Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018



Pdf көрінісі
бет53/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)

Көрсеткіш/Параметр 
2018 
жылғы 
бағалау 
2018 жылғы бағалау 
негіздемесі 
2009 жылмен 
салыстырғандағы 
өзгерістер және басқа 
факторлар 
PI-10 – Фискалдық 
тәуекелдер бойынша 
есептілік (M2) 
C+ 
10.1 Мемлекеттік 
корпорациялар 
мониторингі 

Аудит телген жылдық 
қаржылық есептерді 8 ай ішінде 
мемлекеттік кәсіпорындардың 
көпшілігімен жариялайды. МК 
секторының қаржылық 
көрсеткіштері туралы 
шоғырландырылған есеп 
жарияланған. 
Өзгерістер жоқ 
10.2 Жергілікті билік 
органдарының 
(қосалқы ұлттық 
үкіметтердің) 
мониторингі 

ЖАО-ның барлық 
операциялары қазынашылық 
жүйесі арқылы жүзеге 
асырылады, сондай-ақ тоқсан 
сайынғы есептілік орын алады. 
ЖАО кірістері мен шығыстары 
туралы шоғырландырылған 
есеп республикалық және ЖАО-
ның барлық бюджеттерін 
біріктіретін мемлекеттік 
бюджеттің бөлігі ретінде 
жарияланады. Мемлекеттік 
қарыздағы ЖАО борышы 
шамамен 0,5% - ды құрайды 
және тоқсан сайын 
жарияланады. 
Орындау көрсеткішін 
жақсарту: 2009 жылғы 
бағалау бақыланбайтын 
міндеттемелердің пайда 
болуы үшін 
мүмкіндіктердің болуы 
нәтижесінде төмендетілді, 
сондықтан бағалау C 
болды. 
10.3. Шартты 
міндеттемелер және 
басқа да фискалдық 
тәуекелдер 

Мемлекеттік кәсіпорындардың 
және МЖӘ жобаларының 
кепілсіз қарыз алуына 
байланысты тәуекелдер туралы 
ешқандай шоғырландырылған 
есептер дайындалмаған. 
Жаңа параметр 
2.4.10
2.4.11
PI-11 МЕМЛЕКЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ БАСҚАРУ 


36 
Бұл көрсеткіш неғұрлым маңызды жобаларға назар аудара отырып, Үкімет тарапынан 
мемлекеттік инвестициялық жобаларды экономикалық бағалауды, іріктеуді, 
шығыстарды және мониторингті бағалайды. Оның төрт параметрі бұрын 2009 жылғы 
PEFA 
сыншарттарына 
енгізілген 
параметрлерге 
қарағанда 
мемлекеттік 
инвестицияларды басқарудың неғұрлым егжей-тегжейлі мәселелерін қарастырады. 
Бағалау M2 әдісімен жинақталады. Қамту: орталық үкімет. Кезең: соңғы аяқталған 
қаржы жылы. 
D-11.1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ 
Барлық маңызды, оның ішінде МЖӘ шеңберінде қаржыландырылатын инвестициялық 
жобалар Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 
бұйрығында баяндалған әдіснамаға сәйкес экономикалық бағалауға жатады. Бағалау 
үшін ұсынылған құжаттама жалпы күрделі шығыстардың толық негіздемесін, сондай-
ақ жобаны іске асырудың ұсынылатын кестесін қамтуы тиіс. Бағалауды ҚР ҰЭМ МЖӘ 
орталығы жүргізеді, ол жеке институт ретінде жұмыс істейді, бірақ нәтижелерді жүйелі 
түрде жариялау жоқ. Бағалау-С. 
D-11.2 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАҢДАУ 
Инвестициялардың басымдылығы Әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік 
болжамына сәйкес белгіленеді, ол келешекке бес жылды қамтиды және жыл сайын 
жаңартылады. Жобаларды іріктеу үшін өлшемдерді қалыптастыратын стратегия мен 
басымдықтар көбінесе ел Президентінің әр жылдың басында жариялайтын жыл 
сайынғы Жолдауларымен айқындалады: негізгі басымдықтар экономикалық 
әртараптандыру, әлеуметтік даму (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт), 
өңірлік даму, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, ауыл шаруашылығын 
дамыту және цифрлық экономика болып табылады. ҚР ҚМ жалпы қаржыландырудың 
бар-жоғын ескере отырып, бюджетке қандай жобалар енгізілуі тиіс екенін анықтайды. 
Бағалау-A. 
D-11.3 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУ 
Бұл параметр бюджеттік құжаттамаға енгізілген инвестициялық жобалар бойынша 
ақпарат санына арналған. Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік құжаттама жыл сайын 
әрбір жоба бойынша келесі бюджеттік жыл және одан кейінгі екі жыл ішінде күрделі 
шығыстарға да, сондай-ақ кез келген ағымдағы шығыстарға да арналған шығыстарды 
қамтиды. Бірақ барлық жоба бойынша күрделі және жалпы шығындардың жалпы 
сомасы берілмейді, ол үшін PEFA оңтайлы бағасы талап етіледі. Әрбір жоба бойынша 
жалпы күрделі шығындар көрсетілмегендіктен, бұл С бағалауы үшін ең аз сыншарт 
болып табылады, бағалау - D. 
D-11.4 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МОНИТОРИНГІ 
Министрліктер тиісті жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады, ҚР ҚМ 
қаржылық мониторингке, ал ҚР ҰЭМ тиімділікті бағалауға жауап береді. Орындалу 
тиімділігіне кейбір бағалауларды қамтитын мерзімді жиынтық есептер үнемі 
дайындалады және Президентке ұсынылады, бірақ жарияланбайды. Есептер 
жарияланбайтын болғандықтан бағалау-C. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет