мəселені жиі тілге тиек еткен.
Адамзат қоғамының мың сан тетігі өзара байланысқан күрделі механизм іспеттес. Оның
тұтас істен шығуына бір тетіктің болмашы ақауы-ақ жеткілікті. Мəселен, өсімқорға əйтеуір бір
себептермен күні түскен адам əдетте қарызға белшесінен батады. Одан оңай құтылуға шамасы
келмегендіктен, күйгелектеніп темекі тартып, одан қалса «күйінішімді басамын» деген байғұс
үмітпен қу арақтың қақпанына қалай түскенін аңдамай қалады. Содан үй ішінің тыныштығы
кетеді, ұрыс-керіс, айқай-шу орын алады. Айналып келгенде, сүттей ұйып отырған бір
отбасының ойран-асыры шығады. Ал, отбасы қоғамға қаланған бір кірпіш екенін ескерсек,
өсімқорлықтың зардабы одан əрі күшіне мінеді. Сондықтан, Аллаһ тағала рибамен
айналысқандарға ауыр жаза кескен. Оның есесіне, «қарз хасан», яғни үстемесіз, өсімсіз қарыз
беруді құптаған, мұндай игілікті көмек бұл дүние мен арғы дүниеде адамды жақсылыққа
жетелейтінін айтып сүйіншілеген.
6. Ұрлық
Ұрлық дінімізде үлкен күнəлар санатына жатқызылған жəне алдын алу үшін барынша ауыр
жаза тағайындаған құқық бұзушылық. Аллаһ тағала Құран кəрімде:
Достарыңызбен бөлісу: