Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы



бет1/21
Дата27.12.2016
өлшемі4,39 Mb.
#5838
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан орта ғасырлар тарихы

пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы

050114 «тарих» мамандағы студенттеріне арналған

(бакалавриат)

Қостанай 2009

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан қазіргі заман тарихы

пәннің силлабус жинағы

050114 «тарих» мамандағы студенттеріне арналған

(бакалавриат)

Қостанай 2009



Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні

1.Типтік бағдарламасын жасаған

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті тарих факультетінің тарих кафедрасының доценті т.ғ.к. Утебалиев Ж.Е., доцент міндетін атқарушы Қайрғалиев М.Қ.; мақұлдаған Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалык үниверситетінің оқу-әдістемелік бірлестігі. Б. №7 03 0305 ж.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 11. 05. 2005 ж. №289 бұйырығымен бекітілген және пайдалануға рұқсаты етілген.



3. Бірінші рет енгізілген

4. Типтік оқу бағдарламасы 050114 «Тарих» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған.

Бұл типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің рұқсатынсыз көбейтіліп таратылмайды.

Автор: т.ғ.к.., доцент Утебалиев Жигер Есиркепович т.ғ.к Қайргалиев Максут Қайргалиевич
Түсініктеме сөз.

Қазақстан Республикасьшың тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймақтарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.

Бағдарламада бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі кезең аралығында еліміз жүріп өткен тарихи кезеңдерге талдау жасалады. Курстың тарих намасына оның ішінде алаш қайраткерлерінің еңбектеріне, Республиканың даму переспективасына байланысты өткізілген әр кездегі пікір-сайыстарға баса көңіл бөлінеді. Дерек көздерін молайту мақсатымен мұрағат, мерзімді баспа сөз беттеріндегі материалдарға, тақырыптық құжаттық жинақтардағы фактілерге көңіл аударылды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығы, жер мәселесішн шиеленісуі, азаматтық қарсы тұру жылдарындағы әртүрлі саяси күштердід ара салмағына талдау жасалады.

Бұл курста сонымен катар бұрынғы оқулықтарда айтылмаған немесе бұрмаланған мәселелерді камтуғада талпыныс жасалды. Атап айтқанда қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы мен қызметі, Қазақстанның біртұтас атырабын қалыптастыру, ҚАССР-нің тұңғыш Конституциясының жасалуы және оның негізгі кағидалары.

Индустриаландыру бағытын қарастырған кезде жетістіктермен қатар жіберген кемшіліктерге де тоқталынады. Атап айтқанда өнеркәсіпті дамытудың шикізаттық бағыты, жұмысшы табының арасындағы казақ өкілдерінің үлес салмағы мен кәсіби деңгейіне жан жақты талдау жасалынды. Курсты оқыту барысында Ұлы Отан соғысы көзіндегі белгісіз фактілермен бұрмалангаи мәселелерге көңіл аударылады.

Неміс-фашист басқыншыларына азат етілген аудандарға Қазақстаннын бергсн көмегі туралыда мәліметтер айтылады. Тағыда ір көңіл аударылған мәселе - Ұлы Отан соғысынан кейінгі саяси қуғын-сүргіннің екінші кезеңнен басталуы және оның кұрбандары. Токырау көзіндегі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығынын жағдайы, артта қалу себептері, Ұлт аралық қатынастағы көленке мәселелер мен онын себептері қарстырылады.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасынын құрылуы шет мемлекетіермен дипломатикалық қарым қатынасы, сыртқы эконмикалық саясаты, шаруашылык-әкімшілік реформалардың іске асырылуы мен оның қортындыларына көңіл аударылды.

Егемендік кезеңінде еліміздін саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер туралыда айтылады. Мәселен саяси партиялар мен коғамдық қозғалыстардың өмірге келуі, олардың бағдарламалык принциптері, ұлт аралық татулықты сақтау т.б. мәселелер қамтылады.

Курстік типтік бағдарлама



1-тақырып. Қазақстан I дүние жүзілік империалистік соғыс кезеңінде.

I дүние жүзілік империалистік соғыстын отарланған ұлт аймактарына әсері. Қзакстанда бұқара халыктың жағдайының нашарлауы, салықтың өсуі. Патша өкіметінің казақ шаруаларынын малдарын тартып алу. Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп жетілуі.1916 жылғы 25 маусым жарлығы, оның мәні. 1916 жылгы ұлт азаттык көтерілстің себебі, козғаушы күші, сипаты, басталуы, онын барысы және негізгі кезеңдері. Котерілістін б:лсшы;тры. Патіпа окіметінің жазалаушы отрядтарына карсы құресі. Көтерілістің себетері, оның тарихн манызы. Көтеріліс туралы казіргі тарихнамадағы кезқарас.

2-тақырып. Қазақстандағы 1917 жылгы Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы.

Уақытша үкіметтің құрылуы. Қазақстанда Советтердің құрылуы. Уакытша үкіметтің Қазақстандағы саясаты. Жер және ұлт мәселесі. Бұқаранын әлеуметтік ынтасының өсуі. «Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы және оның бағдарламалары. Қазақстандағы царизмнің аграрлық саясаты.

3-тақырып. Қазақстан шетел интервенциясы мен азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жылдар).

Қазақстанда шетел соғыс интервенциясы мен азамат соғысының басталуы. Қазақстанда Қызыл Армияның ұлттық бөлімдерінің қалыптасуы. Шығыс және басқа майдандардың құрылуы. Қазақстан территориясындағы партизан соғысы.

4-тақырып. Қазақ кеңес мемлекетінің құрылуы.

Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялык комитеттің құрылуы және оның қызметі. Революциялық комитеттерден кеңестерге өту. 1920ж.26-тамыздағы Кеңес үкіметінің «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декреті. ҚАКСР кеңестерінің құрылтай съездері. «Қырғыз (Қазақ) АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» және оның мазмұны. Кеңестердің бірінші құрылтай съезі.

5-тақырып. Қазақстандагы жаңа экономикалық саясат.

ЖЭС-қа өтудің әлеуметтік-экономикалык және саяси алғы шарттары. Социалистік, капитализмге дейінгі және стихиялы тауар-нарықтык бағыттардың күресі: «Кімді кім жеңеді» мәселесі. Экономикалық көп укладтылықтың қалыптасуы. ЖЭС-тің екі жағы және екі кезеңі.

6-тақырып.Өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылыс.

ҚАССР-ның тұңғыш Конституциясының қабылдануы оның негізгі принциптері Қазақстан мен Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік межелеу, бір тұтас Қазақстан атырабының қалыптасуы. Жер-су реформасының іске асырылуы. Шабындық және жайылымдық жерлерді қайта бөлу. Ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеу. «Кіші Қазан» идеясы және оның зардаптары.

7-тақырып. ЖЭС- әлеуметтік-экономикалық нәтижелері.

Өнеркәсіпті, көлікті және ауыл шаруашылығын кайта калпына келтірудің басталуы. Саудадағы кооперативтік қозғалыс. ЖЭС идеясынан ауыткушылыктың басталуы. 1927-1928 жж. азық-түлік дағдарысы. Ауыл шаруашылык өнімдерін күшпен дайындауға көшу.Шаруаларға қарсы бағытталғак жаппай куғын-сүргіннің
күшейуі. Ұжымдастыру-шаруалар қасіреті. Индустрияландыру: сипаты, ауқымы, қарқыны. Қазақстандағы коғамдық - саяси ахуал.

8-тақырып.Қазақ КСР-інін құрылуы.30-жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық саяси өмір. Жаппай қуғын-сүргін жағдайға тусуі. Елдегі бюрократиялык орталықтандыру дың орын алуы және негізгі кезеңдері. Жеке адамға табыну идеологиясының орын алуы және оның зардаптары. Республикадағы әлеуметтік, демографиялық және этнодемографиялық ахуал. Қазақ КСР-інің 1937ж. Конституциясының қабылдануы және оның принциптері.

9-тақырып. Қазақстандағы 1920-1930 ж. мәдени құрылыс.

Мәдени мекемелердің жұмысындағы өзгерістер халыққа білім беру ісі. Сауатсыздықты жою. Латын алфавитіне көшу. Ғылымның дамуы және ғылыми мекемелердің құрылуы. Жоғары мектептерді ұйымдастыру және олардың қызыметі. Қазақ кеңес әдебиетінің қалыптасуы және оның көрнекті өкілдері. Саяси қуғын-сүргіннің зардаптары. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі он күндігі және оның қортындылары.

10-тақырып. Қазақстан Ұлы Отан соғысы көзінде 1941-1945 жж.

Фашистік-милитаристік топтардың билікке келуі, әлемдік ұстемдікке ұмтылуы. КСРО-ның соғысқа жол бермеу бағытындағы шаралары. Англия мен Францияның ұстанған саясаты. Фашистік Германиянын КСРО-ға басып кіруі, күштердің ара салмағы, экономикалык потенциалдары. Соғыстың алғашқы көзіндегі сәтсіздіктер, онын себептері. Соғыс каупі төнген аймақтардағы өндіріс орындарын Шығысқа көшіру. Елдің экномикасын соғыс мүдесіне бейімдеу. Антифашистік митингілер. КСРО жоғарғы кеңесінің жаппай мобилизациялау туралы жарлығы. Азаматтардың жалпыға бірдей әскери өнерге үйрету, армияға резервтер даярлау. Әуе және химиялық шабуылдан қорғану, әскери ойындар өткізу. Қазақстанда әскери құрамаларды жасақтау және олардың шешуші шайқастарға қатысыуы.

11-тақырып. Ұлы Отан соғысы көзіндегі мәдениет пен ғылым.

Республика азаматтарының сауаттылық деңгейі. Ағарту мекемелері жүйесінің кеңеюі. Емитихан сынақтарының енгізілуі. Ұлттық мектептерге орыс тілі пәннін енгізу. Мәдениет мекемелерінің патриоттық тәрбие беру жұмыстары. Жоғарғы оқу орындарың ашылуы. Қазақстан ғалымдары мен өнер қайраткерлерінің ұлы жеңеіске қоскан үлесі.

12-тақырын.1946-1970 жылдардағы Қазқстанның қоғамдық экономикалық жағдайы. Соғыстың халық шаруашылығына тигізген зардабы. Қалпына келтіру дәуіріндегі негізгі міндеттер мен қиыншылықтар. Жаңа өнеркәсіп орындарының салынуы Өндірістің тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыру жолындағы күрес. Өнеркәсіп пен транспорт саласында жоспардың мерзімінен бұрын орындалуы. Соғыстың, кейінгі қуаңшылық жылдарының қиыншылықтары. Колхоздарды шаруашылық-ұйымдық жағынан нығайту жолындағы шаралар. Егіс көлемін азайтуға тосқауыл қою. Өнеркәсіп орындарының колхоз, совхоздарға көмегі. Колхоздардың ірілендіру және оның нәтижелері. Ауылдардың жаппай электорлендіруі, малды асылдандыру, мал басын сақтау шаралары.

13-тақырып. 1970-1980 жж. Қазақстан. Ғылыми — техникалық прогресстің өндірісіне енгізіле бастауы. Тау-кен өндірісін механикаландыру және оның нәтижелері. Мұнай өндіру саласына прогресивті тәсілдерді енгізу. Кәсіп орыидарды жаца техника мен прогрессивті технологиямен жабдықтау, және бұл бағыттағы кедергілер мен қателіктер.Өндірісті басқарудын салалық принциптеріне кайта көшу онын тиімді жактары. Кәсіпорындарыдын шаруашылық-есеп жүйесіне көшуі. Реформаның аякталмай калуы, оның себептері.

14- тақырып. Қазақстан қайта кұру мен тәуелсіздік жолында.

Қазақстан Республикасының-жариялануы. Желтоқсан құрбандарын сақтау. Одақтың дәуірден мұраға қалған ауыр жүк -Арал, Семей проблемалары, экономиканың шикізат кезі ретінде біржақты дамуы. Тәуелсіз Қазақстанды дамытудын стратегиялық бағыттары. Экономикалық мақсаттарға жетудің мезгілдік шеңбері мен кезеңдерін ашықтау. Жекешелендірудің алғашкы жылдардағы қорытындысы.

Әлеуметтік-экономикалык тереңдеу шаралары. Ресей сомы. Ұлттық валютаның енгізілуі. Нарықтық қатынасқа көшудің заңдық-қулықтың базаларын жасау. Шағын кәсіпкерлікті қолдау. Әлеуметтік саясатқа ықты жасайтын факторлар. Қазақстан халыктарының Асамблеясы, халық санынын азаюы, жас ұзактығы, тұрмыс деңгейі, халық ағарту саласындағы жағдайлар.

15-тақырып. Қазақстан-тәуелсіз егеменді мемлекет.

Саясат саласындағы стратегиялық мақсаттар. ҚР мемлекетік рәміздерінің қабылдануы. ҚР алғашқы конституциясы, негізгі арқауы. Алатау аудандық кеңесінің шешімі. Кеңес органдарының таратылуы. Сайлау жүйесінің қабылдануы. Биліктің тармақтары. Сайлау жүйесін демократияландыру. 1995 ж. Саяси дағдарыс. 1995 ж. 30 тамызда ҚР конституцияснын кабылдануы. 90-жылдардың орта көзінен бастап саяси партиялардың көптен курсына бастауы. (халық бірлігі, дәуірлеу, аграрлык, демократиялық, отан партияларының құрылуы.) Жолдау болашақ міндеттерді айқындау мен ілгері дамудың шарты. Басты стратегиялық мақсаттар, оған жету мүмкіншіліктері. Ұлттық қауіпсіздік, оны қамтамасыз ету жолдары.
Дәріс және семинар сабақтары тақырыптарның тізімі.


  1. Қазақстан I дүние жүзілік империалистік соғыс кезеңінде.

  2. Қазақстандағы 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық
    демократиялық революциясы.

  3. Қазақстан шетел интервенциясы мен азамат соғысы
    жылдарында (1918-1920 жылдар).

  4. Қазақ Кеңес мемлекетінің құрылуы.

  5. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат.

  6. Өлкедегі кеңестік мемлекет құрылысы.

  7. ЖЭС-тың әлеуметтік - экономикалық нәтижелері.

  8. Қазақ КСР -інің құрылуы.

9. Қазақстандағы 20-30 жылдардагы мәдени құрылыс.

10. Қазақстан Ұлы Отан соғысы көзінде (1941-1945ж.)

11. Ұлы Отан соғыс көзіндегі Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы.

12.1946-1970 ж. Қазақстанның қоғамдық-экономикалык жағдайы.

13.70-80 ж. Қазақстан.

14.Қазақстан қайта кұру мен тәуелсіздік жолында.



15. Қазақстан -тәуелсіз егеменді мемлекет.

Реферат тақырыптары.

  1. 1916 жылғы Жетісу өңіріндегі ұлт - азаттық көтеріліс.

  2. 1916ж. көтеріліс көзіндегі қазақ зиялыларының ұстанған
    саясаты.

  3. Алашорда үкіметтінің құрылуы және оның кызыметі.

  4. Қазақ комитетінің құрылуы және олардың қызметі.

  5. Қазақ өлкесін басқару туралы революциялық комитеттің
    құрылуы (Кирревком)

  6. Қазақстан мен Орта Азияны ұлттық - мемлекеттік межелеу
    және біртұтас Қазақстан атырабының қалыптасуы.

  7. М.Тынышбаевтың Түркістан -Сібір темір жолын салуға
    қосқан үлесі.

  8. 1936 ж. Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы апталығы және оның маңызы.

  9. Күштеп ұжымдастыру және оған карсы көтерілістер.

  10. Ұлы- Отан соғысы көзіндегі Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы.

  11. XX ғ. 50-жылдарындакы Казқстанның қоғамдық саяси ахуалы.

  1. Қ.Сәтбаев- көрнекті ғалым.

  1. Қазақстанда тарих ғылымының қалыптасуы және Е.Бекмаханов.

  1. Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның нәтижелері.

  2. Орал қорғанысы.

  1. Черкаск қорғанысы.

  2. 1965ж. реформа және оның халық шаруашылық маңызы.

  3. 1986ж. желтоқсан окиғасы және оның тағылымы.

  4. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы.

  5. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы және оның негізгі бағыттары.


Әдебиеттер тізімі

  1. Қозыбаев М.К. Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992 ж.

  2. Қойгелдиев М.К. Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы. А.,1992 ж.

  3. Нурпеисов К.Н. Становление Советов в Казахстане.А.,1995 ж.

  4. Нурпейісов К.Н. Алаш һәм алашорда.

  5. Омарбеков Т. Зобалаң. Изд.Санат, А.,1994 ж.

  6. Сүлейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане (причины, характер, движущие силы). А-А., 1977г.

  7. Турсунов Х.Т. Восстание 1916г. в Средней Азии в Казахстане. Т.,І950г.

  8. Асылбеков М.Х., Нурмухамедов С.Б., Пан Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане.А-А., 1976 г.

  9. Покровский С.Н. Разгром интервентов и внутренней контрреволюции в Казахстане (1919-1920 гг.)А-А.,1967г.

  10. Дахшлейгер Г.Ф.Турксиб-первенец социалистической индустриализации.

А-А.,1953г.

11.П.Елагин А.С. Социалистическое строительство в Казахстане в годы гражданской войны (1918-1920г. А-., 1966 г.



  1. Нусупбеков А.Н. Формирование и развитие советского рабочего класса в Казахстане (1917-1940г.) А-А.,1966г.

  2. Назарбаев Н.А. В потоке истории. Изд. «Атамура», А.,1999г.

  3. Назарбаев Н.А. На пороге 21 века А.,1996г.

  4. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. А.,1992г.

16.Назарбаев Н. А.Казахстан -2030 . Послание президента страны народу Казахстана. А.,1998г.

17.Абенов Е.Е., Арынов Е.М., Тасмаганбетов И.Н. Казахстан: эволюция государства и общества. А.,1996г.

18.Бабакумаров Е., Булуктаев Ю., Кушербаев К. Казахстан сегодня: Мир политических партии. А.,1995г. 19.Политические партии и общественные движение современного Казахстана. А., 1994 г.

20. Токаев К.К. Под стягом независимости. А.,2001г.


СИЛЛАБУС


Курстың аты: Қазақстан қазіргі заман тарихы

Курстың коды: IК 1101

Кредит саны: 3

Байланыс ақпараты


Аты-жөні

Жүргізу орны және уақыты

Исенов Өтеген Ихсанұлы

Лекция

Семинар

СОЖӨЖ

Деканат кестесі бойынша

Деканат кестесі бойынша

Деканат кестесі бойынша

Қазақстан қазіргі заман тарихын игеруге негіз боларлық пәндер (пререквизит)



Өкінішке орай жоғарғы оқу орнында Қазақстан тарихы бірінші курста оқылатын болғындықтан оқытушы олардың мектепте алған жүйелі біліміне сүйенеді. Тарих факультетінің студенттер үшін пән археология, этнология, алғашқы қауымдық тарихы, ерте дүние тарихы пәндерімен тығыз байланысты. Кейбер материалдар қайталанбас үшін пәнаралық байланыс орнатылып, тақырыптардың логикалық схемасы жасалуы қажет.

Қазақстан қазіргі заман тарихы - әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклындағы дербес пән. Пәнді оқыту барысында қоғамның негізгі даму процестері мен заңдылықтарын ежелгі заманнан күні бүгінгі дейінгі аралықты қамтиды.

Тарихи оқиғаларды оқып зерттеуде тарихи ақиқатын танып, ақтаңдақтардан ажырата білуге студенттердің мән беруіне үйрету. Сонымен қатар студенттердің тарихи ұлттық санасын қалыптастырып және тарихи ұлттық құндылықтарды танып білуге патриоттық сезімдерін қалыптастыру.


Алғы сөз.

Әлемдік білім кеңістігіне терең бойлап тәуелсіз Қазақстан өзін жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан білікті мамандарын биік деңгейден көргісі келетіндігі заңды құбылыс. Қазақстан мамандары дүниежүзілік саяси-экономикалық додада басқа жұртпен тең түсіп, өз үлесін бөгдеге қолынан бермей, білімді де білікті болуы жоғарғы оқу орындарындағы алатын білім сапасына байланысты.

Бұл орайда Қазақстан қазіргі заман тарихы пәніне қойылатын талаптар мен міндеттер студент жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиеленуге бағытталады. Тәуелсіздігіміздің арқасында оқу жоспарына кірген халқымыздың төл тарихы елеміздің нағыз патриоттарын дайындауда өз үлесін қосуға міндетті.

Қазақстан тарихы институтың барлық мамандықтары бойынша бірінші курста оқытылады. Оның негізгі мақсаты Қазақстан жеріндегі ру - тайпалар мен ұлыс - ұлттардың сонау көне заманнан осы күнге дейінгі тарихына тоқталу.



Осыған байланысты пән өзінін алдына төмендегідей міндеттер қояды:

  1. Халқымыздың тарихына байланысты қалыптасқан ұғымдар (дефениция) мен парадигмаларға түснік беру

  2. Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі, жаруашылығы және мәдениеті жөнінде білім беру

  3. Қазақ халқының әлем халықтар ортасында орны, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі және қазақ мемлекетінің келешегі жөніндегі көкейтесті мәселелерді талқылау.

Оқытушының негізгі мұраты- студент жастарға тек қана осы пән бойынша терең білім беріп қана қоймай, олардың азаматтық позициясының қалыптасуына ат салысу. Пәнді игерген маман елеміздің парасаты, іскер, жоғарғы мәдениетті, патриот азаматы болуы керек.


П р е р е к в и з и т т е р і Қазақстан қазіргі заман тарихының демократиялық және өркениеттілік бағытта дамуын айқындайтын шешуші тарихи факторлардың қағидалары мен өркениеттілікті өскелең ұрпақ бойында берік қалыптастыру болып табылады. Қазақстан қазіргі заман тарихының ұғымы жалпы адамзат дамуы заңдылықтары мен тарихын, оның тарихының кезеңдерін біліп, игеруді білдіреді. «Қазақстан жаңа заман тарихы» пәнінің өзекті мәселелерін, әсіресе бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесін жаңа заман тұрғысынан қарап одан әрі жалғастырып кеңіте түсетін пән «Қазақстан қазіргі заман тарихы» Жас мамандарды біртұтас және жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыруда олардың өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін барынша дамытатын, өркениеттілік құндылықтарға негізделген білімді бойларына сіңіріп, заман ағымына байланысты Қазақстан қазіргі заман тарихы тарихи өзгерістерін ой елегінен өткізе отырып, рухани-адамгершілік, мәдени-тарихи құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын Қазақстан орта ғасыр тарихы, Қазақстан заман тарихы,Қосалқы тарихи пән,т.б. басқа пәндер арасында «Қазақстан қазіргі заман тарихы» пәнінің пәннің жалғасы ретінде алатын орны ерекше.

П о с т р е к в и з и т т е р і Жоғары оқу орындарындағы жалпы білім беретін пән ретінде «Қазақстан қазіргі заман тарихы» курсының XXI ғ. білікті, білімді, мәдениетті адамын қалыптастыруда Қазақстан тарихының қазіргі заман тарихын оқып-білу үшін, жас ұрпақ мектеп қабырғасынан қоғамдық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негіздерін игеруі қажет. Жоғары оқу орындарында өтілетін Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану,құқық негіздері, этнология, білімдері, өнертану, дінтану, т.б. пәндермен байланысында Қазақстан жаңа заман тарихы білімдері әрі қарай нақтылана, толыға түседі. Қазақстан қазіргі заман тарихы Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы ғылымдар кешенінің негізі болып табылады.
Курстың мақсаты:

1.Қазақ халқының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін және шаруашылығы мен тұрмысын элеуметтік-саяси кұрылым жүйесінің тарихи даму заңдылықтарын оқып игеру.

2.Көшпенділер өркениетіндегі қазақ халқының өзіндік ұлттық ерекшелік өркениетіндегі еркшелігімен маңыздылығын ашу және әлемдік өркениет жүйесіндегі орнын көрсету.

3.Тарихи жеке түлғалардың тарихтағы орнын көрсету. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың және қоғамымыздағы реформалардың маңызын ашу.

4.Негізгі тарихи мэселелердің шешімін қарастыру: этногенез мемлекеттілік тарихи ұлт-азаттық қозғалыстар және саяси ағымдар, көшпенділер мәселесі және т.б.

5.Қазіргі жағдайдағы табиғатқа адамның қатынасын жэне экологиялық мәселелердің негізгі ерекшеліктерін ашу.

6. Алдымен қойылатын талап: ойлау қабілеті, сараптап ой елегінен өткізіп қабылдау.
Курстың саясаты:

-Сабаққа кешікпей қатысу.

-Сабақ үстінде сағыз шайнауға болмайды.

-Сабақ үстінде газет-журнал оқымау.

-Сабақ үстінде айнаға қарамау. (қыз балалар)

-Сабақ үстінде артық сөйлемеу.

-Сабақ үстінде ұялы телефонды сөндіру.

-Сабаққа тиісті киіммен келу.

-Қалдырған сабақ тапсырмаларының қарызын өтеу.(сабақтан тыс уақытта)

-Берілген тапсырма орындалмаса, қорытынды балыңыз кемиді.

-Оқу процесіне белсенді қатысу.

-Курстастарыңа, оқытушыға іззетті, ашық бол.

-Бағалау саясаты обьективтік принциптерді икемді жоғары саралауда негізделеді.

-Әрбір сабаққа міндетті дайындық:

-Берілген тапсырмаларды оқып меңгеру.

-Барлық тапсырмалар уақытылы қойылған мерзімінде орындалуға тиіс.

-Сабақты жіберген жағдайда барлық өтілген тапсырмаларды орындауға жауаптысыз.

-Егерде жіберілген сағаттар саны дәлелсіз болса (ауырмасаңыз немесе басқа да дәлелді себептердің анықтамасы болмаса) кредит сағат санының курс бойынша екі есеге артса, біз сізді курстан қалдырамыз.

-Сіз барлық топтың оқуына септігіңізді тигізуге тиістісіз.

-Сіз өзіңіздің оқуыңызға ден қойып жақсы білім алуға талапты болуға тиістісіз.

Оқу жылы барысында өзіңізге тиісті міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарауға тиістісіз.

-Оқу процесіне сіздің тек келіп кетуіңіз емес, сапалы қатынасыңыз маңызды екенін естен шығармаңыз.


Күтетін жетістіктер:

Тарихшы мамандығы студенттеріне:

- тарихтың ғылым ретіндегі мазмұнын, оның гуманитарлық білім жүйесіндегі орнын тану;

- Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері мен хронологиялық шеңберлері жөнінде мағлұмат алуы;

- Тарихи ойлау мен тұжырым жасап өз пікірін, көзқарасын білдіретін сауаттылық пен мәдениетін игерту;

- Ұлттық тарихи құндылықтар мен мұраттарымызды танып біліп назарда ұстауына үйрету;

- Этикалық және құқықтық қатынастар жүйесінің аясында адам мен қарым-қатынас жасау мәдениетін сіңіру;

- Болашақ мамандығын жақсы меңгерген шеберлік дағдыларын жетілдіру барысында ізденгіш еңбекқорлық дағдысын қалыптастыру;



Бағалар нәтижесі:

Барлық бағалар әрбір жұмыс тапсырма нәтижелерінің қорытындысы бойынша жинақталады:

Ағымдағы бақылау - 30 балл (лекция, семинар, СОЖӨЖ (студенттің оқытушының көмегімен игеретін өз бетімен жұмысы) СӨЖ (студенттің өз бетімен игеретін жұмысы) ағымдағы бақылау ) Шектік бақылау - 30 балл (2 шектік бақылау 60 балл) Қорытынды бақылау - 40 балл ( емтихан тестілік түрде ).
Бағалау жүйесінде әріптік таңбаларды қолдану:


Балдар(%)

Бағаның әріптік жүйесі

Балдың

цифырлық


баламасы

Баға

95-100

90-94


А

А-


4.0 3.67

Өте жақсы

85-89

80-84


75-79

В+

в

в-



3.33

3.0


2.67

Жақсы

70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

с+

с

с-



2.33

2.0


1.67

1.33


1.0

Қанағаттанарлық

0-49

ғ

0

Қанагаттанарлықсыз



Бағаның емтихандағы балдық жүйесі.


пайызы

Балдар

Баға

90-100%

37-40

5

75-89%

31-36

4

50-74%

20-30

3

0-49%

0-19

2


Әрбір сабақтағы балдық жүйе.


Лекция

0,5

15

Семинар

0,5-1

15

СОЖӨЖ

0,5

30

Барлығы

60


ІІ.Пәннің тақырыптық жоспары.




Тақырыптар


Дәріс

1

Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні


1

2

XX-XXI ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері.

1

3

1917 жылы Ресейдегі қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы


4

4

Қазақстан XX ғ. 20-30 жж. саяси-экономикалық жағдай

4

5

Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында

6

6

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1965ж.ж.)

4

7

КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстан (1985-1991ж.ж)


2

8

XX ғ. соңы мен XXI ғ. басындығы Қазақстан (1995-2000жж.)

4

9

Қазақстанның басқа елдермен саяси және экономикалық байланыстардың дамуы (2001-2010 ж.ж)


4




Барлығы:


30

Лекция сабақтарының жоспарымен мазмұны

Қазақстан қазіргі заман тарихы
Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні
Негізгі ұғымдар: Тарихи сана, далалық ауызша тарих, мәңгүрттік, шежіре, жазбаша деректер.
Мақсаты: Қазақстан қазіргі заман тарихы курсының пәндік мақсты мен міндеттерінің мазмұнын ашу.

Жоспар:

1.Пәнге кіріспе. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан қазіргі заман тарихынның кезеңдері.



2.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.

Мазмұны:

1.Пәнге кіріспе. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан Республикасьшың тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймактарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.

Бағдарламада бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі кезең аралығында еліміз жүріп өткен тарихи кезеңдерге талдау жасалады. Курстың тарих намасына оның ішінде алаш қайраткерлерінің еңбектеріне, Республиканың даму переспективасына байланысты өткізілген әр кездегі пікір-сайыстарға баса көңіл бөлінеді. Дерек көздерін молайту мақсатымен мұрағат, мерзімді баспа сөз беттеріндегі материалдарға, тақырыптық құжаттық жинақтардағы фактілерге көңіл аударылды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығы, жер мәселесінің шиеленісуі, азаматтық қарсы тұру жылдарындағы әртүрлі саяси күштердід ара салмағына талдау жасалады.

2.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Бұл курста сонымен катар бұрынғы оқулықтарда айтылмаған немесе бұрмаланған мәселелерді камтуғада талпыныс жасалды. Атап айтқанда қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы мен қызметі, Қазақстанның біртұтас атырабын қалыптастыру, ҚАССР-нің тұңғыш Конституциясының жасалуы және оның негізгі кағидалары.

Индустриаландыру бағытын қарастырған кезде жетістіктермен қатар жіберген кемшіліктерге де тоқталынады. Атап айтқанда өнеркәсіпті дамытудың шикізаттық бағыты, жұмысшы табының арасындағы казақ өкілдерінің үлес салмағы мен кәсіби деңгейіне жан жақты талдау жасалынды. Курсты оқыту барысында Ұлы Отан соғысы көзіндегі белгісіз фактілермен бұрмалангаи мәселелерге көңіл аударылады.

Неміс-фашист басқыншыларына азат етілген аудандарға Қазақстаннын бергсн көмегі туралыда мәліметтер айтылады. Тағыда ір көңіл аударылған мәселе - Ұлы Отан соғысынан кейінгі саяси қуғын-сүргіннің екінші кезеңнен басталуы және оның кұрбандары. Токырау көзіндегі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығынын жағдайы, артта қалу себептері, Ұлт аралық қатынастағы көленке мәселелер мен онын себептері қарстырылады.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасынын құрылуы шет мемлекетіермен дипломатикалық қарым қатынасы, сыртқы эконмикалық саясаты, шаруашылык-әкімшілік реформалардың іске асырылуы мен оның қортындыларына көңіл аударылды.

Егемендік кезеңінде еліміздін саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер туралыда айтылады. Мәселен саяси партиялар мен коғамдық қозғалыстардың өмірге келуі, олардың бағдарламалык принциптері, ұлт аралық татулықты сақтау т.б. мәселелер қамтылады.

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстан қазіргі заман тарихы курсының пәндік мақсты қандай?

2. Қазақстан қазіргі заман тарихы қандай кезеңдер аралығын қамтиды?

3.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің басқа қандай қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы бар?


Лекция №-2 Қазіргі замандағы Қазақстанның тарихнамасы және деректемелері.
Негізгі ұғымдар: Пролетариат, тап, тарихты идеологияландыру, мифтерге негізделген тарих,тарихи «ақтаңдақ». тарихи ақиқат.
Мақсаты: XX-XXI ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері туралы мәліметтер беру. Кеңестік және шетелдік тарихнаманың (ХХ-ХХІ ғ. басы) қазақ тарихына қатысты «ақтаңдақтарын» ашып көрсету.
Жоспар:

1.Қазақстан тарихы тарихнамасының зерделену проблемалары.( ХХ ғ.)

2.Кеңестік және шетелдік тарихнама (ХХ-ХХІ ғ. басы)

Мазмұны:

1.Кеңестік тарихтың жол-жөнекей жазылуы,коммунизм мен капитализмнің өзара арпалыстары. Тарихты идеологияландыруы. Ұлт проблемаларын ұпай жинауға пайдаланғандығы.Отандық тарих оның ішінде қазақ халқының тарихы саясат құрбандығына шалынуы.Мифтерге негізделген жалған,жалтақ тарихтың ірге тасының қалануы.Отан тарихын саясатқа бейімдеп «өңдеу»,өзгерту тәсілдері.Қазақ сахарысында пролетариат қозғалысының статусын әсірлеу мифі.Ұлттық мүддені пролетариаттық-таптық мүддеге бағындыру, ұлттық өзін-өзі билеу құқын шектеп ұлттық мемлекет құруда пролетариат диктатурасын табындыру.Бір орталық мемлекеттен қуыршақ ұлттық республикаларды өрбітіп жерін,байлығын алып,оны алу үшін жалындыру.

2.Тарихи әдебиеттегі приоритеттің бірі- Қазан төңкерісінің заңдылығы туралы миф. Қазақ кеңестік мемлекеттік статусты әсірелеу мифі туралы академик М.Қ.Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992 жылғы баспадан шыққан еңбегінде кеңестік дәуірдің тарихи ақтаңдақтары туралы ақиқатын ашты. Қазақстан тарихының концепциясы негізгі пайымдары,одақ көлемінде империялық бағытта жазылды. Бүгінде Отан тарихына тағлым ету,оның бетін жайлаған мифтерден асып өту тарихшылар әулетінің қарызы мен парызы.

Қазақстандағы азамат соғысы туралы Покровский С.Н. Разгром интервентов и внутренней контрреволюции в Казахстане (1919-1920 гг.) А-А.,1967 г., П.Елагин А.С. Социалистическое строительство в Казахстане в годы гражданской войны (1918-1920г. А-., 1966г.еңбектері жазылды бұл зерттеулер кеңес үкіметінің ролін дәріптей көрсетті.

Тарихнама мәселесі Отан тарихының өте нәзік жауапты саласы.Отан тарихының сүбелі бөлігі-мәдениет тарихы. Отан тарихы жаңа деректемелік негізде жазылу керек .



М.Қ.Қойгелдиев Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы. А.,1992 жылғы еңбеігінде Мұстафа Шоқайұлының қайраткерлік тұлғасын танытты. К.Н.Нұрпеисов. Становление Советов в Казахстане.А.,1995 жылы баспадан шыққан зерттеуінде қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы туралы тәуелсіз елдің тарихы тұрғысынан қарастырған.Қазақ зиялялары алаш арыстары хақында автор. Алаш һәм алашорда атты табанды зерттеу еңбегін жазып кетті.Т.Омарбековтың . Зобалаң атты Санат, баспасынан А.,1994 жылы жарық көрген еңбегінде кеңес үкіметінің солақай саясатының қазақ халқына тартқызған қасіреті мұрағат деректері негізінде берілген еңбнек.Сүлейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане (причины, характер, движущие силы). А-А., 1977 жылы шыққан еңбекте 1916 жылғы көтерілістің салдарын,тарихи сипатын,көтерілістің қозғаушы күштері туралы және көтерілістің тарихи маңызы туралы жазды.1916 жылғы көтеріліс мәселесі бұған дейін Х.Т.Турсуновтың Восстание 1916 г. в Средней Азии в Казахстане. атты А., І950 жылғы зерттеуінде де қарастырылған болатын.Асылбеков М.Х., Нурмухамедов С.Б., Пан Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане атты А-А., 1976 жылы жарық көрген еңбекте кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы өндірісте жұмыс жасайтын жұмысшы мамандар олардың кәсіби деңгейлерін көтерудегі оқу орындарының ашылуы мен кадр дайындау мәселерін қарастырды. Қазақстандағы индустрализациның бастамасы туралы Г.Ф.Дахшлейгердің Турксиб-первенец социалистической индустриализации атты А-А.,1953 жылы жарық көрген еңбегінде көрініс тапты.

Бекіту сұрақтары:

1. Тарихты идеологияландыруыды қалай түсінесің?

2.Отан тарихын саясатқа бейімдеп «өңдеу»,өзгерту тәсілдері қалай жасалған?

3.Қазақ сахарысында пролетариат қозғалысының статусын әсірлеу мифі туралы академик Манаш Қабашұлының қандай еңбегінде айтылған?

4.Бір орталық мемлекеттен қуыршақ ұлттық республикаларды өрбітіп жерін,байлығын алып,оны алу үшін жалындыру саясаты қалай жүзеге асқан?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет