Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Азамат соғысы жылдарында қоғамның әскери-саяси жіктелуі



бет4/21
Дата27.12.2016
өлшемі4,39 Mb.
#5838
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

5. Азамат соғысы жылдарында қоғамның әскери-саяси жіктелуі. РСФСР халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы В.И.Ленин 1919 жылы 10 шідцеде "Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы уақытша ережеге" қол қойды. Бұл революциялық комитет іс жүзінде алғашқы қазақ кеңес үкіметі болды да, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарындағы (бұлар казіргі Қазақстанның Оңтүстік аймағынан басқа аумағын түгел камтитын) сондай-ақ қазіргі Астарахань губерниясының қазақтар тұратын аудавдарындағы әскери-азаматтық басқару ісін өз қолына түгелдей шоғырландырды. Қазак революциялық комитегіне жүктелген негізгі міндеттердің бірі Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съөзін өзірлеу және өткізу, қазақтардың бұған дейін бөлініп қалған шашыраңқы аумақтарын біртұтас етіп біріктіру болды.

1919 жылғы 19 шілдеде Ленин қол қойған Казревком құру туралы декретте Орал губерниясы қазақ өлкесінің Қазан төңкерісімен қатар басталған азамат соғысы 1920 жыддың соңына дейін Ресей қарауындағы халықтардың, оның ішінде Қазақстанның барлық күшін осы шиеленіскен тап күресіне жұмсауға мәжбүр етгі. Халықтардың санасына сіңіп үлгермеген жаңа мемлекетгік басқару жүйесі кеңестер құралмай жатып, бірден жан түршігерлік, бітпес тап тартысының — азамат соғысының қансоқтасына белшесінен батты да кетті. Ресей тарихында қалыптасып қалған мемлекет, заң, коғамдық тәртіп аяқ асты болып кдлды, ал жаңа мемлекет, оньщ зандары осы соғыс жағдайывда қалыптасты. Уақыт тығыздығы, соғыс, елдегі шаруашылық күйзелісі, тігаі орта, ұсақ кәсіпорындардьщ өз иелерінен, шетел инвесторларынан тартып алынуы, бірақ өндірісті жаңаша басқара алмау — осының бәрі, сайып келгенде, жаңа өкіметті әскери диктатураға еріксіз итермеледі. Әрине, кеңестердің демократиялық түрі сақталды: кеңес, партия съездері жылма-жыл өткізіліп тұрды. Шындығында, іс жүзінде, Кеңес өкіметінің шығарған зандары (декрет деп аталды), директивалары, бұйрық-жарлықтары және олардың орындалуына зер салсақ, өкіметтің диктаторлық міндеттер атқарғанын байқау қиын емес.

Құрамына кіргені белгілі. Осыған қарамай губернияның кейбір басшы партия жөне совет қызметкерлері Орал губерниясьшың Қазакстанға кіруіне қарсы бодцы, ол РСФСР-ге тікелей бағынуға тиіс деген пікірді жақтап келді. Онымен коймай шовинистер Орал губерниялық екінші партиялық конференциясына (1920 ж. мамыр) Орал губерниясының Қазақстаннан бөлінуі туралы қарар қабылдапты. Мұндай теріс кезкарасты түзету үшін Казревкомға РКП(б) Орталық комитеті мен Совет үкіметінің нақтылы көмегі қажет болды. Орталық органдардың қолдауымен маусым айында Орал губерниясына РКП(б) Қазақ облыстық бюросы мен Казревкомның арнаулы комиссиясы жіберідці. Көп кешікпей Орал партия ұйымы мен губерниялық совет аппараты ұлы державашыл шовинистерден тазартылып, губернияда жүргізілген өрескел қателіктер түзетідді. 1920 ж. 1 шілдеде болған Орал губкомының пленумы губернияның Қазақстан құрамына кіру қажеттігін жақтаған қарар қабылдады. Казревкомның тарапынан мұндай жұмыстар Қазақстанның қүрамына кіруге тиісті басқа қазақ жерлеріне байланысты да жүргізілді.Ежелгі қазақ жерлері — Жетісу мен Сырдария облыстарьш, Маңғыстау мен Красноводск уездерін қазақ елкесіне қосу мәселелерін Түркістан республикасы өкіметінің алдына қою үшін Ташкентке Казревкомның арнаулы өкілі жіберілді. Сібір ревкомына қарап келген Ақмола мен Семей губерниялары Қазақ республикасына қосу мәселелерін талқылау мақсатымен және осы екі облысты мекендеген қазақ еңбекшілерімен тығыз байланыс жасап, олардың талап-тілектерін жете түсіну үшін Омбы мен Семей қалаларына да комитет өз өкілдерін аттандырды. Олар Қазақ республикасының түпкілікті шекараларын анықтауға байланысты келіссөздер жүргізді. Бұл салада Казревкомның жанынан құрылған Қазақ АССР-нің мемлекеттік шекарасын анықтау жөніндегі комиссия қызметі аса маңызды болды. Оның алдына мындай міндеттер қойылды: өлкенің экономикалық саяси және этнографиялық жағдайларына байланысты Қазақ республикасына қосылуға тиіс байырғы территорияларды анықтау және оған байланысты Халық комиссарлары Советі мен бүкілқазақставдық Советгер съөзіне ұсыныстар әзірлеу: керші губерниялар мен Қазақ республикасы арасындағы шекара мен территорияларға байланысты даулы мәселелер жөнінде қорытынды беру және оларды тікелей шешу: республиканың ішкі әкімшілік болінуінің жобасын жасау 1919 ж. 13 қыркүйекте Казревком осыған дейін уақытша Челябі губерниясының құрамында болып келген Қостанай уөзін қазақ өлкесіне қосу туралы өтінішті ВЦИК-тің алдына қойды. Мұңдай талап-віініштер Сібір ревкомының, Түркістан АССР-нің қоластыңдағы қазақ жерлері туралы да қойыдцы. Сонымен 1920 жылғы 9-10 тамызда Москвада Қазақ республикасының шекарасын біржолата анықтауға және оны басқару мәселелеріне арналған мәжіліс шақырылды. ВЦИК-тің Президиумы шақырған осы мәжіліс Лениннің тікелей қатысуымен өтті. Мәжіліске Қазревкомның жауапты қызметкерлері, Түркістан майданының әскери революциялық советінің, Түркістан өлкелік партия ұйымының, Омбы және Орал облыстары революциялық комитеттерінің өкіддері қатынасты. 2 күн бойы Қазақ республикасының шекарасы туралы мәселе қызу айтыстың тақырыбына айнадды. Әсіресе Сібір ревкомының екілдері қүрылғалы отырған қазақ республикасының терриориялық тұтастығына нұқсан келтіретін ұсыныстар айтып, даудамай шығады. Екі жақтың пікірін мұқият тыңцаған В.И.Ленин Қазақстанның шекарасы туралы мәселенің барынша әділ шешуіне асқан мүдделік танытты.

6.Қазақ Кеңес мемлекетінің құрылуы. Мәжіліс барлық Қазақ облыстарының басын бірікгіретін Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы декретгің жобасын талқылап бекітті. 1920 жылғы 26 тамызда РСФСР халық комиссарлары Советінің пред-седателі В.И.Ленин мен Советтердің бүкіл россиялық атқару комитетінің председателі М.И.Калинин Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы декретке қол қойды. Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:

  1. Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездерінен түратын Семей облысы.

  2. Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері мен Омбы уөзінің бір бөлігінен тұратын Ақмола облысы.

  3. Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінен тұратын Торғай облысы.

  4. Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратын Орал облысы.

  5. Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстың Красноводск уөзіндегі Адайлар мекендеген төртінші жене бесінші облыстар.

  6. Астрахань губерниясының құрамында болып келген Бөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екінші Приморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.

"Известие ВЦИК" газетінің 1920жылғы 22 қазанындағы санында жарияланған 26 тамыздағы декреттің бірінші тарауына енгізілген қосымша Қазақ АССР-нің құрамына Орынбор қаласы мен оның маңындағы Покровский, Краснохолм, Илец, Шарлық, Исаев және Петровск аудандары қосылатындығы айтылды.

7. Қазақстандағы “әскери коммунизм саясаты”Біз бұл мәселені азық-түлік саясатына катысты қарастырмақшымыз. Өйткені Лениннің өзі айтқандай, "астық үшін күрес — социализм үшін күреске" айналған еді. Кеңес өкіметіне қалаларға (жұмысшы табына) және соғысқа (Қызыл Әскерге) қажетті тамақ, киім, көлік сияқты заттарды, ең аддымен, ауыл-селодан (шаруалардан) алуға тура кедді. Сөйтіп, ауыртпалық шаруаларға түсті. Әскери диктатура астық үшін күресті, яғни социализм үшін күресті шаруаларға қарсы жүргізді. Бұл кезде помещиктер бірден экспроприацияланған, кулактар да 1918 жылы жазда соның кебін киген. Олай болса, ауыртпалық ауқатты шаруалар мен жарлы-жақыбайларға түсетіні анық. Бірақ өкімет өзін жұмысшы-шаруалар өкіметіміз деп атағандықтан халыққа ашық қарсы шыға алмады, саясат колданды. РК(б)П атынан Орталық комитет үздіксіз үндеу, қаулы-қарарлар шығарып, үгіт-насихатгы үдетіп, халықпен байланысын үзбеді, оның миына оз идеологиясын сіңірді. Елдегі азамат соғысы, бұліншілік таланған, тоналған, репрессияланған үстем тап өкілдерінің әрекетінен болып отыр-мыс. Ендігі ең қауіпті, ең күшті езуші тап — кулактар деген ұран тасталып, оған қарсы: орта шаруа мен жұмысшы табы (Кеңес өкіметі) одақ жасап, кедей шаруаларға сүйенеді деген тактика 1919 жылы наурызда РК(б)П-ның VIII съөзінде қабылданған еді.

Ал іс жүзівде осы саясат қалай жүргізілгені азық-түлік мәселесінен анық көрінеді. Жоғарьща айтылғандай, Кеңес өкіметі алдымен өзін қорғауға, сақтап қалуға күш салды. Кедей шаруаларға сүйенеміз дей отырып, оған нақты кемек көрсете алмады, керісінше өзі олардың мойнына асылды. Партияның "одақтасы" — орта шаруа бергені болмаса, өз басына жақсылық таппады.

1920 жылдың басында кеңестер Қазақстанда азық-түлік салғыртын (продразверстка) жаппай енгізді. Салғыртты жинау күшпен жүргізілді, сондықтан азық-түлік отрядтары (про-дотряд) қарулы күштерге сүйенді және олар Ресей қалаларыңца жасақталды. Бұл арада да қисын бар: сырттан келген қалалықтар өзі үшін қандай қаталдықтан да бас тартпауы керек. Астық олардың қалаларына, отбасыларына жіберілетіні анық еді.

1920 жылдың соңыңда РК(б)П-ның шақыруымен Ресейден Казақстанға 11500 азық-түлік жинаушы жіберілді. Әрине, қарулы күш есебінде бұл аз емес, кейін оның саны еселеп артпаса кеміген жоқ. Олардың күшімен тек Семей облы-сынан 15 миллион пүт астық жиналуы тиіс болды. Үйез көлеміне шақсақ, Павлодар үйөзінің өзі орталық үшін ғана (ішкі қажеттілікті есептемегенде) 3 миллион пүт астық және 37 мың бас мал жинап беруі керек екен. Сонша астық, мал, басқа азық түрлері сөзсіз әрі күштеп жиналатыны ашық ескертілді. Үйездік азық-түлік комиссары Калинин дегеннің сөзінде: "Азық-түлік диктатурасына сәйкес, ешбір ұйымның, тіпті ревкомға дейін декретті жою немесе оны не олай, не бұлай іске асыруға байланысты азық-түлікке қатысты араласу құқы жоқ екендігі анықталып отыр",— деп мәлімдеді 1920 жылы 6-мамырда Семей губерниясы азық-түлік комиссарлары мәжілісінде2; Бұған қарағанда жергілікті басшылар азық дайындау "диктаторлық" жолмен, "декрет" арқылы жүру керектігін дәл үққан тәрізді. Олардың ісі де со ііне сәйкестендірілгенін көреміз. Азық-түлік саясатын іске асырудағы басты қиындық — оған шаруалардың қарсылығы. Бұл күштеу саясатына халықтың наразылығы, күшке күшпен жауап беруі кеңес тарихнамасында "бандитизм", "саяси бандитизм", большевик-терге жау партиялардың ұсақ буржуазияның ұйымдасуы деп теріс көрсетіліп келді. Павлодар үйөзінде "кулактар мен әскерден қашқандардың" (дезертир) көтерілісі деп аталған қарсылық 1920 жылы 22-шілдеде басталады. "Қара бандылар" деген атпен белгілі болған кетерілісшілер Ямышеводан Подстепнойға дейін кеңес әскерлерін шегіндіреді. Оларға қарсы 190 және 35 кісілік отряд кемекке жіберіледі. "Толастамайтын бандиттік қозғалыс" жайлы хабар Омбыдан да келіп жатты. Құжаттарда көпшіліктің "көңіл күйі коммунизмге қарсы" екендігі ашық айтылады. Оның делелі — халық көтерілістерінің 1921 жылы да тоқталмауы. Өкімет тарапынан көтерілісшілерге карсы жазалаушы отрядтар шығарылды, шаруалардың қолындағы мылтықтар тартып алынды. Бірақ көтеріліске себеп болған азық жинау ісі тоқтатылмады.

Мысалы, Семей губревкомы үйездерге мынадай телеграмма жіберді: "Батыс майдандағы жағдай, Сібірдің оте ірі қалаларында азық-түліктің тапшылығы қатаң азық дайындау саясатын жүргізуде шешуші шараларға баруды талап етеді, салғыртты орындаудан қашқақтайтындарға кеңіл аударындар, репрессиялық шаралар қолданыңдар, қаруланған азық-түлік отрядтарын дайындандар. Керек көзінде зорлаудан, салғыртгы күштеп орындатудан тайсалмандар". Мұндай жол көрсеткен директивалар шаруалар мен азық-түлік отрядтары арасындағы аяусыз қан төгіске алып келді.

Соның бір көрінісі 1921 жылы тамыз айының басында Павлодардан Омбыға келе жатқан "Витязь" параходын шаруалар тарапынан атқылаудан басталды. Параходты қорғауға жергілікті гарнизоннан Медведевтің отряды жіберілді. Бірақ ол ешкандай қарулы адамдарды кездестірмепті. Дегенмен, ол станцияларды аралап, "контрреволюционерлерді" өз бетінше ұстап, жазалауға кірісті. Сейтіп ол Песчанскаядан 13, Качирьщан — 9, Пресновскаядан — 13, Чернорецкаядан 1, барлығы — 36 адамды атып кетеді. Кейінірек Медведев сәуір айында да осы маңайда көп адамды шыбықпен, шомполмен дүрелегені анықталады. Азық-түлік диктатурасының осындай өз жендеттері шыға бастайды.

Шыдамы таусылған халық әділеттілік іздеп, жоғарғы орындарға арызды қардай боратады, бірақ арыздар тексерусіз қалып отырады. Кейде тіпті жазаланғандарды емес, жазалаушы партия, кеңес қызметкерлерін ақтауға тырысушылық та орын алады. Мысалы, бейбастықтық жасаған Павлодар әкімдері (жауапты қызметкерлер деп аталады) 24 адамды аманатқа (заложник) ұстап атқаны, тағы 54 аманатты түрмеге жапқаны жуып-шайылып, ақталып кетеді. Үстірт текеерген Семей губревтрибуналы бұл әрекеттер "революциялық тәртіп орнату" үшін, халықтын антикоммунистік көңіл күйі ескеріліп жасалған, атылғандар, негізінен, кулактар, ал аманат ұстау арқылы террор жүргізу қаскү-немдерден корғану әрекеті деп түсіндірген. Мұндай заңсыздықтармен ауызданған кеңес әкімдеріне, ревтрибуналға халықтың қалай бүйрегі бұрып, сенім артпақшы? Семей ревтрибуналына қарағанда, ҚАССР Жоғарғы трибуналы сорақы заңсыздықтың болғанын мойындайды: "Семей губерниясының Павлодар уөзінде азық-түлік салығын жинау науканы көзінде азык-түлік қызметкерлері ұқыпты төлемегендерге зорлаудың жабайы әдістерін қодданған: қамшымен сабаған, үстіне суық су қүйған, салқын сарайларға қамаған және т.т., Паволжьенің бір кезде өліктердің етін жеуге мәжбүр болған, аштық жайлаған аудандарына көшіруді қолданған". Сөйте түра, заңсыздық жасау орталыққа астық, азық жинаушылар үшін кешірімді болғаны таңқалдырады. Сірә, олардың қолын ешкім қақпаса керек.

Осындай жағдайда Кеңес өкіметінің азық-түлік саясаты да оңға баспады, жөнді нәтиже бермеді. Мысалы, салғырт жоғарыда айтылған Семей облысында 1920 жылы жиналуға тиісті 15 миллион пүттың орнына — 2,1 миллион (1/7 бөлігі), Павлодар уезі бойынша 3 миллион пүттың орнына — 0,4 миллион пүт қана алынды3. Шаруалар қарсылығын жеңе алмаған Семей облысы басшылары шарасыздан енді жоспардың 60%-ін орывдаудан артық міңцетгеме ала алмады. Қазақстан бойынша 1920 жылғы салғырт жоспары 20 миллион пұтқа кем орындалады.

Мүмкін 1921 жылы наурызда РК(б)П X съезі қабылдаған НЭП саясаты шаруаларға жеңілдік әкеліп, азық-түлік жинау ісін жеделдеткен болар? Жоқ, Қазақстан жағдайында НЭП саясаты да өз жемісін бұрын КОКП тарихында жазылғандай.

Бекіту сұрақтары:

1. Революцияға деген әртүрлі қоғамның әлеуметтік топтарының көзқарасы қандай болды?

2.Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауының ерекшеліктерінатап беріңіз?

3.Алаш партиясы саяси күрестің факторы қандай болды?

4. Алаш» партиясының сьездегі қараған мәселелерін атапберіңіз?

5. «Алаш» партиясының бағдарламасы қандай болды?

6. Кеңестердің алғашқы қадамдары және оларды қоғам қалай қабылдады?
Қазақстан XXғ. 20-30 жж. саяси-экономикалық жағдай /4 сағат/

Лекция №7 Қазақстандағы ұжымдастыру және оның зардаптары (1932-1933 жж.)
Негізгі ұғымдар: Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, аграрлық реформа, мемлекеттік кооперативтік сауда жүйесі, кооперация, индустрияландыру, әміршіл-әкімшілбасқару жүйесі,"халық жауы", контрреволюция.
Мақсаты: Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы кеңестік солақай саясаты және оныңзардаптары туралы тарихи ақиқатымен 1932-1933 жылдардағы аштықтың халқымызға әкелген қасыреті туралы шындықты деректер негізінде ашып көрсету. Кеңестік саясаттанған қазақ тарихының «ақтаңдағын» тануға пікір білдіруге үйрету.
Көрнекілігі:Кеңестік дәуірдегі Қазақстанның саяси картасы.Қазақстандағы ұжымдастыру кезеңі тарихи деректі филмнен үзінді.
Жоспар:

1.20-шы жылдардағы республика ауыл шаруашылығындағы жағдай.

2.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жане оның зардаптары. 1932-1933

жылдардағы аштық.



Лекция

1.20-шы жылдардағы республика ауыл шаруашылығындағы жағдай.1921-1922 жылдарда патша өкіметінің жер мәселесіндегі отарлау саясатының зардапты мұраларын жойған Қазакстан Түркістандағы аграрлық реформалардың жергілікті ұлт еңбекшілері, сондай-ақ қоныс аударған еңбекші шаруалар үшін елеулі маңызы болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі ауылдардағы кедейлердің салықтан босатылып, жеңілдіктер алуына жол ашты. Сонымен бірге оларда ұжымдандыру алғашқы қарапайым түрлері: сауда-саттық жасау, жабдықтау, несиені пайдалану, кейде мәдени ағарту жұмысстарының басын біріктіретін қарапайым кооперативтендіруді дамытуға жол салды.

Мемлекеттік кооперативтік сауда жүйесін құрумен бірге даласында сауда құрылысының жаңа мазмұнымен байытылған ескі түрлері: жәрмеңкелер, сауда керуендері болды. Міне, осының нәтижесінде 1923 жылы баяуырақ болса да, ауыл шаруашылығы өндіргіш күштерінің өрлеуі басталды. Ауыл шаруашылығын машиналар және құралдармен, тұқымдық астықпен жабдықтау жақсарды. Мал саны да өсті. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіруде кооперацияның рөлі артты.

1924 жылы сәуірде РКФСР үкіметі Қазақ АКСР- інің көшпелі және отырықшылыққа көшкен халықтарын жерге орналастыру туралы жарлық шығарды. Жерге орналастыруға байланысты барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды. Отырықшыланған шаруашылықтарға салық жөнінен жеңілдіктер берілді. Ауыл кедейлері мен шаруаларына қаржылай көмек беру ұйымдастырылып, оның көлемі 1,5 млн. сомға өсті. Осы жылдың қазан айында ұжымдастырылған шаруашылықтардың жалпы саны 794-ке жетіп, оның 96-сы Коммуна, 456-сы ауылшаруашылық артелі, 242-і жай серіктестіктер болды. Ал 20-жылдар аяғында Қазақстанда 1250 мындай жеке шаруа қожалықтары колхоздарға ұйымдасты. Мемлекет техника және қаражат беріп, еңбекші шаруаларға жеңілдіктер жасап, колхоздарға көмек көрсетуге пейіл қылды. Бірақ көп жерлерде бұл шаралар тиісті нәтиже берген жоқ. Бұл кезде республикада совхоздар мен МТС-тар құрыла бастады. Бұлар шаруалардың ұжымдандыру мәселесін шешуге көмектесуге тиіс еді.

Аграрлық саясатты іске асыру барысында ірі байлардың, "жартылай феодалдардың" ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберу бағыты алынды. 1927 ж. желтоқсанында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды. Оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмақов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов т. б. кірді. 1928 ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауыл-ауылға тікелей мыңнан астам өкіл жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді.

Қаулыға сәйкес Қазақстан бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы бар ірі қараға шаққанда 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі аудандарда 300 және отрықшы аудандарда 150 шарушылықты төркіге салу белгіленді. Бұл науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды. Науқанның қорытындысы бойынша іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, олардың 619-ы тұрған округінен тыс жерлерге айдалды. Тәркіленгендерден ірі қараға шаққанда 145 мындай мал және ауыл шаруашылық саймандары тартып алынды.

Қазақ байларын тәркілеу барысында заңға қайшы көптеген бұрмалаушылықтар орын алды. Кейбір жерлерде 300-400 қаралы қойы бар, орта қолды дәулетті шаруалар шаруашылықтары орынсыз тәркіге ұшырады. Ал қайсыбір жерлерде туысқан жанұяларының малдары қосылып жазылып, оларда төркіге жатты.

20-шы жылдардың аяғында көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыруға бағытталған Шаралар іске асырылды. Мұның өзі бастапқыда кейбір жеңілдіктер беру (құрал-сайман, күш-көлік, қарыз қаржы беру, екі жылға астық, ет тапсырудан құтқару) арқылы бірте-бірте жүргізілетін болып белгіленгенмен, шынтуайтқа келгенде, күштеп отырықшыландыру әдісі белең алды. Көптеген жерлерде көшпелі шаруашылықтар бір жерге иіріліп, киіз үйлерден көшесі бар қалашықтар құрылды. 10-15 күннен кейін ондағы адамдар жан-жаққа ешкімді тындамай қашуға, көшуге мәжбүр болды. 1930-31 жылдарда осындай зорлап отырықшыландыру зобалаңына ұшыраған мал шаруашылығымен айналысатын 25 ауданнан 35 мыңнан астам шаруашылықтар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Маңғыстау ауданы (Батыс Қазақстан) халқының 50 пайызы Қарақалпаққа, Түркіменияға, Ресейге көшіп кетіп оралмады. Ондағы малдың саны 65 пайызға азайды. Тек Батыс Қазақстан облысы бойынша - 82,2, республика бойынша - 51,8 пайызға қысқарды. Жалпы Қазақстан бойынша 1931 жылдың тамыз айына дейін 281 мыңнан астам шаруа қожалықтары республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Ал бұл көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында өздерінің малдарының санын көбейтіп, қалаларға ет, жүн, т.б. шығарып сатып, жағдайларын біраз түзеп алған болатын.

Сонымен 20-жылдардың аяғына қарай қазақ даласындағы ірі өзгерістерге: халық шаруашылығын қалпына келтіруге, өнеркәсіп орындарын салып, кәсіпорындардың, жолдың кең жүйесін дамытуға себепші болған жаңа экономикалық саясаттың әрекетін тежеп, әміршіл-әкімшіл басқару әдісіне көшуге біржола бетбұрыс жасалды. НЭП жылдарында Орташаланып калған ауқатты шаруалар, қаладағы жағдайын біраз түзеп алған қолөнершілер мен қызметкерлер енді жат таптың өкілі есебінде қудалауға алына бастады. Саясаттағы солақайлық етек ала берді. Халықты ызғарымен ықтырып, тұманымен тұншықтырып, отына күйдіріп Сталин бастаған әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің қызыл шоқтай тарғылданған күні туып келе жатты.

2.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жане оның зардаптары. 1932-1933 жылдардағы аштық. 20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді.

Алайда, 20-шы жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат негізінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгерді. Басты міндет - ең зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар салынды. Индустрияландыру қам-қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу көзделді. Атап айтқанда, бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін жасау, яғни шаруаларды ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды. Сөйтіп, 20-шы жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да колхоздастыру науқаны басталды. Бұл шараның іске асырылуына шаруалардың тілегі мен ықыласы себеп болған жоқ, ол жоғарыдан берілген әмір, нұсқаулар негізінде жүргізілді. Қазақстанда колхоздастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. Шаруаларды күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада колхоздар саны қауырт өсіп 1927 жылы 1072 болса, 1928 жылы - 2354, ал 1929 жылы - 4876-ға жетті. Бұлар колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін құрылған жасанды шаруашылықтар еді. Оларды құру барысында небір сұмдык зорлыққа, күштеуге жол берілді. Ол тұста қабылданған бірнеше қаулы-қарарлардың заңдылығын тексеру барысында Қазақстан Республикасы Жоғары Кенесінің Төралқа комиссиясының 1992 жылғы желтоқсанындағы қорытындылары жарияланды. Онда келтірілген деректер мен мағлұматтар колхоздастырудың қандай әдістермен жүргізілгені жөнінде толық түсінік береді.

Колхоздастырудың 1929 жылдың орта шенінен басталғаны белгілі. Оның құлаш жаюы Сталиннің сол жылғы 7 қарашадағы "Правда" газетінде "Ұлы бетбұрыс" деп аталатын мақаласының шығуымен тұспа-тұс келді. Мұның алдында кулактарға шабуыл жөніндегі нұсқаулар негізінде Қазақстанда байлардың шаруашылықтарын тәркілеу аяқ-талған болатын. Енді жана экономикалық саясат негізінде жүргізілген шаруаларды кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отырған күшпен ұжымдастыру шарасына орын берді. Ал, бұл шара шаруа қауымының игілігін ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын қана көздеді. Сөйтіп, 20-30 жж. жаңа экономикалык саясатын дамыту бағыты тұйықталып тасталды. Ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық саяси өмірде тек "күштеу" шарасының рухы үстемдік етті.



Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын тигізді. Селодағы саясаттың ең басты шарты - әміршіл-әкімшіл террорға сүйенген экономикалық емес жарлықтар, шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып қоймай, оның пайдалы жақтарын да құртып жіберді. «Ұлы бетбұрыс» селолық құрылымдарды қатігез қаталдықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады.

Колхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның ішінде астықты күштеп дайындау шаруалардың күн көрісіне, көңіл-күйіне мейілінше кері әсер еткен, оларды кеңес өкіметін жек керуге итермелеген екінші бір үлкен шара болды. Ауылдарда мал саны өсіріліп көрсетіліп, алынатын еттің, жүннің көлемі белгілі есептен асып түсті. Салғыртты орындау үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Мұның өзі қойлардың жаппай қырылуына соқтырды. Егіспен айналыспайтын шаруашылықтардан астық талап етілді. Салғыртты орындамаған қожалықтар сотқа тартылды. 1928-1929 жылдары осындай айыпқа ұшыраған 34 мың ауыл-село адамдары сотталды. Мұның өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де істелінді.



Колхоздастыру осындай ауыр жағдайда басталды да, оны басқару әкімшілік, зорлық, күштеу әдістерімен жүргізілді. Егер 1928 жылы Қазақстанда колхозға барлық шаруашылықтардың екі пайызы ғана кірсе, 1931 жылдың күзінде шаруаларды 70-тен 100 пайызға дейін колхоздастырған аудандардың саны 78-ге жетті. Бұл тұста өлкеде 122 аудан болатын. Шаруаларды ұжымдастыру көзінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретінде жою шаралары іске асырылды. Жергілікті орындарға жеткізілген нұскау бойынша жойы-луға тиісті бай-кулак шаңырактары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3-5 пайызынан аспауы керек деп ескертілді. Бірақ, осыған қарамастан әміршіл-әкімшіл жүйенің асыра сілтеу әрекетімен тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке жеткізілді. Нәтижесінде тек 1930-1931 жж. республикадан тыс жерге бай-кулак деп "жер аударылып" жіберілген шаруалар саны 6765 адамға жетті. Ондаған мың шаруалар тұрған округтерінен республика ішінде басқа жерлерге көшірілді.

Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік партия комитеті жергілікті белсенділермен бірге кәсіпорындардан сегіз мың жұмысшыны тартты. Мұның үстіне республикаға Мәскеуден, Иваново-Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан партияның шақыруымен 1204 «жиырма бесмыңыншы» келді. Бірақ бұлардың өздері қазақ жерінде отырықшыланудың мәні мен механизмін жете түсінбеді. Көптеген әкімшілер үшін бұл шартараптан жүздеген шаруашылықты бір жерге жинау болды. Мұндай топтаудың салдарынан шаруалар мал өрісінен, су мен шөп іздеп, жайылым ауыстырып отыру мүмкіндігінен айырылды.

Әміршіл-әкімшіл жүйенің нұсқауымен Қазақстанның барлық аймақтарында ұжымдастыру егіншілік шаруашылықтарында да қандай қарқынмен жүргізілсе, мал өсіретін шаруашылыктарда да ол сондай қарқынмен жүргізілсін деп талап етілді. Ойластырылмай алынған шешімнің зиянды қайтарымы өзін көп күттірген жоқ.

Колдағы малды қоғамдастыру нәтижесінде колхоз фермалары құрылды. Кейбір жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып, олар өте көп шарушылықты біріктірді. Соның нәтижесінде фермаларға жиналған қисапсыз мал күтімнің кемдігінен, шөптің, жайылымның жетпеуінен қырылды. Колхозға кірмеген жеке шаруашылықтарда мал ұстауға ықылас болған жоқ. Сөйтіп, 1928-32 жылдар аралығында республикада ірі қара 6 млн. 509 мыңнан 965 мыңға, қой 18 млн. 566 мыңнан 1 млн. 386 мыңға, жылқы 3 млн. 516 мыңнан 316 мыңға, түйе 1 млн. 42 мыңнан 63 мыңға азайып кетті. Қазақстанның осы жылдары одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 пайыздан 3 пайызға кеміді. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылануы күшейді. Мұның өзі шаруалар бұқарасының наразылығын туғызбай қойған жоқ. 1929-1931 жылдарда шаруалардың 372 көтерілісі болып, оған 80 мындай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Биен-Ақсу, Шыңғыстау, Бөрібаев, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т.б. жерлердегі шаруалар көтерілісі аяусыз басылып, оған қатысқандардан 5551 адам сотталды, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру көзінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды.

Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отрықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келді. Осындай елді арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екі жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, қазақ елі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады: 2 млн. 200 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айырылды. Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан кеміді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет