Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы



бет14/21
Дата27.12.2016
өлшемі4,39 Mb.
#5838
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Қоғамның саяси өмірі

Коммунистік партияның беделі өсті. 1925 жылы өлкелік V партия конференциясы болды. Ауыл тұрғындарын партия қатарына кіргізу ісі өріс алды. 1927 жылы 1 қаңтарда коммунистік партияға мүше шаруалардың саны 16854 адам болды.

1932 жылы коммунистік партияның қалыптасу кезеңі аяқталды.

Бірақ коммунистік партия бірте-бірте әміршіл жүйемен жұмыс істей бастады.

1921 жылы шілдеде Орынбор қаласында жастар ұйымы Қазақстан комсомолының бірінші съезі өтті. Қазақ комсомолының ұйымдастырушы кошбасшысы Ғани Мұратбаев болды. Түркістан комсомол ұйымының төраға-сы, комсомолдың шығыс бөлімінің меңгерушісі Ғани Мұратбаев 23 жасында дүниеден отті. Қазақстан жастар ұйымының жұмысына Қ. Тәштитов, М. Толепов, Ф. Рузаев белсене қатысты.

1921 жылы 1 қаңтарда Қазақстан кәсіподақ ұйымы құрылды.

Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің беделі күшейді. ҚОАК бір жылдық мерзімге сайланды. Бұрынғы үстем тап өкілдері мен діни қызметкерлер сайлау құқығынан айырылды.

Қалыңмал мен моногамияға (көп әйел алу), әмеңгерлікке тыйым салу туралы қаулы қабылданды.

Қазақстанда әйелдер қозғалысын дамыту бағытында А. Оразбаева, Н. Құлжанова, Н. Арықова, Ш. Иман-баева көп еңбек сіңірді.

1922 жылы Ә. Жангелдин бастаған «Қызыл керуен» ірі экспедициясы Орынбордан Семейге дейін жүріп, Кеңес өкіметінің декреттерін, коммунистік партияның саясатын насихаттаған.

1921 жылы қаңтарда Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декрет, 1923 жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декрет қабылдады.

  1. жылы республикада ауылдан, ауданнан, округ пен орталықтан тұратын 4 сатылы басқару жүйесі енгізілді.

  1. жылы Қазақ АКСР-ның астанасы Қызылордадан Алматы қаласына көшірілді.

3.Ф.И. Голощекин және “Кіші қазан” революциясы

Индустрияландыруды жүзеге асыру жолында әкімшіл-әміршіл саясат қатты бұрмалады. 1925-1933 жылдары Қазақстан коммунистік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекин болды. Ф.И. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы болған жоқ, сондықтан қайтадан революция жасау керек деп шешті. Осы ойын іске асыру мақсатында ол «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын үсынды. Бұл үсынысты И.В. Сталин қолдады. Ф.И. Голощекин Қазақстанды одақтық шикізат базасы ретінде индустрияландыру бағытын ұстанды. Ф.И. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясына алғашқы болып С.Сәдуақасов қарсы шықты. С. Сәдуақасов Қазақстанды шикізат базасы ретінде пайдалануға ашық түрде қарсы тұрды.
4.Қазақстандағы социалистік индустриализацияның принциптері және оның ерекшеліктері.

Индустрияландыру Қазақстанда, негізінен, жоғарыдан жүргізілді.

Қазақстанда салынған өнеркәсіптер дайын өнім шығармады. Шикізатты, негізінен, Ресей мен Украина өнеркәсіптеріне тасыды.

Урбанизация күшейіп, 1930 жылы қала халқының үлесі 29,8% болды.

1935 жылы республикадағы жұмысшылардың 43%-ы қазақтар болды.

1939 жылы республикадағы қала халқының саны 375000-ға дейін жетті.

5.Елдің индустриалдық дамуның алғашқы қадамдары және дамуы.

Туркісіб құрылысы

1927 жылы Түркістан-Сібір теміржол құрылысы басталды.

Түркісіб теміржол кұрылысының басшылары:

В.С. Шатов - қүрылыс бастығы,

Н. Нүрмақов - құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы,

Т. Рыскұлов - РКФСР үкіметі жанындағы кұрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы.

Теміржол кұрылысында 100000 адам жұмыс істеді. Түркістан-Сібір теміржолы 3 жылдың ішінде салынып бітті.

  1. жылы 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында жолдың екі жағы түйісті.

  1. жылы қаңтарда Түркісіб теміржолы пайдалануға берілді.

Түркістан-Сібір теміржолы Орта Азияны Сібірдің экономикалық өңірімен байланыстырды.

Индустрияландыру бірінші жағынан Кеңес халықтары күшімен жүзеге асса, екінші жағынан орталыктың әкімшіл-әміршіл жүйесі негізінде жүргізілді.

Соғысқа дейін Қазақстанда Ембі мұнай ендіру орындары, Қарағанды көмір кен орындары, Жезқазған, Валқаш мыс комбинаттары, Шымкент қорғасын зауыты т.б. ірі кәсіпорындар салынды.

Жалпы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орындарын шикізатпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті.

Қазақстанды индустрияландырудың басты міндеттері орындалмады. Себебі Қазақстанда көбінесе өндіруші өнеркәсіптер салынғанымен, өндеуші өнеркәсіп дамытылған жоқ.

Индустрияландырудағы жумысшылар еңбегі

Қазақстан өнеркәсіп орындарына Мәскеу, Ленинград, Донбасс т.б. ірі өнеркәсіп орталықтары мен жұмысшы топтары көмек көрсетті.

Жаңа техниканы меңгеріп, жаңадан салынған өнеркәсіпте істейтін мамандарды даярлау керек болды.

Бұл үшін көптеген қазақ жұмысшылары кәсіби білім алу үшін Мәскеу, Ленинград, Донбасс, Баку өнеркәсіп орындарына жіберілді.

Алғаш Түркісіб құрылысына қара жұмысшы ретінде қатысқан Д. Омаров кейіннен Түркісіб бастығы, ал Т.Қазыбеков «Қазақ көлік кұрылысы» тресінің бастығы болды.

Жаңа техниканы меңгеру барысында Донбасс забойшысы А.Г. Стахановтың рекорды насихатталды.

Стахановтың қазақ жеріндегі ізбасары Қарағанды кеншісі Түсіп Күзембаев болды.

Сәфи Өтебаев, Мелдебек Сағымбеков, Ахметжан Сафин, Зағира Табылдинова - Қазақстандағы индустрияландыру ісінің үздіктері.

Лекция №11-16 Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында
Жоспар:


Әдебиеттер:1.Күзембайұлы А. Абиль Е.А. История Казахстана. Учебник для Вузов.7-е изд. Перераб. и доп.- СПб, “Соларт”. 2004

2..А.Қошанов., К.Алдажұманов, академик М.Қ.Қозыбаев. // Мерейтойлық жинақ Алматы “Атамұра” 2001

3.Ж. Балтабаева Зауыттар неге жасырын ұсталды // Қостанай таңы 04.02.2005.
7. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.

Соғыс жылдарында экономиканы соғысқа бейімдеу мақсаты мен КСРО Ғылым академиясы жанынан «Орал, Батыс Сібір, Қазақстан ресурстарын қорғаныс қажетіне жұмылдыру жөніндегі комиссия» кұрылды. Комиссия құрамында А.А. Байков, В.Л. Комаров, В.К. Обручев сияқты ғалымдар болды. Сонымен қатар Қазақстан жерінде Л.С. Берг, С.Н. Бернштейн, Н.Д. Зелинский, Л.И. Менделынтан, А.Н. Бах т.б. академиктер жұмыс істеді.

Академик А.С. Орлов соғыс жылдарында орысша-қазақша сөздік кұрастырып, «Батырлар жыры» атты ең-бек жазды. Алматыға майдан өңірінен 20-ға жуық ғылыми-зерттеу мекемесі көшіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы да соғыс мұқтажына жұмыс істеді. Майдан қажетіне байланысты сирек металды зерттеу ісінде Қ.И. Сәтбаев көп еңбек сіңірді. 1942 жылы Қ.И. Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарын зерттеу еңбегіне байланысты Мемлекеттік сыйлық берілді. Қазақстанда орналасқан Москва авиация, алтын және түсті металдар институттары, Киев университеті ерекше екпінді еңбек етті. Соғыс жылдарында Қазақстанда ашыл-ған жоғары оқу орындары: Алматы шеттілдер институты,

Шымкент технология институты, дене шыныктыру институты т.б.

90-ға жуық ақын, жазушы майдандағы жауынгерлер қатарында болды.

Соғыс жылдарында Ж. Жабаев «Ленинградтық өренімді», Ж. Саин өлеңдер жинағын, Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңызды», С. Мүқанов «Өмір мектебін», М. Әуе-зов «Абай» роман-эпопеясының I кітабьш жазды. А. Толстой Қазақстан жерінде болғанда, «Иван Грозный» кітабын жазды.

Майдан өңірінен Қазақстанға 23 көркемөнер ұйымы көшірілді.

1941 жылы Қазақстанға «Мосфильм», «Ленфильм» киностудиялары көшіріліп әкелінді. Бұл киностудиялар Алматы киностудиясымен бірігіп, екі жыл ішінде 23 кинокартина түсірді. Олардың ішінде «Партизандар», «Екі жауынгер», «Георгий Сакадзе» сияқты танымал кинокартиналар бар.

Соғыс жылдарында Алматыда актерлерді даярлайтын бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты жұмыс істеді. Киностудиялар М. Әуезов, Г. Мүсірепов т.б. жазушылардың көмегімен «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», «Саған майдан», «8-гвардиялық» сияқты картиналарды түсірді. Қазақстанда құрылған 11 концерт бригадасы майданда өнер көрсетті. Соғыс жылдарында ғылым мен мәдениет майдан кажетіне осылай аянбай қызмет етті.
Лекция №16-20 Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1965ж.ж.)

Жоспар:

  1. Бейбіт тұрмысқа өтуі.

Соғыс жылдары Кеңес Одағы ұлттық байлығыньщ үштен бірінен айрылды.Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру максатында 11 млн. 365 мың адамдық Кеңес Армиясы қатарынан әскерлерді босату жүргізілді (демобилизация):

  • 1945 жылдың шілде - қыркүйегі - бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.

  • 1945-1948 жылдар - 8,5 млн. адам босатылды.

  • 1946 жылғы 18 наурыз - 1946-1950 жьтдарға арналған төртінші бесжылдық жоспар қабылданды.

Міндеттері:


  1. Қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру.

  2. Ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез карқынмен дамыту.

Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжылдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға каржы бөлінді.

Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт түрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды.

Бесжылдық құрылыстары:

  • 1946-1951 жылдары республикада болат прокаты, қара жэне түсті металлургия, тау-кен жэне көмір өнеркэсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды.

  • Теміртау металлургия зауытында үй прокат станы, 2 мартен пеші салынды.

  • Актебе ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды.

  • Өскеменде 1947 жылы қорғасын-мырыш комбинаты салынды.

  • Екібастүзда көмір кесіндісінің қүрылысы аяқталды.

  • Маңғыстауда жаңа мұнай кэсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай ендіру-52%-ға артты.

50-жылдардыц басында республикадағы кәсіпорын саны -65. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды:

  • Семей илеусығынды зауыты өнім бере бастады.

  • Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады.

  • Жамбыл, Қызылорда, Павлодар тері зауыттары салынды.

Көлік жүйесі кецейе түсті:

  • 1950 жылы үзындығы 483 км. Мойынты-Шу темір жолы салынды.

  • Жамбыл-Шолақтау темір жолы іске қосылды.

Байланыс ісі жақсартылды:

  • Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды.

  • 1949 жылғы көктемде Алматыда елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды.

  • Радио жүйесі 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты.

Республиканың шаруашылық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының өсуіне ыкпал етті: 1945 жылы - 1.044 мың, 1950 жылы - 1.403мың.

Қазақстан еңбекшілері фашистік басқыншылықтан зиян шеккен

аудандарға көмек керсетті: - 1945 жылы Украинаға 500 трактор, ауыл

шаруашылық машиналары, 140 паровоз жіберіліп, 100-ден астам

ауылшаруашылық мамандарыаттандырылды.

  • Жеңілдетілген бағамен 1 млн. астам ірі кара, жылқы, қой сатылды.

  • 17,5 мың ірі қара, 22 мыңдай жылқы, 350 мың қой тегін берілді. Шаруашылықта жұмыс қолының жетіспеуінің себептері:

  1. Соғыс көзінде көшіп келген мамандар туған өңірлеріне қайтты.

  2. Жүз мындаған қазақстандықтар майданда қаза тапты. (603 мындай)

  3. Соғыста тірі калғандардың бір бөлігі елге оралмады.

  4. Қазақ шаруалары ашаршылық жылдары аштықтан қырылды және басқа елдерге көшіп кетті.

  5. Жұмысшылардың кәсіби даярлығы төмен болды.

Республикадағы жұмыс қолдарының жетіспеуін жою, жұмысшы-мамандарды көбейту максатында еңбек резервтерінің мектептері мен училищелері қүрылды.

КСРО-ның соғыста қираған

шаруашылығын қалпына келтіру аса күрделі жағдайда жүргізілді. АҚШ пен КСРО арасындагы қарым-қатынас шиеленісе түсті:

  • Сталиндік басшылық КСРО дүшпандық пиғылдағы капиталистік қоршауда отыр деп есептеді.

  • Ел қаражаты әскери-өнеркәсіптік кешенді жетілдіру мақсатына жүмсалды.

1952 жыл - Сталиннің «КСРО-дағы социализмніц экономикалық

проблемалары» еңбегі жарияланды.

  • Тауар-ақша қатынастары өнімдер айырбасымен алмастырылады.

  • Халыктың өскелең талабы өндірістің мүмкіндіктерін басып озады.

Осы жазылған «экономикалық зандылықтары» арқылы тауар

тапшылығының үстемдік етуін ақтап берді.

Көсемнің «өнімдер айырбасы» туралы данышпандық тезисін БК(б)П XIX съезі қолдап, социалистік қоғамның капитализмнен «сөзсіз артықшылығы» туралы идеяны насихаттады.

2.Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы.

II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Соғыс зардаптары: 1710 қала, 70000 ауыл қирады, 32000 өнеркәсіп, 100000 ауыл шаруашылық кәсіпорны бұлінді және 2 млн адам қираған үйде түруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минскт.б. қалалардың көп болігі талқандалды.

Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Себебі КСРО соғыста 27 млн адамнан айырылды. Осыған байланысты Қызыл Армия қатарында демобилизация (әскерден босату) басталды. 1945-1948 жылдары Қызыл Армия қатарынан 8 млн 500 мың адам босатылды.

Соғыс жағдайына бейімделген ел экономикасының қайта қүрылуы басталды. Сұрапыл жылдары соғыстың қажетін өтеп тұрған кәсіпорындар бейбіт түрмыс өнімдерін шығара бастады.

Қазақстан экономикасын бейбіт жағдайға бейімдеу көп қиыншылықтар тудырды. Соғыс жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар азат етілген аудандарға қайта көшірілді. Сонымен бірге білікті мамандар да қайтты. Соғыста жарты миллионнан астам адам қазатапты, көбі мүгедек болып оралды т.с.с. Мұның бәрі шаруашылықты қалпына келтіруді кешеуілдетті. Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге барынша көмек корсетті. Сталинград, Ленинград, Киев қалаларын, коптеген қираған кәсіпорындарды қалпына келтіру барысында қазақстандықтар көп үлес қосты.

Сонымен қатар Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге материалдық көмек көрсетті. Мысалы, 1945 жылы Украинаға 500-ге жуық трактор, ауыл шаруашылық техникасын; Ресей мен Белоруське, Украинаға 350000 қой, 22000 жылқы, 17500 сиырды тегін жіберді. 1946 жылы қабылданған 1946-1950 жылдарды қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру бесжылдығына сәйкес шаруашылықты дамытуға бюджеттен көптеген қаржы бөлінді.

Үкіметтің қолдауымен және жұмысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында кәсіпорындар біртіндеп аяғынан түра бастады. Теміртау металлургия зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты сияқты алыптардың қуаты артты. Екібастүз көмір кендері мен Маңғыстау мұнай кәсіпшілік-терінде жаңа күұрылыстар салынды.

Ауыр өнеркәсіппен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің куаты артты.

1950 жыльі 483 шақырымға созылған Мойынты-Шу теміржолы салынды. Байланыс, коммуникация жүйелері де дамыды. 1949 жылы Алматы қаласы автоматтық станция арқылы республиканың 56 қаласымен байланыс-тырылды.

3.Ауыл шаруашылығы.

Соғыстан әлсіреп шыкқан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Мысалы, ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы т.б.

Партияның 1946 жылғы қаулысына сәйкес совхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда (76%) МТС-тер (машина-трактор станциялары) жұмыс істеді. Үкімет өзін қамтамасыз ете алмайтын ұсақ колхоздарды біріктіре бастады. 1952 жылы республикада 2047 колхоз жұмыс істеді.

Республика ауыл шаруашылығы біршама жақсы дамыды. Дегенмен барлық халықты бірдей азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай, өнеркәсіптің шикізатқа деген сұранысын қанағаттандыра алмады. Ауыл шаруашылығы жоспарлы түрде жоғарыдан басқарылды.

Соғыстан кейін 1946-1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды.

Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе орнымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алуға жетпеді. Сол кездегі орташа жалақының көлемі 64 сом болды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет ете арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы, әрине, ешқаңдай мәліметтерде айтылмады.

4.«Тың және тыңайған» жерлерді игеру.

Тың жерлердіңигерілуі 1954жылыбасталды. 1954 жы-лы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.

1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн гектар жаңажер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 миллион гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 миллион гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 жылы 9,4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар жер жырту көзделген болатын. Тыңжерлердіңигерілуі Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүргізілді.

Тың жерлерді игеру мақсатында Қазақстанға көптеген жұмысшылар келді. 1953-1958 жылдар аралығында совхоздар мен колхоздарға 266,6 мыңмеханизатор келді. Мысалы, 1954 жылы Ақмола облысына тыңды игеру үшін 20000-ға жуық адам келді. Тың игеруді жеделдету мақсатында көптеген шаралар қолданылды. Басқа өңірлерден тың игеруге келгендерге көптеген материалдық жеңілдіктер жасалды. Тың игеруге келген әр адамға 150-1000 сом аралығында бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлікт.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауыл шаруашылық салы-ғынан босатылды.

1954-1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды.

Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық ондіру келемі жонінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интернационалдық елге айналды. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, қүрылыстар, мәдени обьектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар теселді.

Тың игерудің салдары. Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.

Ең алдымен Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650000 тың игерушінің 150000-ы ғана механизатор болды. Нәтижесінде көптеген тәртіп бұзушылықтар, қылмыстар етек алды.

Тың игеруге байланысты совхоздарға көбінесе тозған, бұлінген тракторлар мен комбайндар, ауыл шаруашылық техникасы жіберілді.

Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса кеп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.

Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Миллион-даған гектар жерлер жыртылғандықтан, малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. Мал шаруашылығының шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
Лекция №21-22 КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстан (1985-1991ж.ж)
Жоспар:

1.Қазақстандағы (1985-1991ж.ж.) саяси жағдайлар

КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.

Дағдарыстың себебі өте көп болды. Мысалы, экономикалық жағынан алғаңда ғылыми-техникалық прогрестің өндіріске енгізілуі баяу өтті, өнімдердің сапасына емес, санына көп көңіл бөлінді т.б.

Қоғамдық өмірде халықтың түрмыс деңгейі күрт төмендеді, әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлінбеді, қылмыс тым көбейді.

1985 жылы наурызда К.У. Черненко қайтыс болғаннан кейін, КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне М.С. Горбачев келді.

Қайта құру бағыты

1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта құру бағыты жарияланды. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылгы КОКП-ның XXVII съөзінде макұлданды. Сонымен партия елді жаңару бағытына бастауга міндет алды.

Кайта кұру ешқандай багдарламасыз, гылыми айқындамасыз жүргізілді. Вұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұган Мәскеуде В.В. Гришин, Ленинградта Г.В. Романов, Қазақстанда Д.А. Қонаев, Әзірбайжанда Г. Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта кұру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жагдай күннен-күнге қиындай берді.

Негзгі себептері. 80 жылдарга қарай халық шаруашылығындағы тоқыраушылық айқын көрінді. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмір де отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. ¥лт-тық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954—1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуықмектеп жабылды. Қазақтілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тавдыры толғандырмады.

Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Мәскеуде ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендігі сөз жүзінде ғана болды.

Қазақстан партия басшысы Д. Қонаев өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д. Қонаевтың өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Д. Қонаев маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік, экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немкұрайды қарады.

Желтоқсан оқиғасы (1986)

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына жылдар бойы қордаланған осыңдай себептер түрткі болды. Орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар, шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар наразылықтың негізгі себептері болды.

Наразылықсылтауы. 1986 жылы желтоқсанда Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Қазақстанды көп уақыт бойы баскарған Д. Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин тағайыңдалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.

Оқиға барысы 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында республика басшылығының ауыстырылуына қарсылық ретінде жастар толқуы басталды. Мұндай наразылықтар басқа қалаларда да өтті. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Жастар толқуы бейбіт жағдайда Алматы көшелерінде басталды. Жастар шеруі кұқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан алшақ болды. Тек лениндік ұлт саясатының бұрмалан-бауы, әр ұлтқа өз басшысын қою керек деген сөз жазылған тақтайлар ұстап жүрді. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тындағылары келмей, олардың тез тарауын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінің ішкі әскер бөлімдері әкелінді.

Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойылдар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.

Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендердің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оку орындарынан, комсомолдан шығарылды. Оку орнынан 271 студент, комсомолдан 787 адам шығарылды.

Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова сияқты жастар жазықсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-сы ақталды. 1987 жылғы КОКП Орталық Комитеті Алматыдағы 1986 жылғы жел-тоқсан оқиғасын «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.

Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КОКП ОК-ның желтоқсандағы жастар шеруін қазақ ұлтшылдыгы деп кінәлау қате деген қаулы шығарды. КСРО халықдепутаттарыныңі съөзінде ақын, қоғам қайраткері М. Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.

Жаңаөзендегі оқиғалар

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы мұнай, газ кен орындарына жұмыс күшін үкімет сырттан әкелді. Сырттан келгендер мен байырғы тұрғындар арасында әлеуметтік әділетсіздік орын алды. Мұндай әділетсіздік үй, азық-түлік бөлуде де орын алды. Жастар арасында жұмыссыздық көбейді. Тұрғын үй кезегі ұзаққа созылды. Сонымен қатар сырттан келгендер қазақ халқының ұлттық мүддесімен санаспады. Осының бәрі 1989 жылғы Жаңаөзен қаласындағы қазақтар мен Кавказ ұлттарының өкілдері арасындағы қантөгіске ұласқан қақтығысқа себеп болды. Қақтығыс әскерилердің көмегімен басылды. Осы оқиғадан кейін сырттан вахтамен жұмыс істейтіндер қаладан әкетілді.

Қарағандыдағы кеншілер ереуілі

1989 жылы шілдеде Қарағанды көмір кенінде жұмыс істейтін кеншілер ереуілі болды. Ереуілге 15000-ға жуық адам қатысты. Олардыңталабы: жалақы есіру мәселесін шешу, Семей ядролық полигонын жабу, орталықтың монополиясын тоқтату т.б. Ереуілді Д. Тегісов, М. Рамазанов, П. Шлегель, П. Перебойнос т.б. басқарды. Ереуілшілермен кездесу үшін Қазақстан коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаев Қарағандыға келіп, ереуілшілерді тыныштандырды. Кеншілер мен республика үкіметінің көзқарасы бір жерден шықты.

Кеңес саяси жүйесіне реформа

1989 жылы мамырда КСРО халық депутаттарының I съезі өтті. Съезде елді жайлай бастаған дағдарыстың себебі туралы мәселе қаралды. Бұл съезден кейін компартияның билігі өз беделінен айырыла бастады.
М. Горбачев бастаған партия басшыларының қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол,кәсіподақ қызметтері де үздіксіз сыналды.


КСРО халық депутаттарының I съөзінде жаңа одақтық келісімшартты жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады.

Қоғамдық-саяси қозғалыстар

80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандануына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

  1. жылы Қазақстанда алғашқы болып «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Қозғалыстың мақсаты - республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сүлейменов. Ақын, қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экология-лық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.

  1. жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.

1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.

Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын кұрды.

1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды.

1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция екілдері кірді.

Осы кезде «Желтоқсан» партиясы қүрылды. Бұл партияның қүрамына 198бжылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.

1989 жылы «Әділет» қоғамы кұрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру көзіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақ-станда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақтілі», «Мұсылман әйел-дер лигасы» сияқты қоғамдық-саяси қозғалыстар құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қоз-ғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық-саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезіңде болды. «Невада-Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.

1990 жылы Қазақстан коммунистік партиясы кұра-мында 800000-ға жуықмүше болды. Осы кезден бастап компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделі түсуіне айтарлықгай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42%-ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.

90 жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған казактар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15қыркүйекте Орал каласында казактар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабыддады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен санаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды.

Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары

80 жылдардың соңына қарай Қазақстанның сыртқы экономикалық рынокқа шығуына біршама мол мүмкіндіктер туды. Экспортқа тауар шығару жөнінде Қазақстан КСРО-да 5-орында болды. Қазақстан тарапынан экспортқа шығаратын өнімнің 97%-ы шикізат болды. Одақ көлемінде экспортка шығаратын мыстың 72%-ы, фосфордың 90%-ы, қорғасынның, мырыш пен хромның 100%-ға жуығы Қазақстан үлесіне тиді. Егемендік алған жылдары елімізде сыртқы экономикалық қатынасқа байланысты «Қазақ КСР-дегі сыртқы экономикалық қызметінің принциптері туралы», «Қазақ КСР-дегі шетел инвестициялары туралы» т.б. заңцар қабылданды.

Сыртқы экономикалық байланыстың кеңеюі нәтижесінде елімізде Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі, Сыртқы экономикалық банкі сияқты ірі ведомстволар құрылды.

1990 жылы Қазақстан және Сауд Арабиясы біріккен «Аль-Барака-Банк-Қазақстан» банкі құрылды.

«Самсунг», «Голд Стар» сияқты Оңтүстік Кореяның ірі компаниялары Қазақстанда өз өкілдіктерін ашты.

1991 жылы Қазақстанда шетелдің 24 біріккен кәсіпорны жұмыс істеді. Біріккен кәсіпорындардың көбі халық тұтынатын тауарлар шығаруға бағытталды.

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1990 жылы 21,7 млн сомды құрады. Алматы-Үрімші-Алматы әуе жолы, Жаркент-Инин автомобиль жолы іске қосылды. Республикада Жәйрем-Атасу, Қарағанды, Маңғыстау сияқты еркін экономикалық аймақтар сыртқа экономикалық байланыс жасайтын негізгі бағыттар болды.
2.1985-1991 ж.ж. Қазақстан экономикасы жүйесінің дағдарысы.

1991 жылы Казақстан халкының42,4%-ы (7млн 124,6 мың) ауылда тұрды. Халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілуі жағынан ауыл қалаға қарағанда көп артта қалды. Ең алдымен ауылдың қаражатпен қамтылуы өте баяу жүрді. Мысалы, 1991 жылға қарай Қазақстандағы ауылдық жерлерде халықтың тұрғын ұймен қамтылу мәселесі басқа республикаларға қарағанда артта қалды. 90 жылдарға қарай Қазақстанда 67,5 мың шақырым асфальтталған автомобиль жолы болса да, ауылдық жерлерді көлікпен қамтамасыз ету ісі нашар дамыды. Ауылдың әлеуметтік жағдайы 90 жылдардың басына қарай күрт нашарлады. 70 жылдары болашағы жоқ деген желеумен көптеген ауылдардың, сонымен бірге мәдени орындардың жойылуы ауылдықжерлердегі халықтың әлеуметтік жағдайын қиындатты. Халық күнделікті тұтынатын өнімдердің көбі азайып кетті.

Ауылдықжерлердегі халыққа білім беру ісінде көпте-ген олқылықтар байқалды. Ауыл мектептерін заман талабына сай компьютермен қамтамасыз ету артта қалды. Көп мектептерде окушылар саны күрт азайып кетті. Ауылдық жерлерде білікті дәрігерлер жетіспеді, кейбір ауылдарда дәрігерлік мекеме жоқ болды. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Жезқазған облыстарында халықтың әлеуметтік жағдайы өте нашар болды.

Лекция №23-26 XX ғ. соңы мен XXI ғ. басындығы Қазақстан (1995-2000жж.)
Жоспар:

1.Қазақстандағы XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдай.

2.XX ғ. 90 жылдарының екінші жартысындағы Қазақстан экономикасы.

  • 1992-1994 жылдары республикада совхоздар мен колхоздарды қайта кұру саясаты жүргізілді.

  • 1987 жылдың басы ауыл шаруашылығында 51885 шаруашылық объектісі кұрылды.

  • 47393 шаруа қожалығы;

  • 991 шаруашылық серіктестігі;

  • 2614 өндірістік кооператив;

  • 399 акционерлік қоғам;

  • 120 эртүрлі кзуымдастык;

  • 95 мемлекеттік кэсіпорын;

  • 273 колхоз;

1997 жылдың алғашкы жартысында 2106 ауыл шаруашылық кәсіпорын шаруашылык жүргізудің мемлекеттік емес объектілеріне өзгертілді (1997ж.). Меншіктің жаңа нысандарының тұрақтануы өте күрделі экономикалық жағдайда жүргізілді.

Ауыл еңбеккерлерінің экономикалық жағдайыныц тұрақсыздығының пайда болу себептері:

  • Шаруашылық байланыстардың бұзылуы.

  • Ауыл шаруашылығы мен өнеркэсіп арасындағы тауар алмасудағы баға теңсіздігінің (диспаритет) артуы.

  • Құнсыздану.

  • Бюджеттің жетіспеушілігі.

  • Несиелік ресурстардың кымбаттауы.

Экономикалык реформаны жүргізуде кешенділіктің, жан-жактылықтың
болмауы.

Өнеркәсіп өнімдерінің бағасы босатылғанымен (еркін баға),

ауылшаруашылық өнімдерінің көптеген түрлеріне мемлекет тұрақты сатып алу бағаларын белгіледі. Жекешелендірілген кэсіпорындарға мемлекеттік тапсырыс берілді. Нәтижесінде, өнеркәсіп өнімдерінің бағасы ауылшаруашылык өнімдеріне қарағанда тезірек өсіп отырды.

Меншіктің барлық нысандарына, астық дайындауға берілетін мемлекеттік


тапсырыс 1995 жылы тоқтатылды. Баға қайшылығыныц салдарлары:

  • 1992-1996 жылдары баға деңгейінің жоғарылуы - 6,8 есеге есті;

  • Агроөнеркэсіп кешені (АӨК) - 21 млрд. теңге жоғалтты.

  • Ауылшаруашылық қүрал-саймандарын сатып алу бағасы жэне электр қуатының бағасы - 40%-га өсті.

  • Жанар-жағармай материалдарының бағасы - 25%-ға артты.

  • Табыссыз шаруашылықтар саны күрт көбейді.

Шаруашылыктар өндірісті ете қымбатқа түсетін несие есебінен ғана жүргізе алатын болды.

Ауылшаруашылығына белінген төлемдердің түрақты кешігуі қаражаттардыц құнсыздануына әкеп сокты. Нәтижесінде ауылшаруашылық кэсіпорындары банкротқа үшырауға жақындады (1994-1996 ж.ж.):

  • Жыл бойына еңбекақы төленбеді.

  • Шаруашылыққа қажетті тауар алуға каражат жетіспеді.

1995-1996 жылдары ауыл шаруашылығына коммерциялық банктер беретін несиелер қысқартылды (1996 жылы - 44%-га).

Егістік жерлер көлемі азайды: 1994 жылы - 35 млн. га. 1996 жылы - 25,6 млн. га.



Топырақ деграциясы (эрозия, қайта тұздану) орын алды.

Мал жэне құс саны кеміді: 1991 жылы - 16,6 млн.



1997 жылы - 8,1 млн. (51%-ға кеміді). Ауылшаруашылық кэсіпорындары мал,астық, жанар-жағармай, косалқы бөлшектерді жұмысшыларға еңбекақы орнына төлеуге мәжбүр болды.
3.1995-2000 жылдары Қазақстан үкіметінің әлеуметтік саясаты.

4.1995-2000 ж.ж. мәдениет, ғылым білім және денсаулық.

90-жылдарда өнер мен әдебиет идеологиялық қысым азабынан босану кезеңінде болды. Халыктың өткен тарихқа,жеке тұлғаларға кызығушылығы және жеке адамға табынудың шындығын білуге ынтасы туды.

Қазақ халқының ауыр тағдыры туралы жазылған күрделі шығармалар авторлары: І.Исенберлин, Ә.Кекілбаев, С.Жүнісов, КЛСүмаділов, М.Мағауин т.б.

Қоғам мен жеке түлғалардың өзара қарым-қатынасы, тұрмыстың қилы мәселелері терең зерттелген еңбектер жазған жазушылар: Ш.Исабеков, И.Щеголихин т.б.

Халықтың өткен тарихындағы қасірет шманды жырлаған азаматтық үнге толы азиялық шығармаларды дүниеге әкелген кынлар: Ж.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, М.Шаханов т.б.

Халыктың өнер-айтыс дәстүрін жанғыртушы ақындар: М.Көкенов, Беркенова,Ә.Қалыбекова, Қ.Әбілов, т.б.

Алматы жасөспірімдер театры Ш.Нұртазаның "Сталинге хат", М.Әуезовындағы театр Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" пьесаларын қойды.

1991 жылғы республикадағы мәдени орындар: 5 тілде жұмыс істейтін 48 кэсіптік театр; 26 концерттік ұйым; 9 мыңнан астам клуб үйлері;

10 мыңға жуық көпшілік кітапхана;49 ұлттык-мәдени орталық.

Ұлттық мәдениет күндері мен фестивальдарды, "Наурыз" секілді халықтық мерекелерді өткізу дәстүрге айналды. 90-жылдары өнер қайраткерлерінін қатары тандаулы есімдермен толықты: Қ.Байбосынов, Қ.Ахмедияров, Ж.Кэрменов, А.Мүсакожаева, Ж.Әубәкірова, Е.Құрман-ғалиев, Н.Өскембаева т.б.Халықтық музыканы дамытуда « Отырар сазы», «Сазген», «Адырна» секілді ұжымдар ерекшеленді.

80-жылдардың соңында ұлттық киноға өзіндік көркемдік ойы және идеялык ұстанымы бар кино жасаушылардың жаңа ұрпағы келіп қосылды. Шығармашылық жаңашылдығымен және әлеуметтік күйзелістердінақты көрсетуімен ерекшеленген фильмдер тобы:

  • «Соңғы аялдама» - режиссері С.Апырьшов

  • «Адамдар арасындағы бөлтірік» Т.Теменов.

«Бейбарыс сұлтан» - Ф.Мансүров.О.Рымжанов, С.Азимов, В.Рерихтың өткір проблемаға, шыншылдыкка құрылған соңғы деректі кино шығармалары-ерекше туындылар.

Ең бір күрделі проблемаға душар болған мәселе - қазақ және басқа да ұлт тілдерін дамыту қажеттігі.

Қазак тілінің жағдайы сын көтермейтін дағдарысқа ұшырады:

  • Қалыпты жағдайда дамыған тіл 80 қоғамдық функцияны атқарса, қазак тілі бар болғаны 10 түрлі функцияда пайдаланылды.

  • Қазақ тілі іс қағаздарын жүргізуден шеттетілді.

  • 60-90 жылдары Көкшетау, Солтүстік Қазакстан, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында қазақ мектептерінің саны күрт қысқарды.

  • Қала жастары ана тілінде сөйлей алмайтын деңгейге дейін төмендеді.

  • Ата-аналар мен балалары әр түрлі тілде сөйлейтін жағдайға жетті.

Тіл мәдениетіне деген мұндай теріс көзқарас қазақ халкының ғасырлар бойы қалыптасқан эдебиетіне, тарихына жэне салт-дәстүріне салқынын тигізді.

Орыс тілінің мэдениетін көтеруге деген талап төмендеп, жаргондық сөздер көбейді.

Қоғамды жаңарту жағдайында бұл келеңсіз құбылыстарды ашык талкыға салу мүмкіндігі туды. «Тіл туралы Заңның» жобасы жарияланып, жұртшылық талқылауына ұсынылды.

  • 1989 жылы 22 кыркүйек - «Қазақ КСР-дегі тілдер туралы Заң» қабылданды.

  • Қазак тілі - мемлекеттік тіл.

  • Орыс тілі - ұлтаралық катынас тілі болып жарияланды.

Республикада қазақ тілін қайта түлету және дамыту жөнінде жұмыстар аткарылды:

  • 1990жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейін қазақ тілінде тэрбиелейтін 482 балабақша салынып, барлығы 1677 болды.

  • Қазақ тілінде жалпы білім беретін 155 мектеп, 4 кәсіптік-техникалық училище ашылды.

  • Іс қағаздарын қазақша дайындайтын жэне қазак тілінде басатын мамандар даярлайтын кәсіптік-техникалық училище жұмыс істеді.

Алматы каласында, Қарағанды, Ақмола облыстарында татар және неміс тілдерінде оқытатын мектептер ашылды. Республикалық теледидар мен радио 6 тілде хабар таратты.

1988 жылы Қазақстан компартиясы ОК-нің қаулысымен 30-40жылдары және 50-жылдардың бас көзінде сотталып, жазаға ұшыраған казақтың даңқты ұлдарының есімі халқына кайтарылды.

Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, М.Дулатовтың шығармашылық мұралары ақталды.

Қазакстан Компартиясы ОК-нің 40-жылдардың екінші жартысында жэне 50-жылдардың бас көзінде идеология мен ғылым мэселелері жөнінде қабылдаған біркатар қаулыларының күші жойылды.

  • 1947 жылғы 21 қаңтардағы «Қазак КСР Лшһш Ачедамюйжггаг және әдебиет институтының дөрекі саяси қателіктері туралы» каулысы күшін жойды.

  • 1990 жыл қыркүйек - Н.Назарбаевтың "30-40 ж.ж. аралығында және 50-ж. басында заңсыз қуғын - сүргіннен зардап шегіп, кейін ақталған азаматтарға жәрдем керсету жөніндегі шаралар туралы" жарлығы шықты.

Бұл шаралар тыйым салынып келген көптеген көркем шыгармаларды терең зерттеуге мүмкіндік туғызды.

5.Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі басты сыртқы саясаты (XX ғ. аяғы- XXI ғ. басы.)

Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш Түркия, АҚШ, Қытай, Иран, Пәкістан, Канада, Швейцария т.б. мойындады.

1992 жылдың ортасында Қазақстанның тәуелсіздігін таныған әлемдегі мемлекеттердің саны 30-дан асты.

  1. жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды. Қазақстан Республикасы әлемнің көптеген мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастар орнатты. «Филлип Моррис», «Шеврон» (АҚШ), «Ахсел», «Окан Холдинг» (Түркия), «Самсунг» (Корея) т.б. ірі шетелдік компаниялар Қазақстанда жұмыс істей бастады.

  2. Республиканың сыртқы мәдени байланысы айтарлықтай нығайды. Абай мен Жамбылдың, Мұхтар мен Қаныштың мерейтойлары ЮНЕСКО көлемінде тойланды. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев ядролық қарудан еркін аймақ болуы туралы Лиссабон хаттамасына қол қойды.


«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша оқу-әдістемелік қамсыздану картасы




Сабақ түрі (лекция, семинар, СОӨЖ)

Сағ. саны

Тақырып атауы

Өткізілетін сабақтың мақсаты мен міндеті

Тақырып бойынша қолданылатын әдебиеттер

Әдістемелік нұсқаулар

Қосымша пайдаланылатын материалдар (схемалар, заңдар)

Техникалық құрал-жабдықтар

Тақырып бойынша СОӨЖ

Тақырып бойынша СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Лекция

2

Кіріспе дәріс. XX-XXI ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері.


XX-XXI ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері туралы мәліметтер беру. Кеңестік және шетелдік тарихнаманың (ХХ-ХХІғ. басы) қазақ тарихына қатысты «ақтаңдақтарын» ашып көрсету.

















2

Лекция

4

1917 жылы Ресейдегі қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы


1917 жылы Ресейдегі қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы және бірінші және екінші бүкіл қазақстандық съездер туралы мәліметтер беру. Еліміздің тарихына құрметпен қарауға, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

















3

Лекция

4

Қазақстан XXғ. 20-ж.I-жартысындағы Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)

Қазақстан ХХғ.20-шы.І-жартысындағы Жаңа экономикалық жағдай, өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы туралы мақсаттау.

















4

Лекция

6

Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында

Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстан әскери лагерь бөлімі, мәдениеті мен ғылымы туралы мақсат ету.

















5

Лекция

4

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1965ж.ж.)


Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы.«Тың және тыңайған» жерлерді игеру Отансүйгіштікке тәрбилеу.

















6

Лекция

2

КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстан (1985-1991ж.ж)

КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстандағы саяси жағдайлар.

















7

Лекция

4

XX ғ. соңы мен XXI ғ. басындығы Қазақстан (1995-2000жж.)


Қазақстандағы XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдай
















8

Лекция

4

Қазақстанның басқа елдермен саяси және экономикалық байланыстардың дамуы (2001-2009ж.ж)


Қазақстанның басқа елдермен саяси және экономикалық байланыстардың дамуы Ресеймен экономикалық байланыстары
















9

Семинар

1

Кіріспе .XX-XXI ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері.



















10

Семинар

1

1917 жылы Ресейде қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы



















11

Семинар

1

Қазақстан октябрь революциясы және азамат соғысы жылдарында (1917-1920)



















12

Семинар

1

Қазақстандағы «Соғыс коммунизм» саясаты және оның ерекшелігі.



















13

Семинар

1

Қазақстандағы индустриализация және оның ерекшелігі мен қайшылықтары (1928-1933 ж.ж.).



















14

Семинар

1

Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (1928-1933жж.)



















22

Семинар

1

Соғыс қарсанындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай.



















23

Семинар

1

Қазақстандағы 20-30-шы ж.ж. мәдени құрылыс



















24

Семинар

1

Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында



















25

Семинар

1

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1964 ж.ж.)



















26

Семинар

4

Қазақстан XX ғ. 1965-1985 ж.ж.



















27

Семинар

1

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің қайта тууы. (1991-1996 жж.)



















28

Семинар

2

XX ғ. аяғы мен XXI ғ. басындығы Қазақстан (1997-2009 жж.)





















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет