Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018



Pdf көрінісі
бет88/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)

2.10
 
4.2 ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ 
28. Қазақстандағы ішкі бақылау жүйесі заңдарға, ережелерге, бұйрықтарға және 
өкімдерге сәйкес жақсы реттеледі. 2015 жылы қабылданған "Мемлекеттік аудит және 
қаржылық бақылау туралы" заң Есеп комитетінің, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 
және министрліктердің ішкі аудит департаменттерінің тиісті міндеттерін нақтылады. 
Бірақ әлі де функциялардың қайталануы бар, себебі қаржылық аудитті жүзеге асыру 
жөніндегі жұмыстың көп бөлігін Есеп комитеті емес, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
жүргізеді. 
29. Дәстүрлі түрде қаржылық бақылауға және басқарудың тиімділігі үшін шынайы ішкі 
аудитті қамтамасыз ете алатындай қосымша құндылығы жоқ тексеруге үлкен назар 
аударылды. Шынайы ішкі аудит әлі де ерте даму сатысында тұр, бірақ ол көптеген 
мемлекеттік мекемелерде, әсіресе үлкен мемлекеттік шығыстарды жүзеге асыратын 
ұйымдарда жүзеге асырылатыны сенім ұялатады. Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 
бақылау стандарттарын белгілеуді және ішкі аудит қызметтерінің тиімділігін бағалауды 
қоса алғанда, ішкі бақылауда маңызды рөл атқарады. 
30. 
Әрбір мемлекеттік мекеме бақылаудың дәйекті кезеңдері - бекітуді
авторландыруды және орындауды әрбір транзакция үшін қамтуы тиіс өзінің ішкі 
қаржылық бақылау жүйесі үшін жауапты болады. Бақылау ортасы туралы ережелер 
әртүрлі тұлғалардан келісім-шарттарды мақұлдауды, міндеттемелерді авторландыруды 
және төлемдерді орындауды талап етеді. Мемлекеттік қазынашылықтың қаржылық 
ақпараттық жүйесіне қол жеткізу бақыланады және жүйе аудиторлық ізді қамтамасыз 
ете отырып, осылайша оларға жекелеген тұлғалар жүгінген кездегі барлық 
жағдайларды тіркейді. 


94 
31. PEFA орнатқан ішкі бақылау құрылымын талдау тұрғысынан, бақыланатын орта-
бұл күшті иерархиялық қадағалау бөлінетін сала. Тәуекелді бағалау жүйесі 
шығыстарға, сондай-ақ кірістерге, әсіресе салық түсімдеріне қатысты аудитті 
жоспарлау үшін негіз ретінде пайдаланылады. Мемлекеттік қарызды басқару жалпы 
сыртқы үлесті қатаң бақылауға бағытталған. Ішкі бақылау жүйесі жеткілікті тиімді 
және ішкі аудит тәжірибесінің дамуына қарай нығайтылуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет