназиядағы шағын орталыққа және № 3 орта мектепке. Мектеп-гимназияға бастауыш әскери дайындық кабинеті сатып алынды, 2283,9 мың теңге сомаға 24 компьютер сатып алынды.

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 102354,8 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 102494,1 мың теңге немесе 99,9 %.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жоспарланған қаражат 22226,1 мың теңге сомада, толық көлемде игерілді.

Әлеуметтік жұмыс орынына және жастар тәжірибесіне республикалық бюджет трансферттері есебінен 3628,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. Жастар тәжірибесі бойынша 10 адам, әлеуметтік жұмыс орындарында 10 адам жұмыс істейді.

Қоғамдық жұмыстарға 14213,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, қоғамдық жұмыстарға қала бюджетінің қаражаты есебінен 140 адам қатысты.

Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін 57 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыздарды қайта даярлау және кәсіптік даярлауға 1574,1 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, көгалдандыру мамандығы бойынша 20 адам білім алды: іс жүргізуші, автоматика және КИП реттеуші, телекоммуникациялық желілері мен жүйелері бойынша электромонтер мамандықтары бойынша.

Тұрғындарды жұмыспен қамту аясында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларға 2811,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. 20 адам әлеуметтік жұмыс орынына жұмысқа орналасты, жастар тәжірибесіне 10 адам қатысты.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 179,5 мың теңге бөлінген, 179,2 мың теңге сомада игерілді немесе 99,8 %, төлем тұрғындардың өтініш беру фактілері бойынша жүргізілді, осы көмек 33 алушыға (8 отбасына) тағайындалды және төленді.

Тұрғын үй көмегін көрсетуге 1150,0 мың теңге бөлінді, 1149,9 мың теңге сомада игерілді, немесе 100,0 %, осы көмек 47 отбасына (137 адамға) тағайындалды және төленді, 16 отбасына(28 адамға)телефонға көтерілген абоненттік төлемдерге өтемақы тағайындалды және төленді.

Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 26106,0 мың теңге түсті, толық көлемде игерілді, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларға және оған тең келетін тұлғаларға коммуналдық қызмет төлемінің шығындарына өтем ақы 401 адамға материалдық көмек көрсетілді. Тұрмысы төмен отбасылардан 6 балаға жоғары оқу орнында оқу үшін көмек көрсетілді, 44 көп балалы аналарға, «Алтын алқа» белгісімен марапатталған, «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Материнская слава» 1,2 дәрежелі орденімен марапатталған және 4 және одан да көп балалы кәмелетке толмаған балалармен тұратын 54 көп балалы аналарға материалдық көмек көрсетілді, төртінші балаға босанған 10 анаға біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Қала бюджеті қаражаты есебінен 2535,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, тұрмысы төмен азаматтар санынан көмек сұраған 58 адамға материалдық көмек көрсетілді. Төлем іс жүзінде аударым және өтініш бойынша жүргізілді.

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 929,2 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, 160 балаға (81 отбасы) жәрдемақы төленді, алушыларға төлем іс жүзінде өтініш бойынша жүргізілді.

Жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге 12103,0 мың теңге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінді, 12102,8 мың теңге игерілді немесе 100 %, төлем тағайындалған шоттар мен есептеу фактілері бойынша жүргізілді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс шараларды өткізуге 8449,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100 %. (ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне, ҰОС мүгедектерінің қайтыс болған (күйеулеріне) әйелдеріне және оған тең келетін мүгедектерге және басқаларға) біржолғы материалдық көмек 104 адамға көрсетілді.

Сатып алынды: жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне «1С:Кәсіпорын» бойынша 1 жұмыс орынына қосымша лицензия, ЛЭТ-экраны.

Өрлеу жобасы бойынша Республикалық бюджеттен 2097,0 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді, толық көлемде игерілді, қала бюджетінің қаражаты есебінен 771,8 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, әлеуметтік жұмыста кеңес беру қызметтеріне, 11 отбасына шарттасқан ақшадай көмек ұсынылды. Толық игерілмеуі жобалау ассисенттерінің 2 бірлігінің қысқаруымен байланысты.

Мүгедектер өмірінің сапасын жақсарту және құқығын қамтамасыз ету бойынша іс шаралар жоспарын жүзеге асыруға 671,0 мың теңге бөлінді, 670,2 мың теңге сомада игерілді немесе 99,9 %. Гигиеналық құралдармен 9 мүгедек қамтамасыз етілді.



