Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жеке құқықтарды сақтау



Pdf көрінісі
бет59/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

8. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жеке құқықтарды сақтау
Бұқаралық ақпарат құралдарына көпшілікке жалған мəліметтер тарату, жеке адамның ар-
намысын, қадір-қасиетін кемсіту, заңды ұйымдардың іскерлік беделіне нұқсан келтіру, болған
жайттардың өңін айналдырып жеткізуге жиі орын беріледі десек, мұның бəрі кісі ақысын
бұзғандық болып табылады. Мұндайда жеке адамға немесе ұйымға орны толмайтын
материалдық жəне моралдық зиян келетіндіктен, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған
мəліметтер теріске шығарылуы тиіс.
Теледидар жəне радио желісінде біреуді сын садағына іліп ғайбаттап, оның ар-ұжданын,
абыройын аяқасты ету, кісі ақысын белден басу екені айтпаса да түсінікті. Айта кететін бір
жайт, жекелеген адамдар немесе ұйымдар туралы хабар жүргізу барысында шындықты бұра
тартып сыңаржақ пікір айту оңай, бірақ, мұның салдарын, материалдық жəне моралдық
зиянның орнын толтыру қиынның қиыны. Өйткені, аққа қара күйе жағылған хабарды көріп-
білген көпшіліктің санасында теріс пікір қалыптасады. Сосын қанша ақтап, сылап-
сипағаныңмен көңілдерден кірбіңді кетіре алмасың анық.
Осы орайда халық қалаулысына айналған сыйлы азаматтарды қаралап мəлімет таратудың
салдары тым ауыр болатынын айта кеткен жөн. Өйткені, бұл жағдай бірлі-жарым адамның ар-
ожданына нұқсан келтіріп қоймайды, көптің мүддесін, қоғамдық пікірді аяқасты еткендік
болып табылады. Ал, көп қорқытып, терең батыратынын ескерсек, олардың алдында ақталу тым
қиынға соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет