Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018


VI - бөлім: Есеп және есептілік (PI 27-29)



Pdf көрінісі
бет86/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)

VI - бөлім: Есеп және есептілік (PI 27-29) 
23. Деректердің қаржылық тұтастығына (PI-27) келетін болсақ, республикалық 
бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік ұйымдар үшін банктік шоттарды 
салыстыру және транзиттік және аванстық шоттардың клирингі (тазалау) әдетте жедел 
және уақтылы жүзеге асырылады. Алайда, бағалау сыншарттары сондай-ақ орталық 
үкімет (республикалық министрліктер мен ведомстволар) бақылайтын басқа банк 
шоттары бойынша салыстыру рәсімдерін қарауды талап етеді. Бюджеттен тыс 
мекемелердің банктік шоттарын салыстыру рәсімдері бойынша ақпараттың болмауына 
байланысты осы параметр бойынша D бағасы қойылды. Жоғары стандарттар 
аудиторлық іздерді есепке ала отырып, қаржылық есептілікті жүргізуге қолданылады; 
ҚРҰБ тәуелсіз бағалаулары қаржылық жүйелер мен жазбалардың тұтастығы бойынша 
қанағаттанарлық нәтижелер көрсетті. Жалпы осы параметр бойынша бағалау-В+. 
24. Бюджеттің атқарылуы туралы есептер (PI-28) жыл ішінде бюджеттік өтінімде 
экономикалық талдаудың болмауына байланысты кейбір проблемалар болса да, 
экономикалық, әкімшілік және функционалдық/бағдарламалық сыныпнамаға сәйкес 
бөле отырып, бюджеттік өтінімдер сияқты егжей-тегжейлі көрсету арқылы төрт апта 
ішінде ай сайынғы негізде қалыптастырылады және жарияланады. Бюджеттік бақылау 
мен есептілік бюджеттің атқарылуын бастапқыда бекітілген көрсеткіштермен емес, 
қайта қаралған ("нақтыланған") бюджеттермен салыстырады. Есептер нақты және 
сенімді болып саналады және міндеттемелерді, сондай-ақ төлемдерді тіркейді. Осы 
параметрлер бойынша жоғары тиімділік жалпы көрсеткіш бойынша жалпы А 
бағалауына әкелді. 
25. Әрбір министрлік дайындайтын жылдық қаржылық есептілік (PI-29) кірістер, 
шығыстар, қаржы активтері және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер 
және ақша қаражатының қозғалысы туралы есептер бойынша ақпаратты қамтиды. 
Бюджеттің атқарылуы туралы есеп жыл аяқталғаннан кейінгі кемінде үш ай ішінде 
аудит үшін ЕК-ге ұсынылды. Министрліктің қаржылық есебі ipsas талаптарына сәйкес 
түрлендірілген есептеу әдісі негізінде дайындалды, алайда республикалық бюджет 
бойынша шоғырландырылған есептілік әзірге жарияланбаған. IPSAS негізінде 
бухгалтерлік есеп стандарттарын енгізу процесі жалғасуда және 2020 жылы қаржылық 


93 
позиция туралы толық шоғырландырылған мемлекеттік есепті дайындау жоспарлануда 
(2019 жылға қатысты). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет