Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


ә) Нарыққа тауар өткізушіні жолдан тосып алу



Pdf көрінісі
бет113/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

ә) Нарыққа тауар өткізушіні жолдан тосып алу
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
қалаға келе жатқан керуенді жолдан тосып алып тауарды
саудалауға тыйым салған
[233]
. Бұлай жолдан тосудың екі түрі болады:
Саудагер жолай барлық тауарды көтере сатып алады да, жергілікті нарықта мұндай
тауардың жоғын пайдаланып, қалаған бағасына өткізеді.
Саудагер нарық бағамынан хабарсыз тауар жеткізушіні жолдан тосып алып, тауарды өткізу


бағасынан арзанға сатып алады.
б) Қалалықтың ауыл адамына делдалдық жасауы (комиссионер болуы)
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Қалалық адам ауыл адамының атынан сауда
жасамасын. Халықты өз қалпында қалдырыңдар. Аллаһ халықтың бір тобына екінші
жартысы арқылы ризығын береді»
, – деген
[234]
. Мұны қалай түсінеміз дегенге келсек,
мəселен, ауылды жерде көкөніс, жеміс-жидек, ет-сүт арзан болады. Ауыл адамы мұны қала
базарына шығарып саудалай алады. Бірақ, мұны ауыл адамының атынан тісқаққан қалалық
саудагер істейтін болса, ол қалалықтардың мұқтаждығын білгендіктен, қымбатқа сатар еді.
Мұндай комиссия шартына тыйым салудағы мақсат қалалықтарды зиянға ұшыратудың алдын
алу болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет