Қазақ АКСР-ның құрылуы.1920 жылы 20 тамызда РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетініңтөрағасьі С. Мендешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесініңтөрағасы В.А. Радус-Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. «Декларацияда» Қазақ АКСР-ның мемлекеттік басқару оргаңдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.