Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет106/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

«Дұрыс өлшеп, дұрыс тартыңдар»

«Кем өлшеп сатқандарға
нендей өкініш!» 
– деген («Əнғам» сүресі, 152-аят; «Мутаффифин» сүресі, 1-аят). Таразыдан
жеудің басқа бір аты ұрлық десек, қателескеніміз емес. Ал, ұрлықтың түбі қорлық екені əмбеге
аян. Дініміз өлшеп сатылатын тауарларды таразыда артығымен бергенді қош көрген.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
сатушыларға қаратып: 
«Сатылатын затты өлшегенде
таразы тасын ауырлатыңдар»
деген
[224]
.
Бүгінгі таңда тұтынушыға бір уыс дəнді артық тарту былай тұрсын, таразыда туралық
сақтаудың өзі қиынның қиынына айналғандай. Базарда сауда жасайтындардың көбі таразыларын
қолдан бұрмалап көрер көзге, ашықтан-ашық кісі ақысын жейді, жəне бұдан көпшілік те
бейхабар емес.
Саудагер тауардың қасиеттері мен сапасы туралы толық мəлімет беруі тиіс. Тауардың ақауы
болса мұны тұтынушыға бүкпесіз айтуы керек. Сондай-ақ, ақауы бар тауарды бүлінбеген
тауардың бағасымен саудалауға болмайды. Бүгінгі күннің шындығы сол, сауда-саттық десе кісі
ойына алдымен алдау мен арбау оралады. Əсіресе, телеарналардағы қызылды-жасылды
жарнамалар тауарлардың тұтынушылық қасиетін асыра мақтап, көпшілікті бұған иландырудың
бар амал-айласын қарастырып бағады.
Бүгінде халықтың құқықтық сауаты мен белсенділігі артты десек те, адамдардың көпшілігі
құқы бұзылғанда заңға жүгіне бермейді, көнбістік танытады. Əділетсіздікке көз жұма қарау
мұсылмандыққа жат. Əділетсіздік жасалғанда үнсіз қалу, ақиқатқа қиянат болмақ.
Тауар өзіндік құнынан тым қымбатқа сатылғанда аларман, төмен бағаға саудаланғанда
сатушы зиян шегеді. Тауардың өткізу бағасын нарықтың талаптарына, оның өзіндік құнына жəне
басқа да қара қылды қақ жарған əділетті факторларға қарап белгілеу қажет. Баға белгілеудің өзі
жауаптылық пен əділеттілік қажет ететін жауапты іс. Онда сатушы мен сатып алушының
мүддесі қатар ескерілуі тиіс. Тауарды тым қымбат бағалау қарапайым халық үшін əділетсіздік
болса, өз бағасынан тым төмен бағалануы да сатушы ақысының аяққа тапталғаны
[225]
.
Сатушының тауарды саудалағанда бағана біреу мұнша бағаға сұрады, бермегем» не болмаса,
«құны осынша, бұдан төмен болса шығынға ұшыраймын» деп, алдап сатуы да, сатып алушының
құқын бұзбақ.
Сауда-саттық кəсібінде осындай харам əдіс-тəсілдермен табыс табу Құранның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет