2. Бірінші және екінші бүкіл қазақстандық съездер.Қазақтардың демократ жетекшілері 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда "Алаш" партиясының кезекті (үшінші) съөзін өткізді. Съезде Алашорда автономиясының орнағанын және кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі Ә.Бөкейханов бастаған үкімет құрылғанын хабарлады, программалық документтер қабылдады. Ол 25 мың адамнан түратын мқлиция формасындағы ұлтгық қарулы күш ұйымдастыруды белгіледі.
Алаш өкіметін құру мәселесі 1917 жылы шідденің 21-28-інде Орынбор қаласында жалпы қазақтық I съөзінде қаралған болатын, съезде 14 мәселе талқыға түсті. Аддымен мемлекет қүрылысы қаралды: "Русиядемократическая, парламентар-ская республика болып, қазақ облыстары қоныс-ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс" деп ең негізгі мәселені шешкеннен соң, жер проблемасы жайында 14 баптан тұратын қаулы қабылдады. Ең мықтап айта алғандары: "қазақ халқы өзінің еншілі жеріне орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін". Осындай дұрыс ой- пікір күні бүгінге дейін күшін жойған жоқ.