89
5. Жергілікті билік органдарына берілетін қаржылық трансферттердің тетіктері (PI-7)
кейбір жағдайларда жақсы жұмыс істейді, бірақ басқа
жағдайларда қанағаттанарлық
емес. Жалпы трансферттер ережеге негізделген және ашық өлшемдерді ескере отырып,
үш жыл ішінде тіркеледі, бірақ нысаналы трансферттер әрбір нақты жағдай үшін жеке
қаралады және трансферттердің мөлшері бюджетті қабылдағанға дейін ЖАО-ға
жеткізілмейді.
6. Қызметтерді ұсынудың тиімділігі туралы ақпаратқа қатысты жағдай (PI-8)
бағалау
бойынша бір мәнді болып табылмайды. Неғұрлым жоғары бағалар тиімділікті
жоспарлау және қызметтерді ұсынатын органдардың нақты
алған ресурстары туралы
ақпарат бойынша көрсетілген. Бірақ нәтижелерге қол жеткізу туралы есептілік үшін
неғұрлым төмен бағалар және қызметтерді ұсынудың тәуелсіз бағасы қойылған.
Қазақстан заңнамалық органға (PI-5, B бағасы) бюджеттік ақпаратты ұсынғаны үшін
жеткілікті жақсы бағаланады, бірақ кең жұртшылыққа қаржылық ақпаратты ұсынғаны
және қол жеткізгені үшін PI-9 бойынша (D бағасы) жақсы емес.
Достарыңызбен бөлісу: