е) Сауда-саттық барысында ант-су ішу Сауда-саттық барысында ант-су ішуге тыйым салынған.
«Уа, көпестер (саудагерлер)! Жалған ант-су (қасам) ішу, бос сөз жəне сауданың шалғайында шайтан мен күнə жүреді. Сауда-саттықтарыңды садақамен араластырыңдар!» [235] деген хадис осыған дəлел.
«Сауда-саттықта ант-су ішуден сақтаныңдар. Серт беру əуелгіде тауарларыңды өтімді жəне қажетті (ұтымды) қылғанымен, артынша бүлдіреді, берекесін кетіреді» [236] деген хадистен ұққанымыз тауарды өткізу, сөзін нанымды қылу үшін ант беруге
болмайтындығын ұғамыз. Ант беру екі түрлі:
Тауарда жоқ нəрсені бар деп, ақауын жасырып, сондай-ақ, өзіндік құны қымбатқа түсті деп
өтірік ант-су ішу. Жалған серт саудада ғана емес былайғы тұрмыста да күнə.
Өтірік болмаса да тауарды өткізу үшін, сауданы жүргізу үшін берілген ант. Рас болса да,
сауда барысында серт беру дұрыс емес.
Ант беру сырт көзге тауарды өткізуге септігін тигізген болса да, түскен табыста қайыр,
береке болмайды.