Қазақстан републикасының білім және ғылым


АУДИОВИЗУАЛДЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР



бет11/16
Дата08.07.2017
өлшемі5,16 Mb.
#20938
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
АУДИОВИЗУАЛДЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Т.Ә.Төлебаев - т.г.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУпрофессоры
Бүгінгі таңда ақпараттар тасқыны бұрын соңды болмаған деңгейде өмірдің барлық саласына ене отырып ақпараттық қоғамды қалыптастырды. Ақпараттық техникалар мен технологиялар да қарқынды түрде дамуда. Жеке компьютер, ноутбук, нетбук, планшеттер мен қалта телефондары, интернет

58

барлық азаматтардың, әсіресе білім мен ғылым саласындағы оқытушылар мен оқырмандардың басты қажеттілігіне айналды. Электронды кітаптар саны арта түсуде. Бұрын жарияланған кітаптарды цифрлау арқылы, сандық жүйеге көшірудің барысында, олардың да қолжетімділігі арта түсуде. Міне мұның барлығының тарихи ой мен таным ауқымының кеңеюі мен дамуына да өзіндік ықпал етуде. Біз бұл шағын баяндамамызда ақпаратты-коммуникациялық технологиялар арқылы дами отырып, жаңа сапалық дәрежеге көтерілген аудиовизуалды құжаттардың тарихнамасына қатысты мәселеге тоқталмақпыз.

ХХ ғасырдағы, әсіресе оның соңғы кезеңдері мен ХХІ-ғ. басындағы техникалық және технологиялық күрделі бетбұрыстар мен қарқынды даму тарихи дерек көздерінің жаңа түрлерін дүниеге келтіріп, ауқымын кеңейте түсті. Бұл ең алдымен кинофотофоно немесе аудиовизуалды құжаттардың пайда болуымен және олардың бүгінгі ақпараттық қоғамдағы күнделікті өмірде кең орын алуымен байланысты болып отыр. Бұл екі терминді зерттеушілер ұқсас, тең мағыналас ұғым ретінде көрсетеді және пайдаланады. Өйткені аудиовизуалды құжаттарға барлық кинофотофоноқұжаттар жатады. Олар фотосуреттер, киноқұжаттар, фоноқұжаттар болып бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы түрі, ерекшеліктері, пайдаланылу мен жасалу жолдары бойынша бірнешеге жіктеледі. Мәселен, кинофонофотоқұжаттарды тарихи дерек ретінде кешенді түрде зерттеп жүрген, белгілі ғалым Г.Ә. Сексенбаева ұлттық мұрағатта сақталып отырған фотоқұжаттарды деректанулық міндеттер тұрғысынан төмендегідей түрлерге жіктейді:

-«Қоғамдық-саяси сипаттағы фотоқұжаттар;

-Экономиканың, мәдениет пен ғылымның әртүрлі салаларын бейнелейтін фотоқұжаттар; -Фотоочерктер;

-Бір тақырып бойынша түсірілген суреттер топтамасы; -Портреттер (ресми, репортаждық);

-Көркем суреттердің әртүрлері (пейзаждар, фотоэтюдтер)» [1,41]. Бұл тек фотоқұжаттардың түрлері. Ал аудиовизуалды құжаттарды басқа түрлері қаншама. Байқап отырғанымыздай құжаттардың бұрыңғы дәстүрлі қағаз, таңба, жазба және заттай дерек ретіндегі түрлерінен аудиовизуалды құжаттар мүлде бөлек. Олардың «өз тілі, өзіндік ерекше әлеуметтік ақпаратты беру жүйесі, шындықты бейнелі түрде көрсетуінің тамаша мүмкіндіктері» бар. Құжаттану саласы аудиовизуалды құжаттарды әлеуметтік-мәдени белгілері бойынша тарихи, көркемдік және мәдениеттанулық ерекше маңызды артефактылық құжаттар қатарына жатқызады[1,4].

Сол себепті аудиовизуалды құжаттарды дерек ретінде зерттеудің өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары бар. Деректанулық тұрғыдан алғанда аудиовизуалды құжаттар өткен оқиғалар туралы мәліметтерді жазбаша түрде ғана емес, өзіндік көркемдікпен толықтыра, байыта отырып,

түрлі-түсті, қимыл-қозғалыс, дыбыс, әрекет, сөз, бейне, түр-тұлға, сымбат, психологиялық ақуал, эмоция және т.б. түрінде жеткізетіндігімен құнды, әрі күрделі, бірақ шынайылыққа жақын деректер береді.

Аудиовизуалды құжаттарды дерек көзі ретінде зерттеудің тағы бір қиындығы олардың жасалуымен байланысты. Олар әртүрлі техникалық құралдар арқылы дүниеге келеді. Бұл олардың мазмұндық, түрлік және сандық айырмашылықтары мен ерекшеліктеріне ықпал етеді. Мәселен, киноқұжаттардың өз ерекшеліктері болса, фотоқұжаттар мен фоноқұжаттардың да айырмашылықтары белгілі. Фотоқұжаттар бейне, сурет арқылы, ал фоноқұжаттар сөз, сөйлеу, дыбыс арқылы берілсе, киноқұжаттарда бұлардың екеуі де орын алады. Міне осындай ерекшеліктерін ескеру қажеттігін көрсете келе Г.Ә. Сексенбаева: «Такой подход к изучению аудиовизуальных документов позволит, используя возможности, средств, приемы и методы кинофотофонодокументального источниковедения, решить ряд проблем, связанных с введением в общественный и научный оборот наиболее ценной информации, содержащихся в этих источниках», - деп дұрыс атап көрсетеді [1, 6].

Аудиовизуалды құжаттардың деректанулық тұрғыда зерттелуіне көз жіберсек, мәселенің ХХ-ғасырдың 60-жылдарында қолға алынғандығын байқаймыз. Бұл кезеңде И.Н. Кунтиковтың, Л.М. Рошальдың мақалалары жарияланған еді/2-3/. Ал сол ғасырдың 70-жылдарында біршама көлемді еңбектер де дүниеге келді. Олардың ішінде В. Котенің, Е.М. Ефграфовтың еңбектерін ерекшелеуге болады/4-5/. Ал 80-жылдардан бастап кинофотофоноқұжаттар туралы мәселе кең түрде жазылып, зерттеле бастады. Міне осы кезеңде кинофотофоноқұжаттарға, әсіресе кино өнері тарихы мен ерекшеліктеріне Қазақстандық зерттеушілер де назар аудара бастады.

Г.Ә. Сексенбаеваның монографиясында кинофотофоноқұжаттар туралы жазылған шетелдік, соның ішінде әсіресе Ресейлік, сондай-ақ қазақстандық зерттеушілер еңбектеріне біршама кең түрде талдау беріліп, тұжырымдар жасалған. Біз енді соларға шолу жасай кетейік. «Большинство исследователей (А.А. Кузин, И.С. Фесуненко, Н.И. Кунтиков, М.Рошаль) своеобразие кинофотофонодокументов в сравнении с другими типами исторических источников видели в особом воплощении и отражении реального мира. Для кинофотофонодокументов характерна, прежде всего «оперативность в отражении явлений и фактов окружающей действительности, то есть полное совпадение во времени момента события и момента его фиксации на кинопленке». Особенности кинофотофонодокументов виделись и в материальном носителе (пленке) информации»-деп көрсетеді зерттеуші [1, 14]. Сонымен зерттеушілердің көпшілігі тарихи деректердің басқа түрлерімен, негізінен қағаздық түрімен, салыстырғанда шынайы өмірді көрсетеді, болған оқиғаны дәл кезінде бейнелейді деп есептейді. Зерттеушілер кинофотофоноқұжаттардың жалпы және ерекше белгілерін ескере отырып, оларды тарихи деректердің бірыңғай түріне жатқызды. Зерттеушілер сондай-ақ кинофотофоноқұжаттардың

техногендік сипатын, яғни тарихи оқиға туралы мәліметтерді түсіруде, тіркеуде, бейнелер мен дыбыстарды қалпына келтіруде, жеткізуде техникалық құралдардың пайдаланылатынын да ерекшелейді. Сөйте отырып, оларды, яғни кинофотофоноқұжаттарды жалпы генетикалық сипаты бар бірыңғай құжаттар кешені ретінде қарастырады. Міне осыны атап көрсете отырып, Г.Ә. Сексенбаева, аудиовизуалды құжаттардың ерекшеліктері туралы ол зерттеушілердің көзқарастарын талдай отырып, былайша атап көрсетеді: «Среди особенностей аудиовизуальных источников указывались: документирование реальности социальной жизни с помощью технических средств: материальный носитель информации; общность назначения и использования этих источников; особая социально-культурная ценность; сходство условий хранения и др.» [1,17].

Бір назар аударатын жағдай зерттеушілердің басым көпшілігі кинофотофоноқұжаттардың ішінде киноқұжаттар туралы мәселелерге баса көңіл аударған. Бұл киноқұжаттардың ақпараттық тығыздығы мен бейнелеу және дыбыстау арқылы біршама дәл, айқын мәліметтер бере алу мүмкіндігінде байланысты болса керек. Кейбір зертитеушілер киноқұжаттарды құжаттанудың біршама күрделі түрі ретінде бағалайды. Олар әсіресе, киноқұжаттардың бірнеше құрамдас бөліктен тұратынына назар аударады. Мәселен, әртүрлі кино кадрлар мен түсірілімдерден тұратын бейнелер және музыка, сөздер, дикторлық мәтіндер және тағы басқалардан құралатын дыбыстық жүйе болып бөлінетінін ерекшелейді.

Киноны жасау, түсіру, жүйелеу, реттеу, содан кейін барып көрсету үлкен жұмысты, уақытты талап етеді. Сондықтан да болар көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, киноқұжаттардың тарихи құндылығын айқындауда киноны монтаждаудың кинотаспалардың бөлшектерін біріктірудің, бір-біріне жалғаудың техникалық тәсілі ретінде ғана қарастырмай, авторлық дүниетанымды білдірудің, кинематографиялық тұрғыда көрсетудің заңдылықтарын білудің маңызды рөл атқарады. Г.Ә. Сексенбаева белгілі кинорежисерлер С. Эйзенштейннің, Д. Вертовтың, Э. Шубтың, М. Роммның және тағы басқалардың монтажды суреттеушінің ойы, идеясы, дүниетанымы деп есептегендігі туралы айта келе: «Подчеркивая важность замысла создателя источника, исследователи возражали против точки зрения, предлагающего при изучении кинодокументов расчленять его на структурные элементы (кинокадры, кинофразы, кинопериоды, киносюжеты), с тем, чтобы выявить позицию автора на те или иные события. Они справедливо полагали, что отношение автора к рассматриваемому событию проявляется в полной мере не в отдельных кадрах, а в построении монтажа всего фильма», -деп көрсетеді[1, 1б ]. Біздіңше бұл мәселені киноқұжаттарды тарихи дерек ретінде зерттеу барысында, оның ерекшеліктерінің бірі ретінде ескеру қажет.

Киноқұжаттарды тарихи дерек көзі ретінде талдау барысында тағы бір ерекшелігіне назар аудару қажет. Ол киноқұжаттардың уақытын, мерзімін анықтау мәселесі. Өйткені бұл мәселенің өзіндік қиындығы да бар. Оны Г.Ә.

Сексенбаева былайша дәл көрсетеді: «Как правило, дата выхода на экран готовой продукции пределяется по титрам к кинофильму. Более сложно ограничить дату сьемки и время создания фильма. В таких случаях, исследовательями предлагались при определении даты изучение технических и внешних особенностей кинопленки (размер и форма перфорации, ширина пленки, размер кадра, скорость сьемки и др.), которые менялись в определенный период времени. Полезным при проведении источниковедческого анализа кинодокументов считались косвенные детали, видимые в кадре (плакаты, афиши, здания, сопоставление различных лиц и др.) [1, 16].

Фоноқұжаттарды тарихи дерек ретінде зерттеудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, зерттеушілер фоноқұжаттар білгілі бір тұлғаның, адамның өмірі мен қызметі туралы көптеген мәліметтер беретініне назар аударады. Әсіресе, фоноқұжаттардың авторы мәселесінің күрделі екендігі атап өтіледі. Себебі фоноқұжаттарды жасау ісінің өзі күрделі әрі көпсатылы. Сондықтан да оның авторы туралы мәліметтерді құжаттық, публицистикалық және көркемдік жазбалар, сияқты әртүрлі дыбыстық жазбалардан іздестіру, оларды салыстыру арқылы айқындаған дұрыс.

Фоноқұжаттарды деректанулық зерттеу барысында ерекшелей қарастыруды қажет ететін келесі бір жағдай, дыбыстық, дауыстық жазбаларды жазбаша түрге көшіру болып табылады. Бұл өте күрделі, әзірге аз зерттелген мәселелердің бірі.

Сонымен, аудиовизуалды құжаттарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері өмір сүреді. Олардың біразы дүниежүзі зерттеушілерінің еңбектерінде көрініс тапқын. Қазақстанда бұл мәселемен кешенді түрде айналысып, оның көптеген мәселелерін айқындап, зерттеп жүрген Г.Ә. Сексенбаева болып табылады. Ғылыми құндылығы жоғары болып есептелетін оның еңбектеріне әлі де болса тарихнамалық талдаулар жасалуы, жетістіктері көрсетіліп, алдағы мәселелері айқындалуы қажет.

  1. Сексенбаева Г.А. Кинофотофонодокументы как исторический источник. Алматы, 2011. 41-б.

  2. Кунтиков И.Н. Кинофотофонодокументы в научных исследованиях//Вопросы архивоведения.-1962,-№2-78-84 бб.

  3. Рошаль Л.М. Некоторые вопросы источниковедческого анализа кинодокументов// Труды МГИАИ.-Т.17. -М., 1963.-132-138 бб.

  4. Коте В. Кинофотофоноархивы.-М., 1972.

  5. Ефграфов Е.М. Кинофотодокументы как исторический источник.-М., 1973.

«ТАРИХТЫ ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ» КУРСЫНЫҢ СТУДЕНТТТЕРГЕ САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ

МҮМКІНДІКТЕРІ
Б.Қ. Әбдіғұлова - пед.ғыл.докт.,Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры
Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде баса назар аударылып отырған жайттардың бірі экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Осыған орай Үкімет бұл бағытта мол іс-шаралар ауқымын атқарып жатқандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Мұндай түбегейлі өзгерістерді заман лебіне сай өзгеріп отырған ақпараттық қоғамда жасыру, бүгіп қалу немесе әсерілеп мақтап жіберу де мүмкін емес. Себебі еліміз өркениетті мемлекеттермен бірге ақпараттық кеңістікке әлдеқашан енген, қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзгерістерді алыс-жақын елдердің барлығы да біліп те, көріп те отыр. Оған ең алдымен Интернет ресурстар көп ықпалын тигізіп келеді. Сондықтан да ақпараттық технологияларды білім беру ісінде пайдаланудың маңызы күннен күнге артып келеді.

Елбасы өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тапсырмаларында, «Назарбаев университетінде» оқыған лекциясында, «Жас Отан» жастар қанатының ХІ сьезінде сөйлеген сөзінде және басқа да еңбектерінде жаңа ғасыр жағдайында, Қазақстан қоғамы қандай болуы керек, ондағы жастардың орны қандай болуы керек деген сұрақтарға жауап береді. Елбасы біз өркендеуіміз үшін «Жастар өзіне мемлекет не береді деп емес, мен еліме, жұртыма не беремін, мемлекетім үшін не істей аламын деген сауал қоюы тиіс»,- деп талап етеді [1]. Сондықтан біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталған ісімізде жастардың белсенділігі, білімділігі мен адал еңбегі керек.

Жаңа онжылдықта елді жаңғыртудың басты нысананың бірі сапалы білімге қол жеткізу, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, ақпаратты технологияны ұтымды пайдалану болып табылады. ҚР-ның Президенті Н.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауларда: «Білім беру әлемдік стандарттарға негізделіп, сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз көзделіп отыр»...«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс...», «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі», «Оқу жастарға тек білім беріп қоймай, сонымен бірге олардың әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс», «Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүргені көкейге қонымды: білім беру мекемелерін оңтайландыру; оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру»,- керектігіне баса назар аударды [2; 3; 4; 5].

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушы-жастарға ақпараттық білім негіздерін беру, ақпараттық технологияны интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы ретінде пайдалану, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Қазіргі білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникациялар белсенді қолданылуда. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты-студент-жастарды қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік тәжірибесінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу. Ақпараттық технология өңделген, жинақталған ақпаратты білім алушыға жинақталған түрде жеткізу әдістері, технологиясы болып табылады.

Білім беруді дамытуға қатысты Мемлекеттік бағдарламада оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану-жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі екені баса айтылған. Бүгінгі жаһандану үрдісінде ақпараттар ағымынан адамның өзіне қажетті ақпаратты саралап, пайдалана білуі-қазіргі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Өйткені, ақпарттық құралдар оқулық мазмұнын көрнекілендіреді, қажетті ақпаратқа қол жеткізеді, білімді пайдалану мен жинақтаудың мүмкіндіктерін арттырады. Осы орайда, жастарға сапалы білім мен тәрбие беру, оқытудың инновациялық әдістемелерін енгізу арқылы, студентті қажетті ақпаратты іріктеуге, талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету маңызды. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың алғышартты болып табылады. Тарихты оқыту үдірісінде қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы зор.

Тарихты оқыту үрдісінде ақпараттық технологияның мүмкіндігін үлымды пайдалану:

  • жастардың өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға;

  • әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу, оқыту қызметін ұйымдастыру үрдісінде қазіргі замануи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға;

  • студенттердің білім, дағды, біліктілігін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;

  • оқытуды басқаруға, оқу үрдісінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау үрдісін автоматтандыруға, интеллектуалдық түрлі деңгейдегі тапсырмалар беруге;

  • түрлі ақпарат көздерінен керекті материалды өздігінен іздеп табуға, ақпаратты сауатты жазуға үйренеді, өздігінен сурет, түрлі сызбалар мен карта, графиктер, кестелер т.б. жасауға, яғни студенттердің өз бетінше жұмысын ойдағыдай іске асыру үшін жағдай жасайды. Осындай маңызды міндеттерді іске асыру үшін жоғары оқу орындарында «Тарихты оқытудағы ақпараттық технология» таңдау курсы оқытылады.

«Тарихты оқытудағы ақпараттық технология» курсының мақсаты:

Қазақстан қоғамындағы өзгерістерге байланысты оқушылардың әлеуметтік бейімделуіне қажетті ақпараттық сауаттылықты арттыру.

«Тарихты оқытудағы ақпараттық технология» курсының негізгі міндеттері:

-студенттердің көшбасшылық және белсенділік қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияның мәні туралы ұғымдарын қалыптастыру, өздігінше білімін жетілдіру және өздігінен дамуын, шешім қабылдай білуін қалыптастыру;

-студенттерді ақпараттық технологияның ұстанымдарымен, ережелерімен таныстыру;

-студенттерді ақпарттық технологиялық білімдермен қаруландыру; оларды өмірге дайындау, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және дұрыс қатынас жасауға тәрбиелеу;

-ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру, алған білімін өз ісін ұйымдастыруға, қолдануға үйрету, ақпараттың мәні, оның рөлі туралы ұғымдарын тереңдету;

-«Тарихты оқытудағы ақпараттық технология» курсын оқытуда интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдарымен таныстыру;

- түрлі ақпарат көздерін, тарихи деректердің, еңбектердің мазмұнын білу, талдау, олармен өздігінше жұмыс жасай білу;

-өзіндік шығармашылық жұмыстарды жазу біліктерін игеру. Қазақстанда орта білім беру жүйесіндегі маңызды міндеттердің бірі-2020 жылға қарай жалпы білім беретін мектептерде 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу және оны табысты жүзеге асыру. Республиканың жүзден аса мектебінде эксперимент ретінде іске асырылып жатқан бұл жүйе бойынша оқушының тек білім, білік және дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау, үлымды қолдану, тез өзеріп отырған дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу талап етіледі. Мұндағы басты міндеттердің бірі-12 жылдық оқыту моделіне көшу. Бұл әлемдік тәжірибеде бар, оңды үрдіс. Мектеп оқушысы несиелік жүйенің элементтерін мектепте жүріп игеріп келеді, сөйтіп ЖОО-нда сапалы білім алуға, өзіндік жұмысты орындауға мүмкіншілік жасалады. Басты мәселе, мектептегі білім сапасының артатындығы мен оқушының дербес өздігінше жұмыс істеуге дағдылануы, оны өз өмір тәжірибесінде пайдалана алуы болып табылады. Кредиттік технологияны оқу үрдісіне енгізу студенттерді әр пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттермен, баспасөз материалдармен, ақпараттық оқыту технологиясы көздерімен, электронды оқулықпен, интернетпен, интерактивті тақтамен, оқу-әдістемелік кешендермен және кәсіби білікті профессорлық-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл жүйе студенттердің білім сапасын арттыруға бағытталып, өздігінше білім алуға үйретумен қатар, алған теориялық білімдерін өмірлік тәжірибелерінде пайдаланып, білікті маман даярлауға көмектеседі. Студент белгілі бір ғылым саласы бойынша жалпылама жоғары білім алады, содан кейін нарық талабына сай өзі таңдаған

мамандықты меңгеруіне жол ашылады. Оқытушылардан ақпаратты ұтымды пайдалана отырып, заман талабының сұранысы қарай ақпарттық технологияларды, замануи әдістемелерді ұтымды қолданып, кәсіби біліктіліктерін одан әрі жетілдіріп тұруды қажет етеді.

Ендігі мақсат-әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, «парасатты экономика» негіздерін қалыптастыру үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру, білім беру саласындағы оқулықтардың, оқу құралдарын, әдістерін, бағалау тетігін жетілдіру, оқытудың озық педагогикалық және ақпараттық технологияларын пайдалану, білім мазмұнын жаңарту-бүгінгі таңда білім беру саласының алдында тұрған өзекті мәселелер.

Білім мен тәрбие берудің осындай жауапты міндеттерін жүзеге асыруда жоғары оқу орындарында оқытылатын «Тарихты оқытудағы ақпараттық технология» курсының мүмкіндіктері зор.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақстандағы ең алғашқы жоғары оқу орны, республикадағы педагогикалық оқу орындарының көшбасшысы және базалық-әдістемелік орталығы болып табылады. Сондықтан да мұнда соңғы жылдары ақпараттық кеңістіктерді болашақ мамандардың білім беру ісіндегі меңгеруі үшін заманауи пәндер кешені оқу үдерісіне енгізіліп жатыр. Солардың бір Абай атындағы ҚазҰПУ-нің тарих факультетінде 3 курста студенттер оқып жатқан «Тарихты оқытудағы ақпараттық технология» атты осы жоғарыда айтылған таңдау курсы болып табылады. Оның негізінде болашақ мамандар әлемде болып жатқан білім саласындағы заманауи жайттарды оқып үйренеді, білім мен тәжірибе алмасады.

Жалпы алғанда, студенттер алғашқы оқу жылдары Қазақстан тарихы пәнімен жан-жақты танысады. Бұл пәнді оқып-үйрену студенттерге еліміздің басынан өткізген сан қилы аумалы-төкпелі кезеңдерден, қазіргі егемендікке қол жеткізген кездегі бүгінгі еркін тыныс -тіршілігінен өте бай мәліметтер береді.

Отан тарихын оқу барысында студенттердің көз алдынан сонау ерте заманнан осы күнге дейінгі тарихтағы: қайшылықтар, қаһармандық, жасампаздық істер мен қайғылы оқиғалар, әр алуан, адамзат тарихы тұтас күйінде, толық өтіледі.

Студенттер «Қазақстан тарихын» оқып үйрену барысында алған теориялық білімдерін тарихты оқыту әдістемесі мен тарихты оқытудағы ақпараттық технология пәндерімен тереңірек танысқанда және педагогикалық практика кезінде іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік туады.

Тарих оқытудағы ақпараттық технология курсының мазмұнымен таныстыру арқылы, студенттерге елінің жарқын болашағы үшін адал еңбек ету, жақсы оқу еліміздің әрбір азаматының басты мақсаты екенін түсіндіруімізге мүмкіндік туады. Отанымыздың күш-қуатын нығайту, көркейту, ғылымды ілгерлету, экономиканы дамыту, әлеуметтік проблемаларды шешу, еліміздің қазіргі жетістіктерін одан әрі арттыру бүгінгі жастар үлесінде екені баса айтылады. Жастардың озық ойы, жасампаз ісі,

табанды да қажырлы тіршілігі біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік шыңдарға жеткізе алатындығына көз жеткізуге мүмкіндік жасалады.

Жаңа қазақстандықтарды тәрбиелеуде білім беру ісінің инновациялық дамуына көңіл аударған жөн. Бұның өзі оқытудың интерактивті әдістері мен жаңашыл технологияны оқу үрдісінде кеңінен қолдануға жағдай жасайды, жаңаша оқыта алатын білімдар ұстаздарды қажет етеді. Олай болса, болашақ кәсіби деңгейі жоғары педагог- мамандар даярлауда студент-жастарды оқытудың жаңашыл әдістемесімен, мұғалімдердің озат тәжірибелерімен жан-жақты таныстыру, қоғамның білім беруге қойылатын жаңа талаптарын түсінуге септігін тигізеді. Осы орайда, тарихты оқыту әдістемесі мен тарихты оқытудағы ақпарттық технология курстарының қыр-сырын терең меңгеру, алған білімдерін күнделікті сабақта өз тәжірибесінде пайдалана білудің маңызы зор.

«Тарихты оқытудағы ақпарттық технология» курсының дәрістерінде, семинарлар мен өздік жұмыстарында «Тарихты оқытудағы ақпараттық технология» курсын оқыту үрдісіндегі дәстүрлі және интерактивті оқыту әдістері», «Тарих курстарын оқытуда педагогикалық технологияны пайдалану», «Тарихты оқытудағы ақпараттық және коммуникациалық технологиялар (АКТ)», «Тарихты оқытудағы техникалық және аудиовизуальдық оқыту құралдары», «Тарихты оқытуда электронды оқулықты пайдалану», «Тарихты оқытуда мультимедия материалдарын пайдалану», «Тарихты оқытуда интерактивті тақта пайдалану», «Тарихты оқытуда қашықтан оқытуды жүзеге асыру», «Тарихты оқытуда интерактивті әдістер мен технологиялар қолдану кезіндегі бағалау жүйесі мен нәтижелер» және басқа тақырыптардың мазмұнын ашып көрсету арқылы тарихты оқытудағы ақпарттық құралдардың мәні, оқытудың едеуір тиімді әдістері мен тәсілдері, жаңа технологиялардың түрлерімен танысып қоймайды, сонымен қатар шығармашыл мұғалімдер тәжірибесіндегі сабақ үлгілері талданып, оны студенттердің практикада пайдалануына мүмкіншіліктер жасалады.

Кредиттік жүйе негізінде тарихты оқыту үрдісінде студенттер теориялық білім алумен қатар, басқа пәндерден және түрлі ақпараттан алған білімдерін жүйеге келтіреді, жинақтап қорытындылайды, өзіндік пікірлерін негіздейді, болашақ маман ретінде өз тәжірибесінде қолдануға мүмкіндік алады.

Семинар сабақтарында студенттерді жеке топтарға бөліп, проблемалық тапсырмаларды бірлесе отырып өздігінше талдау, шешу жұмыстарын ұтымды өткізу олардың белсенділігін арттыруға көмектеседі. Жалпы студенттердің көпшілігі компьютерді жақсы меңгерген, қажетті ақпаратты жылдам, сауатты таңдап алып, өздігінше түрлі рефераттар, баяндамалар, хабарламалар дайындау біліктері қалыптасқан. Семинарда студенттер теориялық материалмен қатар, тарихты оқытуда ақпараттық технологияны пайдаланып, сабақ үлгілерін дайындап, оған презентация жасайды, ал басқалары оны одан әрі жетілдірудің жолдарын, кемшіліктерін анықтап, талдайды. Әр студент өзі дайындап келген сабақ үлгілерін интерактивті

тақтадан немесе компьютерден көрсетіп, негіздейді. Сабақ үлгілері бойынша кестелер, сызбалар, диаграммалар, түрлі деңгейдегі тапсырмалар мен тестер, иллюстративтік материалдарды дайындайды. Студенттер дайындап келген сабақ үлгілері бойынша интерактивті әдіс-тәсілдердің тиімділігін дәлелдеп, бір-бірімен жарысқа түседі, бәсекелестік жағдайында әріптесін озып шығуға дағдыланады. Бұндай практикалық жұмыстар студенттердің мектепке барар алдындағы педагогикалық практикаға дайындығын жетілдірсе, екіншіден сабақта белсенділігін дамытуға, ақпараттық сауаттылығын арттыруға себін тигізеді. Пікірсайысты оқу үрдісінде пайдалану барысында, студенттер тарихи материалды сыни тұрғыдан қарауға, өз пікірін еркін дәлелдеуге үйренеді, ақпараттық технологияны тиімді пайдалануға қол жеткізіледі. Осы тұрғыдан алғанда, аталмыш курс мазмұны студенттерге тарихтан сапалы білімге қол жеткізуге, оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.

Қорыта айтқанда, «Тарихты оқытудағы ақпараттық технология» курсы заман талабынан туындаған пән болып табылады. Оны оқыту болашақ мамандарға білімнің көкжиектерін толымды түрде игеруге кең жол ашады. Ақпараттық кеңістікте еркін жүрген болашақ мамандарға озық үлгілерді таңдап алуға, нақты білім беретін ресурстарды пайдалануға мүмкіндіктерді молайтып қана қоймайды, сонымен қатар оқыту үрдісінде ақпараттық құралдарды кеңінен қолдану студенттердің ақпараттық сауаттылығын арттыруға, елжандылыққа, парасаттылыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге де елеулі үлес қосады, егер де пәнді оқыту барысында профессор-оқытушылар құрамы тәлімгерлерге дұрыс бағыт берер болса.

  1. Назарбаев Н.Ә. «Жас Отан» жастар қанатының ХІ сьезінде сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан, 2012 жыл, 17 қараша.

  2. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан «Қазақстан-2030» стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 2007 жылы 28 ақпан. - Алматы., 2007. -72 б.

  3. Назарбаев Н.Ә.Қазақстанның әлеуметтік жаңгыртылуы: Жалпыга Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам //Егемен Қазақстан, 2012, 10 шілде.

  4. Назарбаев Н. Қазақстан білім қоғамы жолында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Назарбаев университетінде» оқыган лекциясы//Егемен Қазақстан, 2012, 6 қыркүйек.

  5. Н.Ә.Назарбаев. Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 2012 жылы 28 қантар //Егемен Қазақстан, 2012 жылы, 28 қаңтар.

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ОТАР ЕЛГЕ АИНАЛУЫН ЗЕРТТЕУ

БАҒЫТТАРЫ
О.Х. Мұхатова -т.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры
Тарих ғылымында отар және отарлау саясаты, отарлар - саяси, экономикалық дербестігінен айырылған, жергілікті тұрғындарды қанауға ұшырататын арнаулы тәртіпті басшылыққа алған, шетел мемлекеттеріне тәуелді елдер, аумақтар ретінде түсіндіріледі. Тарихта қашанда билеуші мемлекеттер бұл елдер мен аумақтарда отарлау саясатын жүргізді. Қазақ совет энциклопедиясында отарлауға «Отарлау саясаты дегеніміз - әскери, саси және экономикалық кіріптарлыққа ұшырату арқылы экономикалық жағынана әлсіз елдер мен территориялар халықтарын құлға айналдыру және қанау саясаты» деген анықтама берілген[1]. Таптық ұстанымға негізделсе де, бұл анықтама отарлаудың мәнін дұрыс ашқан, өйткені кез-келген отарлаушы елдің өзіне бағындырған аймақты тәуелді ететіні даусыз.

Отарлау саясатының барлық сатысында белгілі бір мемлекет басшылық рөл атқарды. Осындай рөлді патшалы Ресей де иеленді. Оның отарлау саясаты негізінен Оңтүстік-Шығыс және Шығыс бағытта жүргізілді. Орталық азия мен Кавказ отарға айналдырылды. ХУІІІ ғасырдың 30-40 жылдарында орыс өнеркәсібі жаңа шикізат көздеріне, қолөнері мен мануфактура бұйымдарын өткізетін шығыс рыногына зәру болды. Орыс үкіметі өзінің шығыс шекараларын шаруашылық жағынан игерудің және Шығыстағы саяси ықпалын нығайтудың бірден-бір дұрыс жолы Қазақстан мен Орталық Азия халықтарына Ресей азаматтығын беру деп есептеді[1.613б]. Сол кезде аталмыш мемлекеттердегі даму бір қалыпты емес, бірде өркендеп, енді бірде тоқырап отырғандығына көз жеткіздік. Ал саяси жағдайларына келетін болсақ, бір елдің ішкі және сыртқы саясаты жекелеген тарихи тұлғалардың, яғни билеушілердің жеке ұстанымдарына, мүдделеріне байланысты өзгерістерге ұшыраған. Сонымен қатар мемлекеттің біртұтас ішкі және сыртқы саясатындағы ерекшеліктер және аймақтағы геосаяси ахуал да дербес елдің саяси жағдайына елеулі әсерін тигізген, өйткені бұл елдер бір бірімен көршілес орналасқан болатын.

Ғылымда көршілес елдер арасындағы ынтымақтастық пен саяси қақтығыстар туралы теориялар бар.Осыған орай халықтар арасындағы байланыстар қақтығыстар мен ынтымақтастық тұжырымдамалары негізінде қарастырылады. Көршілес елдер арасындағы ынтымақтастық туралы ХІХ ғасырда Эмиль Дюркгейм арнайы тұжырымдама ұсынған. Ынтымақтастықты механикалық және органикалық деп екіге бөле отырып, оны ең жоғарғы моральдық принцип, әмбебап құндылық ретінде зерттеген. Ынтымақтастыққа қарама-қайшы қақтығыстар немесе жанжалдар туралы теорияны Ральф Дарендорф қалыптастырды. Ол қақтығыстың өзі үстемдік етуден туындайтындығын дәлелдеген. Мұндай тұжырымдамалар қазақ-орыс қарым-қатынастарын зерделеуге қазақ жүздерінің және патшалық Ресейдің

ұстанымдары мен пиғылыдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни ХУІІІ ғасырдың екінші ширегінде қазақ билеушілері тығырыққа тіреліп, одан шығар жол іздесе, Ресей империясының отарлау, жаулап алуына турасында ынтымақтастыққа қол жеткізуге ұмтылуы байқалады.

Қазақ жүздерінің патшалық Ресейге бодан болуы мәселелері соңғы уақыттарда өркениет теориясы бойынша да зерттелуде. Өркениет теориясы бойынша өткен уақыттардағы тарихты бүгінгі күннің көзқарасымен емес, оқиға болған кезеңнің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, зерттеу ұтымды. Мұның өзі ХУІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс байланыстарын көрсетілген мерзімдегі тарихи оқиғалардың ағымында, мемлекеттердің саяси ұстанымдары шеңберінде, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайының ауқымында қарастыру дегенді білдіреді. Тағы бір маңызды жайт, мәселені ХУІІ-ХУІІІ ғасырлардағы Қазақстан мен Ресейдің өзара байланыстары, геосаяси ахуалының астарында баяндау өркениеттілік теориясына сәйкес келеді. Сонымен қатар бодан болу, отар елге айналу тарихын екі мемлекеттің мүдделері, патшалық Ресейдің ұстанымы, діттеген мақсаты, бір бірімен тығыз байланысы, сабақтастығы аясында зерттеуге мүмкіндік тудырады. Сонда ғана көрсетілген мерзімде орын алған тарихи оқиғалардың шынайы мазмұны ашылады.

І Петрдің кезінде империяның шығыстық саясаты еуропалық рационалистік дүние танымы мен теорияларға негізделіп қалыптастырылды. Империялық санаға Византия мен Ром империясының «мұрагері» - Ресей басқа халықтардың тағдырына «құдайлық» негізде де, «табиғи құқықпен» ықпал етіп, билік етуі тиіс деген ұстаным мықтап ендірілді. Ортағасырлық ресми доктринаға толық сәйкес алғанда, мемлекеттің күш-қуаты және билік етуші монархтың даңқы оған бағынышты аумақтың мөлшерімен және бодандарының санымен анықталады, ал соңғыларын алу ұрыс алаңындағы жеңістің де дипломатиялық күрестің күрделі айла-шарғылардың табиғи нәтижесі болып табылады. Осы түсінікті негізге алған І Петр ... «бағзы заманнан естіліп келген және сол кезде беймәлім деуге болатын қырғыз-қазақ ордаларын» Ресей бодандығына келтіру туралы тілек білдіріп, Астрахан жорығында тілмаш міндетін атқарған А.И. Тевкелевке «миллионға дейін жұмсалса да, аса көп шығындарға қарамастан ... жан-тәнін салуды, түптеп келгенде, бір парақ қағазбен-ақ Ресей империясының қарамағында болуға міндеттенетін болсын» деп ұсынған еді[2], өйткені баршаға мәлім, орыс патшасы Петр І-нің арманы қазақ даласын қақпа ретінде ретінде пайдаланып, Орталық Азияға, әрі қарай Үндістанға жол ашу болатын. Осыған орай император қазақ халқын өзіне тәуелді етудің тәсілдері туралы көп толғанды. Осы орайда ол қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрін, тұрмыс-салтын, наным-сенімін, ұстанымдарын зерттеудің маңызды екендігіне көз жеткізді. Алдымен қазақтармен елшілік қатынастарын, содан соң сауда байланыстрын орната отырып, бірнеше қайтара түрлі экспедициялар ұйымдастырып, қазақтар туралы нақты мәліметтер жинақтады. Империяның осындай бастаған ісі ХУІІІ ғасырдың екінші ширегінен соңына дейін жалғасты.

Қазақтардың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, дүниетанымын, мінез-құлқын зерттеу арнайы ғылыми негізде жүргізіліп, іргелі шығармалар дайындалды. Петербор Ғылым Академиясының ғалымдары П.С. Паллас, И.П. Фальк, Х. Барданес, А.И. Левшин, П.И. Рычков, И.Г. Андреев тәрізді ғалымдар қазақтар жөнінде арнайы зерттеулер жазды, ал император даланы өзіне бағындырудағы саяси пиғылын жүзеге асыруды мақсат етті. «Іздегенге -сұраған» дегеннің кері келіп, патшалық өкіметтің осы тілеуіне қазақ даласындағы ішкі және сыртқы жағдайлар оңтайлы сәтті тудырды.

Қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі, Хиуа, Қоқан хандықтарының басып алу әрекеттері, башқұрттар мен ноғайлардың әлсін-әлсін қазақ қоныстарның берекесін кетіруі Кіші және Орта жүздердің патшалық Ресейге одақтас ретінде арқа сүйеуге итермеледі. Жан-жағынан анталаған жаудың құрығынан құтылмасын түсінген қазақ хандары, әсіресе Кіші жүз ханы Әбілқайыр 1730 жылы 28 тамыза Ресей билеушісіне арнайы 11 өкілден тұратын елші жіберіп, оның боданы болуға ниет білдірді. Шынтуайтында қазақ жүздерінің билеушілері Ресей империясының боданы емес, онымен одақтас болуға ұмтылған еді. Алайда күні бүгінге дейін орыс тарихнамасында Кіші жүз ханы Әбілхайырдың бодан болу туралы актіге қол қоюы әртүрлі себептер арқылы көрсетіледі. Сөзіміз дәйекті болуы үшін орыс тарихнамасының кейбір тұстарына тоқталып кетейік.

Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы тарихнамасының орыс зерттеушілерінің еңбектеріндегі назар аударарлықтай себептерінің бірі -сыртқы саяси ахуал, билік үшін талас, руаралық күрес. Мәселен, И.И.Крафтың пікірі бойынша ішкі саяси жағдай қазақ хандығын әлсіретті [5] П.И.Рычков Кіші жүз ханы Әбілхайырдың Ресей бодандығын қабылдауын оның бейбіт өмірге ұмтылуын, империяның көмегімен жоңғарлардан қазақ жерлерін қайтаруы түрінде түсіндірді. А.И. Левшин Әбілхайыр ханның жеке басының мүддесі бодандықты қабылдаудың басты себебі болды деп жазды. "Әбілқайыр хан өзінің дұшпандары мен тайталастарынан озып, өз билігін күшейткісі келді. Ал оның қоластындағы азып-тозған, жан-жағынан жаугершілік қауіптің қыспағында қалған халық кез-келген құрбандыққа даяр еді".[6] Сондықтан да орыс тарихнамасында Әбілхайыр хан жағымсыз жағынан сипатталған. Л.Мейер, М.А. Терентьев, С.В.Жуковский еңбектерінде[7] Әбілқайыр хан біржақты мансапқор, жайдақ, жалған пікірлерге бой ұрған, жеке басын күйіттеген, мәселенің байыбына терең бара алмайтын билеуші ретінде баса көрсетілген. А.И. Тевкелевтің жазбаларында болған оқиға былай сипатталады: «он ... с Абулхаир ханом в подданстве российском быть желает и в том будет присягать»[4]. Батырдың осы шешімін Әбілқайыр ханның өзі, және Есет батыр қолдаған. Ресей патшайымына адал болуға Құран ұстап Әбілқайыр хан, Бөкенбай, Есет батырлар, Құдайназар мырза, бұдан соң текті старшындардан 27 адам ант берген. Елшінің жазбаларына қарағанда оның Орта жүздің де Ресей бодандығын қабылдауына ықпалы аз болмаған тәрізді. Оған оның 1731 жылдың күз айлары мен қыстың бас кезінде Әбілқайыр ханның отбасымен бірге Қазақ

даласында көшіп-қонып, көптеген билеуші элитаның беделді өкілдерімен қарым-қатынас жасап, нәтижесінде Орта жүздің ханы Сәмекені ресей бодандығын өабылдауға иліктіргені туралы жазғандары дәлел бола алады. Тевкелев жазбаларындағы тағы бір назар аударарлық тұсы, 1734 жылдың 10 ақпанында Әбілқайыр ханның ұлы Ералы Петерборда патша сарайында салтанатты түрде патшайымның қабылдауында болып, сұлтан және қазақ елшілігінің мүшелері екінші рет Ресейге адал болуға ант берген. Ал Тевкелев болса, сәтті де нәтижелі орындаған елшілік қызметі үшін полковник шенін иеленген. Елші өзі үшін атқарған еңбегіне сай шен мен атақ алса, империя үшін мазмұны отарлау саясатын жүргізуге аса қажетті жазбалар дайындады.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі кезеңде отандық тарих ғылымында Қазақстанның Ресей империясы құрамына енуін негізінен тарихи оқиғалар мен үдерістер ауқымында зерттеу құбылысы ғылымнан көрініс тапты. Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауы объективті, шынайы түрде, тарихи оқиғалардың сабақтастығы тұрғысында талданды. Тарихшылар қазақ хандарының Ресей патшайымына жасаған өтінішінің себептерін, бодандықты қабылдау процессін, оның салдарларын жаңа зерттеу методологиясы негізінде таразылады. Әйтсе де тарихшылар бірыңғай ортақ пікірге келе алмады. Сондай түйіткілдердің бірі - Әбілхайыр ханның бодан болу жолындағы рөлі мен орны. ұлттық тұрғыда, тарихи деректер негізінде шынайы көрсетуге талпыныс жасалып келеді. Өкінішке орай, соңғы жылдары жалпы ұлттық, жалпы қазақтық ірі тарихи тұлғаларды мақтан етуден гөрі жергілікті рулық батырларды дәріптеу белең алып барады. Мұның болашақта қазақ арасында рулық және жүздік негізде жіктелу бағытын жандандыруы ғажап емес. Сондықтан да ұлтты ұйымдастыратын, ұлттық сананы оятатын және отансүйгіштікті өршітетін ... ортақ ірі тұлғаларды көтермелеуіміз аса қажет»[8 - 4]. Бұрын ғылымда біршама күдік тудырып келген мәселелер қайта зерттеліп, зерделене бастады. Мәселені тарихнамалық тұрғыда талдаған зерттеулер де дүниеге келді /21/.

ХІХ ғасырдың 50-70-жылдарына патша өкіметі Оңтүстік Қазақстанда өзінің әскери экспансиясын жүргізді. Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жөніндегі экспансиялық мақсаттары негізінен алғанда екі жолмен: біріншіден, қазақ даласына бірқатар әскери барлау және жазалау экспедицияларын ұйымдастыру; екіншіден, дала арқылы өтетін «стратегиялық жағынан тиімді жағдайда болған бекіністер шебін» салу арқылы жүзеге асырылды [3.- 371]. Қазақтар қоқандықтарды да, орыстарды да қолдамады, сол үшін де екі жақ тарпынан қатаң жазаланып отырды. Мұның өзі қазақтарды қоқан билеушілеріне және орыс отарлауына қарсы көтерілістерге шығуға итермеледі.

ХІХ ғасырдың 60-жылдарының бас кезінде қазақтар қалыптасқан ауыр жағдайда патша өкіметінің бодандығына өтуге мәжбүр болды. Мысалы, қоңырат тайпаларының кейбір руларының және бестаңбалы руының өкілдері Ресей империясының бодандығын қабылдады. Қоқан хандығы Шу алқабындағы қазақтар мен қырғыздарды Ресейге қарсы күресте өздерімен

бірігуге шақырып, түрлі насихат жүргізді. Әйтсе де қоқандықтардың қазақ ауылдарына тонаушылық және шапқыншылық әрекеттері тоқтатылмады. Бұл жергілікті халықтың наразылығын тудырып, патша өкіметі жағына шығуды тездетті.

Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанға әскери экспансияся, әсіресе Ақмешітті, Түркістанды, Әулиеатаны, Шымкентті және басқа да Қоқан бкіністерін қорғаушыларды талқандауы ерекше қатыгездікпен және әскери тұрғыдан ақтауға болмайтын әрекеттермен жүргізілгенін ерекше атап өту қажет.[3. -329] Дегенмен төңкеріске дейінгі орыс тарихнамасында патша өкіметінің Қазақстанның оңтүстігі мен Орталық Азиядағы экспансиялық саясаты «елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қорғаныс сипатындағы» әрекеттері ретінде көрсетілді. Ұлы жүздің Ресей империясының бодандығына өтуі «өз еркімен империя құрамына қосылуы» түрінде түсіндірілді. Кеңестік тарихнамада осындай пайымдаулар «анағұрлым аз ыза» тұжырымдамасының аясында Ұлы жүздің Ресей бодандығын қабылдауы «қазақтардың орыстармен жақындасуының салдары» ретінде саналды.

Қазақ даласының империя боданына айналуы әртүрлі кезеңдерде, саяси жүйелер жағдайында, қалыптасқан идеологиялар шеңберінде зерттеліп, ғылыми еңбектер жарияланды. Зерттеушілер өздерінің өмір сүрген қоғам талаптарына сәйкес ой түйіндеп, тұжырымдар жасады. Дегенмен де мәселенің әлі де болса зерттелуге тиіс тұстарының бар екендігі байқалады. Осы тұрғыда айтатын болсақ, жас зерттеуші-тарихшылар Кіші жүз ханы Әбілхайырдың Ресейге одақ болуға ұсыныс жасауының объективті себептері, ұстанған саясаты, бодандықты қабылдағаннан кейінгі билеушінің көзқарастарының өзгеруі соны деректер негізінде сараптаса әлі де болса ғылымда күмән тудыратын мәселелердің беті ашылған болар еді. Сонымен қатар ХУІІІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамының көршілес елдермен қарым-қатынастары, Қазақстанның одақ ел ретінде Ресейді таңдап алуының себептері де айқындалуы тиіс. Отандық тарих ғылымы үшін патшалық Ресейдің Қазақстанға қатысты саясаты әлі де өз шешімін таба алмай отырған мәселелердің бірінен саналады.

  1. Қазақ совет энциклодециясы. - Алматы, 1976. - 612 б.

  2. Посланник Петра І на Востоке. Посольство Флорио Беневени в Персию и Бухару в 1718-1725 годах. - М., 1968. - 126 б.

  3. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 3 т. - Алматы, 2002.

- 158 б.

  1. История Казахстана в русских источниках. ХУІ -ХХ веков. ІІІ том. Журналы и служебные записки дипломата А.И. Тевкелева по истории и этнографии Казахстана (1731-1759 г.г). - Алматы, 2005.

  2. Крафт И.И. Сборник узаконений о киргизах степных областей. - Оренбург, 1898.

-С.21.

  1. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. -СПб., 1832. - С. 104.

7. Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомоства. - СПб., 1965; Жуковский
С.В. Сношения России с Бухарой и Хивой за последнее трехстолетие. - Петроград, 1915;
Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. - СПб., 1906.

8. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына
үлттыц көзқарас. -Алматы: Қазақуниверситеті, 2004.


КЕҢЕСТІК БИЛІКТЕГІ ЖАСТАР САЯСАТЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАС
Б.Сайлан - т.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры
Қандай зерттеу жұмысы болмасын оның негізі әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы ғана жүзеге асатыны анық. Тарих саласында осы әдістер мен тәсілдерді зерделейтін де, оны жүзеге асыратын да методология болып табылады. Методологиясыз зерттелмек болған мәселені қарастыру мүмкін емес.

Қазақстанның тәуелсіз ел болуы оның күрделі тарихи даму кезеңдеріндегі елеулі оқиғалар мен фактілерге жаңаша бағыт беру қажеттілігін туғызды. Әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих ғылымы көп жағдайда ақиқатты біржақты көрсетіп бұрмалап, ұшқыры пікірлерге құрылған теориялық қорытындылардың өмірге келуіне себепші болды [1, 9 б.].

Академик, тарихшы М.Қ. Қозыбаев "Қандай да бір ғылыми жұмыс жасаған кезде ең алдымен ғылыми жұмыста методологиялық бетбұрыс керек", - деп келтіре отырып, ол үшін методологиялық принциптерді айқындап, әлемдік тарихшылар игерген түбегейлі қымбаттылықтарды игеру міндетін баса көрсеткен болатын [2, 360 б.]. Ғалым көрсеткендей, әлемдік тарихшылар тарихы, ғылыми объективтілік, диалектикалық принциптерді ұсынған еді.

Методология - бұл белгілі бір мәселені зерттеудің ғылыми әдістемесі. Деректанушы ғалым О.Мұхатова тарихнама саласын зерттеуге байланысты негізгі аспектілерін бөліп көрсеткенде тарихи еңбектердің деректанулық базасын, деректерді пайдаланудың сипатын, зерттеудің нақты әдістерін талдау қажеттігін ашып көрсетеді. Сонымен қатар тарихнамалық фактілерді талдаудың критерийлерін айқындап, тарихнамалық заңдылықтардың ұғымын ашуда біріншіден, қоғамдық ғылымдар саласындағы білімді дифференциациялау және интеграциялау процесінің заңдылықтарын зерттеу, екіншіден, тарихнамадағы философиялық категорияларды нақты айқындау, үшіншіден, тарихнаманың ғылыми критерийлерін анықтауды ұсынады [3, 37-38, 161 б.]. Ғалымның бұл міндеттер жаңа зерттеулерге тың серпіліс беріп, жаңа технологияларды ғылыми айналымға қосуда өз нәтижесін берері анық.

Еліміз тәуелсіздігін алғанға дейін кеңестік тарихшылар зерттеу жұмыстарында марксистік методологиялық бағытты кең қолданып, өздерінің

ұстанған бағытында қоғамдық құбылыстар мен үрдістерді үстірт қарастырды. Бұл концепция тарихи дамудың барлық сатысын формациялық тұрғыда қарап, оған методологиялық және дүниетанымдық маңыз бере жеке дара дәріптеуге алып келді. Мәселені зерттеу маркстік-лениндік методология шеңберінде қарастыруда маркстік-лениндік тарихилық, объективтілік, партиялық принциптері кеңінен қолданылып, осы принциптер негізінде талдаулар жасалды. Партиялық принципке сүйенген қазақстандық ғалымдар кеңес дәуірі тұсындағы Қазақстандағы жастар саясатының сыр-қырын ашып көрсеткенмен, үкімет пен партияның айқын бейнесін шынайы түрде ашып бере алмады. Әкімшіл-әміршіл жүйенің қыспағы, елдегі ауыр жағдай мен оны тудырған жайттер жабулы күйінде қалды. Мұндай зерттеу тәсілі ғылымда коммунистік идеологияның ықпалынан туындап, большевиктік билік саясатын, Ленин өсиетін, коммунистік партияның сара жолдарын, коммунистік жеңісті насихаттауды ғана мақсат тұтқандығын көрсетіп тұрды. Зерттеушілердің социализмнің салтанатын ғана дәріптеуі әрине үкімет идеологиясынан туындағаны сөзсіз. Сөйтіп, жастар саясаты тарихын талдауға алған тарихшылар кеңестік билік мүддесіне сәйкес қана тұжырымдар жасауға, сол жүйені дәріптеуге мәжбүр болды. Бұл біріншіден, партияның үстемдігін білдірсе, екіншіден, кеңестік жүйе тұсындағы жастар саясатының айқын түрде ашылмағандығын дәлелдейді.

Тек 1990-жылдардың басынан бастап қоғамдық мүмкіндіктерге сай тарих ғылымын зерттеу методологиясы жаңаша бағыт алды. Кеңестік жүйе кезеңіндегі қазақ жастары саясатының тарихын бұрынғы марксистік методологиялық бағыттан бас тарта, ұлттық тарих ғылымын әлемдік алдыңғы қатарлы методологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып зерттеудің маңызы зор. Ол үшін танымдық білімді игергеніміз жөн. Ғылыми таным жолын көрсететін ұстанымдар мен тұжырымдамаларды, теорияларды саралай отырып, алға қойған проблемаларды, атап айтқанда Қазақстан жастары саясатының жүзеге асырылу тарихын қарастыруда қазіргі әдіс-тәсілдерді негіздеуді қолға алған жөн. Әдістің мән-мағынасын тану және оны қолданысқа дайындау үшін ондағы объективті мен субъективтің қарым-қатынасын дұрыс есептеу өте маңызды болып табылады.

Қазақ жастары саясатын методологиялық зерттеудің басты түйінін, бағытын білу аса маңызды. Себебі, зерттелінетін жұмыстың қандай принциппен қарастырылатындығын анықтап, осыған орай қажетті әдістерді қолдану қажет.

Жастар саясаты тарихы тақырыбының күрделілігі және оның құрылымындағы мәселелердің түрлілігі бұл мәселенің Қазақстан тарихнамасындағы рөлін айқындауға мүмкіндік береді. Себебі 1917-1991 жылдардағы Кеңес өкіметі тұсында жастар саясатының Қазақстанда жүзеге асырылу тарихы мен оның тағылымы кешенді түрде бүгінгі методологиялық талдауға сай зерттелініп, ғылыми бағасын алған жоқ.

Жалпы мемлекет тағдыры мен ондағы жастар тағдыры ажырамастай бірлікте. Олардың өзара әрекеттесуіне олардың бүгіні мен болашағы

байланысты болады. Жастарға қатысты ойластырылған саясат пен оның тіршілік әрекетіне қолдау көрсету аясында батыл әрекеттер жасау арқылы ғана өскелең ұрпақтың сеніміне ие болу мүмкін болмақ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жастар жөнінде: "Біз Евразия кеңістігінде ғылыми-иновациялық саланың көшбасшысы болуымыз қажет. Бүгінде Қазақстан әлемге ашық. Сондықтан жастар экономика, ғылым мен мәдениет секілді әр алуан салаларда өз бағын сынауға бар мүмкіндіктер жасалған", - деп көрсетуі осыған дәлел [4].

Әрбір елдің, тұтас алғанда бүкіл әлемдік қауымдастықтың болашағы жастармен тікелей байланысты. Ресейлік ғалым, жастар институтының ректоры, профессор И.М.Ильинскийдің пікірінше, "Жастар мен қоғам үнемі ауысып отыратын өзара байланыста. Бүгінгі жастар өмірлік тәжірибе жинақтай отырып ертеңгі күні белсенді жасампаз күшке айналады, сөйтіп өзінің өмірлік даналығын жаңа ұрпақтарға береді. Сондықтан да болашақтағы ересектер - бүгінгі жастар әрбір қоғамның ең бағалы құндылығы болып табылады. Әрбір өміршең дамушы қоғам үшін барлық ұрпақтардың үзілмейтін байланысы, өзара түсіністігі мен өзара әрекеттестігі ерекше маңызыды. Қоғам тұрақтылығы мен бүгінгі ұрпақтардың болашақ алдындағы жауапкершілігінің кепілі де осы", -деп бағалауы біріншіден, жастардың қоғам дамуының ажырамас бөлігі екенін дәлелдесе, екіншіден қоғам ауысқанымен жастардың ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда үлкен рөлге ие екендігін аңғартады [5, 11 б.].

1920-30 жылдары Қазақстан жастары елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық өміріне етене араласып, 1921 -1922 жж. ашаршылық, жаңа экономикалық саясат, жер-су реформаларының жүргізілуі, сауатсыздықты жою, халық ағарту саласын көтеру, индустрияландыру, ірі байларды тәркілеу, күштеп ұжымдастыру, колхоздастыру, 1931-1933 жж. ашаршылық тұсында, "ұлтшылдық" пен "жікшілдікке", "халық жауларына" қарсы күресте өздерін алдыңғы қатардан көрсете білсе, ал Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру тұсында, тың мен тыңайған жерді игеру және мал шаруашылығын көтеруде, Ауған соғысы тұсында, сондай-ақ 1986 жылғы желтоқсандағы қозғалыстың негізгі күші болды. Кеңестер Одағының ыдырап, оның құрамындағы республикалардың өз тәуелсіздігінің жариялауы жастар қозғалысына жаңа нышан туғызды.

Кеңестік жүйе тұсындағы жастар ісін жаңаша методологиялық әдіс-тәсілдермен қарастырудың және кеңестік тарих ғылымындағы ұстанымның астарын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев "Тарих толқынында" атты еңбегінде: "Отаршылдық пен кеңестік деп аталатын кезеңдегі қазақ ұлтының тіршілігіне қатысты мәселелер де түбегейлі қайта танып-түсінуді қажет етеді. Мәселенің мәні, тек патшалық Ресей ғана халықтардың түрмесі болып қойған жоқ еді, сонымен бірге КСРО-ның да жұмақ болып жарытқаны шамалы", деп негіздеп көрсетуі, Қазақстандағы жастар саясатының өктемшіл, орталықтандырылған қызыл империялық жүйенің шырмауына маталғанын анық аңғартады [6, 14-15 бб.].

Міне, осы себептен зерттеу барысында, кеңестік жүйе кезіндегі маркстік-лениндік тұрғыда қарастырылып келген методологиялық бағыттан бас тартып, плюралистік қағидаға сүйене отырып мәселені қарастыру, зерттеу жұмысымызды шынайы шындыққа жеткізеді деуге болады.

Бүгінгі таңда жастар саясатының тарихының алдында күрделі методологиялық міндеттер тұр. Біріншіден, отандық тарих ғылымы кеңестік кезеңдегі тарихи-мәдени дамуды вульгарлық-социологизм және маркстік-лениндік дайын саяси кестеге салып көрсететін методологиядан бас тартып, зерттеудің жаңа методологиясын қалыптастыру арқылы, осы жаңа методологияға негізделген зерттеу жұмыстарын тың тарихи деректерді ғылыми айналымға енгізу арқылы жастар саясаты тарихының танымдық шеңберін арттыруы қажет. Екіншіден, осы зерттеу жұмысының жаңа концепциясын жасап, оның табиғи-имманенттік даму жолын көрсету керек. Бұл біз қарастырып отырған кезеңдегі саяси, экономикалық, мәдени мәселелерге қатысты көзқарастардың даму заңдылықтарын дұрыс түсінуге мүмкіндік туғызады.

Жастар саясатының теориялық мәселелерін зерттеуге ұмтылыс кеңестік кезеңнің қоғамдық ғылымдарда өткен ғасырдың 30-40-жылдары басталды. Бұл ретте Л.Борзов, М.Қайыпназаров, И.Шелекмановтың, С.Нұрпейісов және И.Спиридоновтың еңбектерін атауымызға болады. Ал арнайы ғылыми зерттеулер 50-жылдары қолға алынып, ғылымның негізгі салаларының біріне айналды. Жастар мәселесінде ашық та айқын түрде толымды тұжырымдар айтқан ұлт зиялылары да болды. Ақты ақ, қараны қара ретінде көрсетпек болған олардың көзқарастары сынға ұшырап, социалистік жүйе жемісін көре алмаушылар ретінде кейіннен жазаланғаны да белгілі.

Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін тарихшылар жаңа принциптер мен әдістік көзқарастарды қалыптастыруға, ойлау әдістерін жасауға, тарихи үрдісті оның өзі қандай болса сол күйінде өзара байланысты, тұтастықпен ұласқан, диалектикалық даму қалпында көруге талпынуда. Уақыт өткен сайын отандық және кеңестік тарих ғылымында өркениеттілік ұстаным перспективті ұстаным ретінде орнығуда. Өркениеттілік ұстаным таптық ұстанымды алмастыратын, қоғамдағы материалдық, рухани, мәдени құндылықтарымызды нақты түрде саралауға жол ашатын бағыт болып табылады.

Қазақ қоғамындағы билік пен мемлекеттік саясат, оның идеологиясын танып білу тоталитарлық жүйенің қайнар көздерін анықтауға мүмкіндік берді. Нысанға алынған оқиға немесе тақырыпқа қатысты дерек ретінде қолданылатын деректердің дұрыстығына қол жеткізу үшін оларға шынайылық көзбен қарау, оның анықтығына көз жеткізген абзал. Әрине, әкімшіл-әміршіл кеңестік жүйе идеологиясы асыра сілтеу немесе жалған фактілерге жүгіну сияқты орынсыздықтарға бой бергені рас. Мәселенің тарихи астарларын терең түсіну мақсатыңда кеңестік билік басында болған В.Ленин, И.Сталин, Н.Хрущев, Л.Брежнев және М.Горбачевтың жастар мәселесіне қатысты жазған еңбектері мен баяндамаларына талдау жасау

қажет. Өйткені, В.Ленин мен И. Сталиннің жастар саясатына ұстанған бағыттары, олардың жастарға жүктеген міндеттері, Н.Хрущевтің комсомолды жаппай тыңға, ал Л. Брежневтің жастарды жаппай қой шаруашылығына тартуы сияқты ұстанымдарының бәрі бір-бірімен байланысты болды.

Қорыта айтқанда, бүгінгі күні, кеңестік жүйе кезіндегі маркстік-лениндік ілімнің шеңберінде әрекет ететін методологиядан бас тартқан кезде, жастар саясаты тарихы мен оның тағылымын зерттеуде өркениеттік және отандық көзқарас тұрғысында қалыптасқан теория мен методологияның рөлінің артары хақ. Сондықтанда, кеңес өкіметінің Қазақстандағы жастар саясатының жүзеге асырылуы тарихын зерттеуде ғылыми талаптарға сай қолданылатын талдау мен жүйелеу, салыстыру және қорыту, сипаттап баяндау әдістері арқылы жүзеге асырылатын методологиялық бағыт пен тарихи принциптер нәтижесі негізінде жүйелі тұжырымдар жасауға болады деп сенеміз.

1. Омарбеков Т. 20-30-жылдардагы Қазақстан қасіреті. - Алматы: Санат,
1997. - 320 б.

  1. Қозыбаев М. Өркениет және ұлт. - Алматы: Сөздік-словарь, 2001. - 369 б.

  2. Мұхатова О. Тарихнама гылымынын методологиялық ұстанымдары. Оқу құралы. - Алматы: Атамұра, 2008. - 189 б.

  3. Назарбаев Н.Ә. Елбасы және жастар саясаты // Президент және халық. -2009. - №41/42. - 23 қазан.

  4. Зайниева Л.Ю. Государственная молодежная политика: Казахстан в контексте мирового опыта. - Алматы: Дайк-Пресс, 2006. - 296 с.

  5. Назарбаев Н. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. - 296 б.



ТҮРКИЯ ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ОТАН ТАРИХЫН ЗЕРДЕЛЕУДЕГІ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ*
А.Б. Калыш - т.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры М.Ш. Эгамбердиев- т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті
Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін білім мен ғылым саласында жаһандық кеңестікті пайдалану мәселесі өзектігін арттырғаны баршаға аян. ХХ ғ. 90-шы жылдардың екінші жартысынан бастап тарих ғылымы саласы мен интернет желісінің байланыстары жаңа кезеңге бет бұрып, жаһандық желіде жаңа қырынан танылатын түрлі мақалалар, оқу құралдары, монографиялар және тың тарихи деректер жариялана бастады. Интернет желіде жоғарғы оқу орындардың, ғылыми мекемелердің, министрліктердің және жеке тұлғалардың жеке сайттары ашылып, қажетті мәлімет алуға ыңғайлы жағдай туғызды.

Бүгінде Отандық тарих ғылымы саласында зерттеуді қажет ететін мәселелердің саны көп екендігін тарихшылар ұғынып келеді. Олардың

78

қатарында көне түркілік кезеңі, ортағасырлық ғұламалардың мұрасы, аймақтық мәселелер, этникалық және мәдениетаралық байланыстар, ХІХ ғ. екінші жартысын қамтитын үдерістер т.б. көптеген тарихи қырларын атауға болады. Дегенмен, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу барысында интернет-желіден алынған мәліметтер қаншалықты шынайы және оларды ғылыми жұмыстарда пайдалану мәселесі тарихи құныдылыққа әсерін тигізеді деген қауіп орын алып келеді [1]. Әрине, интернет ресурстарын пайдалану барысында аса үлкен мәселелердің бірі - олардың түрлілігі болып саналады. Сондықтан, тиісті ақпаратты алу үшін бірінші кезекте интернет ресурстарын сыныптау қажеттілігі бірінші кезекте келеді. Атап айтқанда, авторлық сайттар (жеке зерттеушелердің, БАҚ-дың, ақпарат агенттіктердің, саяси партиялардың, түрлі ұйымдардың сайттары) және дайын ғылыми жұмыстар жарияланатын сайттар (электронды оқулықтар, ғылыми журналдардың интернет үлгілері т.б.).

Бұл мақалада Түркия Республикасы мұрағаттары мысалында интернет мәліметтерді дәйекті пайдалану мақсаты қойылғандықтан, біз мәселені екіге бөліп қарастыруды жөн көрдік:

  1. Тарихи деректерге қол жеткізу және олардың шынайылығын анықтау;

  2. Тарихнама (зерттеп отырған мәселеге байланысты ғылыми жұмыстарға қол жеткізу, авторлардың пайдаланыған әдебиет тізімін сараптау, тиісті ақпарат жинақтау).

Қазақстан тарихының ортағасырлық және жаңа заман тарихына қажетті деректер Түркия Республикасының Мемлекеттік мұрағатында кездеседі. Мұрағаттың жеке һйрУЛулулу.ёеүІеГашүІегі. доү.гг деп аталатын интернет сайты жеті сапқа бөлінген. Бірінші сапта сайттың жол сілтемесі көрсетілген, ол өзара «ұйымдардың мәліметтері», «зерттеу қызметтері», «ұйымдық қызметтер», «линктер және мұрағаттар», «жарияланған еңбектер» және Түркияда бүгінгі таңда өзекті болып табылатын «Армяндық мәселелер» атты бөлімдерге бөлінген. Аталған кезең бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп жатқан ізденуші бірінші кезекте сайтқа тіркеліп, каталогтар қызметіне жүгінуі қажет. Тақырыбына қажетті деректерге қол жеткізген соң, мұрағат әкімшілігіне тапсырыс бергені абзал. Әрине, желіаралық тапсырыс берілген мұрағаттың қызметі қаржы талап етеді. Әрбір деректің белгіленген бағасы бар. Мұрағат сайтында көрсетілген банктік реквезиттер бойынша төлем ақы төленген соң, пошта немесе интернет желі арқылы РЭҒ форматында тиісті деректер зерттеушінің қолына жеткізіледі.

Қазіргі кезеңде кез келген ғылыми зерттеу орталығы немесе жоғарғы оқу орны әлемдік кеңістікте өз орнын табу үшін, өзінің бағытын өзгертіп, шетелдік әріптестерімен тығыз байланыстар орнатуды көздейді. Сондықтан, аталған мұрағаттың интернет сайтында Түркия Республикасының жалпы мұрағаттары туралы ақпараттармен қатар шетелдік мұрағаттардың интернет сайттары көрсетілген. Мәселен, «линктер және мұрағаттар» бөлімінде АҚШ-тың, Латын Америкасы, Еуропа, Африка және Азия елдері мұрағаттарының

линктері молынан кездеседі. Бұл мұрағаттың өзіндік әлемдік интеграциясының кеңістігінің ауқымдылығын көрсетеді.

Қазақстан тарихының жаңа заман кезеңіне қажетті мұрағат деректерді Түркияда ашылған Түркия мұрағаттанушылар ассоциациясы (ТМА) (Ъпр: //¥¥¥.аг5іүСег.огд.гг) және Түркия Республикасының кітапханашылар ассоциациясының (ТРКА) (һпр://¥¥¥.киГирһапесі.ог£.гг) жеке интернет сайттарынан табуға болады. Бұл сайттар ізденушінің жол сілтушісі қызметін атқара отырып, интернет желіні тиімді пайдалануға машықтандырады.

Интернет ресурстары ізденушінің таңдаған тақырыбы бойынша жұмысының зерттелу деңгейін анықтауға мұрындық болатыны сөзсіз. Себебі, бүгінгі таңда интернет желіде статистикалық мәліметтер (экономикалық, демографиялық, әлеуметтік сауалнама, сайлау қорытындылары және т.б.), заңнамалық, нормативтік, периодикалық және т.б. мәліметтер молынан кездеседі [2].

Қазіргі таңда Түркияның Қазақстандағы қызығушылығы мен инвестициялары жөнінде, Түркі әлеменің интеграциясы және осы бағыттағы зерттеу жұмыстары бойынша ТМА-ның жеке сайты бірқатар ақпараттық қызметтерін ұсынады. Бұл интернет сайты өзара бес бөлімге бөлінеді және жыл сайын түркі әлемінің мәселелері бойынша халықаралық ғылыми зерттеу жобаларын қаржыландырады. Сайттың бет пердесінде қаржыландырылатын ғылыми зерттеу жобалардың бағыттары туралы ақпараттармен қатар ассоциациясының жыл сайын жария еткен деректер топтамасын ұсынады. Ассоциацияның ақпараттық деректер топтамасы жыл өткен сайын кеңейіп келеді. 2003 жылдың ақпан айының көрсеткіштері бойынша сайттың ақпараттық жүйесі 700 000 дейін деректер мен 30 000 дейін статистикалық кестелер топтамасын құрастырса, бүгінде оның қоры 15 Гбайттан асып, күніге 1,5 МГбайтқа дейін жаңарып тұрады [3].

Деректер топтамасының басым қорын комерциялық сайттар құрастырады. Мәселен, Интегрум-Техно атты интернет агенттік бір жақтан электоронды кітапхана, екінші жақтан информагенттіктің қызметін ұсынады. ШТЕОБШМ.СОМТМ агенттігі мұрағаттық деректермен қоса ақылы ақпараттық қызметтің 11 бағытын ұсынады. Олардың арасында кітапхана каталогтары, тақырыптық (бизнестің қауіпсіздігі, ресми агенттіктердің ақпараты, қаржы және биржа жаңалықтары, министрліктердің ережелері мен нұсқаулары және т.б.) сайттар маңызды болып саналады.

Түркия Республикасының интернет сайттары арасында тарихи деректер мен ғылыми жұмыстардың нәтижелері жоғарғы оқу орындардың сайттарында жиі-жиі жарияланып тұрады. Түркияның жетекші университеттірдің саптарын алып отыратын Мармара (һИр://шагшага.еСи.Гг), Стамбул (һһр:/А¥\¥\¥.і§1;апЪи1 .есш.іт) Хажеттепе (һһр://^^^.һасеһере.еёи.Гг), Анкара (һһр://апкага.еёи.1г), Ататүрік (һһр://¥¥¥.аГаипі.еёи.Гг), Гази (һһр://¥¥¥.еагі.еСи.Гг) т.б. университеттердің сайттарында бірқатар ақпарат алуға болады.





Қазақстан Республикасы білім мен ғылым саласын халықаралық кеңістікке жетелеу мақсатында үш сатылы білім беру жүйесіне көшкені баршаға аян. 2011 жылдан бастап ғылыми атақтарды алу ережесі өзгеріп, бүгінгі таңда ғылыми жұмыстардың қорытындыларын жоғарғы импакт-факторлы журналдарға жариялау талабы қойылды. Осыған байланысты Томсон Рейтор (һИр://¥¥¥.5сішадоіг.сош/іоигпа1§еагсһ.рһр) және Скопус (Мр: //¥¥¥.§сори§ .сош/һоше.игі) агенттіктеріне кіретін журналдарды анықтаудың жеке интернет желістері бар. Аталған интернет желілеріне импакт-факторлы журналдар тізіміне енген түркиялық журналдардың ішінде Гази, Хажеттепе, Стамбул және Анталья университеттердің журналдары кіреді. Импакт-факторлы журналдардың тізіміне кіретін Түркиялық журналды анықтау үшін төменде көрсетілген сайт бойынша сурау жасаған жөн:


Импакт факторлы баспалардың тізіміне кіретін журналды анықтағаннан кейін, сол журналдың жеке сайтына кіріп, ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарды анықтаған жөн. Мәселен, Түркиялық журналдардың ішінде таралу индексі жоғары болып табылатын «Билиг» (Ві1ід) журналын ерекше атауға болады. Оның жеке сайты һИр://¥¥¥.үаүіп1аг.уе5еүі.еСи.Гг болып табылады. Журнал гумманитарлық сала және бүгінде түркі әлеміндегі өзекті мәселелерге арналған мақалаларды қабылдайды. Мақалаларды рәсімдеу бойынша журналдың қойған өзіндік талаптары бар. Бірінші кезекте, ғылыми жумыс дербес орындалған және көлемі жағынан 1 баспа табақты құрайтын немесе 15-16 беттен кем болмауы тиіс. Мақала - кіріспе, негізгі бөлім (негізгі бөлім өзара мәселелерді құрастыратын 3 және одан көп бір -бірін үндестіретін тақырыпшалар), қорытынды және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұруы қажет.






сараптамалық ақпараттан түрғаны жөн.


Оның ішінде, тақырыптың бүгінгі таңдағы сүранысқа сай болуы, қысқаша ғылыми өзектілігі жэне зерделеудің эдістері болғаны абзал.


Кіріспе - нақтыланған үш және


одан көп қойылған мэселелерді қамтып, бүгінгі таңдағы заманауи эдістер негізінде эзірлену қажет.


Ғылыми жүмыстың резюмесі түрік, ағылшын жэне орыс тілдерінде дайындалып, ауқымды жэне мақаланың негізгі мазмүнын нақты ашатын ғылыми негізделген

Негізгі бөлім, кіріспеде қойылған

мэселелерді ғылыми негізде дэйектей отырып, бір-бірін толықтыра түсетін бөлімдерді толыққанды дайындаған жөн.

Ғылыми жүмыстың ішіндегі сілтемелер халықаралық деңгейге сай жасалғаны абзал. Себебі халықаралық индекстің тізіміне енген ғылыми басылымдар сілтемеге үлкен мән береді. Сондықтан мазмүнның ішінде берілген сілтемелер, бірінші автордың аты-жөнін көрсетіп, оның еңбегінің шыққан жылы мен бетін көрсету міндетті болып табылады. Мәселен, (Коргйій 1932: 120) деген сілтеме ғылыми жүмыстың ішінде екі немесе одан көп жерде пайдаланылған жағдайда, келесі сілтемеде тек еңбекті жылы мен пайдаланылған беті ғана көрсетіледі (1932: 10). Жалпы алғанда пайдаланылған әдебиет тізімі төмендегідей безендіріледі:

® СипЬиг, Мй]§ап (1987), "АШйгк уе Міііі Вігіік", Етйет, С.3, 8. 7, 8.

1-11.

® Егдіп, Миһаггеш (1991), Бейе Когкиі КііаЪі II, 2. Ь§. Апкага: ТБК

Үау.

® Үіішаг Отшпа (2000), Тйгк МйткЫ Камтат л>е Тегітіегі АтікІореАЫ, Апкага: АКМ Үау.

® При наличии четырех и более авторов:

® Эепу, Іеап үсІ. (1959), РһіІоІодіае Тигсісае Ғипйатепіа I, ^УіевЬасІеп: 8іеіпег Уег1ад.

Бүгінгі таңда жоғарғы индесте сүрыпталатын ғылыми басылымдардың базаға енетіндігі турасында хабарландырулар Түркияның жоғарғы оқу орындарының жеке сайттарында және ¥¥¥.копдгеһаЬег.еСи.1г сайтында беріледі. Түркия қазіргі кезде ЕхсеІІепсе іп Кезеагсһ /ог АшігаІіа (ЕКА), РгоСОлеві, Ооод1е 8сһо1аг, 8сори8, Тһошвоп Кеиіегв, ^ог1ССаі, ЕВ8СО, ОАЬЕ, апё Епдіпеегіпд Іпёех (ЕІ) агенттіктерінде таралатын материалдарды жариялап, осы бағытта түрлі салалар бойынша конгрес, симпозиум, халықаралық конференциялар үйымдастыруды қолға алған. Қорыта келгенде

Түркияның интернет ресурстары арқылы бірқатар мәліметтер мен деректерге қол жеткізуге болады.

1. Круглый стол» по проблеме «Историк, источник, интернет». М., 2000;
Владимиров В.Н. Интернет для историка: и все-таки новая парадигма! // Круг идей:
историческая информатика в информационном обществе. М., 2001. С. 279 - 290.

  1. Каталог научных социологическихресурсов (һіір://тум?.сііуІіпе.ги).

  2. һіір://м}М}М}.аг8іуа1ег.огц.іг/а1еіаиІі.а8р



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет