83
2.8
VII БӨЛІМ: СЫРТҚЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ АУДИТ
Pi-30 және PI-31 тиімділік көрсеткіштері сыртқы аудит қызметін және заң шығарушы
органның сыртқы аудит нәтижелерін пайдалануын қарастырады.
PI-30 СЫРТҚЫ АУДИТТІҢ ТИІМДІЛІГІ
Көрсеткіш сыртқы аудиттің сипаттамасын зерттейді. Оның M1 әдісіне сәйкес
көрсеткіш бойынша жалпы бағалауға жинақталған төрт параметрі бар. Қамту: орталық
үкімет. Кезең: 30.1, 30.2 және 30.3 параметрлері – соңғы үш қаржы жылы; 30.4
параметр – бағалау сәтіне.
Есеп комитеті (ЕК) 2015 жылғы қарашадағы "Мемлекеттік аудит және қаржылық
бақылау туралы" заңға сәйкес Үкіметтің сыртқы аудиторы ретінде әрекет етеді. 12-
бапта барлық республикалық бюджетті қамтитын тиімділік және сәйкестік аудиті
міндеттерінің кең спектрі ұсынылған. ЕК-нің өкілеттік саласы ұлттық холдинг
компанияларының стратегиялары мен бюджет қаражатын
пайдалануының барлық
аспектілерін іске асыруына қатысты тиімділігін бағалауға да қолданылады.
Аудиторлық функцияға қосымша ЕК (27-бап) Парламентке ұсынғанға дейін бюджет
жобасының
Үкіметтің
елдің
әлеуметтік-экономикалық
дамуы
жөніндегі
басымдықтарына сәйкестігін бағалауды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл талап халықаралық
практиканың көп бөлігіне сәйкес келмейді және кейіннен ол шығыстардың тиімділігін
бағалауға кіріскен кезде ЕК тәуелсіздігін бұзу тәуекеліне алып келуі мүмкін. ЕК
өкілдері өз функцияларының Үкіметтің мақсаттарына қол жеткізу үшін ықтимал
тәуекелдерді анықтауға қолданылатынын және олардан нақты балама нұсқаларды
немесе ұсыныстарды ұсыну талап етілмейтіндігіне нұсқайды. Сондықтан, оның
пікірінше, оқиға жасалғаннан кейін, ол аудитор ретінде әрекет еткен кезде мүдделер
қақтығысы болмайды. ЕК ІМАК және әрбір министрліктің ішкі аудит қызметтерінің
жұмысын үйлестіру
және бағалау, сондай-ақ мемлекеттік аудит жұмысының барлық
нәтижелерінің бірыңғай дерекқорын қолдау өкілеттігіне ие бола отырып, елдің ішкі
және сыртқы мемлекеттік аудит құрылымында басты орын алады. ЕК,
сондай-ақ,
орталық және жергілікті билік органдарында қолдану үшін аудит стандарттары мен
әдістерін әзірлеуге, сондай-ақ мемлекеттік секторда жұмыс істеу үшін аудиторларды
оқыту мен сертификаттауды жүргізуге міндетті.
D-30.1 АУДИТТІҢ ҚАМТУЫ ЖӘНЕ СТАНДАРТТАРЫ
ЕК өкілдері олардың аудиторлық жұмысы 2015-2017 жылдары республикалық бюджет
шығындарының 75 пайызын жапқанын атап өтті. Тиімділік
аудитінен және ЕК-нің
сәйкестігінен басқа, сондай-ақ әрбір министрлік дайындаған жылдық қаржылық
есептіліктің "шынайылығы мен нақтылығын" бағалау қажет. Бірақ ЕК ек жыл сайынғы
негізде әрбір министрлік бойынша есеп немесе қорытынды әзірлемейді. Осы уақытқа
дейін нақты жылға қатысты ЕК жұмысы Үкіметтің бюджетті атқару жөніндегі есебіне
шоғырланған. 2019 жылдан бастап (яғни 2018 жылғы қаржылық есептілікке қатысты)
ЕК республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне, сондай-ақ
әрбір министрлік дайындаған қаржылық есептерге аудит жүргізетін болады. ЕК
қаржылық аудитін жүзеге асыруда едәуір дәрежеде ІМАК жұмысына сүйенеді. 2016
жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы есептің қысқаша түйіндемесінің
соңындағы ұсынымдардан халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүйелі
проблемалар да есептік ақпараттың дұрыстығы сияқты назарға алынатыны түсінікті
84
болды. ЕК ақпаратына сәйкес, 2017 жылы олардың аудиторлық жұмысының негізгі
көрсеткіштері бойынша 8 737 млрд. теңгенің 17 пайызында қателер мен кемшіліктер
анықталған, оның 3,5 пайызы қалпына келтіруге жататын
қаржылық бұзушылықтар
болған; 307 млрд. теңгенің 198 млн. теңгесі іс жүзінде қалпына келтірілгені. ЕК
жұмысы қазіргі уақытта Эстонияның жоғары қаржылық бақылау органының
сараптамалық бағалауының тақырыбы болып табылады. Бағалау-B.
D-30.2 АУДИТОРЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ЗАҢНАМАЛЫҚ ОРГАНҒА ҰСЫНУ
Өткен жылғы ЕК-нің Үкімет бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша есебі
Парламентке 15 мамырға дейін ұсынылады (2015 жылғы заңның 44-бабы). Мұндай
мерзімді сақтау үшін ЕК аудиторлық топты ҚР ҚМ-не әрбір жылдың қаңтар айынан
бастап Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп аяқталғанға дейін жібереді
(бюджетті атқару жөніндегі есепті дайындау әдетте наурыз айының соңына қарай
аяқталады). ЕК есебі бюджеттің атқарылуы туралы есепті алған күннен бастап
шамамен алты апта ішінде 2015-2017 жж. кезеңінде әрбір жылдар үшін
уақтылы
жасалды. ЕК, сондай-ақ, тоқсан сайын Парламентті өзінің қызметі туралы хабардар
етеді. ЕК бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп туралы қорытындының қысқаша
үзіндісін ғана жариялайды; басқа есептер баспасөз релизінің тақырыбы бола алады
және жарияланбайды. Бағалау-A.
D-30.3 АУДИТ ҰСЫНЫМДАРЫНАН КЕЙІНГІ ШАРАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
Аудиттен
өткен
мемлекеттік
органдар
аудиторлардың
ұсынымдары
мен
нұсқаулықтарының орындалуы туралы ақпарат беруге міндетті (2015 жылғы заңның
37-бабы). Бұл талап, сондай-ақ, алдыңғы заңда белгіленген 2015-2017 жылдар ішінде
қолданылған. 2017 жылы анықталған қаржылық бұзушылықтардың үштен екісі
бойынша тиісті іс-әрекеттер жасалды; бұл аудит нәтижелерінің сақталуы мен
пәрменділігін растайды. Бағалау-A.
D-30.4 ЖОҒАРЫ ҚАРЖЫ БАҚЫЛАУ ОРГАНЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ (ЖҚБО)
ЕК өзінің аудиторлық жұмысын орындау кезінде Үкіметке тәуелді емес, бірақ оның
төрағасын қызметке республика Президенті тағайындайды және қызметтен босатады,
ол сондай-ақ ЕК қызметкерлерінің санын бақылауды жүзеге асырады. ЕК
Президент
алдында, сондай-ақ Парламент алдында есеп береді, бірақ ЕК бюджеті мен оның
қызметкерлерінің ақысын Парламент емес, Үкімет бақылайды. ЕК ресурстары өте
шектеулі: заңға сәйкес Комитетке 2015 жылы аудитті үйлестіру және аудиторларды
оқыту, 2019 жылдан бастап Республикалық бюджеттің шоғырландырылған жылдық
қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық қорытындыны қамтамасыз ету бойынша
елеулі қосымша міндеттер
берілгеніне қарамастан, штат кестесі (Комитеттің тоғыз
мүшесін қоса алғанда 141 қызметкер) ұлғайған жоқ. Бағалау – D.
Достарыңызбен бөлісу: