Қызыл Армияның ұлттық бөлімдерінің қалыптасуы
Қазақстан жерінде жергілікті халық әскери құрылысқа тартыла бастады. 1918 жылы 29 мамырда ұлттық белгілер бойынша жауынгерлік топ құруға рұқсат етілген декрет шыкты .1918 жылы Бөкей Ордасында қазақ атты әскер полкі кұрылды. 1920 жылы Түркістанда алғаш рет халықты күштеп мобилизациялай бастады.
1919жылы Қостанайда 3000 адамы бар дала брига-
дасы құрылса, 1920жылы Жетісуда қазақ бригадасы, 15дүн-
ген полкі құрылды.
Жалпы, 1920 жылы майданға жергілікті ұлттардан 19-35 жасқа дейінгі 25000 адам мобилизацияланды.
Майдандардағы соғыс қимылы
Әскери бөлімдерді кұру барысында Ә. Жангелдин (Дала әскер комиссары), А. Иманов (Торғай әскер комиссары), Б. Қаратаев (атты әскер бригадасының политругі), М. Масанчи, О. Исаев, А. Розыбакиев, А. Оразбаева т.б. көп еңбек сіңірді.
Ә. Жангелдин басқарған экспедиция Еділ, Каспийді жүзіп, Ақтөбе майданына қару-жарақ жеткізді.
1919 жылы қаңтарда Қызыл Армияның шығыс майдаынындағы бөлімдері Орынбор мен Оралды ақ гвардияшылардан босатты.
1919 жылы көктемде Колчактың контрреволюцияшыл топтары қайтадан шабуылға шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |