3
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Саналиева Ажар Куанышевна
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылы
Мұқыр орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тілін меңгерту әдістемесінің негізін қалаған тұлға екені бәрімізге белгілі. Бір туар
азаматтың тіл біліміне енгізген жаңалықтары мен методикасы әлі күнге қолданылып келеді. Тіпті, кезінде қарапайым
қазақтың сауатын ашқан «Әліппе», «Сауат ашу», «Тілашар» және т.б. оқу құралдары әдістемелік және тілдік тұрғыдан
өз маңызын жоғалтқан жоқ. «Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман
болмағы жұмсалатын
орнының керек қылуына қарай» дегені де оқушыға тың методиканың қажеттілігін, оны орнымен жарату керектігін
ұғындырады.
Қазіргі білім беру кеңістігінде шетелдік және отандық әдіскерлер «сыни ойлау» технологиясы, «Инсерт»
стратегиясы және т.б. сияқты оқытудың әртүрлі әдістерінің ерекшеліктері мен принциптерін жаңашылдық деп енгізуде.
Бұл әдістер ерекше әрі оқушының білімін айшықтайтыны сөзсіз. Бір қызығы сол жаңашылдықтар бүгінде ғалымның өз
заманындағы балалар мен ересектердің сауаттылығын ашуға арналған шағын мақалаларынан да көреміз. Мысалы,
Ахмет Байтұрсынұлы бастауыш мектептерге арналған «Әліппе» оқулығын
жазу барысында көрнекіліктің,
түсініктіліктің, жүйеліліктің, өмірмен байланыстылықтың дидактикалық принциптерін, дамыта оқыту идеясын
басшылыққа алды. Бұл жұмыста автор білімнің белгілі бір жүйе, дәйектілік арқылы берілетінін ескеріп, балаға ыңғайлы
болатын әдісті ұсынды. Баланың ойлауын дамытумен қатар, оларды іс-әрекетке үйрету
керектігі де басшылыққа
алынады.
Қазіргі уақытта ересектерге білім беретін мұғалімдер мен мектеп мұғалімдері Блум таксономиясын жалпы білім
берудің ең ұтымды әдісі ретінде басшылыққа алады. Блум таксомониясының 6 түрлі ережелері іс жүзінде кез-келген
ақпаратты оқытудың ең ұтымды әдісі ретінде дәлелденді. Себебі, Блум таксономия:
· білу – мағлұматтар мен ақпараттарды еске түсіру;
· түсіну – жаңа идеяны түсіну, ондағы негізгі идеяларды салыстыру, сипаттау;
· қолдану – жаңа білімді түрлі нұсқада пайдалану;
· талдау – дәйектер мен себептерге байланысты ақпаратты тексеру және жіктеу;
· жинақтау – ақпараттарды жүйелеу;
· бағалау – ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау» сияқты 6 ережесі сын тұрғысынан
ойлауда, яғни ойлау дағдыларын қылыптастыруда, жетілдіруде соны әдістемелердің бірі делінеді.
Бір қызығы, осы Блум таксономиясындағы танымдық процестің біртіндеп қарапайымнан күрделіге көшу барысы
туралы көп жылдар бұрын А.Байтұрсыновтың өз жұмыстарында қолданған. Әдіскер-ағартушы өзінің «Ана тілі әдісі»
атты мақаласында ана тілін оқыту әдістерін төмендегідей бөледі:
1) Кей әдістердің негізі қосу, жинау болады, барша ол негізді әдістер жалпылау (синтез) немесе жиылыңқы әдіс теп
аталады.
2) Кей әдістердің негізі талдау, айыру болады. Ол негізді әдістердің бірі жалқылау (анализ) немесе айырыңқы әдіс
деп аталады.
3) Кей әдістің негізінде қосу да, талдау да болады. Ондай әдістер жалқылаулы-жалпылаулы немесе айырыңқы-
жиылыңқы деп аталады.
Яғни, ғалым оқушыға дайын ақпаратты беруден гөрі, оған қойылған мәселені зерттеуге, талдауға және салыстыруға,
ойлауға және бағалауға мүмкіндік беру әлдеқайда маңызды екенін көрсетеді. Бұл категорияларды қазақ тілі
оқулықтарын құрастыруда да, сабақ әзірлемелерін әзірлеуде де басшылыққа алған жөн.
Ахмет Байтұрсыновтың осы еңбегінде білім алушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру,
дамыту
мақсатында тілдік қызметтің 4 түрі (жазу, оқу, сөйлеу, тыңдау) арқылы тілді меңгеру әдістері туралы пікір табуға
болады. Ғалым «оқытуды» өнер ретінде бағалайды. «Үйрету өнер болған соң, ана тілін үйрету – бұл да өнер. Олай болса
өнерлерде болған сындар мұнда болмақ» - дегені сөзсіз ақиқат. Әдіскер тіл үйретуге мыналарды жатқызады: 1) оқылым
– оқу үйрету; 2) жазылым – жазу үйрету; 3) айтылым – сөйлеу үйрету.
Сөйлеу әрекетінің төрт түрі бар. Мұны да А.Байтұрсыновтың еңбектерінен байқауға болады. Сонымен, оқу іс-әрекеті
буындық оқу, жалпы оқу арқылы жүзеге асырылады; жазу іс-әрекеті-буындық оқу, аудару, көшіру, сөздерді құрастыру,
сөзжасам арқылы; сөйлеу әрекеті-сұрақтарға жауап беру арқылы; тыңдалатын іс-әрекет-қателерді есте сақтау және
жатқа жазу арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні қазақ тілін оқыту кезінде ауызша тілдегі сөздердің арақатынасы ескерілмейді. Білім алушылар әріп пен
дыбысты
ажырата алмай, бір үйлесімде, бір ырғақта айтылатын сөз тіркестерін айтады. Ауызша және жазбаша
сөйлеудегі норманың арақатынасы екі бөлікте сипатталған:" тіл жұмсақ "және"нұсқаулық". Ғалым-әдіскер өткен
мәліметтерді ауызша сөйлеуде жеңіл және қысқа ауызша сұрақтармен бекітуді ұмытпау керек. Мысалы, 1) әріп пен
дыбыс бірдей ме? 2) не көрінеді және не естіледі ? 3) ұқсас дыбыстардың әріптері ұқсас бола ма?
Сонымен қатар, қазіргі уақытта дәстүрлі оқытудан жаңартылған білім беру мазмұнына өткен білім беру жүйесінде
«білім алушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануы» қағидаты басшылыққа алынады. Бұл оқыту жүйесі
Ахмет Байтұрсыновтың «Баулу мектебінде» де баяндалған.