Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018



Pdf көрінісі
бет57/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)
16.04.20 таңдау пәні тапсырма, KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ, !9-БЖБ Математика 6-сын қаз, БОНУС- АҒЫЛШЫН ТІЛІ ТЕСТ КІТАБЫ
2.5
 
IV - БӨЛІМ: САЛЫҚ-БЮДЖЕТ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ САЯСАТ 
МАҚСАТТАРЫНА СӘЙКЕС БЮДЖЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
2.5.1
2.5.2
PI-14 МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ФИСКАЛДЫҚ БОЛЖАУ 
Бұл көрсеткіш елдің орнықты бюджеттік стратегияны әзірлеу және бюджет 
қаржыларының неғұрлым болжамдылығын қамтамасыз ету үшін, шешуші маңызы бар 
сенімді макроэкономикалық және фискалдық болжамдарды әзірлеу қабілетін өлшейді. 
Ол сондай-ақ үкіметтің экономикалық жағдайлардың ықтимал өзгерістерінің қаржылық 
салдарын бағалау қабілетін бағалайды. Ол үш параметрден тұрады және бағалауды 
біріктіру үшін M2 әдісін пайдаланады. Қамту: 14.1 параметрі - бүкіл экономика. 14.2 
және 14.3 параметрлері – орталық үкімет. Кезең: аяқталған соңғы үш қаржы жылы. 
D-14.1 МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУ 
Үкімет ҚР ҰЭМ дайындаған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын (ӘЭДБ) бекітті 
және жариялады. Бұл құжат Қазақстан Республикасының экономикалық даму және бес 
жылдық кезеңге арналған экономикалық саясат параметрлерін айқындайды. Болжам 
жыл сайын стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы 
Президентінің елдегі жағдай және елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі 
бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын ескере отырып, 
жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге әзірленеді. Болжам экономикалық дамудың 
ішкі және сыртқы жағдайларын; фискалдық саясатты қоса алғанда, бес жылдық кезеңге 
арналған экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін; бес жылдық кезеңге 
арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын қамтиды. Алайда, 
алда айтылғандай, PI-5 көрсеткішінің 6 элементін сипаттағанда, айырбас бағамы мен 
пайыздық мөлшерлемелер туралы жанама ақпарат қана бар. PEFA сыншарттарына 
сәйкес, C немесе одан жоғары бағалау үшін осы элементтердің екеуінің де болжамдары 
талап етіледі. 
Болжам тұрақты негізде жаңартылады. 2016 және 2017 жылдары болжамдар жылына 
екі рет, ал 2018 жылы бір рет жаңартылды. Бюджет кодексіне сәйкес Болжам 
Парламентке ұсынылатын бюджеттік құжаттаманың бөлігі болып табылады. 
Үкімет бекітіскенге дейін Болжамды Республикалық бюджет комиссиясы (РБК) қарауы 
тиіс, оған Парламенттің әрбір палатасының екі өкілі, сондай-ақ Премьер-министр мен 
Үкімет мүшелері кіреді. Заңнамада Болжамды бекіткенге дейін тәуелсіз органның қарау 
талабы жазылмаған және мұндай шолу жүргізілмейді. Бағалау-D 
D-14.2 САЛЫҚТЫҚ-БЮДЖЕТТІК БОЛЖАМДАР 
ӘЭДБ бюджеттік саясат және индикаторлар жөніндегі тарауды қамтиды. Бұл тарауға 
республикалық және мемлекеттік (яғни Үкімет пен барлық ЖАО) бюджеттерді 
қамтитын үш жылға арналған фискалдық көрсеткіштердің болжамы енгізілген: кірістер 
(салықтық, салықтық емес, капиталдан түсетін кірістер, Ұлттық қордан алынатын 
трансферттер, бюджеттік несиелерді өтеу), жиынтық шығыстар және жалпы баланс 
(дефицит/профицит). Бұдан басқа, мұнайсыз бюджеттік балансы беріледі, бұл мұнайдан 
түсетін табыстың көп бөлігі түсетін ҚРҰҚ трансферттерінсіз балансы дегенді білдіреді. 
Сондай-ақ ҚРҰҚ үш жылға арналған кірістері мен шығыстарының және 
шоғырландырылған бюджеттің болжамдары бар, ол мемлекеттік бюджетті, ҚРҰҚ 
кірістері мен шығыстарын біріктіреді. Базалық жорамалдар туралы ақпарат келтірілген, 


43 
бірақ алдыңғы болжамда дайындалған бюджеттен негізгі ауытқулардың түсіндірмесі 
жоқ. Бағалау-B. 
D-14.3 МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕЗІМТАЛДЫҚТЫ ТАЛДАУ 
ӘЭДБ елдің дамуына баламалы сценарийлердің әсерін, яғни оптимистік, базалық және 
пессимистік бағалауды қамтиды. 2018 - 2022 жылдардың болжамына сәйкес "Brent" 
маркалы мұнайдың бағасы мынаны құрайтын болады: оптимистік сценарийге сәйкес 
барреліне 55 АҚШ долларын, базалық сценарийге сәйкес барреліне 45 доллар және 
пессимистік сценарийге сәйкес барреліне 35 доллар құрайды. Үкімет мынадай негізгі 
тәуекелдерді анықтады: а) шикізатқа, оның ішінде мұнайға әлемдік бағалардың 
құбылмалылығы; б) макроэкономикалық көрсеткіштері дамушы елдерден капиталдың 
кетуіне әкелуі мүмкін АҚШ ақша-кредит саясаты мен пайыздық ставкалардың өзгеруі; 
в) Украинадағы, Сириядағы, Түркиядағы және Таяу Шығыстағы қолайсыз геосаяси 
жағдайды жалғасуы, бұл сыртқы сауда мен тікелей шетелдік инвестициялардың 
қайталама арналары арқылы қосымша тәуекелдерге әкелуі мүмкін. 
Негізгі 
сценарий 
үш 
жылдық 
кезең 
үшін 
дайындалған 
егжей-тегжейлі 
макроэкономикалық болжамдармен және фискалдық көрсеткіштермен орталық болжам 
ретінде таңдалды. Мұның өзінде ӘЭДБ-де макроэкономикалық перспективалар мен 
фискалдық көрсеткіштерге әсер етудің сандық көрсеткіштерін көрсетпей, бірнеше 
ұсыныстармен балама сценарийлердің жалпы сипаттамасы ғана беріледі. Бағалау-C. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет