Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы



бет2/196
Дата05.02.2022
өлшемі4,39 Mb.
#19428
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196
Түсініктеме сөз.
Қазақстан Республикасьшың тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймақтарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.
Бағдарламада бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі кезең аралығында еліміз жүріп өткен тарихи кезеңдерге талдау жасалады. Курстың тарих намасына оның ішінде алаш қайраткерлерінің еңбектеріне, Республиканың даму переспективасына байланысты өткізілген әр кездегі пікір-сайыстарға баса көңіл бөлінеді. Дерек көздерін молайту мақсатымен мұрағат, мерзімді баспа сөз беттеріндегі материалдарға, тақырыптық құжаттық жинақтардағы фактілерге көңіл аударылды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығы, жер мәселесішн шиеленісуі, азаматтық қарсы тұру жылдарындағы әртүрлі саяси күштердід ара салмағына талдау жасалады.
Бұл курста сонымен катар бұрынғы оқулықтарда айтылмаған немесе бұрмаланған мәселелерді камтуғада талпыныс жасалды. Атап айтқанда қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы мен қызметі, Қазақстанның біртұтас атырабын қалыптастыру, ҚАССР-нің тұңғыш Конституциясының жасалуы және оның негізгі кағидалары.
Индустриаландыру бағытын қарастырған кезде жетістіктермен қатар жіберген кемшіліктерге де тоқталынады. Атап айтқанда өнеркәсіпті дамытудың шикізаттық бағыты, жұмысшы табының арасындағы казақ өкілдерінің үлес салмағы мен кәсіби деңгейіне жан жақты талдау жасалынды. Курсты оқыту барысында Ұлы Отан соғысы көзіндегі белгісіз фактілермен бұрмалангаи мәселелерге көңіл аударылады.
Неміс-фашист басқыншыларына азат етілген аудандарға Қазақстаннын бергсн көмегі туралыда мәліметтер айтылады. Тағыда ір көңіл аударылған мәселе - Ұлы Отан соғысынан кейінгі саяси қуғын-сүргіннің екінші кезеңнен басталуы және оның кұрбандары. Токырау көзіндегі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығынын жағдайы, артта қалу себептері, Ұлт аралық қатынастағы көленке мәселелер мен онын себептері қарстырылады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасынын құрылуы шет мемлекетіермен дипломатикалық қарым қатынасы, сыртқы эконмикалық саясаты, шаруашылык-әкімшілік реформалардың іске асырылуы мен оның қортындыларына көңіл аударылды.
Егемендік кезеңінде еліміздін саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер туралыда айтылады. Мәселен саяси партиялар мен коғамдық қозғалыстардың өмірге келуі, олардың бағдарламалык принциптері, ұлт аралық татулықты сақтау т.б. мәселелер қамтылады.
Курстік типтік бағдарлама
1-тақырып. Қазақстан I дүние жүзілік империалистік соғыс кезеңінде.
I дүние жүзілік империалистік соғыстын отарланған ұлт аймактарына әсері. Қзакстанда бұқара халыктың жағдайының нашарлауы, салықтың өсуі. Патша өкіметінің казақ шаруаларынын малдарын тартып алу. Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп жетілуі.1916 жылғы 25 маусым жарлығы, оның мәні. 1916 жылгы ұлт азаттык көтерілстің себебі, козғаушы күші, сипаты, басталуы, онын барысы және негізгі кезеңдері. Котерілістін б:лсшы;тры. Патіпа окіметінің жазалаушы отрядтарына карсы құресі. Көтерілістің себетері, оның тарихн манызы. Көтеріліс туралы казіргі тарихнамадағы кезқарас.
2-тақырып. Қазақстандағы 1917 жылгы Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы.
Уақытша үкіметтің құрылуы. Қазақстанда Советтердің құрылуы. Уакытша үкіметтің Қазақстандағы саясаты. Жер және ұлт мәселесі. Бұқаранын әлеуметтік ынтасының өсуі. «Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы және оның бағдарламалары. Қазақстандағы царизмнің аграрлық саясаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет