г) Комиссионерлік (делдалдық) Сауда-саттық саласындағы институттардың бірі – комиссионерлік. Белгілі бір көлемдегі
сома үшін комитенттің (тапсырма берушінің) пайдасына жəне соның есебінен іс жүргізіп, бірақ
өз атынан мəміле жасаушылық бүгінгі қоғамымызда тараған кəсіпке айналды. Қазіргі кезде
мұндай делдалдың көмегімен үй-жай, автокөлік саудалау немесе жалға алу секілді əрекеттер
кеңінен өріс жайған.
Өндіруші мен тұтынушының арасында делдалдық жасау барысында комиссионер іскерлік
этикасын сақтауға, сатып алушыны немесе сатушыны алдап соғып, тауар бағасын тым
аспандатып көлденеңнен оңай олжа табуға ұмтылмауы тиіс. Мұндай заңсыздыққа жол
берілгенде тауар өндірушінің табысы азайып шығынға батса, тұтынушы тауарды қымбатқа сатып
алып зиян шегеді, есесіне комиссионер кісі еңбегін қанап күн көреді. Ислам мұндайға түбегейлі
қарсы.
Дүнияны қалай шын дерсің, Атамыз – Адам пайғамбар. Сонан бергі адамның Өлмей жүрген бірі жоқ. Заманым қалды өсекке, Шамаласам ары жоқ. Замананың адамы Артын ойлап асылы Көңілі жоқ өлерге. Пақырдың хақын зор жесе, Таңда махшар күнінде Шариғаттың жолы – төлерге. Шама қылсаң жарандар Жақындап тұр бұл шақ та Сахауат шам сөнерге. Əбубəкір Кердері (1861-1905)