Индустрияландырудағы жумысшылар еңбегі
Қазақстан өнеркәсіп орындарына Мәскеу, Ленинград, Донбасс т.б. ірі өнеркәсіп орталықтары мен жұмысшы топтары көмек көрсетті.
Жаңа техниканы меңгеріп, жаңадан салынған өнеркәсіпте істейтін мамандарды даярлау керек болды.
Бұл үшін көптеген қазақ жұмысшылары кәсіби білім алу үшін Мәскеу, Ленинград, Донбасс, Баку өнеркәсіп орындарына жіберілді.
Алғаш Түркісіб құрылысына қара жұмысшы ретінде қатысқан Д. Омаров кейіннен Түркісіб бастығы, ал Т.Қазыбеков «Қазақ көлік кұрылысы» тресінің бастығы болды.
Жаңа техниканы меңгеру барысында Донбасс забойшысы А.Г. Стахановтың рекорды насихатталды.
Стахановтың қазақ жеріндегі ізбасары Қарағанды кеншісі Түсіп Күзембаев болды.
Сәфи Өтебаев, Мелдебек Сағымбеков, Ахметжан Сафин, Зағира Табылдинова - Қазақстандағы индустрияландыру ісінің үздіктері.
Достарыңызбен бөлісу: |