Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет10/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

3. Жеке өмірдің құпиялылығы
Адамдардың бір-бірінен күмəнданудан, кем-кетігін іздеп, айыбын ақтаруға дайын тұратын
сұғанақ мінездерден тыятын
[15]
, үйге тек рұқсат алып, сəлем бере кіруді əмір ететін аяттар
[16]
мен хадистер
[17]
 адамның жеке өміріне қол сұғуға болмайтынын көрсетеді. Сөзі сыпайы, мінезі
биязы Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
адамдарды сыртынан өсектеп, жеке өмірін жария етуді
қатты сынға алған жəне Аллаһ тағаланың ондай адамдарды қиямет күні қор қылатынын
ескерткен
[18]
.
Біреудің алдына бару үшін əрі кеткенде үш мəрте рұқсат сұрау керектігін айтқан
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
мұсылманның мұсылмандағы маңызды ақыларының бірі
қарсы тараптың мақұлдауынан тыс оның жеке өміріне килікпеу екенін үмбетіне шегелеп
тапсырған
[19]
.
Қазіргі таңда адамдардың жеке өмірінен хабар беретін мəліметтерге еркін қол жеткізуге
болады. Теледидар, ғаламтор жəне басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шімірікпей
жеке бас құқығына нұқсан келтіретін мəліметтерді тарату көптеп кездеседі. Мұны жариялылық
деп қабылдаудың жөні жоқ. Өйткені, бұл жоғарыда айтылған оңбаған қылықтың нақ өзі. Жай
қызығушылық пен мұндай деректерге көз жүгірту де ол адам туралы жаман ойдың
қалыптасуына, ол туралы дақпырттың қаулауына себепші болары анық. Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): 
«Ғайбат айтылған жерде тұрмаңдар, ғайбатты тыйыңдар» деуі бекер болмаса
керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет