Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


ә) Жезөкшеліктен, жезөкшелікке апаратын жолдан түскен табыс



Pdf көрінісі
бет117/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

ә) Жезөкшеліктен, жезөкшелікке апаратын жолдан түскен табыс
Жезөкшелік адамның тəнін саудалап, ақша табудың амалы ғана емес, ол адам өмірі үшін де,
қоғам үшін де аса қауіпті құбылыс. Қоғамдағы отбасы, дін, мемлекет институттарының
қызметін жоққа шығарады, қалыптасқан адамгершілік, адалдық, ар-намыс, сенім, сүйіспеншілік
секілді моральдық, этикалық құндылықтарды аяққа таптайды. Құран кəрім жезөкшелікке былай
деп тыйым салған: 
«Зинаға жоламаңдар (оған бейімдейтін əртүрлі əрекеттерден аулақ
болыңдар)! Өйткені, ол анық арсыздық жəне жаман жол»
(«Исра» сүресі, 32-аят).
Жезөкшелікпен айналысқандар, жезөкшелікпен айналысуға тартқандар, жезөкшелер үйін
ашқан «жеңгетайлар» қоғамның рухани азғындауына, арсыздық пен ұятсыздықтың етек жаюына,
бұрын-соңды кезікпеген ауру-сырқаудың белең алуына себепші. Оның зауалы, жазасы туралы
айтудың өзі артық əңгіме секілді.
б) Бал ашу, сәуегейлік жасаудан түскен табыс
Бал ашу, сəуегейлік жасау адамды алдап соғуға құрылған көп əдістің бірі. Ешкім ғайыпты
болжап біле алмақ емес, адамды алда не тосып тұрғаны бір Аллаһқа аян. Қу құлқынның құлына
айналған балгер, көріпкел, сəуегейлер аздаған ақша үшін адамды тура жолдан тайдырады. Бір
қауіптісі, олар көбіне Исламның атын жамылып жұмыс жүргізеді. Оларға дініміздің түбегейлі
қарсы екенін елдің бəрі біле бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет