2016 жылдың 1 тоқсанына Курчатов қаласы бюджеттің орындалуы туралы АҚпарат бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы



Дата20.06.2018
өлшемі87,5 Kb.
#43536



2016 жылдың 1 тоқсанына

Курчатов қаласы бюджеттің орындалуы туралы

АҚПАРАТ

Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы.

2016 жылдың бірінші тоқсанында қала бюджетіне меншікті кірістер 330 311,5 мың теңге кірістер түсті немесе 113,2%, өткен жылдың кезеңдерімен салыстырғанда 48 108,2 мың теңгеге артық. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер мен субвенциялар 87 201,0 мың теңгені құрады.

Толық қала бюджеті бойынша бекітілген жоспарлардың орындалуы барлық 19 кіріс көздері бойынша қол жеткізілді.

Толығымен 2016 жылдың бірінші жарты жылдығына тағайындалған жоспардан тыс 38503,5 мың теңге келіп түсті.

101201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша жоспардан тыс 30189,0 мың теңге түсті, бір жолғы төлемдер «Компания Балапан Көлігі» ЖШС құрылтайшылары дивидендтерінен түсті.

101202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша жоспардан тыс 1214,1 мың теңге түсті. ЖК түсімдердің ұлғаюы салық салынатын табыстың ұлғаюына байланысты;

103101 коды бойынша «Әлеуметтік салық» жоспардан тыс 921,2 мың теңге түсті, ағымдағы, аванстық төлемдер.

104101 «Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүліктеріне салық» коды бойынша жоспарлық тағайындалулардан тыс салық төлеушілердің санының артуына байланысты 3097,9 мың теңге түсті.

104402 «Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық» коды бойынша төлеушілердің ұлғаюына байланысты жоспардан тыс 530,6 мың теңге түсті.

104309 «Елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы» коды бойынша жоспарлық тағайындалулардан тыс салық төлеушілердің санының артуына байланысты 1063,2 мың теңге түсті.

105315 «жер телімдерін пайдаланылғаны үшін төлем» коды бойынша жоспардан тыс салық төлеушілердің санының артуына байланысты 2102,5 мың теңге түсті.

303101 «Жер телімдерін сатудан түскен түсім» коды бойынша салық төлеушілердің санының артуына байланысты жоспарлық тағайындалулардын төмен 927,6 мың теңге түсті.

104401 «Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салық» коды бойынша жоспарлық тағайындалулардын төмен 1750,0 мың теңге түсті, нақты төлеу мерзімі өткен жоқ.

105402 «Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым» коды бойынша төлеушілердің санының азаюына байланысты жоспардан төмен 863,3 мың теңге түсті.


Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында қала бюджетінің орындалуы республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер, субвенциялар, есебімен жоспардағы 296 416,1 мың теңге 290 743,0 мың теңгені немесе 98,1 % құрады.



Жалпы түрдегі мемлекеттік қызметке 69 298,3 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 69 632,0 мың теңге немесе 99,9 %. Соның ішінде:

- қала тұрғындарына және әлеуметтік тағайындалған нысандарды жылумен қамтамасыз ету бойынша іс шаралар жүргізуге қауырт шығындарға жергілікті атқарушы органдардың қоры есебінен қала бюджетінен 16 491,0 мың теңге бөлінді (көмірді сатып алу және тиеу);

- 22,3 мың теңге жергілікті атқарушы орган қоры есебінен Семей облыстық сотының тұрақты сессиясының азаматтық істер бойынша сот коллегиясы шешімі негізінде И.Н.Даньконың пайдасына сот шешімі бойынша міндеттемені орындауға;

- жылжымайтын мүлік орталығы ұсынған салық салу мақсатында мүлікті бағалау бойынша орындалған жұмыстар актісі бойынша қызмет төлеміне 403,0 мың теңге сомасында;

Сондай- ақ осы қызметтік топ бойынша қызметті қамтамасыз ету үшін шығыстар жүргізілді:

- мәслихат аппаратына 4 386,6 мың теңге сомасында;

- әкім аппаратына 29 615,5 мың теңге сомасында;

- экономика және қаржы бөліміне 5 372,2 мың теңге сомасында;

- тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы тасымал көлігі және автокөлік жолдары бөліміне 5 195,3 мың теңге сомасында;

- білім беру, дене шынықтыру және спорт бөліміне 5 426,8 мың теңге сомасында;

- кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне 2 385,6 мың теңге сомасында.

Қорғанысқа (Жалпы әскери міндеттемелерді орындау аясындағы іс шаралар) жоспардағы 2 754,0 мың теңге орынына 1 548,3 мың теңге шығысталды, немесе 56,2 %. 141 адамға мед. комиссия жүргізілді, соның ішінде: тіркеудегілер– 65 адам, шақырылғандар – 63 адам, ӘЖОО үміткерлер– 5 адам, ӘТМ – 8 адам.

Білім беруге жоспарлы 145 570,0 мың теңгенің орынына 143 148,5 мың теңге шығысталды, немесе 98,3%, оның ішінде:

- орта және екі жалпы білім беретін орта мектептердің қызметін қамтамасыз ету үшін 91 682,2 мың теңге шығысталды;

- «Күншуақ» балабақшасын және № 2 жалпы білім беретін орта мектеп және № 3 орта мектеп жанындағы шағын орталықтарды ұстауға республикалық бюджет трансферті есебінен («Балапан») 14 596,7 мың теңге шығысталды;

- «Журавушка» балабақшасын ұстауға – 15 928,0 мың теңге;

- балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беруге – 11 895,0 мың теңге, оның ішінде музыка мектебін, шығармашылық үйін, екі балалар мен жасөспірімдер клубын («Скала» и «Горизонт») ұстауға;

- балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметін қамтамасыз етуге – 7 321,2 мың теңге;

- жетім балалар мен ата- ана қамқорлығынсыз қалған балаларды ұстауға 19 қамқоршыға төлемақы төлеу жүргізілді (21 адам), 1 209,0 мың теңге сомасында;

- ведомстволық бағыныштылықтағы мекемелердің күрделі шығындары– 516,4 мың теңге, №1 жалпы білім беретін орта мектепке мемлекеттік рәміздер сатып алынды, №3 орта мектепке жылу есептеуіші және вирусқа қарсы бағдарлама сатып алынды.



Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамтамасыз етуге жоспардағы 22 664,0 мың теңгеден 21 972,2 мың теңге шығысталды немесе 96,9%.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 3 710,0 мың теңге сомасындағы қаражат жоспарланған, 3710,0 мың теңге сомасы игерілді немесе 100,0%.

Қоғамдық жұмыстарға 3360,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, қала бюджеті қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстарға 50 адам қатысты, шарт мерзімі аяқталғаннан кейін 4 адам тұрақты жұмыс орынына жұмысқа орналастырылды.

Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек көрсетуге 45,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, төлем өтініш және есептелу фактісі бойынша жүргізілді, 8 алушыға осы көмек тағайындалды және төленді.

Тұрғын үй көмегін көрсетуге 300, 0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, 30 отбасына осы көмек тағайындалды және төленді, 15 отбасына телефон үшін абоненттік төлем тарифінің артуына байланысты өтемақы есептелінді және төленді.

Қажет етуші азаматтардың жекелеме санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер арқылы 3 905,0 мың теңге келіп түсті, 3 904,9 мың теңге сомасында игерілді немесе 100,0%, 5 ардагерге, ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға коммуналдық қызмет шығындарының орынын толтыру үшін материалдық көмек көрсетілді, аз қамтамасыз етілген отбасынлардан 4 балаға жоғары оқу орындарында оқу үшін көмек көрсетілді, «Алтын алка», «Күміс алка» төсбелгісімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, 1,2 дәрежелі «Ана даңқы» атағын алған 46 көп балалы анаға материалдық көмек көрсетілді, 4 және одан көп балалары бар жасөспірім балаларымен бірге тұрып жатқан 59 көп балалы анаға көмек көрсетілді. Қала бюджеті қаражаты есебінен 541,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, аз қамтамасыз етілген азаматтар ішінен көмек беруге өтініш жасаған 18 көмек алушыға материалдық көмек көрсетілді. Төлем өтініштер мен есептелінуі фактісі бойынша жүргізілді.

Үйде көмек көрсетуді қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге жоспарлы 1 009,0 мың теңгеден 1008,8 мың теңге игерілді немесе 100,0%. Осы қаражат есебінен 5 әлеуметтік қызметкердің қызметі қамтамасыз етілді.

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік төлемақыға 299,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. 159 балаға төлемақы төленді, төлем нақтылы өтініш берілуіне қарай жүргізілді.

Жұмыспен қамту орталығы қызметін қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттен 3 709,0 мың теңге бөлінді, 3 708,9 мың теңге игерілді немесе 100,0%, төлем нақтылы есептеу және ұсынылған шот бойынша жүргізілді.

Өрлеу жобасы бойынша республикалық бюджеттен мақсатты трансферттерден 881,0 мың теңге бөлінді, 712,2 мың теңге игерілді немесе 80,9%, қала бюджеті қаражаты есебінен 257,0 мың теңге бөлінді, 255,8 мың теңге сомасы көлемінде игерілді. Әлеуметтік қызмет бойынша кеңесші қызметі төленді, 11 отбасыға келісілген ақшалай көмек көрсетілді. Толық игерілмеу себебі жобалық ассисенттердің 2 данасының қысқартылуына байланысты.

Қажет етуші мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 274,0 тенге бөлінді, 134,8 мың теңге бөлінді немесе 49,2%. 9 мүгедек гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту бойынша іс- шаралар жоспарын жүзеге асыруға республикалық бюджет трансферті есебінен 600,0 мың теңге бөлінді, 468,1 мың теңге игерілді немесе 78,0%. 9 мүгедек гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Игерілмеу себебі мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемге және жеткізіп берушілердің тауарды толық көлемде жеткізбеуіне байланысты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қамтамасыз етуге 6 545,0 мың теңге бөлінді, 6 544,7 мың теңге сомасында игерілді немесе 100,0%.

Күрделі шығындарға 144,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне вирусқа қарсы бағдарлама сатып алынды.



Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылыққа 5 501,0 мың теңге бөлінді 5 435,0 мың теңге сомасында игерілді немесе 98,8%, оның ішінде:

Кондоминиумдар объектілеріне техникалық төлқұжаттар дайындауға 300,0 мың теңге бөлінді, 234,0 мың теңге игерілді. Курчатов қаласы Олимпийская көшесі 2 үй мекен- жайында орналасқан жылжымайтын мүлік объектісін техникалық зерттеу бойынша жұмыстарға төлем жүргізілді.

Сумен қамтамасыз ету және су жүргізу жүйелерінің қызмет етуіне 850,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. Жүргізілді:

- 1375 м. канализациялық құбыр желісі тазаланды;

- нөсерлік канализация жұмысы: 672 текше.м. қалдықтарды тазалау және сорып шығару 756 текше.м. кір суды шығару;

- канализациялық құбыр желісін салу;

- 3- 4 су көтергіштердің сыртқы су құбыры желісін жөндеу.

Көшелерді жарықтандыруға 2 600,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100,0%. Электр энергиясын тұтынғаны үшін төлем, көше жарығы желісіне қызмет көрсету бойынша жұмыстарға төленді:

- лампаларды алу немесе салу (132 дана), ИЗУ (132 дана, таймер (5 дана);

- босаған проводканы тарту (6,6 км.);

- металл тіректерді тазалау, бекіту және бояу (31,8 шаршы м.).

Жерлеу орындарын ұстауға және туыссыздарды жерлеуге 100,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. Жерлеу орындарын қоқыстан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қала тазалығын қамтамасыз етуге 1 651,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, қаражат толық көлемде игерілді немесе 100%. Механизацияланған тазалау мүмкін емес аумақты қолдай тазалау жүргізілді, қарды, қоқысты тиеу және шығару, ағаштарды кесу, шөпті шабу және шығару (33 га).

Мәдениет спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 31 076,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 30 525,5 мың теңге немесе 98,2%.

Мәдени – демалыс жұмыстарына қолдау көрсетуге 14 520,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, оның ішінде осы қаражат есебінен қалалық мәдениет үйі мен Курчатов қаласының Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету жүргізіледі, сондай- ақ қалалық іс- шараларда байқаулар мен викториналарға қатысушыларға сыйлықтар сатып алынды: жауынгер- интернационалист күні, "Масленица" халықтық мереке, 8 наурыз, "Наурыз-Мейрамы".

Спорттық жарыстар өткізуге 104,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100%. Шаңғы, шағын футбол, волейбол, қол күресі, кір көтеру спорты, қазақша күрес, 8 наурызға, Наурыз мейрамына арналған жарыстар өткізілді.

Сыртқы спорттық іс- шараларға қатысуға (жолы, тамақтануы, тұруы) жоспардағы 800,0 мың теңгеден 500,0 мың теңге шығысталды, немесе 62,5%. Қала командасы 2 жарыс түріне қатысты, оның ішінде: Аягөз қаласындағы қазақша күрес бойынша жарыс және Семей қаласындағы хоккей бойынша жарыс. Толық игерілмеу қала құрама командасы үшін спорттық комтюм жеткізіп берушінің толық көлемде жеткізіп бермеуімен байланысты.

Қалалық кітапхананың қызмет етуіне 2 677,0 мың теңге бөлінді, 2587,2 мың теңге сомасында игерілді немесе 96,6%.

Мемлекеттік және Қазақстан халықтарының өзге тілдерін дамытуға 1 992,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. Осы қаражат есебінен тілдерді оқыту орталығы қызметін қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Сондай- ақ тіл саясаты бойынша «Ой-сана», «Тіл шебер» қалалық байқауларының өткізілуі және облыстық іс- шараларға қатысу жүзеге асырылды.

Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға 519,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. «Спектр-резонанс», «Көкжиігі» газеттері арқылы ақпараттық қызмет атқаруға төлем жүргізілді.

Жастар саясаты саласындағы бағдарламаны жүзеге асыруға 2367,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. Жастар іс- шараларын өткізуге сыйлықтар сатып алынды, «Жастар бастамашылығын дамыту орталығы» КММ ұстауға қаражат бөлінді.

Қызметін қамтамасыз етуге:

- мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 4 174,4 мың теңге шығысталды;

- ішкі саясат бөліміне 3 761,9 мың теңге шығысталды.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастарына 7 133,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, 6 835,5 мың теңге сомасында игерілді немесе 95,8%, оның ішінде:

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға және жоюға 290,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, 39 иесіз иттер мен мысықтар ұсталынып, жойылды;

Эпизоотияға қарсы іс- шаралар жүргізуге 289,0 мың теңге бөлінді, 69,6 мың теңге сомасында игерілді. Толық игерілмеу облыстық ветеринария басқармасынан ветеринарлық дәрі- дәрмектердің түспеуімен байланысты.

Қызметін қамтамасыз етуге:

- ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне 3 384,9 мың теңге шығысталды;

- ветеринария және ветеринарлық бақылау бөліміне 3 091,0 мың теңге шығысталды.



Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылысқа (құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін ұстауға)3 378,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, 3 371,6 мың теңге игерілді немесе 99,8%.

Көлік және коммуникацияға 4000,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100 %. Қала көшелерінің жолдарын қыста ұстау, қарды автогрейдермен және қолдай жинау жұмыстары жүргізілді, төлем атқарылған жұмыс актілері бойынша жүргізілді.

2015 жылы пайдаланылмаған трансферттерді 4608,1 мың теңге сомасында бюджетке қайтарылым жүргізілді.



Курчатов қаласының қаржы және

экономика бөлімінің басшысы А. Аралов


Сектор меңгерушісі А. Куандыков
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет