Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Адамның қадір-қасиеті мен ар-намысының қорғалуы



Pdf көрінісі
бет9/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

2. Адамның қадір-қасиеті мен ар-намысының қорғалуы
Адамның қадір-қасиеті мен ар-намысының қорғалуы оның негізгі абсолютті құқықтарына
жатады. Дініміз адамдарға бір-бірінің ар-намысын, қадір-қасиетін, абырой-беделін құрметтеуді
əмір еткен. Тілдеу, келемеждеу, балағаттау, ғайбаттау, əлдекімге жазықсыз жала жабу –
дініміздің ахлақ ұғымына, яғни мұсылманның жүріп тұру дағдысына жат, қайшы қылықтар.
Бұлардың тыйым салынған іс-əрекеттер екеніне көптеген аят жəне хадистер дəлел.
Адамның табиғатында өзін жоғары ұстау, жұртты өзінен төмен санауға алып келетін
тəкаппарлық сезімі бар. Осы қасиет басқаның абыройын түсіруге, мазақ қылуға, мысқылдауға
алып келеді. Ал бұл кісі ақысын аяқ асты ету деген сөз. Мұндай жағдайда қорланған адамның
жан дүниесінде не болып жатқаны Аллаһқа аян. Психологтардың айтуынша, мұндайда адам
психикасында кері ауытқушылық орын алады, жаны күйзеледі, сары уайымға салынады.
Сондықтан, кісі кемшілігін көрсек, кекетуге дайын тұрғанымыз жақсылық емес. Байқаусызда
мұндай шалыс қадам жасасақ, тез арада əлгі адамнан көпшіліктің көзінше кешірім сұрауымыз
керек. Тек осылай еткенде ғана, кісі ақысы өтелетінін ұмытпаған абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет