Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет22/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
 
 
 
 
 
 


23 
ФИЗИКА САБАҒЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Тулеуова Лаззат Жакеновна,
Қарағанды облысы Нұра ауданы
Қарақойын ЖББМ 
Физика-математика пәнінің мұғалімі 
 
Сабаққа қойылатын
қазіргі заман талаптары мұғаліммен зор шеберлікті қажет етеді.Мұғалім сабақ үрдісіне 
материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Әрбір 
оқушының қабілетіне қарай білім беруде оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге 
асыратын жаңартылған инновациялық технологияны меңгеріп, жаңашыл әдіс –тәсілдерді пайдалануымыз қажет. 
Оқушыға саналы түрде білім беру- мұғалімнің қасиетті борышы. Оның өз мәнінде жүзеге асуы әрбір ұстаздың 
біліміне, ұйымдастыру қабілетіне, шеберлігіне байланысты. Сабақты өткізу барысында оның мазмұнын, өткізу тәсілдері 
мен әдістерін дұрыс таңдап, пәнаралық байланысқа көп көңіл бөлу керек. Қазіргі білімін дағдыларын екінші жақын 
пәндерде орынды қолдана білу, ойлау, салыстыру арқылы өз бетінше жұмыс жасауға жетелей білу қажет. 
Физика пәні күрделі пән екеніне ешкімнің де дауы жоқ. Оны жаттап алу мүмкін емес, түсіну қажет! Егер ол пән 
оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне, осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге 
жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануы тиіс. Жаңа форматтағы оқудан 
кейін менің сабақ беру стилім көптеген өзгерістерге толы десем қателеспес едім. Бұған дәлел сабақтардан кейінгі 
оқушылардың рефлексиялары болды: «Бүгін физика сабағы ұнады. Өзімізді еркін ұстадық», «Физика сабағының осылай 
өткені жақсы екен», «Сабақ өте қызықты өтті. Өзіміз жаңа сабақты аштық». 
Мен өзім СТО технологиясын сабақта қолданып жүргендіктен, сол туралы сіздермен ой бөлісуді жөн көрдім. 
Сыни ойлауды дамыту технологиясяның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы-білімнің дайын күйінде 
берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты- демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар, өзін-өзі жетілдіріп отыратын, 
айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. 
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, 
білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау 
өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі мақсаттары: 
- Тек қана оқуда емес, өмірде де оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту; 
- Өздігінен дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны дамыту; 
- Ақпараттарен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру; 
- Құбылыстарды жан-жақты талдап саралай білетін сыншыл тұлға тәрбиелеу. 
Негізі сабақтың үш құрылымын сақтаудан тұрады: 
- ой қозғау; 
- мағынаны ажырату; 
- ой толғаныс. 
Ой қозғау (қызығушылықты ояту) – үйрену процесі, бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. 
Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейе түседі. Оқушы 
жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. 
Мағынаны ажырату - оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмаларды 
орындайды. 
Ой-толғаныс - оқушылардың толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап баға беруге үйренеді, 
сонымен қатар ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайды. 
Нәтижесінде: 
- оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді; 
- жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай жатқан мәселені ақылдасып шешуге 
ұмтылады; 
- бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді; 
- жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді; 
- ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады. 
СТО технологиясын әр сабақта қолданатын болсақ оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған 
білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет