Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018



Pdf көрінісі
бет54/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)

Көрсеткіш/Параметр 
2018 
жылғы 
бағалау 
2018 жылғы бағалау негіздемесі 
2009 жылмен 
салыстырғандағы 
өзгерістер және 


37 
басқа факторлар 
PI-11 - Мемлекеттік 
инвестицияларды 
басқару (M2) 
C+ 
 
11.1 Инвестициялық 
ұсыныстарды 
экономикалық талдау 
С 
Жобалар жарияланған 
өлшемдерге сәйкес жобаның 
кураторы болып табылатын
министрліктен бөлек орган 
тарапынан бағаланады, бірақ 
нәтижелерді жүйелі түрде 
жариялау жоқ 
Жаңа параметр 
11.2 Инвестициялық 
жобаларды таңдау 

Жобалар Президент белгілеген 
және Әлеуметтік-экономикалық 
дамудың тұрақты жаңартылатын 
болжамына енгізілген 
басымдықтарға сәйкес 
таңдалады 
Жаңа параметр 
11.3 Инвестициялық 
жобаның құнын 
есептеу 

Бюджеттік құжаттама жалпы 
күрделі шығыстарды да, әрбір 
жобаны іске асырудың барлық 
кезеңіндегі жалпы шығыстарды 
да қамтымайды 
Жаңа параметр 
11.4 Инвестициялық 
жобалардың 
мониторингі 

Жобалардың жалпы шығындары 
мен физикалық прогресінің 
мониторингі жүзеге асырылады, 
бірақ Президентке ұсынылатын 
шоғырландырылған жылдық 
есеп жарияланбайды 
Жаңа параметр 
2.4.12
PI-12 МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ
Бұл көрсеткіш мемлекеттік активтерді басқаруды, олардың мониторингін, сондай-ақ 
оларды сатудың (иеліктен шығарудың) ашықтығын бағалайды. Оның үш параметрі М2 
әдісіне сәйкес қосылады. Бұл көрсеткіш 2005 жылғы PEFA сыншарттары шеңберінде 
ішінара және жанама ғана қамтылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді. 
Мемлекеттік активтерді басқаруға қатысты саясат ҚР ҰЭМ Мемлекеттік активтерді 
басқару саясаты департаментінің қарамағында, ал іс жүзінде басқаруды ҚР ҚМ 
қарауындағы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (ММЖК) жүзеге 
асырады. Қамту: 12. параметрі: орталық үкімет. 12.2 параметрі: бюджеттік орталық 
үкімет. 12.3 параметрі: қаржылық активтерге арналған орталық үкімет және қаржылық 
емес активтерге арналған бюджеттік орталық үкімет. Кезең: соңғы аяқталған қаржы 
жылы. 
D-12.1 ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ 


38 
Мемлекеттің қолда бар қаржы активтері туралы деректер ҚР ҚМ және ҚР ҰЭМ тиісті 
бөлімшелерінде бар. Қаржы активтерінің негізгі санаттары ҚРҰБ ресми резервтері, 
ҚРҰҚ активтері (негізінен сыртқы) және барлық түрдегі компаниялардағы мемлекеттің 
үлесі болып табылады. ҚРҰҚ және ҚРҰБ қаржы активтерінің нарықтық құны туралы 
ақпарат жыл сайын жарияланады. Алайда баланстық құнды жалпы бағалауға қатысты 
тиісті және келісілген тәсіл әлі әзірленбеген. Бұл активтер туралы жыл сайынғы 
жиынтық ақпарат жоқ, мұның өзінде "Самұрық-Қазына", "Бәйтерек" және "ҚазАгро" 
үш ірі ұлттық холдинг компаниялары туралы жалпы алғанда, халықаралық қаржылық 
есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес келетін жылдық ақпарат қол жетімді. ҚР 
ҰЭМ ұсынған ақпарат осы холдинг компанияларының активтері (2017 жылдың соңына 
29 993 млрд. теңге) компаниялардағы барлық мемлекеттік активтер құнының 86 
пайызын құрағанын көрсетеді. Бағалау-B. 
D-12.2 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ МОНИТОРИНГІ 
Мемлекеттік қаржылық емес активтер тізілімі ҚР ҰЭМ құрған "Ақпараттық-есептеу 
орталығы" АҚ-да сақталады. Орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының 
тікелей иелігіндегі активтерге қосымша, ол нарықтық экономикадан тыс қызмет 
көрсететін АҚ (мысалы, балабақшалар, медициналық клиникалар) ретінде құрылған 7 
000 жуық мекеме туралы ақпаратты сақтайды. Кейбір ақпарат мемлекеттік 
кәсіпорындарды дамыту жоспарлары туралы ақпаратты, сатуға ұсынылатын 
мемлекеттік меншік туралы мәліметтерді және (жалға алушылар үшін) мемлекеттік 
мүлікті жалға алу және жалдау шарттары жөніндегі мәліметтерді қоса алғанда, 
ұйымның веб-сайтында көпшілікке қолжетімді. Алайда тізілімге енгізілген мемлекетке 
тиесілі барлық жерлер, ғимараттар және басқа да активтер туралы толық ақпарат кең 
жұртшылық үшін қол жетімді емес. ҚР ҚМ үшін "Эрнст энд Янг" (E&Y) компаниясы 
дайындаған IPSAS кемшіліктерін талдау тіркеліміндегі толықтық жағындағы елеулі 
кемшілікті, сондай-ақ тиісті бағалаудың жоқтығын көрсетті. Тіркелімнің толықтығы 
кез келген C немесе одан жоғары балл үшін қажет болғандықтан, бағалау - D. 
D-12.3 АКТИВТЕРДІ ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУДЫҢ (САТУДЫҢ) АШЫҚТЫҒЫ 
Активтерді сату Мемлекеттік меншік туралы заңмен реттеледі. ММЖК сату үшін 
кәсіпорындар мен басқа да активтер ұсынылатын кестені жариялайды. Өтінімдер сатып 
алушы мен сатушы арасындағы келісім жасау мүмкіндігін шектей отырып, 
электрондық түрде тіркелуі тиіс. Активтер үшін төленген бағалар мемлекеттік 
электрондық коммерция веб-сайтында жарияланады, бірақ сатып алушылар туралы 
ақпарат жарияланбайды, себебі заң оны коммерциялық құпия деп санайды. Бұл 
коммерциялық құпиялықты шектеу түсінігіне PEFA сыншарттары бойынша жол 
берілмейді. Бағалау-C. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет