Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет92/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
 
 
«БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН САУАТТЫ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ» 
 
Төлегенқызы Қарлығаш 
Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылы 
«Береке орта мектебі» КММ 
Бастауыш сынып мұғалімі 
Оқу- тәрбие жұмысында оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп, өз бетінше еңбектенуге, ізденуге және өз ойларын 
ауызша, жазбаша жеткізе білуге үйрету- алға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі. Бұл жұмысты қалыптастыруда 
диктант, мазмұндама, шығарма жұмыстарының маңызы зор. Сауатты жазуға үйретуді оқудан бөліп қарауға болмайды.
Оқуға үйретудің алғашқы күнінен бастап жазуға да қойылатын талапты естен шығармау керек. Әліппе кезеңінде 
алған білімдерін пысықтап, оқу және жазу дағдыларын дамыта түсу мақсатында арнайы мағлұмат берілген. Бірақ бұл 
мағлұматпен шектелмей, балалар кітаптарынан, журналдардан өлең, ертегі, әңгіме оқытып жазғызған жөн.
Сауатты жазуға төселдіру үшін де үлкен ізденіс, шеберлік керек. Бұл жұмыс жеңілден ауырға қарай күрделеніп 
отырады. Алғашқы сабақтарда дыбыс саны аз сөзді, кейін дыбыс саны көп сөзді естіп жазуға төселдірген дұрыс. 
Сауат ашудың негізгі мақсаты-оқу дағдысының негізін қалау, фонетикалық есту қабілетін дамыту, дыбыстарды 
ажырата білу, әріптің баспа түрін таңбалап жазу, әріптерді тану, буын, сөз, сөйлемді оқуға үйрету сауатты жазу 
дағдаларын қалыптастыру өздігінен оқуға, жазуға дағдыландыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ауызша 


118 
сөйлеуге жүзеге асырылады. Осы мақсаттарды шешу үшін,сауат ашуды төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек. 
Оқушылардың жас ерекшелігін ескеру; 
-
оқыту принциптерін басшылыққа алу; 
-
сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту, яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету; 
-
буындап оқу әдісі арқылы, сөзді тұтастай оқуға дағдыландыру; 
-
дыбысты әріптермен дұрыс таңбалауға, жазуға,сөз ішінен олардың байланысу тәсілдерін сақтап, сөздерді тұтас 
жазуға үйрету; 
-
жазудың талаптарын орындату; 
балаларды сөйлеу тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту. 
Оқытудың тиімді амалдарын саналы меңгеру үшін мұғалім төменде келтірілген ең негізгі жағдайларды білуі тиіс: 
1. Сөздегі дыбыстардың бірізділігін, дыбыстық құрылымын сақтап, сол қалпында қабылдап және қайтадан еске 
түсіру шеберлігін айқындау. Балалар ана тілінің дыбыстық құрылымының, әр дыбыстың маңызын түсінуі керек.
2. Сөздің дыбыстық құрылымын талдауды білу. Ашық буындағы дауыссыз дыбыстың дыбысталуы одан кейін тұрған 
дауысты дыбысқа тәуелді екенін түсінуі, балалардың буындап оқудың тез және нақтылы игеруіне негіз болады. 
3. Оқу мен жазуға үйретудің элементтері қатар жүреді.
Оқу мен жазудың негізі – ана тілінің дыбыстық құрылымын түсінуі өте маңызды. Бағдарлама талабына сәйкес 
балаларды жазудың графикалық дағдысы (әріптерді дұрыс жазу және олардың байланысы) және қарапайым 
орфографикалық дағды (сөздің дыбыстық және әріптік құрылымын дұрыс жазу) қалыптастыруы қажет. Жазу бірнеше 
бөліктерден құралады. Жазатын сөздерге талдау жасай білу, дыбыстардың реттілігін сақтау дыбыстарды сәйкес 
әріптермен белгілеу, бейнелеу.
Басқы кезеңде бұл бөліктер арнайы қайталанады. Жазу сабағы дыбыстық талдаусыз өтпейді. Сауат ашу кезеңінде 
жазудың негізі мен сауатты жазудың негізі қаланады.
Әріптерді жазуға үйрету тәртібі мынадай:
Жаңа әріпті таныстыру, көрсету, плакатта, дидактикалық материалдар, дәптердің бетінде;
Мұғалім жаңа әріптің ауада және тақтада жазып көрсетеді; 
Дәптердегі жаңа әріптің үстінен басып жазу; 
Жаңа әріп элементтерін және әріпті толық жазу; 
Сөздерді жазу; 
Сөйлемді жазу. 
Мұғалім жаңа әріпті тақтада жазылуын көрсете отырып түсіндіреді.Әр баламен қаламды ұстап жүргізіп, бір әріпті 
жазып көрсетеді.Келесі әріпті бала өзі жазады.Мұғалім аралап жүріп дұрыс жазбаған баламен жеке жұмысын 
жалғастырады. 
Сауат ашу кезеңіндегі жазу сабағының құрылысы мынадай: 
Сөзге дыбыстық талдау жасау; 
Кеспе әріптерден сөз құрау; 
Жаңа әріпті көрсету; 
Жаңа әріпті тұтас жазу 
Жаңа әріппен сөз,сөйлем жазу; 
Балалардың жұмысын талдау; 
Оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланудың тағы бір ерекшелігі – оқытушы мен білім алушының 
күрделі, тығыз байланысын оңтайлы шешуге көмектесе отырып, сенімділікпен жұмыс жасауға, өзара батыл пікірлесуге, 
оқуға деген ынтасын арттырады, қысқасы, сапалы білім берудің оң жолдарын қамтиды.
Сондықтан да ендігі жерде педагогикалық технологияны меңгеруде үлкен бетбұрыс жасалуы қажет,ол мемлекеттік 
стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық 
технологияны ендіруді міндеттейді.
Сауат ашу сабақтары дыбыстық талдау - жинақтау әдісі арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс ана тілінің фонетикасы мен 
грамматикасына, балалардың физикалық-психологикалық және логикалық-психологикалық, педагогика ғылымының 
дидактикалық принциптеріне негізделеді. 
“Сауат ашудың” негізгі объектісі – сөз. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері мыналар:сөзді ауызша айту,сөзді жазу 
және оқу. Осыған орай сауат ашу жұмысы сөздегі жеке дыбыстарды бөліп алып құрастырудан басталады. “Дыбыстық 
әдіс” тек дыбысқа ғана қатысты, яғни оған буынның дыбысталуы да сөздің дыбысталуы да сөйлемнің дыбысталуы да 
кіреді.
Дыбыстық талдау жасағанда аса бір түйінді мәселе – дыбыстардан буын құрастыру, сол арқылы сөз жасап, оқуға 
әкелу. Сөзді дыбыстаудың өлшемі - буын. Әріпті меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп оқуға үйрету қажет. Буынды 
дұрыс меңгерген оқушы сауатты жаза біледі. 
Жаңа тақырыпты өту немесе үйге берілген тапсырманы орындау ретінде берілген жаттығуды тек көшірмей, 
оқығанын жатқа жазып, талдау арқылы сауаттылыққа жаттықтырған жөн.
Сурет бойынша сөйлем, шағын әңгімелер жазу жұмыстары да жиі жүргізіліп, тақырып бойынша шығармалар 
жазғызу да тиімді әдіс. Керекті нүктелердің орнына тиісті әріп, буын, сөз қойып жазу сияқты жұмыстарды оқушылар 
ынтамен орындайды. Осындай жұмыс түрлерін сабақтың әр кезеңінде кірістіріп, жүргізгенде ғана оқушы сауатты 
жазуға тез төселуге болатынын атап өту керек. Сауатты жазудың ең негізгі құралы- ережелер. Ережелерді жаттап, оны 
пайдалану ең басты мәселе. Сондықтан ережелерді жаттап қана қоймай, оны іс жүзінде қолдану керек. 


119 
Оқушыларды сауатты жазуға үйрететін пән-қазақ тілі. Бала сауатты жазу үшінқазақ тіліндегі грамматикалық 
ережелерді дұрыс түсініп,күнделікті өмірде қолданаалатын дәрежеге жетуі тиіс. Бастауыш сыныпта сауаттылықты жете 
меңгермегеноқушы жоғарғы сыныптарда оны толықтыра алмайды. 
Сондықтан оқушының сауатты жазуына әрбір сабақ сайын көңіл бөліп,олардың тіл байлығын арттыруға назар 
аударған жөн. Сауатты жазуға үйрету жұмысы оқумен қатар жүргізіледі, яғни ана тілі мен тікелей байланысты болады.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өз ойларын ауызша, жазбаша жеткізе білуге үйрету – әр мұғалімнің міндеті. Бұл 
жұмыстарды қалыптастыруда жазба жұмыстарының орны ерекше.Соның бірі -диктант. Әліппе кезінде әріп диктантын, 
буын диктантын, сөздік және терме диктантын орынды жүргізіп, онда жіберген қателерін еске алып, оларды әркез 
қайталап, жаздырып жіберген қателерін түзеткен оқушыларды мадақтап көтермелеп отырса, олар үнемі қатесіз жазуға 
ынталанады. Сауатты жазудың негізі әліппенің сауат ашу кезеңінде қалыптасады. 
Алғашқы әріптерді үйренісімен сабақ сайын сын жұмысы жазылады. Мұның бірі-әріп диктанты. Онда үйренген 
дыбыстарының әріптік таңбаларын қаншалықты меңгергенін байқаймыз. 1-4 сынып оқушыларын сауатты жазуға 
үйретуде ойын түрлерін, диктант түрлерін жазу шығармашылық тапсырмаларды 1–сыныптан бастап жүргізген жөн.
Шығармашылық талант, дарын, қабілетті сөздерімен тығыз байланысты. Сондықтан баланың жасырын, тым тереңде 
жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау үшін оқытып, жан – жақты дамыту керек.
Уақыт мектеп мұғалімдеріне заман талабына сай әрі озық технологиямен қаруланған,жан-жақты дамыған жеке 
тұрғаны дайындауды жүктеп отыр. 
Бұл міндеттерді шешу әрі абыроймен орындау үшін оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың 
жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану керек. Әр бала ол- жеке тұлға екенін ескерсек, оның білім дағдыларының дұрыс 
қалыптасуына мұғалім тікелей жауапты. Бұл жерде, әсіресе, бастауыш сынып мұғаліміне жүктелер міндет зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет