Созылмалы АГ фонындағы преэклампсия және эклампсия.
Преэклампсия (ПЭ) және эклампсия.
Созылмалы артериялық гипертензия — жүктілікке дейін болған немесе жүктіліктің 20-ші аптасына дейін анықталған гипертензия. Гипертензия босанғаннан кейін 6-ты аптаға созылады.
Гестациялық гипертензия– жүктіліктің 20-ші аптасынан кейін пайда болады, босанғаннан кейін 6-ты апта ішінде АҚқалыптасады. Гестациялық гипертензия преэклампсияға ауысуы мүмкін, сондықтан сәйкес мониторинг қажет.
Жіктелуі: Жеңіл преэклампсия;
Ауыр преэклампсия;
Эклампсия.
Аталған түрлерді бір үдерістің сатылары деп қарастыру қажет. Преэклампсия – әдетте АҚ жоғарылауымен және протеинуриямен байқалатын жүйелі синдром.
Эклампсия – эпилепсиямен немесе басқа да айқын патологияға байланыссыз жайылған тырысулар.