Тұрмыстық коммуналдық шаруашылыққа 205795,3 мың теңге бөлінді, 199510,0 мың теңге сомада игерілді немесе немесе 96,9 % оның ішінде:

-мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыруға (қызметтік пәтерлерді ағымдағы жөндеуге) 950,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді;

-кондоминимум нысандарына техникалық төлқұжат дайындауға 608,0 мың теңге бөлінді, 343,9 мың теңге сомада игерілді немесе 56,6 % игерілді, Олимпийская көшесі, 40, Тәуелсіздік көшсі, 19 мекенжайы бойынша орналасқан 2 жылжымайтын мүлік нысанына техникалық тексеру жүргізілді;

- 2020 жұмыспен қамту Жол картасы бойынша қалалық және ауылдық елді мекендерін дамыту аясында нысандарды жөндеуге республикалық бюджеттен 31721,0 мың теңге бөлінді, қала бюджетінен 3598,1 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, «Курчатов қаласының № 3 орта мектебі» КММ терезелерін ауыстыру және ғимаратты күрделі жөндеу жүргізілді;

-сумен қамтамасыз ету және су жүргізу жүйелеріне қызмет көрсетуге 20120,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, Курчатов қаласының шаруашылық-фекальды кәрізді тазалау және нөсерлі кәрізді ұстау бойынша шығындар қосылды;

-сумен қамтамасыз ету және су жүргізу жүйелерін дамытуға (магистралды коллектормен кәріз жүйелерін және сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғырту бойынша ЖСҚ әзірлеуге жерге орналастыру жобаларын ресімдеуге) қала бюджетінен 395,4 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100 %, облыстық бюджеттен 38665,0 мың теңге трансферттер бөлінді жоспар бойынша 40700,0 мың теңге 34742,3 мың теңге сомада игерілді немесе 89,9% түскен трансферттер сомасынан, Курчатов қаласында магистралды коллектормен кәріз жүйелерін және сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғырту бойынша ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстары жүргізілді, толық игерілмеуі осы жобалар бойынша мемлекеттік сараптаманы алмауіна байланысты;

- көшелерді жарықтандыруға 12761,7 мың теңге бөлінді, 12748,9 мың теңге сомада игерілді немесе 99,9 %, электрэнергияны тұтынғаны үшін, көшені жарықтандыру жүйелеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстарға төленді;

- қаланың тазалығын қамтамасыз етуге 16107,0 мың теңге қаражат бөлінді, қаражат толық көлемде игерілді, механикалық жинауға келмейтін аумақтарды қолмен жинау жүргізілді, қоқыстар мен қарлар жинап шығарылды төлем атқарылған жұмыс актілері бойынша ;

-панасыздарды жерлеуге және жерлейтін орында ұстауға 795,0 мың теңге бөлінді, 745,0 мың теңгеде игерілді немесе 93,7%, кіреберіс жолдардың және зираттардың аумағының ішіндегі жолдарды тазартылды, қоршауларға ағымдағы жөндеу жүргізілді

- көгалдандыруға және абаттандыруға 78039,1 мың теңге қаражат бөлінді, 78039,0 мың теңгеде игерілді немесе 100,0 % немесе, соның ішінде газондар, гүлдер отырғызу жүргізілді, жасыл желек екпе ағаштарын суару жұмыстары жүргізілді: Абай көшесі бойынша жолдың іргесіне металл қоршаулар орнатылды, : Абай көшесіндегі жолдың іргесіне темір қоршаулар орнатылды, үш көпқызметті корттарды орнату (Тәуелсіздік көшесі, 33-35, Алексеенко көшесі 3, Дегелен бекеті, үш балалар ойын алаңын орнату (Олимпийская көшесі, 9 және 39, Абай көшесі 22);

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 106606,3 мың теңге бөлінді, игерілгені 106436,3 мың теңге немесе 99,9 %.


  • бос уақытты мәдениетті өткізуді қолдау жұмыстарына

4868,0мың теңге бөлінді, 48137,4 игерілді 99,9% , соның ішінде қалалық мерекелік іс шараларға қатысушыларға силықтар сатып алынды; интернационалист әскер күні, халықтық мейрам «Масленица», 8 наурыз, Наурыз – Мейрамы, Астана күні, Курчатов қаласының күні, ҚР Конституция күні, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін шараларға;

- жалпы сомасы 3650,0 мың теңгеге Қалалық мәдениет үйіне қабаттасатын жиналмалы жүйесімен жабылатын төбесі және мобильдік сахналық алаң сатып алынды;

-спорттық сайыстарды өткізуге 344,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100%, шаңғы тебуден, шағын футбол, волейбол, армрестлингтен, 8 наурызға орайластыру, Наурыз-Мейрамы, Хандықтың 550 жылдығына, сайыстар өткізілді, облыс әкімінің ұлттық ойындарға іріктеу турнирі өткізілді;


  • басқа аумақтардағы спорттық жарыстарға қатысуға

(жолы, жатын орын, тамақтану) 6904,0 мың теңге бөлініп, шығысталды, 100% игерілді. Қала командасы жарыстың 18 түріне қатысты, соның ішінде: қазақша күрес бойынша турнирге, волейболға, шағын футболға, президенттік көп сатылы жарыстарға, «Жұлдызша» хоккей турниріне, сайыстар Өскемен және Риддер қалаларында өтті.

-қалалық кітапхананың қызметтеріне 10637,0 мың теңге бөлінді, 10548,8 мың теңге сомада игерілді немесе 99,2 %;



  • мемлекеттік және басқа да Қазақстан халықтарының тілдерін

дамытуға 6566,0 мың теңге бөлінді, 6533,3 мың теңге сомада игерілді немесе 99,5 % , мемлекеттік тілді оқу бойынша 13 топ (144 тыңдаушы) құрылды және қызмет көрсетеді және ағылшын тілін оқу бойынша 6 топ (80 тыңдаушы) құрылды, тематикалық сабақтар, ашық сабақтар, конкурстар, өткізіледі, ҚХР келген отандастарға орыс тілін оқыту, қазақ және ағылшын тілдері бойынша аралық тесттер өткізілді, мемлекеттік қызметкерлерге тестілеуге даярлаулау жұмыстары жүргізіледі, айсайын қазақ тілінде газетке қазақ тілі туралы мақалалар шығып тұрады;

  • мемлекеттік ақпараттық саясаттарды газеттер мен журналдар

арқылы өткізу бойынша қызметке 2182,8 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, «Спектор резонанс», «Көкжиегі» газеттері арқылы ақпараттық қызметтерге төлем жүргізілді

- жастар саясаты саласында бағдарламаны жүзеге асыруға 8311,0 мың теңге бөлінді, 8296,9 мың теңге сомада игерілді немесе 100 %, «Курчатов қаласының жастар орталығы» КММ ұстауға, жастар іс шараларын өткізуге сыйлықтар сатып алынды;



Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалануға 6266,2 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 6266,1 мың теңге сомада игерілді немесе 100 %. Курчатов қаласында жылу желілерін қайта жаңғыртумен қатты отынға № 1 қазандықты қайта жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеу бойынша сңғы төлем жұмыстары жүргізілді;

Ауыл шаруашылық, жер қатынастарына 19648,2 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 19603,9 мың теңге сомада игерілді немесе 99,7 % соның ішінде:

- қаңғырған иттер мен мысықтарды жойып және оларды ұстауды ұйымдастыруға 515,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. 58 иесіз иттер мен 64 мысықтар ұсталды;

- жануарлар індетіне қарсы ветеринарлық іс шаралар өткізуге облыстық бюджеттен 1056,0 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді, толық көлемде игерілді, паразиттік ауруларға вакцинация жүргізілді (жылқы -1310 бас, шошқа – 450 бас, ҰІМ – 12000, ІҚМ -3350 бас).

-ауылшаруашылық малдарды сәйкестендіру бойынша іс шаралар жүргізуге 91,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. Өскемен қаласының «Казагромаркетинг» АҚ мамандары АШМС (ауылшаруашылық малдарды сәйкестендіру) бағдарламасын жаңарту, аппараттық қамтамасыз ету және бағдарламалық қызмет көрсету, жұмыс бекетін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға келтіру бойынша жалпы алдын алу жұмыстарын жүргізді;

- жануарлар індетіне қарсы іс шаралар өткізуге 1916,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді игерілді, аса қауіпті инфекциялық ауруға ауыл шаруашылық малдарына (ІҚМ-5300 бас, ҰІМ-11850 бас, шошқа-500 бас, жылқы-400 бас, түйе-30 бас) вакцина егу жүгізілді, қауіпті ауруларды анықтау бойынша (2731 бастан - қан алып талдау жасауға) диагностика жүргізілді.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құылыс қызметтеріне – (құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімін ұстауға) -8734,7 мың теңге сомада қаражат бөлінді, толық көлемде игерілді, Төлем тағайындалған шоттар және есептеу фактілері бойынша.

Көлік және коммуникацияға 28000,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, толық көлемде игерілді, 42 км қала көшелерінің жолдарын жазда және қыста ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді , автогрейдермен және қолмен қарды жинау жұмыстары жүргізілді, төлем атқарылған жұмыс актілері бойынша.

Басқа да шығыстарға – 83298,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 82818,1 мың теңге сомада игерілді немесе 99,4 % оның ішінде:

- моноқалаларды ағымдағы жайғастыруға республикалық бюджеттен 66256,0 мың теңге бөлінді, 65776,1 мың теңге сомада игерілді немесе 99,3%. «Курчатов қаласының мектеп-гимназиясы» КММ терезелерін бұзу және орналастыру, негізгі екі қабырғаны күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді және ашық аспанда мұаражай тұрғызу үшін Тәуелсіздік көшесі бойынша орналасқан Жеңіс саябағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуді.

- «жобаларды жүзеге асыру үшін кредиттер бойынша пайыздық ставкамен қаражаттандыруға» республикалық бюджеттен 13042,0 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді толық көлемде игерілді, қаражат «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аударылды;

-«моноқалаларда жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге» республикалық бюджеттен 4000,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, гранттар дамытуға ЖК «Умарова А.», «Radiation Protection Company» ЖШС берілді;



53,4 мың теңге сомада бюджетке 2014 жылы пайдаланылмаған трансферттер қайтарылды.

Бюджеттің атқарылуы бойынша

уәкілетті ұйымның басшысы А. Аралов


Сектор меңгерушісі А. Қуандықов

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет