Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018


M-кесте: 2016, 2017 және 2018 жылдар бюджеттерінің жобаларында ұсынылған



Pdf көрінісі
бет60/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)
16.04.20 таңдау пәні тапсырма, KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ, !9-БЖБ Математика 6-сын қаз, БОНУС- АҒЫЛШЫН ТІЛІ ТЕСТ КІТАБЫ
M-кесте: 2016, 2017 және 2018 жылдар бюджеттерінің жобаларында ұсынылған 
шығыстар 
Бюджет 2016 
Бюджет 2017 
Бюджет 2018 
Мемлекеттік 
функция 
млрд. 
теңге 
Шығындар 
жиынтығы
нан %
млрд. 
теңге 
Шығындар 
жиынтығы
нан % 
млрд. 
теңге 
Шығындар 
жиынтығы
нан % 
Жалпы сипаттағы 
мемлекеттік қызметтер 
334 
4,4 
383 
4,7 
386 
4,3 
Қорғаныс 
364 
4,8 
408 
5,0 
519 
5,8 
Қоғамдық тәртіп 
415 
5,5 
453 
5,6 
540 
6,0 
Білім 
421 
5,6 
337 
4,1 
383 
4,3 
Денсаулық сақтау 
774 
10,3 
1017 
12,5 
1067 
11,9 
Әлеуметтік қорғау 
2543 
33,8 
2411 
29,7 
2614 
29,2 
ТКШ 
66 
0,9 
85 
1,0 
178 
2,0 
Мәдениет, спорт, 
туризм 
80 
1,1 
85 
1,0 
121 
1,3 
Отын-энергетика 
кешені және жер 
қойнауын пайдалану 
47 
0,6 
49 
0,6 
70 
0,8 
Ауыл, су, орман 
шаруашылығы
130 
1,7 
160 
2,0 
184 
2,1 
Өнеркәсіп, сәулет, қала 
құрылысы және 
құрылыс қызметі

0,1 

0,1 

0,1 
Көлік және 
коммуникация 
366 
4,9 
382 
4,7 
549 
6,1 
Басқасы 
544 
7,2 
282 
3,5 
171 
1,9 
Борышқа қызмет 
көрсету 
433 
5,8 
490 
6,0 
600 
6,7 
Трансферттер 
992 
13,2 
1573 
19,4 
1573 
17,5 


50 
Жиынтық 
шығыстар.
7516 
100 
8126 
100 
8966 
100 
Қайнар көзі: 2016-2018 жж., 2017-2019 жж., 2018-2020 жж. бюджет туралы 
жылдық заңдар. 
Көрсеткіш/Парамет
р
2018 ж. 
бағала
уы 
2018 ж. бағалаудың негіздемесі
2009 
жылмен 
салыстырғанда 
өзгеріс 
және 
басқа факторлар
Pi-16 Шығыстарды 
бюджеттеудегі орта 
мерзімді перспектива 
(M2) 
B
16.1 Орта мерзімді 
шығыстар жобалары

Бюджеттік құжаттамада әкімшілік, 
функционалдық және 
бағдарламалық сыныпнамалар 
бойынша бөле отырып, 3 жылға алға 
жоспарланған шығыстар сметасы 
ұсынылған. Экономикалық 
сыныптама жоқ 
Жаңа параметр 
16.2 Шығыстар 
бойынша орта 
мерзімді шекті 
лимиттер 

Республикалық бюджеттік комиссия 
министрліктер бюджеттерінің 
егжей-тегжейлі жобаларын 
әзірлегенге дейін 3 жылға бюджеттік 
бағдарламалар әкімшілеріне 
арналған жиынтық шығыстар мен 
лимиттерді бекітті 
Жаңа параметр 
16.3 Стратегиялық 
жоспарлар мен орта 
мерзімді 
бюджеттердің 
келісілуі 

Министрліктердің орта мерзімді 
стратегиялық жоспарлары ҚР ҰЭМ 
белгілеген шеңберде дайындалды. 
Стратегиялық жоспарлар орта 
мерзімді бюджеттік болжамдарға 
сәйкес келеді. 
2008 жылдан 
бастап әрбір 
министрлік үшін 
стратегиялық 
жоспар іске 
асырылды 
16.4 Өткен жылдың 
болжамдарымен 
бюджеттердің 
келісілуі 

2018 жылға арналған шығыстар 
жөніндегі болжамдардағы кейбір 
өзгерістердің 2018 жылға арналған 
осындай болжамдармен салыстырып 
түсіндіруі 2017 жылғы бюджетте
бар. 
Жаңа параметр 
 
2.5.5
PI-17: БЮДЖЕТТІ ДАЙЫНДАУ ПРОЦЕСІ 
Бұл көрсеткіш саяси басшылықты қоса алғанда, бюджетті дайындау процесіне тиісті 
мүдделі тараптардың қатысу тиімділігін және бұл қатысу реттелген және уақтылы 


51 
болып табылатыны өлшейді. Ол үш параметрден тұрады және бағалауларды қосу үшін 
M2 әдісін қолданады. Қамту: бюджеттік орталық үкімет. Кезең: 17.1 және 17.2 
параметрлері - заңнамалық органға ұсынылған соңғы бюджет. Параметр 17.3-аяқталған 
соңғы үш қаржы жылы. 
D-17.1 БЮДЖЕТТІК КҮНТІЗБЕ 
Бюджетті қалыптастыру процесі және бюджеттік күнтізбе бюджет заңнамасында 
қарастырылған және тұжырымдалған (Бюджет кодексі, Үкіметтің 24.08.2017 ж. № 502 
"Республикалық бюджет жобасын дайындау қағидалары" қаулысы). Нормативтік 
актілерде келесі негізгі мерзімдер белгіленген: 

15 сәуірден кешіктірмей ҚР ҰЭМ Республикалық бюджеттік комиссияның 
(РБК) мақұлдауына Әлеуметтік-экономикалық дамудың 5 жылға арналған 
жоспарын, 3 жылға арналған біріктірілген бюджет параметрлерін (негізгі түрлері 
бойынша кіріс, шығыстар, бюджеттік баланс) ұсынады. 

ҚР ҚМ 1 мамырға дейін бағдарлама әкімшілері үшін РБК бекіткен шығыстар 
бойынша бюджеттік лимиттерді ұсынады.

15 мамырға дейін бағдарлама әкімшілері: егжей-тегжейлі бюджеттік 
ұсыныстарды (сметаларды) және 3 жылға арналған бағдарламаны және ҚР ҚМ-
не 5 жылға арналған стратегиялық жоспарларды, ҚР ҰЭМ-не стратегиялық 
жоспарлар мен бюджеттік бағдарламаларды ұсынады. 

1 тамызға дейін РБК консультациялары мен ұсынымдары негізінде 
бағдарламалар әкімшілері мыналарды ұсынады: ҚР ҚМ - не - қайта қаралған 
стратегиялық жоспарларды, бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттерді, ҚР 
ҰЭМ-не-қайта 
қаралған 
стратегиялық 
жоспарлар 
мен 
бюджеттік 
бағдарламаларды. 

ҚР ҚМ 15 тамыздан кешіктірмей бюджет жобасын Үкіметке және Есеп 
комитетіне ұсынады. 

1 қыркүйектен кешіктірмей Парламентке жылдық бюджет жобасын ұсынады. 
Тұтастай алғанда, Үкімет бюджеттік күнтізбені нақты сақтайды, алайда кейбір 
министрліктер, департаменттер мен агенттіктер ҚР ҚМ-не бюджеттік өтінімдерді 
берудің шекті мерзімдерін сақтамауы немесе дайындалған құжаттардың сапасы 
қолданыстағы талаптарға толық сәйкес келмеуі мүмкін. 2016 жылы ҚР ҚМ толық 
есептеулердің болмауына және бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне 
байланысты бюджеттік өтінімдерді төрт бюджет әкімшілеріне (Ауыл шаруашылығы 
министрлігіне, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне, Білім 
министрлігіне, Ұлттық экономика министрлігіне) қайтарған жағдай болды. Жағдай 
2009 жылы PEFA бағалауынан кейін өзгерді. 2007 жылғы бюджеттік күнтізбеге сәйкес 
экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (ЭБЖМ) (бюджетті дайындауға 
жауапты министрлік ретінде) ағымдағы бағдарламалар үшін ең жоғары шекті 
шығыстарды 10 мамырға дейін, ал инвестициялық жобалар тізімін 23 мамырға дейін 
МДА - ға жеткізді. МДА 2017 жылғы 1 маусымнан кешіктірмей ЭБЖМ-ге өзінің 
бюджеттік өтінімдерін ұсынуы тиіс болатын, ал бұл оларда ағымдағы бағдарламалар 
бойынша шығыстарға бюджеттік өтінімдерді дайындау үшін үш апта және 
инвестициялық жобаларды дайындау үшін бір ғана апта болғанын білдіреді.
2009 жылдан бастап ҚР ҚМ шекті лимиттерді дайындауға және МДА-ға жеткізуге 
жауапты болды. Сондай-ақ бюджеттік күнтізбеге өзгерістер енгізілді. ҚР ҚМ шекті 
лимиттерді бюджеттік әкімшілерге 1 мамырдан кешіктірмей жеткізуі тиіс, бюджет 


52 
(министрлік) әкімшілері толық бюджеттік сметаларды ҚР ҚМ-не 15 мамырдан 
кешіктірмей ұсынуы тиіс. Осылайша, бюджет жобаларын дайындау үшін 
министрліктерде тек 2 апта ғана бар, бұл олардың сапасының нашарлауына әкеп соғуы 
мүмкін. Алайда, өзгерістер ҚР ҚМ, ҚР ҰЭМ және РБК бюджет және талдау бойынша 
кейінгі консультациялары үшін қосымша 15 күнді қарастырады. Бюджеттік лимиттер 
базалық шығыстар үшін де, жаңа бастамаларға арналған шығыстар үшін де белгіленеді. 
Базалық шығыстар іске асыру процесіндегі инвестициялық жобаларды аяқтауды қоса 
алғанда, қолданыстағы бағдарламалардың ағымдағы шығыстарын жабады, ал жаңа 
бастамаларға арналған шығыстар жаңа бюджеттік бағдарламаларда баяндалған 
әлеуметтік-экономикалық даму үшін жаңа басымдықтарды қаржыландыруды көздейді. 
Бюджеттік күнтізбеде осы параметр бойынша B бағасын беру үшін, PEFA өлшемдеріне 
сәйкестігіне қажетті бюджеттік өтінімдерді дайындау үшін кем дегенде төрт апта 
қарастырылмағандықтан, C бағасы қойылды. 
D-17.2 БЮДЖЕТТІ ДАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ БАСШЫЛЫҚ 
Бюджет кодексі және "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары " (Қаржы 
министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығымен бекітілген) бюджет 
бойынша өтінімдер мен шығыстар сметалары бойынша барлық талаптарды
нысандарды және басқа да тиісті құжаттаманы айқындайды, оларды бюджеттер 
әкімшілері әзірлеуі және ҚР ҚМ-не ұсынуы тиіс. Ережелер жан-жақты және түсінікті. 
Бюджет әкімшілеріне арналған шығыстар лимиттерін оларды ҚР Қаржы министрлігі әр 
жылдың мамырына дейін бергенге дейін Премьер-министрдің төрағалық етуімен 
Парламент өкілдерін және негізгі министрлерді қамтитын РБК бекітеді (Pi-16.2 
қараңыз). Жоғарыда 17.1-де атап өтілгендей, шығыстардың лимиттері үш жылға алға 
белгіленеді және базалық шығыстарды да, сондай-ақ жаңа бастамаларға арналған 
шығыстарды да қамтиды. Бағалау-A. 
D-17.3 БЮДЖЕТТІҢ ЖОБАЛАРЫН БИЛІКТІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ ОРГАНЫНА 
ҰСЫНУ 
Бұл параметрде атқарушы билік ұсынған сәттен бастап заң шығарушы билік 
өкілдерінің бюджет жобаларын қарауы үшін заңнамада бөлінетін уақыт 
қарастырылады. А бағасын алу үшін заң шығарушы органның жыл соңына дейін 
кемінде екі ай болуы қажет. Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет жобасын 1 қыркүйекке 
дейін, яғни жылдың соңына дейін төрт ай бұрын ұсыну қажет. 2016, 2017 және 2018 
жылдарға арналған бюджет жобалары тиісінше 29 тамызда, 31 тамызда және 31 
тамызда ұсынылды. Бағалау-A. 


53 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет