Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы



бет9/21
Дата27.12.2016
өлшемі4,39 Mb.
#5838
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

Бекіту сұрақтары:

1. Республика экономикасын бейбіт өмірге бейімдеп қайта құру қашан басталды?

2. Өнеркәсіп және оның салалары: республикада біртұтас транспорт жүйесін құру қалай әсер етті?

3. Ауыл-шаруашылығының жағдайы қандай көріністе болды?

4. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру, оның әлеуметтік – экономикалық салдары және тыңды игерудің Қазақстан тұрғындардың этнодемографиялық құрлымына әсері қалай тиді?
Лекция №21-22 КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстан (1985-1991ж.ж)
Негізгі ұғымдар: Экология, Биресми қоғамдық қозғалыстар, Экологиялық қозғалыстарды саясаттандыру.
Мақсаты: КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстандағы саяси-эклогиялық жағдайлар туралы тарихи мәліметтер беру.Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Жоспар:

1.Қазақстандағы (1985-1991ж.ж.) саяси жағдайлар

2. 1985-1991 ж.ж. Қазақстан экономикасы жүйесінің дағдарысы.

Лекция


1.Қазақстандағы (1985-1991ж.ж.) саяси жағдайлар. Президент Н.Ә.Назарбаев атап өткеніндей, бұрынғы жүйенің басты тарихи ағаттығы мынадай: тұтас бір халықтар тоталитарлык мемлекеттің прокруст төсегіне зорлап жатқызылып, мұның өзі ұлттық сана сезім серіппесінің әбден сығымдалуына апарып соқтырды. Тарих мынаны тағы бір көрсетті: қоғамданудың қандай жолын, капиталистік немесе социалистік жолын таңдамасын,ұлттык сана сезімді қорғау және дамыту институттарын орнықтырылмаса, мемлекеттік құрылыс сөз жоқ күйрейді.

Бүкіл Кеңес тарихы халықтар құқықтарының өрсекел бұзылуы мен тікелей геноцид фактілеріне толы.Бұл 20-30 жылдардың ашаршылығы. Ол тұста миллиондаға азаматтар қырылды. Қазақстардың саны жартысына дейін қысқарды, орыс халқы мен басқа халықтар миллиондаған адал еңбеккерлерінен, білімді де іскер адамдарынан айырылды. Көптеген ұлттардың гендік қыры бұлінді. Бұл ұлттық мәдениеттің,ғылымның, әдебиеттің және қоғамдық ойдың таңдаулы өкілдерінің жаппай жазалауға ұшырап, атылып кетуі.Бұл халықтардың жаппай депортацияланып, ұлттық құрылымдардың жойылуы.

Бүкіл кеңес тарихы халықтардың құқықтары сан рет бұзылғанын және тікелей геноцид фактілерінің орын алғанын көрсетеді. Бұл — миллиондаған азаматтар қаза тапқан 20-30-шы жылдардың ашаршылығы. Қазақтардың саны жартысына дейін кеміді, орыс және басқа халықтар миллионаған адал еңбеккерлерінен, білімді де кәсіпқой адамдарынан айрылды. Көптеген ұлттардың гендік қорына нұқсан келтірілді. Бұл — мәдениеттің, ғылымның, әдебиет пен қоғамық ойдың ең таңдаулы өкілдерін жаппай қуғынға салу мен ату. Бұл -халықтарды жаппай күштеп көшіру мен ұлттық құрылымдарды жою.

Ойластырылмаған экономикалық саясаттың және «ғасырлар жобаларын» жүзеге асырудың салдарынан шын мәнінде Қазақстанның бүкіл территориясын қамтыған елеулі экологиялық апаттар орын алды. Әскери ведомстволардың қызметі зор нұқсан келтірді. Мұның өзі біз үшін Семей полгонының проблемасына, Арал теңізінің, Возрождение аралындағы биополигонның, Батыс және Орталық Қазақстандағы полигондардың қасіретіне айналды. Мұндай саясат табиғи қарсылық туғызды. Ол кей жағдайда қоғамдық игілікті, ұлттық құндылықтарды қорғау жөніндегі ашық әрекеттерге де ұласты. Бұлардың түпкі мақсаты шынайы ұлттық теңдікке жету болатын.

80-ші жылдардың соңында елеулі дәрежеде шиеленіскен ұлттық қатынастардағы қарамақайшылықтар халықтардың сана-сезімін ұзақ жылдар бойы жаныштаудың салдарынан туған болатын. Нақ осы сала қоғамдағы толғағы жеткен проблемалардың бүкіл тереңдігін көрсеткен неғұрлым сезімтал барометр болып шықты. Мұның өзі бірқатар республикалардың тоталитарлық системаға ашық қарсы тұруына жағдай туғызды. Осы кезеңде халықтардың ұлттық-мемлекеттік теңсіздігі аса үлкен мемлекеттің саяси ыдырауының басты негізіне айналды. Ол халықтардың нақты мемлекеттік егемендікке қол жеткізуге деген табиғи ұмтылысына төтеп бере алмады.

Біз болған оқиғалардан тағылым алуымыз керек. Ұлт саясаттын жүргізе отырып, біз Қазақстан халқының ұлттық құрамын және жеңіл де оңай өте қоймаған оны құрудың процесін ескеруіміз керек. Сарапшылардың бағалауы бойынша, шаруалар отарлауы барысында революцияға дейінгі кезеңде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 милли­он 150 мың адам келген. Коллективтендіру көзінде КСРО-ның орталық аудандарынан Қазақстанға 250 мың конфискеленген шаруалар жер аударылды. Соғыс алдындағы жылдарда өнеркәсіп құрылысы үшін елдің барлық түкпірлерінен, әсіресе еуропалық бөлігінен 1 миллион 200 мың адам көшірілді.

Қазақстанға әр жылдарда 800 мыңға таяу немістер, 18,5 мың корейлердің отбасы, 102 мың поляк, Солтүстік Кавказ ха-лықтарының 507 мың өкілдері зорлықпен көшірілді. Қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен басқа да халықтар Қазақстанға өз еркімен келген жоқ.

XX ғасыр қазақтарды өзінің Отанында азшылыққа айналдырған қайғылы оқиғалардың ғасырына айналғаны үшін қазақтардың еш кінәсі жоқ. Сондықтан бүгін таңда осы халықтың мемлекеттікке деген құқына күмән келтірушілер оның қасіретінің тереңдігін білмейді немесе білгісі келмейді. Қазақ ұлты басқа қай ұлтпен салыстырғанда да мемлекеттікке лайық екеніне сенімдіміз. Мұны ол өзінің бүкіл тарихымен дәлелдеп отыр.

Біздің республикамызға өз еркінен тыс келгендер де кінәлі емес. Сондықтан қазіргі көшіп-қонудың себебі экономикалық проблемаларда ғана емес, сонымен бірге күштеп көшірілген орыстардың, украиндардың, белорустардың, немістердің және басқа халықтардың ұрпақтарының тарихи отанына оралуды қалайтынында, ұлттық мемлекеттік құрылысына қатысуға деген ынтасында жатыр.

КСРО ыдыраған сәттен бастап едәуір шиеленісіп кеткен проблемелардың бірі көші-қон проблемасы болды.Қазақстан Республикасы мемлекет комның мәліметі бойынша 1992 жылы Қазақстан Ресейге 149,2 мың адам, 1993 жылы-2-151,2 мың, 1994 жылы- 255,5 мың, 1995 жылы- 144,3 мың адам көшіп кеткен.Сонымен бірге Ресейден Қазақстанға 1992 жылы- 71,8 мың, 1993 жылы- 49,1 мың, 1994 жылы-32,9 мың,1995 жылы-35,7 мың адам көшіп барған. Көшіп кеткендер мен көшіп барғандар арасында орыстар да, қазақтар да бар.

Статистикалық мәліметтер талдағанда мынаны атап өту керек: алғашқы кезеңде, 1992-1993 жылдары республикадан көшіп кеткендер көрсеткішінің едәуір болуы ең алдымен көптеген әскери қалашықтардың жабылуына және стратегиялық мақсаттағы әскери бөлімдердің Ресей аумағына ауыстырылуына байланысты.

Орыстардың белгілі бір бөлігі Ресейге көшсек материалдық жағдайымыз едәуір жақсарады деп үміттенеді. Көш-қонның тағы бір факторы, аздап болса да, «тұрмыстық ұлтшылдық дейтінің қылаң беруі еді, ол Қазақстанда да, Ресейде де өздерін көрсетіп қалғысы келген өрескел ұлтшыл ұйымдардың әрекеттеріне байланысты еді. Екі мемлекетте де аренаға шыққан, едәуір байыпты саналатын ұлттық отаншыл күштердің өзінің белсенділігі де көші-кон процестеріне ықпал еткенін атап көрсету қажет.

Тәуелсіздікке ие болған алғашқы күндерден бастап Президент, Үкімет Қазақстанның басқа да мемлекеттік органдары азаматтық тыныштықты қамтамасыз ететін ұлтаралық татулықтың ықтимал пошымдарын іздестірумен ұдайы айналасып отырды.

1995 жылы казанда құрылған Республика үкіметтің құрамы көп нәрсені аңғартады және кадр мәселесіндегі мемлекеттік ұлт саясатын бейнелейді.

Осы заманғы көптеген талдаушылар, шынтуайтына келгенде XX- ғасырда әлемде болған және болып жатқан барлық процесстер, экономикалық процесстер де ұлттық фактормен әйтеуір бір түрде байланысты деп санауға бейім. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «ғасырлар тоғысындаң деген еңбегінде этностық, ұлттық сана-сезімін ғаламдық оянуы, этнос ішіндегі күрделі процестер XX- ғасырдың екінші жартысының ең қиын мәселесі болды деп атап өтті. КСРО одағы көзінде орын алған ұлттық кайшылықтар мен жанжалдар түйіні тек КСРО шеңберінде ғана ұлғайып қойған жоқ. Ұлттық фактор империялардың күйреуінде өз рөлін атқарды, ол Германия мен Жапонияның соғыстан кейінгі қалпына келтірілуі сияқты өзінің салдарлары жағынан ірі ауқымды құбылыстарды да Азия-Тынық мүхит аймағы елдерінің экономикалық секірісінде де, Европаның бірігуінде де және кеңсе- кеңестік дәуірден кейін, жаңа мемлекеттердің кұрылу прцестерінен де көрінді.

Ұлт мәселесін маркеттік тұрғыдан түсінудің таптық және ұлттық деген

Қоғамдардыңара қатынасының идеологияландырылған доктриналарының қалың астарын қопармай-ақ, басты нәрсені бөліп алайык, бір ғана әлеуметтік-экономикалық жүйе өсіріп шығарған, не нәрсенінің де мәнін бірдей түсіну жағдайында өскен қоғам таптық діни ұғымды бірінші орынға қойды ды, ұлттық жұмылу процестерінің төтенше тиімділігі мен өміршендігін ескермеді, бұл екі арада қоғамның дами түсуіне орай ұлттык, этностық факторлардың рөлі арта түскен еді.Ұлттык дәстүрлер мен ерекшкліктердің ықпалы, отбасы институтының өзіндік ерекшеліктері, конфессиялар жиналымының сипаты, ой машығы мен әлеуметтік құлықты секілді маңызды мәселелер ғылыми тұрғыда терең талданған жоқ десе болғандай.

Қазақстанда өкілетті мемлекеттік органдардың және әлеуметтік ықпалы мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, дәл осындай көзқарастарды жүзеге асыру талабы бар.

Сондықтан көп этносты Қазақстан үшін ұлтаралық татулықты қамтамасыз ету қазір басты міндет, демократияның аса маңызды құрамдас бөлігі. Өзгерістердің ойдағыдай жүргізілуі де, адамдардың тұрмысын жақсарту да, жалпы республиканың тұрақты дамуы да осыған байланысты. Өзінің ұлттық саясатында мемлекет этностар арасындағы өзара қатынастың ұзақ мерзімді принциптерінің іргесін қалауда.

Сонымен бірге республика басшылығы мынадай тұжырымға келді: мемлекет жүргізіп келе жатқан ұлт саясаты оны күнделікті іске асыруға оның объектілері-этностар өкілдері тікелей қатысса ғана тиімді бола алады.

Қазақстан қоғамының дамуындағы көпұлттық факторын есепке алу, саяси, экономикалық салаларда жүргізіліп жатқан реформалар тұсында нақты ахуалды талдау Қазақстан халықтарының форумын шақырудағы іргелі факторлар болып, ол 1992 жылы желтоқсанда, Тәуелсіздік күнін, егемен Қазақстанның өмір сүруінін бір жылдығын мерекелеу қарсаңында Алматыда өтті. Оған республикада тұратын барлық ұлттардың өкілдері қатысты. Бұл съезді шақыру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған болатын.

Осындай бірегей сан ұлттығы бар (оның үстіне мұның негізінде көптеген халықтардың қасіреті жатыр) Қазақстан бірін-бірі қырып жатқан ТМД елдеріндегі біздің жақын көршілеріміздің қайғылы жағдайына жол берген жоқ. Және де президентіміз мемлекетте бейбітшілік пен ұлтаралық тұрақтылықты одан әрі де сақтай алатынымызға сенімдірді.

Бұл сенім неге негізделіп отыр?

Ұлт мәселесін шешуде үш көзқарас бар деп есептейміз. Біріншісі - кейбір елдер ұлты басқа халықты «күштеп көші­ру» саясатын жүргізуінде. Бұл көшіп келген халықты туыстарша қарсы алған қазақ халқына ешқашан тән болған емес. Мен бір халықтың екінші халыққа қоятын кезкелген талаптары еш мағынасыз және өзінің салдары бойынша қауіпті екенін, тайталасу жолы орасан зор дүрбелеңге және сан мыңдаған адам құрбанына апарып соғатынын түсіндіріп жатудың қажеті болмас деп ойлаймыз. Екіншісі - ұлттық мәселеге жалпы мән бермеу, сөйтіп, бұл проблемалар өзінен-өзі шешіледі деп үміттену. Бұл да оңтайлы жол емес. Біз үшін үшінші, ең сенімді жол қалып отыр. Біз көп еңбекті және тынымсыз жұмысты талап ететін осы жолмен келе жатырмыз. Бұл түйісу нүктелерін, халықтар арасындағы келісім мен сенім аймақтарын кеңейту жолы. Біз келісім саясаты мен парасатты ұлттық стратегиясыз ешқандай міндеттерді шеше алмаймыз.

Біздің басты бағытымыз мәмілеге келу және біріктіретін бастауларды нығайту арқылы барлық ұлттық топтардың да­муына негізделуге тиіс. Біздің қоғамды топтастыратын тұтқалардың бірі нақ осы Қазақстан халықтарының ассамблеясы болуға тиіс

Ассамблея құру жөніндегі бастама Қазақстан қоғамының қойнауында туындады. Соған сәйкес республикада зор дайындық жұмысы жүргізілді. Халықтардың кіші ассамблеялары құрылып, оған облыста тұратын ұлттардың лайықты өкілдері сайланды.

1995 жылы 1-наурызда Президент Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы жарлыққа қол қойып, ол туралы ерекше бекітті. Барлық облыстарда кіші республикалық ассамблеяның 260 делегаты сайланды.

Ассамблея төрағасы болып Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев, орынбасарлары болып, Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша, Қазақстан республикасы әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ә.Бәйменов пен Алматы сәулет-кұрылыс институтының ректоры, Белорус ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі П.Атрушкевич сайланды. Ассамблея кеңесі құрылып, оның құрамына ұлттық-мәдени орталықтардың, ардагерлер кеңестерінің, кіші ассамблеялардың және басқаларының 63-өкілі кірді

2000 жылдың басында Ассамблеяның кезекті отырысы болып өтті. Жылдан жылға, осылайша оның жұмысы қарқын алып келеді, оның істеп жатқан жұмысына баға берер болсақ, жеміссіз емес. «Біздің басты бағытымыз,- деп көрсетті Қазақстан Президенті,- мәмілемелер іздестіру және біріктіретін негіздерді нығайту арқылы барлық ұлттық топтарды дамытуға негізделуі тиіс. Қоғамымызды топтастыру мехнизмдерінің бірі Қазақстан халықтарының ассамблеясы болуға тиіс.

Ассамблея-диаспоралар арасьндағы ұйымдастырушылық жұмыстың орталығы. Оның органдарына мемлекеттік статус берілуінің арқасында ұлттық-мәдени бірлестіктердің мәселелері жедел қаралады, олардың бірқатары бойынша үкімет деңгейінде шешімдер қабылданды. Алматыда Қазақстан халықтары ассамблеясының үйін ашу туралы мәселе талқылайды.

Қазақстанның тек көп ұлтты ғана емес, көп конфессиялы мемлекет екндігі де елеулі факт болып табылады. Қазақстан басшылығы діни конфессияларды тұрақты қоғамдық саяси ахуалды сақтауға жәрдемдесетін фактор деп біледі. Мұсылмандармен және православиеліктермен бірге мұнда протестанттар, буддистер, католиктер, баска да дін өкілдері тұрады. Республикада негізгі екі конфессия-ислам мен православие. Республикадағы,қоғамдағы тұрақтылық,әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізудегі табыс солардың өз қарым-қатынасын қалай құратыыа байланысты.

Қазақстан жүргізіп жатқан, жанжалдар, туындап, оларды күшпен шешуге жол бермеген ұлт-саясаты, этносаралық проблемаларды бейбіт шешу, өткелі кезеңнің күрделі жағдайында татулықты сақтап қалу тәжірбиесі шетелдік жұртшылықтың да шын қызығушылығын туғызды.



Жылда Москвада Наурыз мейрамы тойланады.

  • Әскери ынтымақтастық, саласындағы Ресей-Қазақстан қатынастары хақында бірер сөз. Ахуал тайға таңба басқандай: егер Қазақстан мен Ресей әскери-саяси ынтымақтастық туралы шартқа және бұрынғы стратегиялық объектілерді бірлесіп пайдалану туралы құжаттарға қол қоймаса, екі жақ та ұтылады Ресей ғылыми және әскери сынақтар базасынан айрылады, ал Қазақстан үшін бұл полигондар ауыр қамытқа айналады, өйткені жападан жалғыз республиканың оларға шамасы келмейді. жұмыс істеп тұрған бірегей әскери-техникалық кешендерді сақтап қалу үшін, Қазақстан іргелі мәмілелер жасауға дайын ба?

  • Мәміле біржақты емес, екеуара кешірімшілдікті қалайды. Қазақстан Ресейге байланысты барлық проблемаларды өзара пайдалы шартпен шешуге дайын екенін әрқашан мәлім-деп келді.

Әлбетте, жасалған әскери кешендердің орасан ғылыми-техникалық әлуеті бар. Біз Ресеймен тең негізде немесе өздігімізбен оны сақтап қаламыз. Бірақ бұл орайда, полигондар мен Байқоңыр космодромы Қазақстанда орасан зор аймақты алып жатқанын ескеру керек. Шамамен, Чехияның, Словакияның, Венгрияның және бұрынғы ГДР-дың жерлерін қоса алғандағыдай аумақты, шаруашылық айналымнан әдейі шығарылған 13 миллион гектардан астам жерді алып жатыр. Мұның үстіне әскери адамдар өз эксперименттері үшін тағы да үш жарым миллион гектар ауыл шаруашылық жерлерін оқтын-оқтын алып жүрді. Демек, осынан-ақ жұрттың көп жағдайда тажалды объектілерге қалай қарайтынын түсінуге болады.

  • «Протон» ұшырағыш-ракетасының отынында қауіптілігі жағынан бірінші топқа жататын аса улы гептил сияқты қосынды барын білесіз ғой. Мінеки, ұшырылғаннан кейін ракетаның бөлінетін бөлшектері осы гептилмен бірге тіпті де рождестволық сыйлыққа ұқсамайтын күйде аспаннан адам­дар төбесіне құлап жатады. Осы умен қаншама аумақ уланатынын әлі есептеуіміз керек екендігін ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы алға тартты.

ТМД-дағы ядролық қару-жарақ мәселелерін мен Альберт Гормен, оның Қазақстанға сапары көзінде-ақ ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы егжей-тегжейлі талқылаған болатын. Уильям Клинтонның Мәскеудегі келіссөзінің тақырыбы да тілге тиек болғаны мәлім. Мұның үстіне, 1993 жылдың желтоқсанында біздің парламент сырттан қысымсыз Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу жөніндегі шешімді бекіткен. Ал АҚШ президенті Ресеймен, Украинамен және Беларусьпен нақ сол проблеманы талқылады. Оларға Қазақстанның да қатысуының қажеті болған жоқ еді.

2.1985-1991 ж.ж. Қазақстан экономикасы жүйесінің дағдарысы. 1970-1990 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылык жоспарларын орындаудын барысы және оның дагдарысқа ұшырауы

Тың игеру Қазақстанды еліміздегі ірі мықты аймактың біріне айналдырды. Тың игергеннен бері республика совхоздары мемлекетке 17,7 млрд. пұттан астам астық сатгы. 10-бесжылдықтан кейін Қазақстан жыл сайын мемлекетке орта есеппен 1 млрд. пұттан жоғары астық өткізіп түрды. Елімізде өндірілетін товарлы бидайдың 25-28%-ін, жалпы одақ жүн өндірудің 24%-ін, қаракөл терісіне 33%-ін береді.

Республикада 2077 совхоз, 415 колхоз жұмыс істеді. Колхоздар мен совхоздарда қормен жарактану 15 жылда (1967-82) 4 есе, электрмен жарақтану 3,4 есе ості. Ауыл, селоға қызмет көрсететін барлық салалар — химия, құрама жем, ауыл шаруашылық машиналарын жасау, су шашу және ІІолық күрылыс дамыды. Республика егістіктерінде 239 мың трактор, 109 мыңнан астам астық комбайындары, 184 мың жүк автомобильдері, көптеген басқа техника жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық өндірісін мамандану мен шоғырландыру, оның агроөндірістік интеграциясы кең көлемде жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығын химияландырудың, суландырудың және жайылымдарға су жіберудің көлемі өсті. Мал бордақылау және ет өндіру жөніндегі мал шаруашылық комплекстері, ірі құс фабрикалары, жүздеген совхоздар мен колхоздардың күшін біріктіретін шаруашылықаралық ұйымдар құрылды.

1971-1982 жылдары ғана 7,9 млн. адам жаңа үйге көшті, яғни әрбір екі тұрғынның бірі жаңа үйге көшті. Адамдардың денсаулығын сақтау саласында 46 мыңға жуық дәрігер еңбек етті.

1985—1990 жылдары ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырады' Ауыл шаруашылығының төменгі дәрежеде дамуының егізгі себептері мыналар: шаруалардың экономикалық ынтасының шаруашылықта қыспаққа алынуы, колхоздық секторларды жою және мемлекетгік мешпікке алу совхоздарды көбейту. Шаруашылық еңбек үнемі қатар әкімшілік бақылауда жояады. Бұның бәрі шаруашылық бастамаларын төмендетуге, қоғам еңбегінің нәтижесін де немқұрайлы қарауға әкелді. Тұрғындар ауылдық жерлерден кете бастады. Егер 1950 жылы Қазақстанда 3760 колхоз болса, ал 1985эісылы 388 ғана қалған."" Колхоздардың өлшемі ерікті түрде құралды, оларды орналастыруда табиғи өндіріс орындары мен басқа да фактілер есепке алынбады. Бұның нәтижесінде бірнеше тұрғындар пункттері басқарусыз қалды. Жалпы істің нәтижесінде 1956-1965 жылдармен салыстырғанда 1966-1975 жыддардағы дәнді дақылдар түсімі әр гектарға шаққанда орта есеппен 1,9 центнерге артты. Осы мерзімде Қазақстан одаққа үш мәрте 16,4 миллион тоннадан асырып астық тапсырды. Бұл көрсеткіш оныншы бесжылдықта Маусым сайынғы сипат алды. Жан басына шаққанда 1986-1990жылдары Қазақстанда 1556 килограмм астық өндіріледі. Орталық басшылық болса республика алар межені кол жеткен табыстардан жоспарлай отырып, бұрынғыдан бетер биіктетгі. бірінші бесжылдықта астықтың жалпы түсімін 28-29 миллион тоннаға, он екінші бесжылдықта 31,5 миллон тоннаға жеткізуді талап етті.

Жөнсіз қабылданған шешімдер мен нұсқаулар егіншілік шаруашылығының қайтарым заңын бұзды. Сол кездің өзінде егіншілікте топырақ өңдейтін тиімді машиналар ықпал жасайтын тыңайтқыштар жүйесі қайтадан ойластырылмады. Жер қыртысына органикалық заттарды енгізу, арам шөптермен, өсімдік ауруларымен күрес ісі жеріне жете шешілмей қалды.
Бекіту сұрақтары:

1.КСРО ыдырауының саяси себептері болды ма?

2.ТМД-ның құрылуы қандай мақсаттарда жүзеге асты?

3.1985-1991 ж.ж. Қазақстанның экономикалық жүйесінің дағдарысының себебі неде болды?


Лекция №23-26 XX ғ. соңы мен XXI ғ. басындығы Қазақстан (1995-2000 жж.)
Негізгі ұғымдар: Кеңестік ғылым, инфляция, валюта. Республиканың тәуелсіздігін жариялау. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заң. Ресейдің территориалдық талаптары.
Мақсаты: Қазақстандағы XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдайлар туралы деректер негізінде тарихи сана біліктіліктерін қалыптастыру.
Жоспар:

1.Қазақстандағы XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдай.

2.XX ғ. 90 жылдарының екінші жартысындағы Қазақстан экономикасы.

3.1995-2000 жылдары Қазақстан үкіметінің әлеуметтік саясаты.

4.1995-2000 ж.ж. мәдениет, ғылым білім және денсаулық.

5.Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі басты сыртқы саясаты (XX ғ. аяғы- XXIғ. басы.)

Лекция

1.Қазақстандағы XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдай. Тәуелсіз Қазақстанның ішкі саясаты. Демократиялық қатынастардың дамуы Елдегі демократиялық қатынастардың дамуы. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлауда бЬлған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасы жан-жақты йжерілді. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жуйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, Муелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп кеңіл бөлінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар - парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы конститутциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.

Төуелсіздік алған алғашқы кезден бастап, елде болып жатқан өзгерістерді талдау арқылы Қазақстан басшысы евінің назарын болашақтың бағытын айқындауға аударды. Айгап айтқанда, Президент Н. Ә. Назарбаев 1992 жылы жарық көрген "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалып-тасуы мен дамуының стратегиясы" - деген еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты еліміздің егеменді мемлекет белуының стратегиялық мівдеттерін көрсетіп берді. Онда айтылған кейбір маңызды қағидалар мен тұжырымдар Егемен Казақстанның бірінші Конституциясында өзінің көрінісін тапты.



Бұдан кейін мемлекет алдында бой кетерген жаңа тактикалық мақсаттардың іске асу шаралары белгіленді. Оны Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің 1993 жылы жазған "Қазақстанның болашағы - қоғамдық идеялық бірлігінде" -деген еңбегінде ашып берді. Мұнда Президент Тәуелсіз еліміздің одан әрі күшейіп нығаюында қоғамдық ынтымақ-тастық пен жарастықты іске асырудың жолдарын анықтады.

Алайда,, осы белгіленген стратегиялық міндеттерді тәжі-рибе жүзінде іске асыруда көптеген қиыншылықтар мен кемшіліктер кездесті. Оны орындауда дәрменсіздік көрсет-кен С. Терещенко басқарған (1992 ж. бастап) Министрлер Кабинеті 1994 жылы отставкаға кетті. Оньщ орнына Ә. Қажыгелдин бастаған жас саясаткерлерден тұратын жаңа үкімет келді. Бұл үкімет таяудағы үш жыл ішінде елімізде болып жатқан реформаларды іске асырудың жаңа б»-дарламасын белгіледі, осы бағытта бірқатар жұмыстар жүргізді. Бірақ өзінің бағдарламасын аяғына дейін жеткізбей Ә. Қажыгеддиннің үкіметі 1997 жылдың 10 қазан күні отставкаға шықты. Оған себеп, аддымен, жекешелендіру бағдарламасында кеткен үлкен қателіктердің салдары болда^ содан соң елімізде әлеуметтік әділетсіздіктің орын алғанын айтуға болады.

Ә. Қажыгелдин Үкіметінің орнына Н. Балғымбаев басқарған төртінші үкімет келіп екі жыл (1997-1999 жж.) қызмет етті. Бұл үкіметте қиын кезедде жұмыс істеді. Елде қордаланып қалған қарыздарды қайтару, сыртқа шығары латын шикізат өнімдері бағасының құлдырауы, көрші елдердегі экономикалық дағдарыстың Қазақстанға әсер» көзінде жұмыс істеуге тура келді.

Үкімет сыртқы факторлардың жағымсыз әсеріне қарамастан, тұтас алғанда макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап қалды. Сондай-ак, бұрынғы заемдарды төлеуде,мемлекеттің ішкі жөне сыртқы міңцеттемелерін орындауды Н. Балғымбаев басқарған үкімет бірқатар айтуға тұрарлыкқ қызмет атқарды.



1999 жылы караша айында Қазақстан үкіметі басына Қ. Токаев басқарған бесінші үкімет тағайындалды. Жаңа үкімет Республика Парламентінде өзінің 2000-2002 жыддарга арналған іс-қимыл бағдарламасын ұсынып бекітті. Ондағы шешілуге тиісті басты проблемалар негізінен "Қазақстан ­­- 2030" стратегиялық бағдарламадан туындағанды.

Бірінші. Еліміздегі қатаң бюджет мәселесін ескере отырып, одан тиісті қорытынды жасау, бюджетті жоспарлауда жетімсіздіктер болып жатса, оны түзету, кірісті жинақтауда резервтер болатын болса, оны іске қосу, яғни қаржы көзін, оны қолданудың әдістәсілдерін жете пайдалану. Екінші. Экономиканы, қаржы және заңдылық жүйесін реформалауды одан әрі жалғастыру, әлеуметтік саладағы реформаларға баса назар аудару.

Үшінші. Елге инвестицияның кажеттілігін ескеріп, белгілі және салиқалы инвесторларды іздеп табу, олардың мемлекет экономикасына деген ынтасын арттыру.

Төртінші. Сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі күшейту.

Бесінші. Өндірісті жандандыру, отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетіп, кіші және орта бизнестің мәселелерін шешу.

Алтыншы. 2000-шы жылдың басына дейін зейнетақы қарызынан құтылу.



1999 жылдың қараша айынан 2002 ж. қаңтар айына дейін қызмет істеген Қ. Тоқаевтың үкіметі өзінің алдына қойған іс-кимыл бағдарламасын орындауда бірқатар әлеуметтік-экономикалық бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарын жүр-гізді. Олардың бірсыпырасы жүзеге асты, дегенмен кейбір мәселелер аяғына дейін орындалмады.

2002 жылы қаңтар айында Қазақстан Үкіметі басына И. Тасмағамбетов басқарған алтыншы үкімет келді. Жана үкіметтің алдына бірқатар күрделі міндеттер қойылды:

  • біріншіден, экономикалык диверсификацияға қол жеткізу арқылы өнеркәсіптік саясатты жүзеге асыру;

  • екіншіден, қор рыногын дамыту;

  • үшіншіден, аграрлық сектордағы реформаларды одан әрі жалғастыру;

  • төртіншіден, биліктің әр деңгейіндегі өкілеттіктің ара жігін айқындау.

И.Тасмағамбетов басқарған үкімет өзінің қызметінде еліміздің экономикасын дамытуға айырықша кеңіл бөлуді одан әрі жалғастырды. Осы бағытта 2002 ж. мемлекеттің бюджетін бірнеше рет талқылап, еліміздегі экономикалық және кейбір күрделенген әлеуметтік мәселелерді шешу үшін шара қолдануды қолға алды. Үкімет Ел басының тапсырмасымен 2003 ж. бюджеттен бөлінетін қаржыны білім беру саласына 33 пайызға, денсаулық саласына - 38, мәдениетті қаржыландыруға — 27 пайызға көбейтті. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және жалақы деңгейі 12 пайызға есірілді. Сондай-ақ, азаматтардың бұрынғы КСРО жинақ банкісіндегі "жоғалған" салымдары қайтарылу жөнінде шешім қабылдап, жүзеге асырыла бастады.

Алайда, 2003 жылғы 11 маусьш күні И. Тасмағанбетов ез өтінішімен үкімет басынан кетті. Бір жыл бес ай уақыт ішінде жұмыс істеген бұл үкімет тұсында республикада экономика-лық реформаларды дамыту барысында бірсыпыра істер атқарылды. Әлеуметтік даму мәселесіне де ерекше назар аударылып, халықтың әл-ауқат деңгейі өсті. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі кезеңці қамтитын Стратегиялық бағдар-ламасына сай 2003-2005 жылдарға арналған елдін индустрия-лық-инновациялық даму бағдарламалары қабылданды.

2003 жылғы 13 маусым күні Президенттің жарлығымен И. Тасмағамбетовтың орнына жетінші Премьер-министр болып Д. К. Ахметов тағайындалды.

1991 және 2003 жыдцар аралығында Егемен Қазақстан-ның жоғары заң шығарушы органы — Парламентте төрт рет өзгеріске ұшырады. Бірінші рет, 1990 жылы 12-ші шақырылумен сайланған Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылдың желтоқсан айында көптеген депутаттардың өз міндеттерінен бас тартуымен байланысты тарады.

Одан кейін 13-ші шақырылумен сайланған Парламенттің өмірі де ұзақ болмады. Себебі Қазақстан Республикасынын 1993 жылғы желтоқсанда бекіткен сайлау Кодексі негізінде 1994 жылғы наурызда сайланған Парламент 1995 жылғы мамырда заңсыз деп табылды. Бұған сайлау барысында аталған Кодекс баптарының өрескел бұзылуы себеп болды. Міне, осымен байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі пәрмені бойынша сол жылдың желтоқсан айында жаңа парламент сайлауы өткізілді. Ал 1997 жылдың қазан айында Парламенттің жоғары палатасына сайланған депутаттардың құрамының жартысы өзгертіліп, оларға жаңа сайлау жүргізілді.

Еліміздегі жоғары басқару жүйелеріндегі өзгерістер жергілікті атқару органдарының да өзгеруіне алып келді. Бұларда егемендік алған кезден бері үш рет өзгеріске ұшырады. Алдымен жергілікті атқарушы органдар — облыстық, қалалық, аудандық атқару комитеттері болып құрылды. Кейіннен барлық атқару комитеттері мен Кеңестерді қосып, оларды бір адам — Кеңес терағасы басқаратын болды. Ақырында келіп атқару жүйесін -әкімдер, өкілдік органдарды - Мәслихат басқаратын болды.

Соңғы жылдары әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталық Үкімет қайта құрылды және сан жағынан ықшамдалды. Жергілікті жерлердегі басқару құрылымдары да едәуір қысқарды. 1997 жылы 50-ден астам министрлік пен ведомстволардың 25-і ғана қалдырылды. 19 әкімшілік облыстың бесеуі, 220 әкімшілік ауданының 30-ға жуығы таратылды, сөйтіп 5 мыңға жуық қызметкер қысқарды.

Еліміздегі демократия және ұлт мәселесі жөнінде айтқанда, тағы бір көңіл аударатын мәселе - Қазақстан халықтары Ассамблеясының қоғамымыздың дамуындағы релі. Мұндай ұйым ТМД елдерінің ешбірінде осы кезге дейін құрылмаған. Ең бір қиын күндерде ол шын мәніндегі халық екілеттілігінің органына айналды. Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 ж. желтоқсанда өткен Қазақстан халықтары қүрылтайында қабылданды. Онда Ассамблея парламенттің немесе атқару билігі орга-нының баламасы бола алмайды - деп көрсетілді. Бірақ ол мүдделестер клубы сияқты қуыршақ ұйым да болуға тиісті емес еді. Үзақ ізденістердің, ұлттық мәдени орталықтар өкілдерінің, этнологтардың, заңгерлердің, басқа да салалар мамандарының пікірлерін зерттей келе, Ассамблеяға мемлекет басшысының жанындағы консультативті-кеңесші орган дәрежесін беру ұйғарылды. Нәтижесінде ол өз қызметінің жемістерін бере бастады. Ұлт саясатына байланысты көптеген ұсыныстар енгізуімен қатар, ол адамдармен күнбе-күн нақты жұмыстар жүргізді, бұл оның беделін өсірді.

1992 және 2003 жылдар аралығында Қазақстан халықтары Ассамблеясының тоғыз сессиясы өтті. Сессияларда біздің елді мекендейтін барлық ұлттар мен үлыстардың бірлігі мен татулығы, конституциялық зандарды сақтау, халықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары және т.б. көкейтесті маңызды мәселелер талқыланды.

1985 жылдан кейінгі қоғамды кайта құру, жаңарумен байланысты Қазақстанда бұрынғы кездегі жеке Коммунистік партаяның үстемдік етуінен бірте-бірте арылып, әртүрлі көзқарас және көппартиялық жүйеге кешу белең алды. Бұл елде болып жатқан демократиялық процестермен, саяси сипаттағы өзгерістермен тікелей өзектес еді.

Қазақстанда көппартиялық жүйенің және жаңадан саяси партиялардың пайда болуының басты үш себебін атап көрсеткен жөн. Оның бірінші себебі - 1989 жылдан бастап Қазақстан саяси өмірінде болған өзгерістер, соның ішінде әртүрлі көзқарастың, жариялылықтың көрніс ала баста-ғанына байланысты қоғамда өз орнын ала бастаған саяси еркін ой. Бұл кезде тоталитарлық және коммунистік идеяға қарсы негізде саяси партиялар мен қозғалыстар пайда болды. Олардың басты ұрандары: социал-демократия, ұлт бостандығы, мәдениет және экология бағыттарында қайта даму, жаңару, жандану бодды.

Екінші себебі - 1991 жылғы Мәскеуде болған тамыз оқиғасымен байланысты. Оның нәтижесінде Кеңестер Одағы тарап, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Республика жетекшілері жаңа жағдайда, егемендік алумен байланысты уақыт талабына сай батыл қимыл жасады. Белсенді мемлекеттік жаңа құрылыс басталды, саяси партиялардың бағдарламаларына қоғамға қажетті, көкей-кесті ұрандар мен міндеттер кірді. Партиялардың негізгі міндеттері - үкіметпен байланысы жоқ саяси күштерді ығыстыру, парламент сайлауларында жеңіске жету, уәкілдік кызмет органдарында көпшілік қолдайтын ниеттестік тәртіпті қамтамасыз ету және т. б. Міне, осымен байланысты Қазакстан басшылығы мұндай саяси партиялар арқылы өзінін, сүйенетін әлеуметтік базасын құруға ерекше мән берді.

Үшінші себебі - бұл еркіндік синдромы, ол барлық саяси ұйымдар мен күштерге тән. Республика жағдайывда ол, әсіресе, реваншистік күштер арасында ерекше байқалады. Оған коммунистер, ұлтшылдар және тағы басқада топтар жатады. Қазақстанда және бұрынғы Кеңес Одағына кірген мемлекеттерде мұндай ультрақұқықтық саяси партиялардың пайда болуы ескі тоталитарлық жүйенің күйреуімен және нарықтық экономиканың қалыптасуымен байланысты. Міне, осындай себептердің нәтижесінде 1990 жылдан бастап Қазақстанда ең әуелі социал-демократиялық партия, одан соң демократиялық "Азат" қозғалысы қалыптасты. Олардың кұрылуының басты белгілері — құқық орган дарында тіркеуден өту, белгілі бір бірлестікке үжымдық негізде бірігу және саналы ынтымақта болу, жалпы алға қойған мақсаттарының бір болуы, саяси қызметі түрлерінің пікір бірлігі, татулық қарым-қатынас, сайлау алдындағы платформа, немесе ұстаған саяси бағытының тұтастығы және т.б.

Кеппартиялы жүйе тек біздің Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар өздерінің ұлттықтәуелсіздігін алған, бұрынғы одақтас республикаларда да құрылды. Мәселен, 1995 ж. тек бір ғана Ресейде жүзден астам саяси партиялар тіркелген. Қазақстанда Ресейдегі сияқты жүздеген саяси партиялар құрылатындай ауқымды жағдай жоқ болғанын айтқан жөн. Мысалы, 1994 ж. өткен парламент сайлауына Әділет министрлігінің тіркеуінен өткен тек төрт-ақ партия қатысты. Олар - социалистер, Қазақстан халық конгресі, Демократия-лық және Азат партиялары. Сайлау еткеннен кейін көп кешікпей Қазақстанда Коммунистік партия құқық органдарынан тіркеуден өтті.



1999 ж. республикада 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер қүрылды. Ал 2003 ж. саяси партиялардың саны 19-ға жетті. Жаңадан халық арасында танымал "Отан", "Ақ жол" т.б. партиялар бой көтерді. Саяси партиялардың көпшілігі Республика Президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады. Бір айта кететін жайт, осы партиялардың бағдарламаларында айтарлықтай айырмашылық аз, экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерде бірін-бірі қайталайды. Қазақстандағы саяси партиялардың барлығыда (оған Коммунистік партияда кіреді) республикада іске асып жатқан нарықтық эконо-микаға көшуге ешқандай қарсылығы жоқтығын білдірген. Олардың бағдарламаларында тек оны жүргізудің тәсілі, уақытын белгілеуде ғана айырмашылықтар бар. Саяси партиялардың бағдарламаларында прагматизмнен гөрі идеология басымырақ, мұның езі Қазақстандағы көппартиялық жүйенің және саяси бірлестіктер мен партиялардың әлі де болса кәмелеттігінің жетімсіздігінің дәлелдемесі. Оның нақты көрінісі ретінде саяси партия жетекшілерінің үкімет басқару ісіне араласа алмай отырғандығы, өздерінің қызметінде тек Президент, республика үкіметін қолдайтындығы жөніндегі мәлімдемелері байқатады.

Мұндай жағдай қазіргі кезенде саяси партиялардың елді басқарудағы нақты мүмкіндіктерін, республика аддында тұрған саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешудегі қажетті әдістерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Елдегі билік жүргізу партиялардан тыс сипатта іске асырылып, үкіметтің саясаты белгілі бір партияның ғылыми тұрғыдан ойластырылған бағдарламасы негізінде іске асып жатыр деп әсте қарауға болмайды. Сондай-ақ, өкімет құрылымдарының өз арасындағы байланыстарға да саяси партиялардың айтарлықтай ықпалының болмай отырған-дығын айту керек.

Саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарында да тек алғашқы басқару түрі орын алған. Олардың басым көпшілігі өзінің сыртқы формасы бойынша партия деп саналғанмен, мазмұны жағынан әлі де болса партиядан гөрі ынты-мақтастық топтарға көбірек ұқсайды. Осының нәтижесінде саяси партиялардың бұқара халық арасындағы беделі темен, олардың қатарына халық өкілдері аз енеді, әсіресе, бұрынғы Коммунистік партияның мүшелері болған бірнеше жүз мындаған адамдар өзге партияларға мүшелікке кірмеген. Бұгінде бүкіл республикаға белгілі болып отырған «Отан», «Ақ жол», «Коммунистік партия» т. с. с. саяси партиялардың құрамынын, өзі ауыз толтырып айтатындай дәрежеге жетпей отыр.

Бұған қосып айтатын тағы бір жәйт, осы саяси партия-лардың құрамындағылардың басым көпшілігі бұрынғы Қазакстан Коммунистік партиясында қызмет еткендер. Олардың саяси жетекшілерінің өздері де 1991 жылғы қыркүйекте, яғни Коммунистік партия таратылғанға дейін, оның мүшесі болып, белгілі бір буындарында қызмет істеген адамдар.

Өздерінің бағдарламаларында атап көрсеткеніндей, Қазақстан саяси партиялары мен бірлестіктері, республика парламент сайлауларына қатысып, онда көпшілік депутаттық орындарға ие болуға тырысады. Бұл бағытта бірқатар саяси партиялардың қол жеткізген едәуір табыстарын айтпай кетуге болмайды. Мысалы, 1994 жылғы Республика Жоғарғы Кеңесінің сайлауында Қазақстан Халық Бірлігі және Қазақстан халық конгресі партиялары өздерінің көптеген өкілдерін парламентке өткізді. Республиканың бірқатар

саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктері 1995 жылғы 9 желтоқсанда еткен парламент сайлауына белсене қатысты.

Сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан халық бірлігі партиясы басқа әріптестерінен көп ілгері болып шықты. Парламентке олардың 24 мүшесі, Демократиялық партияның -12, Шаруалар одағының - 7, Жастар одағы мен Инженерлер одағының - 3-тен, Қазақстан Коммунистік партиясының - 2 мүшесі сайланды. Қазақстан Халық конгресі партиясы, Қазақстан Дәуірлеу партиясы мен Қазақстан Халықтық кооперативтік партиясының заң шығарушы органына бір-бірден өкілі кірді.

1995 жылғы желтоқсанда еткен бірінші қаспалаталы парламент сайлауынан кейін Қазақстанда қоғамды демократияландыру қадамдары одан әрі жалғасын тапты. Ашық баламалы сайлау, саяси күрес мәдениеті, көппартиялық жүйеге кең жол ашылды. Оның нақтылы дәлелі ретінде елімізде жүргізілген Президент, Парламент Сенаты, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауды айтуға болады. 1999 жылғы қаңтардың 10-ында болып өткен Қазақстан Президенті сайлауына балама негізде 4 кандидат тіркелді. Олар: Коммунистік партия өкілі С.Ә.Әбділдин, Сенат депутаты Ә.Ғ. Ғаббасов, Мемлекеттік Кеден комитетінің төрағасы Ғ.Е.Қасымов және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев.

Қазақстан Президентін сайлауға дауыс беру үшін жасалған тізімге енгізілген 8.419.283 сайлаушының дауыс беруге - 7.328.970-і немесе барлық сайлаушылардың 87,05 пайызы қатысты. Дауыс беру қорытындысында Н. Ә. Назарбаев жеңіске жетіп, қайтадан Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды. Оған дауыс беруге қатысқан барлық сайлаушылардың 79,79 пайызы өз дауыстарын берді.

1999 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау етті. Сенатқа 14 облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан бір-бірден депутат сайлануға тиіс болды. Оның сыртында Президент жеті сенаторды өзі тағайындайды. Сенаттағы 16 орынға 35 адам таласқа түсті. Сайлау барысында Парламент Сенатына депутаттық кандидаттарға Республика бойынша 4833 тандау-шының 4179-ы дауыс беруге қатысты немесе бұл тавдаушылардың жалпы санының 86,5 пайызы болатын. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің

Сенатына дауыс беру барысында 16 кандидат депутат болып сайланды.

Қазақстан Конституциясының талабына сай 2002 жылы 8 қазанда Республика парламентінің жоғарғы палатасы -Сенаттың босаған орындарына қосымша сайлау жүргізілді. Оның барысында жоғарғы палата құрылымының үштен бірі жаңартылды. Барлық бос орындарға 30-дан астам кандидат-тар дауысқа түсті, олардың 16-сы Сенат депутаты болып сайланды.

1999 жылғы 10 қазанда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау елімізде бірінші рет тек кдна бір мандатты округтерде ғана емес, сондай-ақ партиялық тізімдер бойынша да етті. Сайлау көзінде Орталық сайлау комиссиясы 10 саяси партияның партиялық тізімін тіркеді. Дауыс беру қорытындысында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне партиялық тізіммен Отан партиясының төрт өкілі, Қазақстан Аграрлық, Қазақстан Азаматтық және Қазақстан Ком-мунистік партиясынан екі-екіден өкілдері депутат болып сайланды.

Мұның өзі Парламентте саяси партиялардың депутаттары да ресми әрі жеткілікті түрде болатындығын білдіреді. Бұл Қазақстандағы нақты көппартиялы демократияның қалып-тасу кезеңінің жаңа бір қадамын көрсетеді. Мұндай өзгеріске басқа мемлекеттер мен елдер және халықаралық демократия-лық ұйымдар өздерінің оң көзқарастарын білдірді.

Бұл жағдай еліміздің дамуына, өркендеуіне, қоғамы-мыздың одан әрі демократиялануына, реформаның терең-деуіне, экономикамыздың, әл-ауқатымыздың, тұрмыстіршілігіміздің жақсаруына игіықпал тигізетініне сенімімізді күшейтеді.

Атап айтқанда, еліміздің экономикасы мен мемлекеттік құрылыстағы жетістіктері қоғамды одан әрі демократиял-андыру процесін терендете түсуге жағдай жасауда. Қазіргі кезде мемлекет бұл саланы одан әрі реформалаудың қалай болатынын қалыптастырды. Демократиялық өзекті мәселелер бойынша саяси партиялардың рөлін күшейту, сайлау заңнамасын жетілдіру, жергілікті жерлерге өзін-өзі басқару, үкіметтік емес ұйымдардың және тұтастай алғанда азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру, баспасөз бостан дығын нығайту т.б. институттар өздерінің тиісті мәселелерін шешуге мүмкіндік алды.

Қазақстан Республикасы жанында алдағы уақыттағы демократияландыру мен азаматтық қоғамды дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Тұрақты Кенес 2003 жылдан бастап қызмет істеп жатыр. 2003 жылдың бірінші жартысында біздің елімізде Ұлттық кеңес, Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет