«Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата11.04.2023
өлшемі18,36 Kb.
#174258
Байланысты:
5-сынып БЖБ №7


«Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Мәтінді тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл - Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Аталған мерекенің мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлттардың бірлігін сақтау. Жыл сайын мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт өкілдері қазақ жерінде тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алады. Олардың қазақ жеріне қоныстанып, өмір сүруіне жағдай жасады.
Мерекеде әрбір ұлттық-мәдени орталықтар ән айтып, би билеп, өз дәстүрлеріннен көріністер көрсетеді. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.


1-тапсырма. Төмендегі қиықшаға мәтін бойынша 2 негізгі ақпаратты орналастырыңыз.


2-тапсырма. Берілген сұрақтарға 1 сөйлеммен жауап беріңіз.

  1. 1-мамыр күні Қазақстан Республикасында қандай мереке тойланады?

___________________________________________________________________________________

  1. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

___________________________________________________________________________________

  1. Қазақ халқы өзге ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасады?

___________________________________________________________________________________


3-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай тест сұрақтарына жауап беріңіз.

  1. Түрлі спорттық ойындар не үшін ұйымдастырылады?

А) Халықтың көңіл-күйін көтеру
В) Халықтың әлеуетін көтеру
С) Халықтың денсаулығын көтеру
D) Халықтың тұрмысын көтеру



  1. Елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін қазақ халқы қалай қарсы алады?

А) асыға В) қуана С) құшақ жая D) сағына


4-тапсырма. Берілген тіркестерді аударып жаз

  1. Тату–тәтті өмір сүру –

  2. Құшақ жая қарсы алу –

  3. Қазақ - өте бауырмал халық –

  4. Бір атаның балалары -

  5. Жерұйық –

  6. Ынтымақ – ұлы күш -



5-тапсырма. Беріген сөз тіркестерін пайдаланып, «Адамзаттың бәрін сүй, «бауырым» деп» деген тақырыпта шағын мәтін құрап айт







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет